Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі
Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі: кеше, бүгін, ертең
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлағалы отырған Қазақстан басшылығы
әрқашан халықтың әл-ауқатын барынша арттырып, экономиканың барлық салаларын
өскелең қоғам қажеттілігі мен зымыран заман талабына сай жан-жақты дамытуға
ерекше көңіл бөліп келеді. Осыған орай елімізді үдемелі индустриялық-
инновациялық дамыту бағдарламасы қабылданып, 2020 жылға дейінгі
бесжылдықтар жоспары да бекітілді.
Елбасы еңбек өнімділігін еселеп арттырып, отандық кәсіпорындар өндіретін
тауарлармен ішкі сұранысты барынша толық қамтамасыз етуді міндеттеп отыр.
Оның орындалуы, жалпы, елімізді индустрияландыру мәселесінің өзі ең алдымен
машина жасау өнеркәсібінің дамуына тікелей қатысты десек, саланың кешегі
жағдайы мен бүгінгі тынысы қандай? Болашақта қалай болады? Бір сәт
бұрынғыны еске алып, бүгінгіні шолып, болашаққа көз тігіп көрелік.
Деректерге сүйенсек, еліміз аумағындағы ең алғашқы машина жасау кәсіпорны
1909 жылы Алматы қаласында (бұрынғы Верный) құрылған екен. Ол тұқым себу
машинасын (сеялка) шығаратын болған. Ал өндіріс саласы ретінде
Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестер
Одағының батыс және орта өңірлерінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың
негізінде қалыптасты. Сөйтіп, Алматыда металлургиялық құрал-жабдықтар,
Шымкентте автоматты сығымдау аппаратураларын, Ақтөбеде автокөлік
қозғағыштарын, Ақмолада ауылшаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорындар
құрылып, ондаған машина жасау зауыттары салынды. Осылай аспап жасаудың,
электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болып,
машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады.
Еліміз тәуелсіздігін алар тұста Қазақстандағы машина жасау кешенінің
құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Бірақ біз
бұл саланың жалпы даму деңгейі бойынша басқа одақтас республикалардан
айтарлықтай артта едік. Жалпы, өнім өндіруде Қазақстан КСРО-да үшінші
орында болғанымен, машина жасауда он екінші орында тұрғаны мұның айқын
дәлелі. Кешеннің құрылымы да біздің еліміз үшін қолайлы болмады:
зауыттардың үштен бірі тек ескірген техникаларды жөндеумен айналысса, тағы
сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Ал қалған үштен бірінің
жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен құрады. 1990 жылдары сала өндіретін
өнімге деген сұраныстың төмендеуінен, машина жасау кешені терең дағдарысқа
ұшырады. Жалпы, Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-
өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар
әскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян,
Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы
зымырандар, әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару-жарақ, зымыран
техникаларының микросызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан
мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады.
Әрине, қай бір өндірістің де дамуы мен отандық экономика үшін тиімділігінде
олардың орналасу жағдайы үлкен маңызға ие. Себебі мамандану мен өндірістік
шоғырланудың нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Айталық, темір
жолдың болуы - Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін
станоктар, Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды
орналастыруға мүмкіндік берді. Негізінде шығынды азайту үшін тұтыну
факторын есепке алып, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей
пайдаланылатын жерлерде орналастыру тиімді. Сондықтан да Қазақстанда мұнай
машиналарын шығару Атырау, шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын өндіру
Қарағанды, металлургиялық құрал-жабдықтар мен машиналар шығару Өскемен, ал
ауылшаруашылық машиналары мен трактор жасау зауыттары егіншілік пен мал
шаруашылығы дамыған өңірлерде, Астана, Павлодар, Қызылорда қалаларында
орналастырылған. Бұл кәсіпорындарды құру кезінде еңбек ресурстарымен қамту
да ескеріледі. Мысалы, негізінен, ер адамдар еңбек ететін металлургтер
қаласы Өскеменде әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында конденсатор зауыты
құрылған. Еңбекпен бірге күрделі технологияларды қажет ететін кәсіпорындар
ғылыми-зерттеу орталықтары бар ірі қалалар төңірегінде шоғырланады. Сол
себепті де теледидарлар, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды
шығару ісі Алматы қаласындағы Алатау Сити ақпараттық технологиялар
паркінде ұйымдастырылған. Жалпы, Қазақстандағы машина жасау өндірісіне
кіретін кәсіпорындардың жартысы дерлік Алматы, Ақмола, Павлодар өңірінің
үлесіне тура келеді.
Өскемен қаласында жобалық қуаты жылына 15 мың автокөлік құрастыратын Азиа-
Авто зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорын ресейлік АвтоВаз, чехиялық Шкода,
америкалық-оңтүстіккореялық Дженерал Моторс кәсіпорындарының қолдауымен
Лада, Шевроле және Шкода көліктерін шығарады. Қазірше ол еліміздегі
автокөлік құрастыратын ең ірі өндіріс орны. ҮИИД бағдарламасының арқасында
зауыт биылғы жылдың бірінші жартысында 2609 автокөлік шығарды. Бұл өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2,6 есе артық. Елімізде шығарылатын
автокөліктердің дерлік 90 пайызы осы кәсіпорынның үлесінде. Жалпы, өндіріс
көлемі де дағдарысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Бұл жерде 2010 жылдан
бері қарай автокөліктердің 12 түрлі жаңа модельдері шығарыла бастады. Егер
Өскеменді республиканың автокөлік астанасы десек, енді осындай тағы бір
өсу нүктесі пайда болды: Қостанайда Агромашхолдинг Қазақстан АҚ Allur
Auto қазақстандық автомобиль компаниялары тобы және оңтүстіккореялық
SsangYong Motors Corporatіon автоөндірушісімен бірлесіп, ҮИИД мемлекеттік
бағдарламасының аясында Ssang Yong жол талғамайтын көліктерін шығаратын
құны 16 миллион АҚШ доллары тұратын жобаны жүзеге асыра бастады. Оған
сәйкес алғашқы жылы осы маркадағы 1000 автокөлік шығарылса, тағы төрт
жылдан кейін бұл көрсеткіш 7500 данаға жеткізілмек. 2010 жылы ел көлемінде
3176 жеңіл көлік шығарылып, 2009 жылға салыстырғанда, өсім 4,33 пайызды
құрады. Ал 2011 жылдың алғашқы жартысында 3012 жеңіл көлік шығарылып, ол
2010 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, үш есеге артты. Сонымен бірге
тек жалпы өндіріс көлемі ғана емес, жеңіл көлік шығаруда ішкі нарықтағы
қазақстандық үлестің де өткен жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда,
биыл 20,8 пайызға артып отырғаны қуантады. Бұл - отандық автокөлік өндірісі
сала ретінде қалыптасқанын және индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында
оның жедел дами бастағанын көрсететін тарихи көрсеткіш!
Жалпы, Қазақстанда барлығы 30-дай әртүрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді.
Олардың көбі Газель автомобилінің негізінде микроавтобустар, шағын жүк
көліктерін, рефррижераторлар шығарады. Алматы қаласында троллейбустар,
автобустар, ауыр жүк таситын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz