Қазба байлықтарының жіктелуі және оларға экономикалық баға беру



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазба байлықтарының жіктелуі және оларға экономикалық баға беру
Табиғи жүйелердің ресурстары. Табиғи ресурстардың топтамасы, қоршаған
орта ресурстарымен болатын қарама қатынастардың ерекшеліктері.
Табиғи қорлар, олардың қолдану саласына қарай - ендірістік, денсаулы
сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғат қорлары
сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам
баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі
барлық жердің 23 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға
түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке
қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына
келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары
қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата
кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи қорлар деп аталады. Су, жер,
өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген
күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи қорларға
жатады Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде, адамзат - азық-түлік, киім-
кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне
өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар –
топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық
өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану
арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің
зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар
(минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес,
сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа
қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи
қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп
қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту
және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда,
табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан
табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани,
әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге,
молайтуға бағытталуы қажет.
Ғарыш қорларына - күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен
тасуы жатады.
Климаттық қорға - атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын
жатады.

Минералды ресурстар
Минералдык қорлар. Бұл қордың қатарына металл жөне металл емес
затгардың кен көздері - мұнай, газ, тас көмір жөне жер асты сулары жатады.
Аталған дүниеліктердің пайда болуы немесе қайта қалпына келуіне қарағанда,
оларды пайдалану қарқыны өте жоғары болғандықтан, олар сарқылатын қор
түріне жатады. Бүл орайда, аталған дүниеліктерді, олардан алынатын
шикізаттарды қалдыксыз өндеудің орасан зор маңызы бар екендігін атап өту
қажст.
Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы.
ас түзы, ізбес, қүм, фосфорит, калий түздары, т.б. Бұларға қарағанда,
металл жөне мұнай-газ кен көздерінің қоры шектеулі және шағындау. Минералды
ресурстырдың әр түрлері мен қоры бойынша біздің республика әлемде алдыңғы
орынға ие. Оның қорында Менделеевтің барлық элементтері кездеседі. Негізгі
темір рудалары ауданы болып Солтүстік Қазақстан саналады, онда Соколов-
Сарыбай, Қашар, Қорытын көл және т.б. кен орындары бар. Қара металлдарды
Шығыс Қазақстан облысында өндіреді. Қазақстан поллиметалл рудаларына да
бай, түрлі-түсті металлдар, көздерін де кездестіруге болады. Батыс және
Оңтүстік Қазақстанда фосфорит, шаруашылық материалдар шоғырланған.

Климаттық ресурстар
Қазақстан Республикасының территориясы кең болғандықтан әр түрлі
климатты адапторлар қалыптасқан. Күн энергияының қоры үлкен және Оңтүстік
Қазақстанда вегетациялық периодтық ұзақ жылу сүйгіш өсімдіктерді өсіруге
мүмкіндік береді. Күн энергиясы үйлерді жылытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан жел ресурстарына да бай. Жел жиі болып тұратын аудандарда энергия
желін пайдаланады.
Жер ресурстары
Жерді пайдаланудың функциясының ерекшелігі оның табиғи ресурстарының
арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы
материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік күштерді
орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық өсім факторларының –
еңбек, материалдық-техникалық және табиғатты ұдайы өндірістік процесстердің
қалыпты жүзеге асуының негізі болып табылады. Біздің планетамыздың беті –
510 млн. шаршы киллометр. Оның көп бөлігі – 361 млн. шаршы киллометр, яғни
71%-ін су алып жатыр. Құрлыққа тиесілісі – 149 млн. шаршы киллометр. Бұл
территорияны 4060 млн.га орман алып жатыр. Шалғын мен жайылым 2600млн.га.
Өңделетін жер – 1450 га. Қалған территория 45% Қазақстан Республикасының
территориясы 2,72 млн. шаршы киллометр. Ауылшаруашылығына пайдалы жерлердің
динамикасына толып жатқан процесстер өз әсерін тигізеді: Ғылыми техникалық
прогресстің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар,
жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т.б. Жер
жағдайының нашарлауы ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынын ұдайы арттыруға,
жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Көптеген дамыған
елдерде ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемі тарылып барады. Әлемде
қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар, бірақ олардың сапасы төмен,
өйткені ауылшаруашылығына қажетті шұрайлы алаңдар бос емес, әрі бұл
алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі. Еліміздің кейбір
аймақтарында мал шаруашылығында кемшіліктер орын алған. Соның ішінде ең
үлкен кемшілік, жайылымның мал тұяғының астында тапталуына жол бере отырып,
шектен тыс жаю. Соңғы 100 жыл ішінде әлемдегі ауылшаруашылығында пайдалы
жердің шамамен 27% -і жарамыз болып қалған, оның ішінде пайдалы жердің
көбісі таусылудан жарамыз болды. Жер реурстарының өнімділігі мен ауданын
климаттық жағдайлар да көп шектеп, тарылтып отыр. Жер ресуртарын қолдануда
қалыптақан жағдай келешекте ауылшаруашылығына пайдалы жердің көлемін
арттыруға мүмкіндік бермейді.
Қазақстанның қазба байлықтары
Қазақстанның минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің
186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші
орында, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец және малибден-үшінші,
мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-алтыншы, темір кені-жетінші, қалайы мен
никель- сегізінші, көмір мен табиғи газ-тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші
орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен
марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің үлесі 200млрд.
тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен,
Обаған, Жіліншік, Шу, Теңіз-Қорғалжын, Іле, Орал Каспий жатады.
Қазір Қазақстан көмірсуларының қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі
елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-
орында, газ бен газ конденсат-15, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның
үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін келеді. 200-лен астам
мұнай мен газ кен орыедарыныңөндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат
шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отарған мұнай
ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы
ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғандамұнай қоры 7 млрд. тонна.
Бұл мұнай өндірісін жыл айын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік
береді. Қарашығанақ кен орынындағытабиғи газ қоры1,3 триллион куб метрді
құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала
жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб
метр газ бар. Мұный мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл
правинцияларының болашағы зор. Қазақстан металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торгай теміркен
бассейінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай,
Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте тем ір
кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлагтар алынады. Олар
минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланады.
Алатау темірмаргенец бассейінде шамамен 500-дей кен орындары мен
металл іздері табылған. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна
және марганецті кендер – 80млн. тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақбай темір кен орындарында 500 млн. темір кені бар.
Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде, Атансарда, Қаратаста, Иірсуда және
т.б. жерлерде табылған.
Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада,
Ұлытауда, Қаратауда және Маңғыстау мен Семейде анықталған.

Оңтүстiк - қазба байлықтарына да бай екенiн әлдеқашан мойындатқан
аймақ. Өлкенiң өндiрiстiк-экономикалық әлеуетi мол. Орасан зор табиғи
қорлардың өзiн жеке әңгiме етуге тұрады. Уран қоры жөнiнен бiздiң облыс
Қазақстанда бiрiншi. Созақ даласындағы кенiштер әлем жұртына кеңiнен
танымал. Фосфориттер мен темiр кенi бойынша аймақ үшiншi орында тұр.
Қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжамдық ресурстар
жөнiнен өңiрдегi жер қойнауының байлығы 240 млрд. АҚШ долларына тең деп
бағаланады. Атап айтқанда, бiзде бокситтiң, темiрдiң, уранның, қорғасын мен
мырыштың, көмiрдiң қоры мол. Сонымен қатар, алтын мен күмiстiң, ванадий
мен вольфрамның кен орындары да баршылық. Осы барланған кен орындары мен
геологиялық барлау құрылыстарын игеру, болжамдық ресурстарды өнеркәсiптiк
санаттарға өткiзу және оларды өндiрiстiк негiзде игеру үшiн мамандардың
есептеуiнше 2 млрд. АҚШ доллары қажет екен.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ технологиялық паркiнде болашағы зор
инновациялық жобалардың тұсаукесер рәсiмiнде болғанымыз бар. Мұндағы
ғалымдардың қазба байлықтарды игеру жөнiндегi бiрнеше iлкiмдi жобаларымен
танысып, таң-тамаша қалғанбыз. Қарапайым ғана мысал. Бадам өзенiндегi
құмнан құрылысқа жылына 5 мың тонна құрғақ қоспалар дайындауға болады екен.
Ал, оның қоры шексiз. Ленгiрдегi саз балшықты тығыз топырақтан кез келген
ғимараттың қасбетiне қаланатын төзiмдi кiрпiш және черепица өндiруге
мүмкiндiк бар. Ал, оның шикiзат қоры 9 млн. тоннаны құрайды. Демек, жылына
30 млн. дана өнiм алуға болады. Өзiн-өзi алты жылда ақтап шығатын жобаның
құны 2 млрд. теңгеге жуықтайды. Дәубаба-базальт кен орнындағы минералды
вата және тасты құймаға сұраныс болып тұр. Бұл жобаның құны 1.930 млн.
теңгеден асады.
Ленгiрдегi қоңыр көмiр қорына жерасты газдандыру технологиясын қолдану
арқылы 4 млрд. текше метр көгiлдiр отын алуға мүмкiндiк бар деп есептейдi
мамандар. Егер Шымкенттегi №3 жылу орталығының жүйелi жұмыс iстеуiне 490
млн. текше метр табиғи газ қажет екенiн есептесек, арзан отынның қанша
уақытқа дейiн жететiнiн бағамдауға болады. Егер құны 3,1 млрд. теңге
тұратын жоба iске асса, жетi жылда өзiн-өзi ақтайды және бұл жұмысқа 570
адам қамтылады. Мұндай мысалдарды көптеп келтiруге болады. Ең бастысы,
оларды ұқсатып, тиiмдi пайдалануда болып тұр.
Соңғы жылдары Иiрсу кен орнын игеру жөнiнде де аз айтылып жүрген жоқ.
"Оңтүстiк" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы Ұлттық компаниясы"
акционерлiк қоғамының мәлiметi бойынша аталған кен орнында "Оңтүстiк
Қазақстан тау-кен металлургиялық кешенiн құру" жобасын әзiрлеген "Тау-кен
металлургиялық компаниясы" АҚ-ы құрылтайшы болып табылатын "Қазақстан
минералдық ресурстары" тау-кен металлургиялық кешенi" ЖШС-i мен "Оңтүстiк"
ӘКК" Ұлттық компаниясы" АҚ-ы жүзеге асырмақ. Темiр кенiнiң қоры бар iрi
нысан саналатын Иiрсудың геологиялық қоры 327 млн. тоннаны құрайды. Жылына
3 млн. тонна руда мен 800 мың тонна прокаттық болат өндiрiледi. Шикiзат жүз
жылға жетедi. Тау-кен кешенi алдағы уақытта болат құймалар, прокат, мыс
жентегiн, құрылыс материалдарын, күкiрт қышқылын дайын өнiм күйiнде
шығаруға қабiлеттi. Мұндай көлемде тауар шығарудың жобасы 784 млн. АҚШ
долларын қажет етедi. 6 мың адам жаңа жұмыс орнына тартылады. Шымкент,
Тараз, Жаңатас, Қаратау, Кентау және өзге аудандардан да жұмысшылар
шақырылуы әбден мүмкiн.
2011 жылдың соңында басталатын құрылыстың ҚР Экологиялық кодексiне сай
мұқият жүргiзiлетiнiне сендiрiп отыр. Одан қоршаған ортаға, ауаға ешқандай
залал келмейдi.
Иiрсу мен Абайыл жерасты кен орындарын игеретiн ие табылғанына бiз де
қуаныштымыз, - дейдi Түлкiбас ауданының тумасы Сайлаубек Ақылбеков. -
Кеңестiк кезеңде "Қазақстан магниткасы" атанған Темiртауда жұмыс iстеген
азамат бұл кәсiптiң қыр-сырын жетiк меңгерген. Айтар құнды ойлары мен
бағалы ұсыныстары аз емес. Алайда, жер қойнауындағы байлықты халық
игiлiгiне жаратуымыз үшiн экологиялық талаптарды сақтай отырып, қауiпсiз
жағдайда игеруiмiз қажет. Иiрсу табиғаты әсем жерге орналасқан. Ар жағы
Ақсу-Жабағылы қорығына тиiп тұр. Сондықтан оның "шуын" да, "шаңын" да
шығармай өндiру жағын қазiрден бастап мұқият ойластырғанымыз ләзiм. Ең
алдымен Иiрсу және Абайыл кен орындарымен қатар, облыс аумағында 10-нан аса
темiр кен орындары осы уақытқа дейiн зерттелiп келгенiн айтайық. Егер толық
ақпараттарды есепке алсақ, жер қойнауындағы байлығымыз миллиард тоннаға
жетiп жығылар едi. Темiр кен байлығын экологиялық және қауiпсiздiк
жағдайында әрi ысырапсыз жаңа техникамен, озық технологиямен тауар
өнiмдерiн алуға дейiн жеткiзiп, өңдеп алатын болсақ, бұл байлығымыз жүз жыл
емес, бiрнеше ғасырға жететiнi анық. Сондықтан кен орнын жоғарыда айтып
өткен талаптарға сәйкес игеру үшiн ғылыми институт ашылуы қажет.
2006 жылы Иiрсу темiр кен орнынан академик Сүлеймен Тiлеуқабыловтың
технологиясымен лабораториялық, соңынан жартылай өндiрiстiк жағдайда
рудадан тiкелей ерекше табиғи лигирлендiрiлген металл алғанбыз. Ендi мұндай
металды академик ағамыз Абайыл кен орнынан да зертханалық жағдайда кен
иелерiне алып берiп отыр. Бұл жерде түсiндiре кететiн бiр жайт, екi кен
орнының шикiзаты құрамы жағынан да, сапалық жағынан да бiр-бiрiне сәйкес
келе бермейтiн ерекшелiктерi бар. Мiне, сондықтан да әр кен орнының өзiнiң
сипатына қарай шикiзаттарды қазып, тасымалдауды, өңдеудi, олардың жатқан
жер құрылысының ерекшелiгiне қарай зерттей отырып, қоршаған ортаға,
табиғатқа мүмкiндiгiнше зиян келтiрмейтiндей етiп алуымыз қажет. Сол
себептi, құрылатын институттың атқаратын мiндетi орасан зор болмақ. Барлық
саладағы мамандар даярлаумен қатар, жергiлiктi темiр кенiн өндiрудiң ғылыми
жаңа экологиялық және қауiпсiз технологиясын зерттеп, оны өндiрiске
енгiзген абзал. Мысалы, Иiрсудан бастап, Оңтүстiктегi кен орындары биiк тау
беткейлерi мен шатқалдарында, жер қыртысының төменгi бөлiгiнде, кей
жерлерде 200-300 метр тереңдiкте жатыр. Өндiрiлетiн темiр рудалары ауаға
радиациялық сәуле шашпайды. Кен орны ең көп шоғырланған Иiрсуда жерасты
сулары көптеп кездесуi мүмкiн. Әрине, ол қауiп те туғызады. Осыған орай,
шикiзаттарды қазып алу адам күшiмен емес, жаңаша ойлап табылатын, адам
сырттан басқарып бақылап отыратын роботтар арқылы жұмыс iстеген жөн.
Институт үшiн жергiлiктi металлургиялық комбинатты игеру және оның
келешектегi жаңа техника, технологиясын зерттеп, оларды өндiрiске ендiру
проблемалары да жеткiлiктi. Мысалы, атмосфераға көмiр қышқыл газын емес,
таза оттегi мен сутегi жiберуге болады. Академик С.Тiлеуқабыловтың осындай
технологиясы бар.
Негiзi, Иiрсу кен орнын толық игеру басталған кезде металлургиялық
комбинатты Ленгiр қаласында салса, құба-құп болар едi. Бұл экономикалық
жағынан да тиiмдi. Өйткенi, Ленгiрде отын қоры - көмiр мәселесi де өзiнен
өзi шешiлгелi тұр.
Орталықта, Солтүстiкте, Оңтүстiк пен Шығыста кен-металлургия кешенi,
атом, химия өнеркәсiбi және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресурстардың жіктелуі
Шикізат және қосымша материалдар
Қарағанды-Теміртау өндіріс ауданының қазіргі кездегі экологиялық жағдайы және дамуы
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Ластану проблемасы
Геологиялық карта
Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау
Пәндер