Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕН ОРЫНДАРЫ
1. 1 Қазақстан кен орындарына сипаттама . . . 5
1. 2 Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны . . . 10
1. 3 Қазақстандық мұнайды тасымалдаудың негізгі маршруты . . . 17
ІІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
2. 1 Құмкөл кен орны . . . 21
2. 2 Кен іздеген Сәтбаев және Жезқазған мыс кен орны . . . . . . 25
2. 3 Мұнайгаздылық . . . 30
2. 4 Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
ӘДЕБИЕТТЕР . . . 36
Кіріспе
Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикамыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты - 1, 6 млрд. тонна, табиғи газ қоры - 5, 9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Ломоносов айтқандай, «Ресей қуаты Сібірмен өркендейді . . . », «болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек . . . » [1] .
Сөйтіп, бұрынғы одақ кезінде бірден-бір мұнай-газ шикізатының басты көзі болған, ал бүгінде Қазақстан Республикасы үшін экономиканың, соның ішінде мұнай-газ саласының алға дамуы, әлемдік мұнай бизнесінде белгілі орын алуына белгілі деңгейде әсер ететін Маңғыстау мұнай-газ кешенінің дамуының басты кезеңдері талданады. Кен орындарын игеру кезеңінде барлық экономикалық көрсеткіштер талданады. Кен орнын игеру мен пайдалануға жіберген қаржы салымы, мұнай өндірудің динамикасы бойынша, баланстық қорға қарағандағы өндірілген мұнай көлеміне байланысты Маңғыстаудағы кен орындарын игеруді 3 негізгі кезеңге бөлуге болады: алғашқы кезең, қарқынды қалыптасу және қалыптасудың аяқталу кезеңдері.
Бүгінде мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикалық дамуын қолдай отырып, Қазақстан экономикасының болашақта жетекші секторларының бірі болуына мүмкіндігі бар. Республикада 2, 1 млрд. тонна мұнай, 0, 7 млрд. тонна газ конденсаты, 1, 7 трлн. метр куб табиғи газ сияқты көмірсутек шикізатының ірі барланған қорлары бар. Бұған Каспий аймағындағы ресурс қорын қоссақ, Қазақстан әлемде көмірсутек шикізатының қоры жөнінен алғашқы орындарды иеленетіні сөзсіз.
Республикада мұнай өндіру деңгейі 10-15 жылдан кейін 170 млн. тоннаға жетпек деп жобаланды, сол себепті өндірілген мұнайды өңдеу арқылы ішкі нарықты қанағаттандырып, тиімді экспорттық мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек.
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсібінің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда, олардың қатарында Жаңажол кен орны жатады.
Құмкөл кен орны 1990-шы жылдың мамыр айынан бастап ЦКР МН СССР -мен бекітілген НИПИ мұнайгазбен құрастырылған технологиялық схемаға сәйкес игеріліп жатыр ( протокол №126, 1988 жылдың 13 шілде айынан бастап) .
Қаныш Сәтбаевтың ғылыми зерттеулері негізгі геология, тарих және мәдениет сияқты салаларды қамтиды [2] .
Геология саласында Сәтбаев көрікті еңбегінің бірі, ол И. С. Яговкин, В. К. Котульский, А. А. Гапеев және тағы басқалар сияқты ірі мамандар қатарымен келіспеуіне қарамастан, Жезқазған ауданында зерттеуді жалғастырды және 1930 жылы Ұлытау-Жезқазған мыс рудасы қазбасын ашты, осы ашылу сәтіне дейінгі болжамдалатын қор бойынша әлемдегі ең ірі болып табылатын. Сонымен бірге Сәтбаев еңбектеріне, оның тапсырмасы бойынша және оның басқаруы бойынша 40-шы жылдары Қазақстанда Жездіде марганец кеңі қазбасы ашылды және жетілдірілді, Ұлы Отан соғысы жылдарында Совет Одағына Грузиядағы украин Никополь және Чиатурск қазбаларын жоғалтқанына қарамастан, бронды болатты шығаруды жалғастыруға мүмкіндік беру жатады. Соғыс жылдары КСРО-ның марганец кеңі 70, 9 пайызы белгілі кең орында алынды.
1950-ы Сәтбаевпен жасалған «Комплексный метод формационного металлогенического анализа и прогноза месторождений» дәлдігі бойынша мемлекетте ең жақсы болды, және КСРО-да комплексті металлогенді зерттеу үшін негіз болып қызмет етті.
1935 жылы Жезқазған облысын зерттей отырып, Қаныш Сәтбаев қазақ даласына жорыққа шығу уақытында, 1391 жылы Тамерланмен қалтырылған жазбасы бар тасты тапты. 1936 жылдың күзінде осы тас Эрмитажға жіберілді.
1919 жылдан 1924 жылға дейінгі кезеңде Қаныш Сәтбаев 1642 беттен тұратын алгебрадан оқулық жазды. Осы еңбек қазақ тіліндегі алгебрадан алғашқы мектеп оқулығы болып тарихке кірді.
Сәтбаев өзінің өмірінде 640 ғылыми жұмыстан астам жұмыс жазды [3] .
І ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕН ОРЫНДАРЫ
1. 1 Қазақстан кен орындарына сипаттама
Қазақстан Республикасының жер қойнауында әлемдегі барланған уран қорының 19% шоғырланған - бұл шамамен 1, 5 млн. тоннаға тең. Ел аумағындағы анықталған ондаған уран кен орындарының әрқайсысы қалыптасу және практикалық маңызы жөнінен әрқалай. Геологиялық ұстанымы, генетикалық белгілері және аумақтық ерекшеліктерінің ортақтығы оларды мынадай алты уран кеніші ауданы құрамында алып қарауға мүмкіндік береді: Шу-Сарысу, Сырдария, Солтүстік Қазақстан (Көкшетау), Маңғышлақ (Каспий маңы), Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала (Балқаш маңы) және Іле [4] .
Шу-Сарысу уран кеніші ауданы
Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Жалпы қорлар мен ресурстар бүкіл Қазақстан қоры мен ресурстарының 54 % құрайды. Қазіргі таңда Уанас, Мыңқұдық, Қанжуған және Мойынқұм кен орындарында уран өндіру жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен жүргізілуде.
Сырдария уран кеніші ауданы
Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Аудандағы уран қоры бүкіл Қазақстан қорының 20 % құрайды. Уран өндірісі жерасты шаймалау әдісімен. Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарында жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан уран кеніші ауданы
Ауданның уран кен орындары протерозой және палезой қатпарлы кешендерінде желілі-штокверлі түзілу түрінде көрініс тапқан. Мұндағы уранның жиынтық қоры бүкіл отандық қордың 17 %-на тең. Қазіргі таңда Шығыс кен орнында уран шахталық әдіспен алынуда.
Маңғыстау ауданындағы уранның түзілуі
Каспий маңы ауданы фосфариттенген балықтар сүйегінің жинақталуынан түзілген бірегей кен орындарын құрайды. Уран қоры Қазақстан қорының 2%-на тең. Қазір мұнда уран өндірілмейді.
Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала немесе Балқаш маңы ауданы
Уран кен орындарының негізгі типі - континентальды жанартау кешендеріндегі эндогенді желілі-штокверлі кен орындары. Басты кен орындары толық игерілген. Қалған уран қоры республика қорының 0, 5 % құрайды. Уран өндірісі тоқтатылған.
Іле уран кеніші ауданы
Негізгі қорлар қоңыр көмір қатпарларының жоғарғы қабаты тотығуынан түзілген уран-көмір кен орындарымен байланысты. Мұнда Қазақстан қорының 6, 5 % шоғырланған. Қазіргі таңда уран өндірілмейді.
Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон. -саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
Мұнай мен газ. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2, 2 млрд. т, газ - 2, 5 трлн. /м3, конденсат - 0, 7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 - 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1, 3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1, 7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңт. Маңғыстау мен Солт. Үстірт - Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар - Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солт. Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн. т, конденсат - 1, 4 млн. т және газ - 141, 0 млрд. м3 кұрайды. Жалпы респ. баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол қоры Оңт. Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (Құмкөл, Майбұлақ, Ащысай, Арысқұм, т. б. кен орындары) . Бұл жерде жиынтық болжамдық қоры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі - Құмкөл кен орыны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады) . Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.
Көмір. Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геол. қоры 164, 4 млрд. т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17, 6 млрд. т, қоңыр көмір 92, 8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19, 3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% - қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орт. Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен) . Ірі кен орындары - Шұбаркөл (қоры 2, 2 млрд. т), Борлы (0, 5 млрд. т), Самара (1, 3 млрд. т), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2, 7 млрд. т) . Торғай энергет. қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төм. Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геол. қорлары 14, 8 млрд. т-ға бағаланады, барланған қоры 0, 9 млрд. т. Төм. Іле алабының геол. қоры 9, 9 млрд. т, оның 3 млрд. т-сы барланған. Шығ. Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1, 5 млрд. т), Кендірлік (1, 6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20, 3 млн. т. Қазақстанның батысындағы ең ірісі - Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геол. қоры - 1, 5 млрд. т, оның 0, 6 млрд. т-сы барланған [5] .
Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетик. және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солт. Қазақстанда (Торғай ойысының солт. -батыс бөлігінде) орналасқан. Орт. Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Бат. Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. т-дан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327, 7 млн. т) мен Абайыл (28, 3 млн. т) кен орындары барланған. Бат. Қазақстанда (Солт. -Шығыс Арал маңы) ең ірісі - баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1, 9 млрд. т), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. т болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. т) . Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауында) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. т-дан асады) .
Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. т-дан асады. Болжамдық қорлары 850 - 900 млн. т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орт. Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Бат. Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қтай, Қамыс кен орындары) . Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Бат. және Солт. Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор.
Түсті металдар. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту з-ттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т. б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т. б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кені, Жаманайбат мыс кені) мыс қоры 10 млн. т-дан асады.
Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығ. Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орт. Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны - боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығ. Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғ. Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Бат. Торғай, Шығ. Торғай (Амангелді) және Орт. Торғай бокситті аудандарын құрайды.
Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғ. Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғ. Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солт. Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері - кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғ. Қайрақты, Бұғыты, т. б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солт. Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығ. Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т. б. ), ондағы вольфрам триоксидінің мөлш. 0, 12 - 0, 19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғ. Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солт. Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған. Асыл металдар. Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша - үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары : Солт. және Орт. Қазақстанда - Жолымбет алтын кені, Бестөбе алтын кені, Ақсу алтын кені, Ақбейіт алтын кені; Бат. Қазақстанда - Юбилейное; Шығ. Қазақстанда - Бақыршық алтын кені, Суздаль, т. б. ; Оңтүстік Қазақстанда - Ақбақай алтын кені. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау ауданындағы аса ірі Васильков кен орны даярланған. Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі Кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-Сокол, Тишин, Малеев, Грехов. Алтын, сондай-ақ, мысты-порфирлі Бозшакөл, Самара, Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды Абыз, Майқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған түпкі және кенқайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршық, Жітіқара, Жарқұлақ, Ақжал, Балажал, Олимпиялық, Кеңгір, Миялы, Құлынжон, т. б. ) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс, Сувенир, Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток V, Комаров І, Қаншыңғыс, т. б. ) .
Қазақстан аумағында 100-ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектоник. көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар он өлке мен аудандарға бөлінеді. Олар: Солт. Қазақстан (50-ге жуық кен орны бар), Шу - Іле - Кіндіктас - Балқаш жағалауы (8) және Шу - Бетпақдала (6) өлкелері, Шу - Сарысу және Сырдария өлкелерін біріктіретін Қаратау мегаөлкесі (20), Жоңғар - Кетпен (6) және Каспий жағалауы (4) өлкелері, Ұлытау (3), Шыңғыс-Тарбағатай (1) және Мұғалжар - Арал жағалауы (2) аудандары.
Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағында бейкентасты шикізаттың 2000-нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200-і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30-дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солт-нде орналасқан.
Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31, 0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Бат. Қазақстанда - 9, Солт. Қазақстанда - 7, Орт. Қазақстанда - 10 және Шығ. Қазақстанда - 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10, 275 мың км3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97, 115 млрд. т шартты отынға тепе-тең [6] .
1. 2 Қазақстан кен орындарының әлемдегі орны және экономикадалық жағдайы
Мұнай өндірудегі әлемдегі 55 елдің ішінде Қазақстан әлемде дәлелдеген қоры бойынша 12-ші орынға ие. Өндірілетін мұнай көлемі ТМД-да өндірілетін барлық мұнайдың 17 бөлігін қамтиды. ҚР көмірсутектің стратегиялық қоры бар мемлекеттер қатарына кіреді, сонымен қатар әлемдік энергоресурс нарығының қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді. Қазақстандық эксперттердің болжамы бойынша жалпы көмірсутек шиказатының барланған қорын келесідей сипаттайды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz