Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері жайлы


Қазақстанның зардап шеккен аудандары

және экологиялық мәселелері

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай -2, 925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін) . Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1. 601) км. Батыс сібір жазығы мен Орал тауларынын жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін Қазақстанның жалпы ауданы (2, 7 млн. шаршы км) Франциядан
бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу
тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала
(28%), шөлейт (18'7), шөлді (40%) . Қазақстанның Оңтүстік
және шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр.
Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды.
Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

Атырау аймағы - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәссле- табиғи ортаның мұнаймен ластануы.

Атырау аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері
болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады.
Халқының саны 1, 47 млн. адам, немссе халықтың 5 %-ынан кем
бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16 %-ын береді.
Каспий маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай
дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай
қоры -3-3, 5 млрд. Тонна және газ - 2-2, 3 м 3 Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1 % құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру садасын қаржынандыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.

Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95-%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің концентрациясынын жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м серіктес газдар жанады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкіртсутектермен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі.

В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комилекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер- қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.

В аймағына солтүстік-шығыс облыстар -Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн-нан астам. Аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4 млн. га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының 50 %-ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.

Ертіс-Нұра-Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурустары- негізгі су көзі.

Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.

Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс және Нұраның өзен бассейндері 4, 1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық су беруді жоспарлау, қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру мәселені шиеленістіруі мүмкін.

Тек бір Шығыс қазақстан облысында 1. 5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары ( елде жиналғанның 90 %) сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мг/кг құрайды.

Ертіс өзеніне жалпы ластану және шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қаупі төндіруде.

Өнеркәсіптік кызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен, формальдегидтермен қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.

Қазақстан территориясында куатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды Семей полигоннында 1949 -дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.

Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима - Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емсе көздердің мәліметтеріне сүйеисек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, сисктрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий- 137 активтілігі 65-100 мкр/сағ. болғанын көрсетті.

Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ байқалған. Зайсан колінің Оңтүстік Батыс жағалауында -цезий 137 радиациялық фоны 120-150 мкр/сағ. құраған.

Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций- 90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде "Мұржық,, және "Дегелең,, аймағында байқалған. х және β белсеңділіктің жоғары деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған.

Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта - а. және Р белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.

Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатыңдағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақсган территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай, жұмыстар жүргізілмеген.

1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен терригориясы ( елдің ормандарының 10 %- дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды.

Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы - 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.

С аймағына - оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер - су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінін, шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн. негізгі қызметі - ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал Және Алакөл - Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт континенталды шөл аймағында жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АРАЛ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АЙМАҚТАРЫ
Қазақстанның зардап шеккен аудандары
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Қазақстан елді мекеніндегі соның ішінде Алматы қасындағы сейсмикалық қауіптің жалпы жағдайы туралы және халықты, аумақты төтенше жағдайлардан, күшті жер сілкінісінен қорғау шаралары
Ғаламдық экологиялық мәселелер (Арал және Семей аймақтары)
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері
Экологиялық фактор туризм дамуына кері әсер ететін факторларының біреуі
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz