Жалпы қазақ өнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: “ Қазақстанның ғылымы және ғылыми мекемелері”

ӘН

ӘЛЕМІНЕ

БАСТАУ

Қазақ әндері қандай назды десеңізше,

Жалпы қазақ өнері ғажап өнер.

А. Затаевич.

Ұлағатты халқымыздығ дәстүрлі әндерінің сонау қилы заманнан қазіргі кезеңге өзі әншілердің өнер болмысымен тікелей байланысты. Өйткені әнші арқалы әнді естіп ұғынамыз, сырлы әуенәне қанамыз. Оның шыіармашылық қызметі ұлттық дәстүрді сақтаушы ғана емес, бұрынғы мен бүгінгінің арасын сабақтап, жалғастырушы ретінде көрінеді. Оған осы күні бүкіл халық игілігіне айналып, қазақ музыка мәдениетіне кірпіш болып үлгідегі туындылары куә. Олар бұдан жіздеген жыл бұрын дүниеге келгенімен, сол уақттың, сол заманның көрініс тіршілігін суреттегенімен, қашанда мөлдір қасиетін бұзбай бұрынғыдан да түрлене түсүде, Мұның құписы, біздіңше, халық өнерпаздарының асқан дарындылығында ғой дейміз.

Ән-көркем туынды. Ән болған соң оның белгілі бір мазмұнға құрылған өлең сөздерінің болатыны шарт. Өлең мен әуен әннің екі қанаты, бірінсіз екіншісінің өмәр сүруі мүмкін емес. Өлең әннің мән-маңызын, автордың ой-мақсаты, керек жерінде ән тарихынан да хабар беретін дерекнама. «Әннен сөзді бөліп тастауға болмайдыә», -дейтін мақалдың дұрыстығын осы арада байқаймыз. Әннің әуендік, интонациялық, фрғақтық, өлшемдік жақтарына нұқсат келтірмеу үшін әрбір әнге тән өлең-текстері болады. Мәселен, «Жиырма бес, Құлагер, Зәуреш, Елім-ай Әупілдік. »сондай-ақ, түрлі жоқтау, арнау, сыңсу әндерінің текстері айтпақ ойына байланысты келеді. ол әнге кез-келген өлеңді қосып шырқаса идеялық мазмұнын, эстетикалық болмасын өрескел бұрмалаған болар едік. Осыған сәйкес халық әндері сөздерінің ғылыми текстологиясына мән бере қараумыз керек.

Көпшілікке белгілі Әсет Наймайбаевтығ «Ырғақты» әнінің сөздері:

Ақ тұйғын құс қолыма сырғақтымағ,

Басып-басып алайын ырғақтыма, -

Болып айтылып жүр. Мұндағы «Сырғақты»сөзі ешбір мағынасыз. Шындаағына, ол ә зыр қақты ма» делінуге тиіс. Сонда әннің бірінші өлең тармағы «Ақ тұйғын құс қолымда зыр қақты ма» деп қыран құстың қолға тұрмай мзасызданған кейпін суреттейтін сқзбен басталса, автордың айтпақ ой-мақсаты кқңілге қонады.

Ақан серінің әдемі әнінің бірі -«Сырымбет». Бүл теңіне қосла алмай, арманда кеткен Жамал қыздың тағдырына арналған.

Ауылым қонған Сырымбет саласына,

Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.

Бидайыққа ылайық, қарағым-ай,

Бөктергіге қор болып барасың ба?

Өзі де сырттай жақсы көретін сері қзатылып бара жатқан қызды қимай зарлы мұңын әнге қосады. Сазды әуен мен қиыннан қиыстырған жыр сарыны үйлесе келіп, тындағнның жүрегін елжіретеді. Бұған ешкімнің дауы жоқ.

Нақты оқиға негізінде шығарылған әннің бірі-«Балұадиша»

Қызы едің Ыбікеңнің Балқадиша,

Бұрылған белің нәзік тал-Қадиша.

Жиылған осы тойға қалың қыздың,

Ішінде қара басың -хан Қадиша, -

деп суреттеледі. Бір қкінетін нәрсе, белгілі әншілердің әнді бұрмалап: «Күйеуің сексен бесте шал Қадиша», -деп орындауларының ешбір реті жоқ екендігі.

Енді әннің шумағының өлеңдері Біржан салдың аузанан шықты деуге тіпті болмайды:

Жақсының мін болмайды жанабында,

Тартады оң жақ көзім қуанам ба,

Сыны жоқ осы күнде бурылтайдың,

Бір көрші қар кеткен соң құнанында

Қалай болса да бұл өлеңдер кезінде белгілі бір әншілердің аузынан жазылып алынғандар.

Біржанның көпке белгілі «Жанбота» әніндегі :

Жанбота осы ма еді өлген жерім,

Көкшетау боқтығына көмген жерің, -

деген жолдары бар. Бұл-халық әншісінің жалға бататын ызы-ашуының көрінісі ғой. Осындай көңіл-күйдің әсіремен ақын Жанботағв кекесінмен «қоқысқа, боқтықа»тастадың деп өкпесін білдірсе, енді бір әншілер бұл сөздерді «Көкшетау баурайына көмкен жерің»деп өзгерткен.

Көріп отырғандай, халық әнші-композиторларының талай-талай тамаша әндерінің сқздері бұрмаланып, көркемдік тұрғыдан сапасы төмендеген.

Тәтті әннің арасына асыл сөзді,

Тоқысаң меруерт пен маржандай ғып, -

деп Әсет ақын жырлағандай, әннің жақсы өлеңініңболуы шарт екенін, сонда ғана туындының қадірі артып, халықтың әнге деген талап-тілегінің қанағаттанатынын білдіреді.

Бұл жөнңнде кемеңгер Абай:

Сөзі тәтті, мағынасы түзү келсе,

Оған кімнің ұнасар таласуы, -

деп ән өлеінің мазмұны жөнінде алғашқылардың бірі болып ескертті емес пе?

Халық әндері мен халық колмпозиторларының шығармаларында махаббат дирикасы мол орын алады. Осы мәңгілік тақырыптың ішінде жігіттің қызға деген сүйіспеншілігін бейнелейтін әндердің көптігі байқалады. Ол әндерді орындаушылар кімдер?Қыздар ма, әлде жігіттер ме?»Қызыл бидай», «Зәуреш», «Мақпал», «Ғалия», «Қорлан», «Ләйлім» және басқаларды тек ер адамдардың айтулары оррынды. Этикалық, эстетикалық жағынан осылай болу керек. Олай болса белгілі халық әні «Баянаулдағы»:

Ақбоз үйдің сыртынан шығарып сап,

Қош, ағатай, дегенің естен кетпес, -

деп айтылатын әнді қыздардың орындауына жол болсын. Мұны Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Нұрғалі Нүсіпжановтадың аузынан есту әлде қайда ұтымды болар еді.

Абай әндері қазақ музыка мәдениетінде бұрын болған жаңалық әкелсе, Шәкәрімнің музыка мұрасы да сондайлық жаңа лепке толы. Шәкәрім ән шығаруда да Абайдың өнер өрнегін үлгі тұтқаны белгілі. Сол Шәкәрімнің өлеңдеріне жүгінейік:

Деген, жан нұрлы болса жөнделмек,

Өлең, әнші өлшеп айтса, өңделмек,

Ұйқасқа қолайды.

Ән өлшеуіш, өлең күміс.

Қоспаңыз мыс аралас,

Артық салу, не кем салу.

Қөріп қалу жарамас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ өнерінің тарихы
Көркемдік білім туралы түсінік
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау жайлы
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz