Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары


Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары
КСРО-ның тарауымен, Германияның бірігуімен, Шығыспен Батыс арасындағы әскери-саяси текетірестің тоқталуымен Еуразия құрылығындағы жағдай түбегейлі өзгерді. Еуропадағы стратегиялық тепе-теңдік ендігі жерде НАТО - Варшава шарты ұйымы тепе-теңдігіне негізделмейді. Бірақ, Еуропа блоктық қағидатпен болмаса да экономикалық даму деңгейі бойынша әлі де мемлекеттердің екі тобына бөлінген күйі қалып отыр. Бұл Еуропа Одағына мүше мемлекеттер, олардың бір бөлігі НАТО-ға және Батыс Еуропа одағына (БЕО) кіреді және таяу уақытта қауымдасу туралы Еуропалық келісім және НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы арқылы Еуропалық құрылымдарға кіруге ұмтылып отырған қалған мемлекеттер.
Транзиттік мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанныңда Батыс Еуропа елдерімен байланыстары үшін еуропалық елдер арасында жасалған саяси шарттар белгілі бір қиындық туғызады. Бұл құжаттар көбінесе мәлімдемелік сипатта болғанымен, олар еуропалық қоғамдастықпен белсенді байланыс жасауға үміткер кез келген елдің орындауы үшін міндетті нормаларды қамтиды Өтпелі экономикасы бар мемлекеттерге, саяси сипаттағы алдын ала шарттарды қоса алғанда, қойылатын көтеріңкі талаптар ТМД мен Еуропа елдері арасындағы толыққанды сұхбатқа жәрдемін тигізбеді.
Германияның Еуропаның қуатты экономикалық державасына айналуы оның Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен, ТМД елдерімен өзара қатынастарын толық қайта қарауды көздейтін жаңа сыртқы саяси тұжырымдаманы қалыптастыру туралы мәселені күн тәртібіне қоюына байланысты. Еуропа елдерінің ішінде Германия бірінші болыпжаңа геосаяси ақиқатты барабар қабылдады және өзінің халықаралық саясатына тиісінше түзетулер енгізді.
Германия көбіне жалпы еурпалық сыртқы саясатты қалыптастыратын және жүзеге асыратын нақты кешбасшы. Неміс дипломаттары ГФР-діңсыртқы саясаты, оның ішінде Орта Азия бағытында да аймақта қауіпсіздікке қол жеткізу, басқаша айтқанда ГФР саясаты Германия орындарға үміт артатын Еуропа одағының стратегиясына табиғи үйлеседі, жалпы еуропалық саясат аясында жүзеге асырылатынын атап айтады.
Өзінің экономикалық қуаты жөнінен ГФР тек АҚШ пен Жапонияға (2000 жылы герман ІЖӨ-сінің көлемі 3976 млрд. маркаға жетті, бұл шамамен 1875 млрд, долларға сай келеді), сыртқы сауда көлемі бойынша тек Құрама Штаттарға ғана жол береді. Бұл ретте елдің ІЖӨ-сі халықтың жан басына шаққанда әлемдегі ең жоғары көрсеткіштерінің бірін құрайды - 46, 8 мың марка (22 мың доллардан астам) .
Германия "үлкен сегіздік" құрамына кіреді. Ал Еуропа Одағында Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу процесінің негізгі қозғаушысы болып табылады.
1990 жылдардың басынан бастап Герман басшылығы Қазақстанмен және бүрынғы КСРО-ның басқа мемлекеттерімен олардың егемендігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдады. ГФР Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес деп есептейді. Неміс дипломатиясының Қазақстан жөніндегі мақсаты мейлінше анық көрінеді. Саяси салада - бұл Астанамен тұрақты сұхбат аркылы Орталық Азия аймағына мейлінше терен, тартылу. Экономика саласында - Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.
Екі ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі 1992 жылғы қыркүйекте Президент Н. Назарбаевтың ГФР-ға алғашқы сапары барысында қаланды, сонда өзара қарымқатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Осы кезден бастап жоғары деңгейдегі саяси байланыстар тұрақты сипат алды: 1995 жылғы сәуірде біздің елімізге Германияның Федералдық Президент! Р. Херцог, 1996 жылғы мамырда - Вицеканцлер, Сыртқы істер министр! К. Кинкель келді. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саяси ведом-ствосының басшысы (1996 жылғы қазан), басқа да министрліктер мен ведомстволардың басшылары ГФР-ға барып қайтты.
1997 жылғы қарашада Н. Назарбаевтың ГФР-ға ресми сапары болды, оның барысында өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылды. Берлиннің екіжақты байланыстарды жандандыруға ұдайы ұмтылысының белгісі біздің елімізге 2001 жылдың көктемінде Вицеканцлер, Сыртқы істер министр! Й. Фишердің келуі.
Екі жақты қатынастардың маңызды факторы - бұл Қазақстандағы неміс диаспорасы. Герман ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 1992 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасынан Германияға 700 мыңнан астам адам көшкен. Сон-дықтан Федералдық Үкімет саяси тұрғыдан Германия шекарасы отандастар үшін ашық деп мәлімдеуге мәжбұр болғанымен қазақстандық немістердің қазіргі тұрып жатқан жерлерінде қалуына аз мүдделі емес. Берлин олардың әлеуметтік - экономикалық және мәдени жағдайларын жақсарту жөнінде қаржылай көмекті қоса алғанда, барлық мүмкін жәрдемді жасауға әзірлігін мәлімдеді.
Қазақстан да сырт қалып отырған жоқ. Қазақстан Республикасыныңұлты неміс азаматтарын қолдау жөніндегі ынтымақтастықтуралы, мәдени ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылып, Қазақстанда тұратын немістер мәселелері бойынша үкіметаралық комиссия қүрылған. Казакстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасында тұратын немістердің этникалық қайта өрлеуі кешенді бағдарламасы туралы" қаулы қабылдады. Қазақстан немістерінің екі съезі өтті. Қазіргі кезде Германияда айтып кеткеніміздей 700 мың Қазақстаннан шыққан неміс тұрып жатса, 300 мыңы Қазақстанда қалды. Бұл жалпы алғанда біздің елдеріміз арасындағы желіні байланыстыруға тікелей немесе жанама қызмет ететін 1 млн. адам деген сөз.
ГФР мен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар. Бұл бір жағынан Германия және Қазақстан экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдықтолықтыра . ГФР Қазақстанмен саудаэкономикалық қатынастары жеткілікті тұрақты дамыған бірденбір еуропалық мемлекет болып отыр. 2000 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы екі жақты қатынастардың бүкіл тарихы ішінде рекордты деңгейге - 2, 7 млрд, маркаға жетті (Ресейден кейінгі екінші орын) . Біздің экономикамызға герман капиталын салудың көлемі тікелей инвестицияларды, кредит желісін, қаржылық және техникалық ынтымақтастықты қоса алғанда, 2000 жылдың соңына 1, 8 млрд, марканы құрады. Қазақстанға неміс көмегінің жалпы көлемі 190 млн. маркағажетті, оның 133 млн. маркасы қаржылай көмек бағдарламасына және 56 млн. техникалық көмекке жатады.
Сонымен бірге, тартылған инвестициялардың көлемі неміс компанияларының инвестициялық әлеуетімен салыстырғанда соншалықты қомақты емес - небәрі 250 млн. марка ғана. Қазақстан экономикасына герман инвестициясының басым бөлігі ГФР Үкіметі сақтандырған қаражатпен берілген. Қазақстанда 60-қа жуық неміс фирмасы мен банкісі жұмыс істейді. Олардың ішінде "Мерседес - Бенц", "Сименс", Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк бар, 163кәсіпорынтіркелген(бұл көрсеткіш бойынша Германия тек Қытай мен Түркияға жол береді), олар негізінен экономиканың мұнай мен газ, минералшикізат кешені, көлік пен коммуникация, құрылыс, қаржы мен полиграфия сияқты секторларында жұмыс істейді.
Екі ел арасында шаруашылық байланыстар соңғы уақытта күрделі кезеңді бастан кешіруде. Герман капиталы белсенділігінің төмендеуін неміс мамандары ГФР Үкіметі "Гермес" желісі бойынша кредит қаражаты жөнінде енгізген елеулі шектеулермен түсіндіреді. Бұл кредит желісінің мақсатты нысанасы Герман экспортер кәсіпорындарына қолдау көрсету болып табылады. Бірақ, мұндай қарыз алу алдын ала міндетті түрде 15 пайызынтөлеу, үкіметтік және банкілік кепілдіктер беру қажеттігі, бірқатар тұтас бюрократиялық рәсімдерді орындаумен байланысты. Көрсетілген себептер Қазақстан өзіне Германияның федерадды үкіметі белгілеген кредит ресурстарының көлемін игере алмауға әкеліп соқтырды. Нәтижесінде, егер 1994 жылы Қазақстанға осы кредиттер бойынша берілген квота 400 млн. марканы құраса, 1996 жылы тек 100 млн. марка болды.
Герман дипломатиясының өкілдері әлденеше рет, мәлімдегеніндей, неміс инвесторлары "өте сақ адамдар", ал неміс капиталы "әлемде өте қажет". Екі жаққа да рыноктың жеткілікті көлемі қажет, ол Орталық Азия аймағында әлдеқайда тығыз экономикалық ықпалдасқан кезде ғана қамтамасыз етілмек. ретте екі негізгі бағыт бағдары айқын көрінеді. Бір жағынан, Париждің стратегиялық басымдықтары қатарына Еуропада қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру кіреді, мұнда Ресейге айрықша орын беріледі. Францияның ТМД-ға ұстанымдарының басқа маңызды астары өзінің Орталық Азиядағы және Кавказ сыртындағы қатысуын бекіту әрі кеңейту желісі болып табылады.
Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастар айтарлықтай табысты дамуда. Францияға ықылас экономикалық ынтымақтастықтың елеулі әлеуеті болуымен, оның зор инвестициялық мүмкіндіктері жәнежоғары технологияларымен сипатталатын экономиканың жоғары өнімді аграрлық секторы болуымен байланысты.
Париж тарабынан ықылас Қазақстанды қуатты транзиттік әлеуеті, энергетика саласында зор мүмкіндіктері бар мемлекет ретінде қарауымен байланысты. Париж біздің еліміздің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күшжігеріне лайықты баға беріп отыр. Франция Қазақстанның батыс әріптестері арасында АҚШ-пен және Германиямен қатар алғашқы орындардың бірін алуға ұмтылады. Бұл үшін гранттар беру әдісі кеңінен қолданылуда. Олардың алғашқысы, 4 млн. франк сомасы компьютер техникасын сатып алуға пайдаланылды. 5 млн. франк сомасындағы екіншісі - Арал теңізі ауданында ауыз суды тазарту жөніндегі жабдықты орнатуға жұмсалды, ол 1996 жылғы 19 шілдеде іске қосылды. 20, 3 млн. франк мөлшеріндегі үшіншісі - Француз шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, атап айтқанда банкілерінің жекешелендіруге көмек көрсету, бағалы қағаздар рыногын құру және экономикалық реформаның басқа салаларында қатысуын қаржыландыруға арналды.
Екі мемлекет арасындағы қатынастардың негізгі қағидаттары Н Назарбаевтың 1992 жылы Францияға мемлекеттік сапары барысында жасалған Достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шартта қаланды. Франция алые шет ел мемлекеттері ішінен осындай деңгейдегі құжатқа қол қойған бірінші мемлекет болғанын айта кету ләзім.
Өзара байланыстар Қазақстанға 1993 жылы Президент Ф. Миттеранның ресми сапары кезінде одан әрі өрістеді. Қазақсган мен Францияныңжоғары дәрежелі басшыларыген сенімге құрылған жеке байланыстары екі жақты қатынастарды дамытуда маңызды ынталандырушы фактор болды. Ф. Миттеран Н. Назарбаевты ТМД-дағы аса қабілетті әрі беделді басшы деп есептейтінін атап көрсетті.
1997 жылы жоғары дәрежедегі саяси сұхбат Президент Ж. Ширакпен одан әрі дамитүсті. 1995- 1999 жылдар кезеңінде екі мемлекет басшыларының арасында 6 кездесу болып өтті, олар халықаралық немесе аймақтық өзекті проблемалар бойынша көзқарастардың жақындығын немесе сәйкесетіндігін паш етті. Екі жақты ынтымақтастықтың тұрақты тұрғысынан келгенде Франция басқа ядролық мемлекеттер қатарында Қазақстанның ядролық қауіпсіздігіне кепілдік берді.
Сауда-экономика саласындағы Қазақстан - Француз қатынастары барған сайын өрістеп отыр. Қазақстанда 38 француз компаниясының өкілдіктері және бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, құрылыста, денсаулық сақтауда, туризмде жұмыс істейтін француз фирмаларымен байланыстар жолға қойылған. Қазақстан мен Франция арасында тауар айналымының серпіні жақсы. 1999 жылы оның көлемі 85 млн. доллар болды. Дегенмен, бірқатаржағдаяттарға байланысты Қазақстанға тікелей инвестициялардың келемі соншалықты жоғары емес. Франция тарихи тұрғыдан алғанда Орталық Азия аймағының істеріне жеткілікті тартылмаған ел, Қазақстанның энергетика ресурстарын игеру үшін бәсекеге басқа Батыс елдерінен кейінірек түсті, өндіруші салаларда бірқатар шетін жобалар іске асырылмай қалды (соның ішінде Қазақстан тарапының кінәсібойыншада) . Соған қарамастан, рынокта"Тоталь" және "Эльф Акитен" фирмалары тиімді жұмыс істеп, кейінірек "Тоталь Фина Эльф" ірі Франция - Бельгия мұнай конгломератын құрды, ол Солтүстік Каспийдің Қазақстан аймағында қайраңдық кен орындарын игерумен айналысады. "Женераль дез О" компаниясы 2000 жылы Алматы Қазақстанның оңтүстік астанасының сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға және басқаруға қатысты келісімшартқа қол қойды. Жобаны қаржыландыру Франция Үкіметі осы мақсаттар үшін арнайы бөлген кредит негізіндежүзеге асырылуда.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкенсегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдіңбұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британсаясаткері М. Тэтчердің Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрылымдарда тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.
Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жакты қатынастарда саяси проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға, газға және құбырға орай геостратегиялық және экономикалық факторлармен байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Королдігі арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылды.
Бұл орайда Қазақстан - Британ қатынастарының дамуына Президент Н. Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының барысындаақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму банкінің, қазір Қазақстанда белсенежұмыс істепжатқан "Бритиш Газ", "Бритиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының басшылығымен маңызды байланыстар орнатылды.
Қазақстанға Король отбасының мүшелері мүрагер ханзада Чарльз 1996 жылғы қарашада, ханшайым Анна 1993 жылғы шілдеде және Королева II Елизаветаның немере інісі Герцог Глостерский 2002 жылғы қыркүйекте келіп қайтты.
Екі жақты қатынастар экономика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі әскери ынтымақтастық серпінді дамуда.
Президент Н. Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары өзара іс-қимылды тереңдетуде жаңа кезеңді ашты. Қазақстан - Британ ынтымақтастығының шарттық-құқықтық негізін қалаған құжаттарға қол қойылды. Бұлар: Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы; Әуе қатынасытуралы келісімдер; Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы декларация; Қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау тұралы конвенция.
1995 жылдың соңы мен 1996 жылдың басында екі жақты экономикалық қатынастарды реттейтін екі шешуші келісім: Қос салық салуды болдырмау туралы конвенция және И нвестицияларды қолдау мен өзара қорғау туралы келісім күшіне енді. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың дамуын айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті. Оның негізгі бағыттары энергетика, кен өндіру өнеркәсібі, сауда, әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау, көлік пен байланыс, қаржы және жекешелендіру саласындағы консалтингтік қызметтер, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру болып отыр.
Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші болып 1996 жылғы маусымда Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.
Кейінгі уақытта Қазақстан - Британ қатынастарын серпінді дамыту үрдісі айтарлықтай нығая түсті. Британ бағыты біздің саясатымыздың еуропалық бағыттағы маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 1997 жылғы маусымда Қазақстан Президентінің Үлыбританияға баруы елеулі оқиға деп саналады. Лондондағы келіссөздерден кейін саяси және сауда-экономикалық байланыстарға, ірі Британ компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге серпін берілді. 1999 жылғы сәуірде НАТО-ның мерекелік салтанатында Н. Назарбаевтың Ұлыбританияның Премьер-Министрі Т. Блэрмен кездесуі болды. Мемлекеттер басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету жөнінде бұдан былайғы іс-қимылды талқылап, белгіледі.
Қазақстан Президентінің 2000 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі елдің өзара қатынастарындағы ірі оқиға еді. Сапар барысында Королева II Елизавета Н. Назарбаевты Қазақстанда саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, заңдылык, пен демократияны орнатуға, сондай-ақ жәһандық ауқымда ядролық қаруды таратпау ісіне сіңірген еңбегі үшін Біріккен Корольдіктің жоғары наградасы Қасиетті Михаил және Қасиетті Георгий орденімен марапаттады. Сапар кезінде әскери саладағы ынтымақтастық туралы құжаттарға, ҚР Өкіметі мен "ВАЕ Зузіетз" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР Білім жәнеғылым министрлігі мен Британ кеңесі арасындағы Қазақстан - Британ университетін құру туралы меморандумға қол қойылды.
Ұлыбритания Қазақстанмен сауда-саттықта жетекші орын алатын әлемнің бес дамыған елдерінің қатарына жатады. 1998 және 1999 жылдары сауда айналымы тиісінше 629 млн. және 422 млн. долларды құрады. 2000 жылы екі жақты сауда айналымы 450 млн. долларды, оның ішінде экспорт 231 млн. долларды, импорт 219 млн. долларды құрады. Және де 2000 жылы Қазақстанныңсыртқы сауда айналымыныңжалпы көлеміндегі Ұлыбританияның жеке улесі 3, 2 пайызды құрады.
Экспорт номенклатурасы минералдық өнімдерді, феррохромды, болатты, мысты, жүнді, былғары шикізатын, тыңайт-қыштыжәнежартылай қымбат металдарды қамтиды. Импорт құрылымында құрал-жабдықтар мен аппаратура, көлік құралдары, оптикалық приборлар, химиялық, алкаголь және темекі өнімдері, тоқыма өнеркәсібі өнімдері басым.
2000 жылдың нәтижелері бойынша Ұлыбритания біздің экономикамызға салынған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орынға шықты, оның жалпы сомасы - 1. 68 млрд, доллар. Қазакстанда 100-ге жуық бірлескен қазақстандық-британдық кәсіпорындар жұмыс істейді, бізде 32 британдық компания тіркелген. Олардың қатарында Каспий теңізінің қайраңын игеру жөніндегі халықаралық консорциумға қатысатын "Бритиш газ" және "Шелл" сияқты бүкіл әлемге белгілі компаниялар бар.
Іскерлік қатынастарды жолға қою және кеңейту процесінде Қазақстан мен Британияның мүдделі топтары қатысатынтүрлі халықаралық бизнес-семинарлар, сондай-ақ инвестициялық конференциялар маңызды рөл ойнайды.
1997 жылы Қазақстан Үкіметі "Қазақгаз" мемлекеттік холдингтік компаниямен, "Газпром" Ресей акционерлік қоғамы-мен, "Аджип" (Италия) және "Бритиш Газ" фирмаларымен бірлесіп Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнында өнімдерді өндіруді бөлудің принциптері туралы келісімге қол қойды. Қарашығанақ жобасы бойынша қызмет басталғаннан бері шығыстардағы "Бритиш Газдың" үлесі 32, 5 пайызды құрап, қазірдіңөзінде 1 млрд, доллардан асты. Қарашығанақ Интеграцияланған Ұйымының бюджет! бойынша инвестициялардың жалпы келемі 2000 жылы 974 млн. долларды құрады, оның ішінде "Бритиш Газ" 316 млн. доллар инвестиция салды. Негізгі мердігер "БГ" -мен қатар Қарашығанақ жобасына қосалқы мердігерлер ретінде 150-ге жуық британдық компаниялар тартылған.
Ұлыбританияның ірі компанияларының бірі "Лонро" осы заманғы шахталық құрал-жабдықтарды өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынды құруды жоспарлауда. Кейбір британиялық компаниялар "Қазақстан: электр желілерін оңалту" жобасы шеңберінде "КЕГОК" ААҚ-пен бірлесіп іс-қимыл жасауға мүдделілік танытып отыр.
Металлургия өнеркәсібінде болаттың әлемдік бағаларын қалпына келтіру "Испат-Кармет" өндірісін елеулі түрде ұлғайтудың стимулы болды (1998 жылы 2, 7 млн. тонна - 1999 жылы 4 млн. тонна) . 1995 жылдан бастап "Испат" кәсіпорынға 400 млн. астам доллар жұмсады және кәсіпорындарда 56 мың жұмысшы еңбек ететін ірі жеке жұмыс беруші болып табылады. Кредит-қаржы саласындағы өзара іс-қимыл да кеңеюде. 1992 жылы Ұлыбританияда қазақстандық валютаның - теңгенің алғашқы банкноттары басылды. Қазақстанның Ұлттық Банкі ( және басқа да жетекші банктері Англияның Орталық Банкімен, Үлттық Вестминстерлік банкпен және басқаларымен тікелей корреспонденттік қатынастарды ұстанып келеді. Қазақстан мемлекеттік кепілдіктермен 264 млн. жуық доллар сомасында Ұлыбританияның 6 мемлекеттік емес заемдарын тартты, оның ішінде 176 млн. жуық доллары немесебарлық көлемніңб? пайызы тартылды.
Халықаралық-қаржылық орталық ретінде Лондон әлемнің іскер топтарының арасында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты таратуда сахна қызметін атқаруда. Осы қалада 1999 жылғы шілдеде және 2000 жылғы желтоқсанда Еуропадан, АҚШ-тан және Азия-Тынық мұхит аймағынан жүздеген кәсіпкерлер қатысқан мчвестициялық конференциялар болды. 2001 жылы шілдеде Лондонда Казакстан тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған "Қазақстанның мұнайы мен газы" атты халықаралық конференция өтті.
1993 жылдан бастап біздің елімізде тәуелсіз ұйым мәртебесі бар Британ Кеңесі (БК) белсенді жұмыс жүргізуде. Кеңестің негізгі қызметі ағылшын тілінен саб үргізу сала. Британ Кеңесімен бірге 2000 жылғы наурызда Ұлыбритания дипломатиялық қызметінің басшысы Дж. Керрмен келіссөздер барысында Президент Н. Назарбаев бастамашы болған Қазақстан-Британ Университетін құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
... жалғасыҚазақстан Бенилюкс елдерімен ынтымақтастыққа тиісті көңіл бөледі (Бельгия, Нидсрланд және Люксембург) . 1993 жылғы ақпанда Президент Н. Назарбаевтың Бельгияға ресми сапарында екі жақты қатынастардың негізі қаланды, сапар барысында Бельгия королге Бодуэнмен және Премьер-Министр Ж. Л. Деанмен келіссөздер жүргізілді, Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың негіздері туралы декларацияға қол қойылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz