ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА


1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ
1. 1 Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналған Қазақстан әлемдік қайшылықтарды қауіптерді планетарлық мәселелерді әлем халықтарымен бөліседі. Көптеген елдерге қауіп төндіріп отырған терроризм құбылысы да Қазақстанға қауіп әкеледі. Бағымызға қарай Қазақстанда халықаралық террористік ұйымдар жасаған террористік актілер болған жоқ. Террористік топтар ұйымдастыруды мақсат тұтқан шаралар болды деген ақпараттар назарымызға іліккен жоқ. Қазақстан терроризм құбылысынан аман елдердің қатарында. Террористік топтардың елде терактілер жасамауы Қазақстан терроризмнен мүлдем аман тұра береді деген сөз емес. Қазақстанда да терроризм болуы ықтимал. Сондықтан халықаралық терроризмді болдырмаудың, ел аумағына енгізбеудің шараларын қарастыру маңызы арта түседі. Себебі, Қазақстанда террористік шабуылдар обьектісіне айналатын нысаналар өте көп. Олар; ядролық қондырғылар, су, жылу электростанциялары, қару-жарақ қоймалары, ауыз су қоймалары, стадиондар, кинотеатрлар т. б. адамдар көп шоғырланатын кешендер. Елдің көптеген балалар демалатын жаздық лагерлері, спорт базалары, санаторийлер мүлдем күзетсіз қалалардан тысқары жерлерде орналасқан. Террористер жырақ орналасқан шағын елді мекендерді толық басып аламын десе оған сол сәтте қарсы тұрар күштер ешбір аудан, облыс орталықтарынан шыға қоймайды. Терроризмге қарсы күресуші күштер мардымсыз.
Осындай ахуал Қазақстанда болуы ықтимал террористік әрекеттерге қарсы профилактикалық алдын-алу жұмыстарының кешенді шараларын жасаудың маңыздылығын арттыра түсуде. Қазақстанға тікелей мұсылман мемлекеттері қауіп төндіріп отырған жоқ. Мұндай ашық қауіп Ресейден, Қытайдан, АҚШ-тан басқа да әлемдік басым державалардан туып отырған жоқ. Еуроодақ мемлекеттері де Қазақстан шикізатына қызығып, достық құшағын ғана ашуда. Сонда терроризм қаупі қайдан келуі ықтимал деген сұраққа жауап іздеу Қазақстан сарапшылары үшін өте маңызды.
Бұл деректер Қазақстанға терроризм қаупінің болуының ықтимал жолдарының бірі - әлемдік басым империялардың арнаулы қызмет органдарының жоспарлы әрекеттері болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Әсіресе АҚШ-тың Федералдық барлау орталығының әлемнің әр түкпіріндегі әрекеттері туралы деректер де, қауесеттер де жеткілікті. Мысалы, Ресейдің осы мәселемен айналысып жүрген маманы генерал Леонид Шебаршин 2001 жылғы 11 қыркүйектегі «Аль-Кайда» жасаған терактіні американдық арнаулы қызмет органдарының провакациясы деп есептейді. Себебі, Бен Ладен АҚШ жерімен байланыспай-ақ қалай өте күрделі операцияға басшылық жасаған, - деген сұрақ қояды. АҚШ басып алған Ауғанстан мен Ирак террористік әркеттердің нағыз қайнаған қазанына айналды. Американдықтарды жақтаушы Хамит Карзайдың үкіметіне қарсы терактілерді талибтер ұйымдастыруда. Ал Иракта АҚШ шейттер мен суниттерді бір-біріне қарсы қоюда. Өзара жауласушы топтар біріне-бірі жауап беруде. Соның салдарынан екі елде соңғы 3-4 жылда 200 ден астам терактілер болып ондаған мың адам жазықсыз қаза тапқан. Осы тас-талқан болған екі мұсылман елінде терроризмді жаппай құбылысқа айналдырған АҚШ саясаты екендігіне әлем халықтарының көзі жетіп келеді. Сондықтан Қазақстан АҚШ - тың Орталық Азия аймағында жүргізіп отырған саясаты біртіндеп отаршылдық саясатқа ұласып кетуінен сақтануы қажет. Ол үшін халықаралық құқық нормаларына сәйкес, елдің заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердің Қазақстан жеріндегі қандай да болмасын заңсыз әрекеттеріне қорықпай, қатаң тиым салып отыру қажет. Басым державалардың өзі Қазақстан мемлекеті өзінің ұлттық қауіпсіздігі жолында тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында қандай күшті елмен болмасын қарулы күреске дайын екендігін білуі міндет. Халқы тастүйін, қорғаныс қаруы бүгінгі күнге сай Қазақстанға жаулап алу үшін кіру ешбір басым державаға оңай болмайды. Бұлай болуы терроризм қаупін де минимумдік деңгейге түсіреді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы бөлімдерінің міндеті басым державалардың Қазақстанға қатысты құпия жоспарларын және астыртын әрекеттерін батыл әшекерелеп отыру.
Мысалы, басым державалар Орта Азия елдерінің арасындағы түрлі қайшылықтарды қоздырып ойын жүргізуі ықтимал. Трансұлттық өзендердің су ресурстарын пайдалану, шекара даулары, энергетикалық көздер, еңбек іздеушілердің миграциясы, наркотрафик, қару-жарақтың заңсыз сатылуы сияқты көптеген мәселелер Орта Азия регионында Қазақстанмен басқа көршілес мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды қарулы қақтығыстарға, немесе террористік әрекеттерге ұластырып жіберуі әбден мүмкін жағдай.
Әлемдік басым державалар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қайшылықтарды ушықтырумен айналысуы ықтимал. Қазақ-өзбек шекарасында болып жататын адам шығындары, әсіресе өзбек шекарашыларының бірнеше рет қазақстандық азаматтарға оқ жаудыруы, адамдарды жазықсыз өлтіруі және соққыға жығу фактілері көптеп орын алуда. Бұндай әркеттердің артында түрлі саяси күштердің мүдделері жоқ деп айту қиынырақ. Шекарашылар арнаулы тапсырмалар алмаса көршілес, бауырлас елдің жеріне кіріп азаматтарын жәбірлемес еді. Сондықтан Қазақстанның қауіпсіздік органдарына осы құбылыстардың түпкілікті себептерін және салдарларын зерттеу маңызды. Онсыз болуы ықтимал мемлекеттік терроризм қаупінен құтыла алмаймыз. Себебі, «қайшылықта ойнау отаршыл державалар үнемі пайдаланып келе жатқан дәстүрлі саяси стратегия. Ол арқылы Азия мен Африка халықтарын, діни - этникалық топтарын тірестіріп қояды. Бірімен-бірі жауласқан халықтар еріксіз оккупациялық күштерге жүгінуге мәжбүр болады», - дейді Гумер Исаев [97, 5б] .
Басым державалар Қазақстанға қатысты тек әділетті саясат ұстанады деп ойлау қателік. Ресей империясы Қазақстанда 300 жыл тонаумен болғаны шындық. Өздерінің ұлттық мүддесі үшін бүгінгі Ресей Федерациясы басшылығы Қазақстанды қайтадан аяққа салуға дайын. Ондай пиғылды Ресей элитасының өкілдері Солженицын, Жириновский, Миронов т. б. БАҚ-та әлденеше рет ашық айтқан. Сондықтан Ресейдің арнаулы қызмет органдары Қазақстандағы түрлі діни ағымдарға, сепаратистік топтарға, сектанттық ұйымдарға қолдау көрсету арқылы терроризмге ұласатын діни экстремизмді қоздыруы ықтимал. Мұндай әрекеттерге, Қытайдың, АҚШ-тың, Өзбекстанның басқа да көршілес мемлекеттердің құпия жұмыстармен айналысатын қызмет органдары баруы мүмкін. Олар бұл істе Қазақстандағы көпконфессионалдық ахуалды пайдаланатыны байқалуда. Түрлі діни топтардың Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіру мақсатында саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді шайқалтуды көздейді. Мысалы, «Қазақстанды 2010 жылға дейін евангелилендіру жоспары» бары анықталған. Бұл жоспарды жасаған АҚШ-тың халықаралық миссионерлік ұйымдары. Олардың қазақиландырылған миссионерлік насихат шараларын 31 телеарна бүкіл Республика аумағына таратқан. Осы ұйымның басшыларының бірі Дэвид Хасавейдің уағызы 3 сағат бойы Республика сарайында 3 мың тындарман үшін ұйымдастырылған. «Рахат», «31 телеарна», «Қазақстан», «Хабар» телеарналарында ислам дінін уағыздайтын бірде-бір хабарлар мен бағдарламалар болмаған [98, 10б] . Евангелие дінін қазақиландыру арқылы қазақтың ұлттық біртұтастығын шайқалту, қазақтарды «мәңгүрттендіру» елдің саяси тұрақтылығын шайқап, террористік топтардың да әрекеттеріне жол ашатыны анық.
Көптеген жалған христиандық немесе антихристиандық ұйымдар: мормондар, иеговистер, сайентологтар, елушілдер т. б. діни топтар Қазақстанға әбден сіңіп алды. Қазір олардың мемлекеттік құрылысты және қоғамдық бірлікті шайқалтуға бағытталған жұмыстары өте белсенді жүргізілуде. Олар әртүрлі болғанымен мақсаттары бір. Қазақстандықтардың көп бөлшегін өздеріне бағындыру және өздерінің түпкілікті саяси мақсаттарына жұмыс істету. Қазақстандағы сектанттық ұйымдардың шыққан тегі құпия мемлекеттік ұйымдар екендігі анық. Жеке адамдар өздерінің күшімен сектанттық топтарды бірнеше мемелекеттің жерлеріне астыртын жібере алуы қиын. Сондықтан көптеген миссионерлік және сектанттық топтардың артында, оларға тірек болып мемлекеттік арнаулы құпия органдар қызметі тұр. Ондай ұйымдар қажет деп тапса осы діни секталарды террористік топтарға оңай айналдырады. Терроризм қаупін болдырмау үшін Қазақстанда да, Германия, Франция, Ресей елдеріндегідей қатал «Антисектанттық Заң» қажет.
Қазақстанда сектантизм құбылысының күшейе түсуінің түрлі себептері бар. Біріншіден, елдегі басым көпшілік ұстанатын мұсылман діні де, христиандық проваславие діні де өзіне халықты қарату мақсатында аса белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, елдің арасына шығып түрлі шаралар өткізбейді. Бұл жағынан дәстүрлі діндер белсенді емес. Осының себебі туралы Астана және Алматы епархиясының протоиерейі Александр Иевлев былай дейді: «Тоталитарлық секталар мен дәстүрлі діндер арасындағы айырмашылық осыған байланысты. Сектанттарға қарағанда біз жеке тұлғаны өзімізге алуға мүдделі емеспіз. Адамға сырттай әсер ету керек емес. Адам рухани құндылыққа өз санасымен келуі қажет. Түбінде адам құдайды табады. Ал сектанттарға құдай емес адам керек. Әрбір жаңа мүше оларға қосымша күш, қаржылық пайда немесе басқа да құрал. Айырмашылық принципте. Бұл ретте дәстүрлі діндер сектанттармен бәсекелесе де алмайды және бәсекелесуге тиісті де емес» [99, 10б] .
Екіншіден, қазақстандық дін басшылары сектанттық ұйымдардың түпкілікті мақсаты кең байтақ қазақ жерін әлемдік басым державалардың билігіне көшіру немесе трансұлттық корпорациялардың меншігіне айналдыру екендігін жоққа шығармайды. Дін тек бет перде ғана. Сектантизм мен терроризмнің арасы тым жақын екендігін әлемдік саяси тәжірибе үнемі дәлелдеп келеді. Діни сарапшылар Қазақстанда жұмыс жасап жатқан діни секталардың мормондардың, иеговистердің және елуіншілердің артында ірі қаржылық -олигархиялық топтар тұрғандарын айтады. Ал сайентологтар тіптен зор қаржылық империя. Мақсаттары қазақстандық азаматтарды өздеріне тарта отыра оларды дәстүрлі діннен және қазақстандық патриотизмнен безіндіру. Діні мен Отанынан безінген, санасы уланған адам қарсы қандай да болмасын әрекеттерден тайынбайтыны белгілі.
Үшіншіден, сектанттыққа қарсы мемлекеттік заң мен күресудің кешенді бағдарламасы қажет-ақ. Теледидардың коммерциялық каналдары ақша табу мақсатында эфирді тиым салынған сектанттық топтарға, тіптен дәстүрлі діндерді мойындамайтын топтардың қайсысына болмасын беруін тоқтату қажет. Мұсылман дінін, православие дінін насхаттауға көмек жасау жолдарын белгілеу маңызды. Балабақшаларда, мектептерде, колледждерде дәстүрлі діндер бойынша сабақтар берудің де мезгілі жетті. Оларды кестеден тыс консультативтік сабақтар ретінде ұйымдастырудың мүмкіндіктері бар. Осындай дәріс сабақтарында сектантизмнің қаупі туралы, олардан терроризм қаупі туатындықтары жайында жастарға түсіндіруге болады. Кришнаиттар, ваххабистер, хизбутшылар, мормондар, иеговистер, сайентологтар Қазақстан халқы үшін ешқандай жақсылық жасаған жоқ. Олар зор қаржылық қоры бола тұра елде бірде-бір әлеуметтік мекеме аурухана, балабақша, монша, дүкен т. б. салмаған. Тек діни кітаптар мен уағыз айтатын ғимараттарды ғана көркейтеді. Осы ісінен ғана олардың түпкілікті мақсаты Қазақстан халқын гүлдендіру емес бағындырып, тобырға айналдыру екені көрініп тұр.
Төртіншіден, сектантизм діни экстремизммен туыстас. Қазақстан сияқты атеизм кең жайлаған халықты дәстүрлі діндерден алшақтатып секталарға енгізу оңай. Поликонфессиялық және полиэтникалық Қазақстан халқы ұлттық идеялар мен қазақстандық патриотизм идеологиясы төңірегінде де әлі толық топтасып болған жоқ. Сондықтан діни экстремистік топтар Қазақстан халқын оңай бөлшектенетін тобыр ретінде қарастырады. Әлемдік терроризм мен діни экстремизмнің тірегіне айналдыруды мақсат тұтады.
Бесіншіден, Қазақстандағы дәстүрлі діндердің сектантизм мен діни экстремизмге қарсы шараларын ұйымдастыратын арнаулы бейресми ұйым қажет. Оның ролін Қазақстан халықтары Ассамблеясы ойдағыдай атқарар еді. Ассамблея тек мәдени, ұлттық - этникалық шаралармен шектелмей дәстүрлі діндердің елдегі позициясын нығайту шараларымен де айналысқаны абзал. Ассамблея шеңберін де діни экстремизммен, сепаратизммен, терроризммен күрес шараларының мемлекеттік шараларға қосымша бейресми шараларын жасаудың мүмкіндіктері бар. Ол үшін Ассамблея басшылығының және дін басшыларының бірлескен әрекеттерге деген ниеті ғана керек.
Ирактағы терроризмнің өрістеуінің тек Таяу Шығыс қана емес Орта Азия регионына да кері ықпалын тигізері даусыз. Иракта көптеген террористік топтар жаңадан пайда болуда. Олар бірнеше рет террористік әрекеттер жасаған соң көршілес елдерді паналауға, өз әрекеттерін басқа елдердің жерінде отырып жасауға ұмтылары сөзсіз. Сондықтан Қазақстан жеріне де Ирактың террористік топтарының мүшелерінің еніп кету қаупі бар.
Сондықтан Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатына икемделіп және негізделіп жасалған «Қазақстан Республикасының әскери доктринасын» 2007 жылы сәуір айында қайтадан қабылдады. Қазақстанның жаңа әскери доктринасы бұрынғы доктринасы сияқты қорғаныстық сипатта. Жаңа әскери доктринаның қабылдануына әскери сарапшы Владимир Райхель айтқандай, -«әлемдік ахуалдың өзгеруі себеп. Терроризммен күрес мәселесі жаһандық сипат алды. Сонымен қатар түрлі қауіптерге қарсы күрес мүмкіндіктерінің мемлекеттік қуаты өсті. Қарулы күштер компонентерінің мүмкіндіктері қазіргі қауіптерге адекватты болуы маңызды».
Саяси шындықты үнемі есепке алып отыру қажеттігін «Қазақстан Республикасының әскери доктринасы» назарда ұстайды. Себебі, «Қазақстанның айналасындағы ахуал түбегейлі өзгерді. Өңірде жағдайды тұрақсыздандыратын және ұлттық қауіпсіздікке қатер туғызатын жаңа факторлар туындады, мұның өзі әскери қатерлердің тұрақты мониторингі жүйесінің тиімділігін арттыруды талап етеді. Геосаяси жағдай әлеуметтік, экономикалық және демографиялық сипаттағы қайшылықтармен, содан туындайтын тұрақсыздық қатермен сипатталады».
Қазақстанның дамуына қазіргі кезеңде аймақтың және әлемдік экономикалық және қаржылық тұрақсыздық, мұнай, газ бағаларының өсуі тектес құбылыстардың аса ауыр салдары жоқ. Себебі, экономикалық әлемдік коньюктурасының өзгеруіне қарсы Қазақстанда 14 млрд АҚШ долларын құрайтын ұлттық қор бар. Елдің шикізаттық ресурстары қомақты. Мұнай мен газ экспортын ауыстыратын астық пен ет экспорты дайындалуда. Сондықтан әлемдік экономикалық тұрақсыздықтан сақтанудын жолдарын Қазақстан қарастырған. Ал, саяси тұрақсыздық пен терроризм қауіпі күшейе түсуде. Әлемдік геоэкономикалық және геосаяси мүдделерінің біріне-бірінің әсер етуінің күшейе түсуі Қазақстанның көптеген әлемдік үрдістерге еркінен тыс тартылуына әкеледі. Бұл құбылыстардың табиғаты туралы «Қазақстан Республикасының әскери доктринасында» былай делінеді: «Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілікке бейімдігін айқындайды, ассиметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасмалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші - қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды».
«Қазақстан Республикасының әскери доктринасында» халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары сараланып көрсетілген. Олар, біріншіден, нақты террористік әрекеттер. Елдің территориясында тікелей террористік әрекеттер жасалынған жоқ. Алайда, олардың болмауы арнаулы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының алдын-алу шараларының пәрменділігі мен нәтижелігіне байланысты. Мысалы, 2007 жылдың басында «Интерфакс Қазақстан» агентігінің хабары бойынша қазақстандық сот алғаш рет өзінің заң жүргізушілік практикасында терроизмді қаржыландыру ісіне байланысты қылмыстық іс қарады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары, «Терроризмге қарсы күрес орталығының» басшысы Владимир Божконың хабарында шетелдік арнаулы қызмет органдарымен біріге отыра ҚР ҰҚҚ қызметкерлері «Түркістан ислам партиясының» екі терроризмді уағыздаушы жетекшісін ұстап Қазақстанға экстрадициялаған. Оларға қазақстандық азаматтарды террористік әрекеттерге тартты деген айып тағылған. Бұл қылмыстық істе, Владимир Божконың айтуынша, елімізде алғаш рет террористік әрекеттерді қаржыландыру жайындағы қылмыстық іс қаралуда.
Мұнда құбылыстардың Қазақстаннан орын ала бастағандығы туралы терроризмге қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияда айтылды. Терроризм мәселесіне байланысты мәселелерді 2002 жылдан бастап жыл сайын Алматыда өткізіліп келе жатқан Евразиялық медиа-форумда да талқыланып отырды. Мысалы, 2007 жылы сәуірде өткен VI Евразиялық медиа-форумда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіруінің себептерін ашып берді. Президенттің пікірінше әлемдік қауіптер мен шиеленістер бізді айналып кетпейді. Себебі Қазақстан әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды. Өкінішке орай, Қазақстанның бейбітшілікті әлемдік деңгейде нығайтуға бағытталған міндеттемесін әлем мемлекеттері қолдамай отыр. Қазақстаннның 1992 жылы біржақты ядролық қарудан бас тартуын, Республика территориясын ядролық қарудан таза зона деп жариялауын көптеген мемлекеттер қолдамай отыр. Соның кесірінен ядролық қаруды иемденуші мемлекеттер саны өсе түсуде. АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай сияқты дәстүрлі ядролық мемлекеттер қатарына Үндістанның, Пәкістанның, Солтүстік Кореяның, Израильдің т. б. мемлекеттердің кіруі әлемдегі әскери қақтығыстарды көбейте түсуде. Үшінші дүние елдерінің ядролық державаларға қарсы қарсылықтарын, соның ішінде түрлі террористік актілермен жауап беруін өршіте түсті. Әлемді қамтыған террористік психоз Қазақстанға да өз қаупін төндіруде.
Терроризм қауіпінің жалпылық сипаты туралы Н. Ә. Назарбаев 2003 жарық көрген «Сындарлы он жыл» атты кітабында жазды. Сол кітаптағы ойларын Евразиялық медиа-форумда жалғастыра келе : «Бүгінде мән-маңызы әлемнің өзара тәуелділігіне келіп тірелетін қазіргі дамудың бірегейлігі назардан тыс қалуда. Егер қандай да бір ел тұрақтылықтан айрылса, онда күллі жаһандық тыныштыққа қауіп төнгені. Ауғанстанды есеңгіреткен халықаралық терроризм жер жүзіне жайылып барады. Жаппай қырып-жою құралдарына деген әуестік науқаны ауру секілді жаңа аймақтарды жаулап алып, бейбітшілік үшін тосын тауқыметттер туғызуда», -деп жазады Н. Ә. Назарбаев.
Қазақстанның терроризмнің қаупінен сақтануы үшін елдің ішкі қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз. Сондықтан «халықаралық қатынастар мен халықаралық қауіпсіздік жүйесін қозғайтын жаһандық тетіктер өзгеруі тиіс, -деп есептейді Н. Ә. Назарбаев.
Біріншіден, қазіргі дүниені біртұтас жанды организм деп ұғыну халықаралық саясатта жаһандық бәсеке парадигмасының, жаһандық жауапкершілік парадигмасына тұғырнамалық ауысуды талап етеді. «Жаһандық пайымды ой» мен «жаппай жауапкершілік» қағидаттарымен қаруланатын кез келді», -дейді Елбасы.
Осындай кең масштабтағы терактілердің зияны бейбіт жатқан Қазақстанға да зиянды әсерлерін тигізуі ықтимал. Себебі, Қазақстан жоғарыда аталған мемлекеттердің барлығымен де тығыз экономикалық, сауда және саяси байланыста. Олар Қазақстан экономикасына инвистицияны ең көп мөлшерде салушы елдер. Аталмыш мемлекеттердің ондаған ірі компаниялары мен фирмалары Қазақстанда жұмыс істеуде. Демек, осы ірі компаниялардың қайсысы болмасын террористердің нысанасына айналуы мүмкін. Ондай жағдайда терактілердің тікелей Қазақстан жеріне келуі болады. Оған дәлел ретінде тағы да Н. Назарбаевтың пікірін келтіруге болады: «Шағын екі ел Палестина мен Израил арасындағы қақтығыс жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлемнің көптеген өңірлеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып отыр. Шағын екі мемлекет Ауғанстан мен Ирактағы оқиғалар терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратудың негізгі факторына айналды. Бастапқыда жергілікті мәселе болған осынау тауқыметтерді бүкіләлемдік қауымдастық көп уақыттан бері жоя алмай келеді. Жаһанданудың екінші жүзі осындай», -дейді Елбасы [106, 3б] .
Ашық, демократиялық қоғам құрудың кейбір жақтары ел қауіпсіздігіне қиыншылықтар тудырады. Азаматтық мемлекет принциптері Қазақстан Республикасы Конституциясында нақты белгіленген. Мысалы, 19 бапта «әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға, және қай дінге жататынын өзі анықтауға, және көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінсе 22 бапта «әркімнің ар ождан бостандығына құқығы бар. Ар - ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланыста болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. делінген. Конституцияның аталған және басқа да баптары елдің есігін түрлі діндерге, саяси қозғалыстар мен түрлі бағыттағы ұйымдарға ашады. Бұлай болуы әлемдік өркениеттілік белгісі. Алайда көптеген шетелдік ұйымдар елдің өмір сүруінің конституциялық принциптеріне өздерінің арами, жымысқы пиғылдарына пайдалануды көздейді. Террористік пиғылдағы идеологияны басшылыққа алатын экстремистік топтар да осы жағдайды пайдаланып Қазақстан жеріне кіруді және саяси экономикалык тұрақтылықты шайқалтуды мақсат тұтады.
Осындай топтар көздеген істерін жасап та жатыр. 2004 жылы «Хизб-ут-Тахрир» тобының діни экстремистік әрекеттері әшкереленіп ұйымның ел аумағындағы қызметіне тыйым салынғаны белгілі. Соған қарамастан 2005 жылы Көкшетау университетінде олар үгіт насихат жүргізген. Өзбекстан мен Ресейден қуылған кришнайттар ұйымдары да Қазақстанға ендеп кіріп алған. Бейресми мәліметтерге қарағанда Қазақстанда 2006 жылы шамамен 3500 дей кришнаиттіктер болған. Зерттеуіміздің алдыңғы тараушасында айтқанымыздай Қазақстанға 2005 жылға 3420 діни бірлестік пен 413 шетелдік миссионерлік ұйымдар кіріп үлгерген [51, 3б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz