Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның оңтүстігіндегі діни жағдай (1860-1930ж.ж)

Кіріспе

1-тарау Патшалы Ресей тұсындағы діни жағдай
(1860-1917ж.ж.)
1.1.1860-1917ж.ж Сырдария облысындағы орталау
саясаты.

1.2.Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға
әсері

.
2-тарау Уақытша өкімет пен Кеңес өкіметі кезіндегі діни ахуал

(1917-1930ж.ж.)
2.1.XXғ. басындағы Мұсылмандық қозғалыс
2.2.Кеңес өкіметінің діни саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамдағы болып жатқан қазіргі іргелі
өзгерістер, ұлт мәселесімен қатар дін мәселесінің дағдарысты жағдайын
анықтап берді. 1999жылды Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп
атаған елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ халқының діні мен діни тарихындағы
келеңсіздіктер туралы былайша атап көрсетеді. Қазақтардың бүкіл тарихы,
әсіресе діни тарихы өлтіре сынға алынды... Халықтың бойындағы діни сезімді
алыстай отырып, тоталитаризм осымен қатарлас тағы бір мәселені шешуге-
жаңағы зорлықпен пайда болған бос қуысқа өзінің сірескен үлгілерін
талқылауға тырысты. Діни сенімді осылайша күшпен аластатпайынша,
мемлекеттің үйірсек идеологиямын ойдағыдай орнықтыру мүмкін емес еді. (1)
Осындай күрделі шақта қоғамдық ғылымдар діни мәселенің ұлтаралық
қатынастарда келеңсіз құбылыстардың шығу себептеріне тиісті дайын болмай
шықты.
Өйткені көп жылдар бойы кеңестік тарихнамада дін мәселесі де ұлт
мәселесі сияқты сыңаржақ қарастырылып, оның шиеленіссіз дамуы жөнінде
дайласуға болмайтын тұжырым қалыптасқан болатын. Осы жөнінде белгілі ғалым.
Тарихшы М.Қозыбаеа былай дейді: Ұлт қатынастарын зерттейтін ғалымдар нақты
шындықты көрсетудің орнына қиялдан туған, өмір шындығына жанаспайтын
еңбектер жазды... Ғылым мен ұлтаралық қатынастарды қарастыруды айтулы
нәтижелерге қол жеткізу үшін тарих ғылымы тәжірибеге сүйене отырып, әрбір
қоғамдық қүбылысты нақты жағдайда, діннің таралуы мен дамуын, оның қоғам
дамуының реттелуіне әсерін объективті және терең ғылыми тұрғыда зерттеу
қазіргі таңдағы кезек күттірмес міндет болып табылады.
Бұрынғы КСРО - ның жеке-жеке тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп кеткен
қазіргі жағдайда діни мәселенің күрделеніп, тіпті ұлтаралық қатынастарды
шиеленістіріп, кейбір аймақтарда қан төгістерге дейін жетуі осы дін
мәселесінің дұрыс жолға қойылмауынан. Мысалы, Кавказдағы армиян-азербайжан
жанжалы, Днестр маңындағы гагауз мәселесі, тәжік-ауған мен шешен мәселесі
және әлемдік жанжалдарға айналған Югаславия мен араб-израиль т.б. мырасыз
қатынастар мен қақтығыстарына дін мәселесінің қатысы жоқ деп айта алмаймыз.
Әлемдік тарихты өз еншісін алған Қазақстан тарихының құндылығын арттыру
үшін оның жарқын болашағына бастау үшін ең алдымен оның өткен тарихы ғылыми
жағынан терең зерттелуі керек. Ал сол өткен тарихындағы дін мәселесін, оның
ішінде ислам дінінің жағдайын зерттеу - тақырыптың өзектілігін, зерттеуді
қажет ететіндігін дәлелдейді.
Еліміз бүгінгі таңда жаңа сападағы азаматтық құқықты қоғам құруға бет
алып отыр. Ал мұндай қоғамды көп ұлтты, көп дінді мемлекетімізде жүзеге
асыру үшін ұлтаралық және діни қатынастар мәдениетін жоғары дәрежеге
көтеру, ұлттардың бойында бір-біріне деген сыйластық, шыдамдылық
қасиеттерін тәрбиелеу өте жауапты әрі маңызды. Бұл ретте тарихтан тағылым
алу аса қажет.
Әсіресе Ислам дінінің Қазақстанның оңтүстік өңірінде XIXғ. аяғы мен
XXғ. басындағы биік шыңға көтеріліп, оған қарсы жасалған әрекеттері
тақырыптың негізгі арқауы болып отыр.
Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби дінді қоғамдық өмірдегі өнегелі жағы
ретінде философиямен, моралъ, яғни адамгершілікпен тығыз байланысты
дүниетану немесе көзқарас деп қарастырады. Адамгершілік Әлъ-Фарабидің
негізгі принципі ретінде қалыптасып, оның ойларының негізін қалайды.
Жақсылық, қайырымдылық, гуманизм, халық бақытына жету үшін философия мен
діннің көмегімен ел басқару – бұл әртүрлі адамгершілікті халықтар мен
адамгершілікті қалалар әртүрлі дінге ие болса да, барлығы бір ғана бақытқа
сенеді, - бұл ұлы ойшылдың әлеуметтік идеалы болды. Оның ойынша, барлық
тайпа, қала, өлке – біртұтас үлкен халық немесе көптеген халықтар өзлерінің
алдына қойған мақсаттарына діннің көмегімен жетеді.(3)
Тағдырымызға орай, Қазақ елі Европа мен Азияның ортасында географиялық
жағынан орналасқандықтан оның демографиялық, тарихи және мәдени жағдайы
соған қарай бейімделуде. Біздің еліміз Шығыс пен батыс мәдениетінің
синтезінен құралған евразиялық қоғамның өзіндік белгілерін де қамтиды.
Осыған байланысты көптеген қайшылық түсінбеушіліктер де жоқ емес.
Мұсылман мәдениетінің гуманизмнің бір көрінісі универсализм бойынша
мұсылман, христиан, иудей, атеист және т.б. боп бөлінуге қарамастан жалпы
адамзаттық, ынтымақтастық түсінік – көзқарасын қалыптастыру болып табылады.
Мухаммед пайғамбар былайша оқытқан; барлық адамдар – бұл Құдайдың
ықпалындағы бір жанұя. Бұндай бағыт адамдар бір-бірінен бөлектемейді, қайта
жақындастырып, біріктіреді.
Қазақстанда мекендеген түрік халықтарының тарихи-мәдени бір ерекшелігі
– олардың мұсылман – суниттер болуында. Ал сунизм болған жерде дінде
саясат болмайды және саясаттан дінді бөлу ашық қолданылады. Егер дінді
саясаттандыратын болса оның арты фанатизмге алып баруы ғажап емес. Осыған
мысал ретінде ауған-тәжік, Кавказ бен Югославия мәселелерін қарастыруға
болады.
Еліміздегі басты діни ұйымдар – мұсылман және христиан - өкілдері,
әрбір дін өзінше қоғамның дамуы мен бейбіт өмірді сақтауға үлес қосуға
тиісті және оған көп мүмкіндіктері бар деп есептейді. Осыған қарап
Қазақстанның жарқын болашағына иек артуымызға болады.
Жалпы Қазақстандағы діни жағдайға былайша сипаттама беруге болады:
1. Қазақстанда ислам дінінің бұрынғы тәңір дінімен байланысты болуы
тарихи қалыптасқан жағдай.
2. Географиялық жағдайына байланысты Қазақстан Европа менАзияның
ортасында орналасқанымен қатар үш ірі діндер – ислам, христиан,
будданың тоғысында жатыр.
3. Елімізде көп этникалыққа байланысты әр түрлі діндер мен діни ағымдар
өмір сүруде.
4. Қазақстанда ауыл және қала мәдениеттерінде айырмашылық болуына
байланысты елде ортақ жүйе құру үшін олардың арасын жақындастыру
керек.
5. Елдегі саяси және қоғамдық институттар исламдық құқықтан қатты
өзгешеленеді.
6. Қазақстанда ашық қоғам болғандықтан, ТМД және мұсылман елдері және
т.б. ақпарат, тәжірибе алмасып тұруы елдегі рухани қатйа түлеу
мәселесін кең көлемді қарауға жағдай жасайды.
7. Қазақстан шекарасының ашлуы тек шеьелдік ұйымдар мен компаниялардың
келуімен қатар діни секталардың, тіпті шет елде қудалауға түскен
діни ұйымдардың келуі, елдегі тұрғындар миын улауда.
8. Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне қарай ислам діні әлсіз
дамыған.
9. Көрші ортазиялық халықтарға Қарағанды қазақтардың фанатизмге бой
ұруы жоқтың қасы.
10. Қазақстанда көп дінділікке қарамастан рухани келісім сақталып,
тұрақтылық байқалады.
Қазақстан Республикасы мен діни сенім бостандығы туралы Заңынан
елміздегі дін саясатына қатысты құқықтық номаларды оқып білуімізге болады.
Бірақта, ондағы бірқатар жайларды түсіне алмайсың . Мысалы, ғасырлар бойы
ата-бабаларымыздың негізгі діні – исламның құқы неліктен келімсек
діндерімен теңестірілген. Сонымен бірге еліміздің сыртқы есігі неліктен
дүниежүзінің көптеген елдерінен қуылған діндерге ашып қоюлы.
Басқалар кіргізбеген ол діндерді неге біз кіргізіп, олардың уағыздағыш
әрекеттеріне жол беруіміз керек. Қазіргі мәліметер бойынша Қ.Р. Әділет
министрлігінде 39 діни бірлестік тіркеліп отыр. Олардың ішінде әрбір тірі
рухты өздеріне икемдеу үшін – иегово куәлары, баптистер, бахайлер,
кришналар, ахмадидер ашықтан-ашық әрекет жасап жатса, шайтан шіркеуі
вахабистер және т.б. жасырын әрекет жасап жатқан көрінеді. (4) Бұрынғы
уақытта іргеміздегі Ресей қазақтардың бодандыққа адал болуы үшін
православие дінін нешебір түрлі қулық-сұмдықтармен ендірсе, ендігі жерде
бұл эстафетаны олардан ш теңіз асып келген адами діндер қбылдап алып,
одан әрі өршелене әрекет жасауда. Олардың бұл тірліктері жақсы ниет,
жанашырлық көзқарастан туып жатыр деу, әрине аңқаулық болар еді. Себебі,
күн өткен сайын бұл діндер қоғамымызға сына қағып, кішігірім жарықшақтар
пайда бола бастады. Ал ертең бұл жарықшақтардың халқымызды үш жүзге емес,
үш мыңға бөлетін жарқабақтарға айналмасына кім кепілдік бере алады. Дінін
сатқан – ұлтын, халқын сатқанмен пара-пар емес пе? Осыны, 250-300 долларға
сатылып жүрген қала жастары неге түсінбейді. Неге бұндайға жол береміз. Ол
сені дінге ғана кіргізіп қоймайды, сонымен қатар сенің тіліңді, жеріңді
алып, Ш.Айтматов айтқандай мәңгүрт қылып бір-ақ шығарады.
Осы бас қатырып отырған мәселенің төркіні 135 жылдай бұрын патшалы
Ресейдің қоныстандыру арқылы қазақ жеріне миссионерлік саясатын жүргізуден
басталғандығын ашып көрсету үшін осы зерттеу – қолжазбаның маңыздылығы мен
мақсаттылығын байқауға болады.
Мәселенің хронологиялық және географиялық шебері: ХІХ ғ. 60-жылдары
патшалы Ресейдің қазақ жерін басып алу аяқталуы мен 1867-68 ж.ж. Патша
өкіметінің Жаңа Ережелері заңдарын шығару арқылы қазақты отарлаудың жаңа
түрі қоныстандыру арқылы миссионерлік саясатын жүргізуінен басталып, Кеңес
өкіметінің 1918 жылы 20 қаңтардағы мемлекеттен мешіт-шіркеуді бөлу және
шіркеуден мектепті бөлу туралы Декретін 1920-30 жылдары іс жүзіне асыруы
тақырыптың хронолгиялық шеңберін айқындайды. Осы белгіленген мерзім
ішіндегі мұсылмандық қозғалыс сияқты түрлі діни-әлеуметтік оқиғалар мен
Қазақстанның оңтүстігіндегі діни өмірге жоғарғы өкімет биліктерінің саяси
әсерлері мен қара халықтың діни өмірге баяндауды мақсат еткен бұл зерттеу
жұмысы, отан тарихындағы келесі бір ашылмаған беттерін айқындай түседі.
Географиялық алқабы жағынан еңбегі негізінен Қазақстанның оңтүстік
облыстары қарастырылған.
Зерттеудің құрылымы: ғылыми жұмыс кіріспеден және негізгі бөлімдерден,
қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімде патша өкіметі мен Кеңес өкіметінің
отарлау саясатындағы дін мәселесінің шығу себебі, мән-мағынасы, қазіргі
таңдағы діни жағдайымен байланыстыра сипаттама жасалынып, тарихнама
беріледі. Ал негізгі бөлімнің өзі 2 тараудан тұрады. Бірінші тарауда
Патшалық өкімет кезіндегі Түркістан өлкесінің жалпы экономикалық,
әлеуметтік-мәдени дамуы мен қоныс аударудың халықтың діни өміріне әсері
туралы баяндалады.
Екінші тарауда ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс пен Қазақстанның
өткен тарихндағы жасырын болып, тіпті ол туралы зертеуге қатаң тыйым
салынып келген дін мәселесі, адамдардың бұрыннан келе жатқан діни наным-
сенім, әдет-ғұрыптарының маңызы туралы және оның қазіргі таңдағы алатын
орны сөз болып, зерттеу жұмысына қорытынды жасалады.
Жалпы алғанда мәселенің қазіргі қоғамдық-саяси және ғылыми ахуалдағы
ерекше өзектілігін және проблеманың жеткіліксіз зерттелуін ескере, жаңа
деректерді, әсіресе бұрын пайдаланылмаған құжаттарды жүйеге келтіре,
таңдап, қарастырылып отырған тарихи-географиялық аймақтағы сол таңдап
алынған хронологиялық шеңбер көлемінде жаңа концептуалдық мәні бар
қорытындылар жасауға тырыстық. Кіріспенің басында айқындалған мақсатқа
жетуге, міндеттерді орындауға, Қазақ тарихында тағы да бір ақтандақты
жоюға тырыстық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты ХІХ ғ. аяғы мен ХХ
ғ. басындағы Қазақстанның оңтүстігіне қоныс аударушыларды орналастыру
арқылы Патша өкіметінің бұл өлкені отарлаудағы діни саясатын және Уақытша
өкімет пен Кеңес өкіметінің ұлтаралық қатынаста діни саясатын ашып көрсету.
Жалпы ислам дінінің бұл өлкеде қалай дамуын зерттеу арқылы тақырыпқа
байлансыты төмендегі міндеттерді іске асыру қарастырылады.
- Қазақ жеріне орыстарды қоныстандыру саясатының діни-әлеуметтік
жағдайға әсері.
- Оңтүстік Қазақстанды отарлау саясатын шоқындырумен байланыстыра
қарау.
- Қазақстанның оңтүстігіндегі ислам дінінің дамуы және оған қарсы
қойылған кедергілерді ашып көрсету.
- 1867-68 жылдардағы Уақытша ереденің 12 шілде, 1903 жылы 10 маусым,
1910 жылы 19 желтоқсан және т.б. қоныстанушылар туралы заңдардың осы
өңірдің жалпы даму барысына, діни жағдайына әсерін анықтау, өзіндік
ерекшеліктерін айқындау.
- ХХ ғ. басындағы мұсылмандық қозғалыстың негізін түркішілдік пен
исламшылдық қорғанушылар идеологиясы құрайтынын ашып көрсету.
- ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы халықтың діни өміріндегі жанұялық
дәстүрлер мен діни мейрамдар және адамдардың наным-сенімдерін айқындап
беру.
- Осы тақырыпты қарастыру кезінде өткендегі тарихи тәжірибеден тағылым
алу жөнінде ұсыныстар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында тұңғыш рет Қазақстанның
оңтүстіндегі діни жағдай жан-жақты сипатталады;
- Өлкенің дамының әсіресе демографиялық – миграциялық жағдайына
мейлінше әсер еткен патша өкіметінің діни саясаты жаңа көзқарас тұрғысында
сыни бағытта талқыланады.
- Дін мәселесін қазіргі заман талабына сай тарихи объективтілік негізде
зерттеу арқылы қоғамдағы ұлтаралық қатынастың әр алуан сипатта
дамитындығын, онда жетістіктермен қатар қайшылықтар мен шиеленісті
жағдайлардың болатындығын қарастыру – зерттеудің объектісі болған
тақырыптың жаңалығын аша түседі деп есептейміз.
Қаратау мен Сыр бойындағы көптеген қоныстардың салынуы киелі Түркістан
қаласымен байланысты. XVII ғасырда оның құзырына Сауран, Сығанақ, Созақ,
Сырнақ-ата, Қарнақ және т.б. көптеген қоныстар енеді. Түркістанның діни
орталыққа айналуына дейін Сайрам қаласының маңызы күшті болған. Ол туралы
халық арасында Сайрамда бар сансыз бап, Түркістанда Түмен бап, Баптардың
бабы Арыстанбап - деген мақал бар. Бұдан шығатын қорытынды: Сайрамдағы 80-
нен асатын сансыз бап пен Түркістандағы түмен баптардан Отырардағы Арыстан
таптың маңызының күштірек екенін байқатады. Арыстанбап туралы: Әзірет
Сұлтаннан тіле, Арыстанбапқа түне, - деген қанатты сөз халық арасында
тегін айтылмаған шығар. Адамдар Арыстанбап кесенесінің басына барып, қонып,
дертіне дауа іздейтін болған.
Қазақтардың діни сенімдері туралы деректер бұрыннан көптеп жинала
бастаған еді. Ол туралы арнайы мамандар болмаса да этнографиялық жұмыстарды
да көрініс береді. Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтар туралы жалпы
маңызды этнографиялық дерек-материалдар атақты өлкетанушы А.А.Диваевка
тиесілі. Оның ғылыми зерттеу мұрасында исламға дейінгі наным-сенімдер
туралы тың деректер бар. Қазақ төңкерісіне дейінгі авторлар арасында
М.Миропиева, К.Кустанаева, И.Кастанье мен қазақ ғалымы Ш.Уалихановтың
Оңтүстік өңірдегі шамандық дәстүрлердің қазақ сеніміндегі көріністері
туралы аңыз-әңгімелері мен ортаазиялық суфизмге байланысты зерттеулері көп
дерктерді ашып көрсетеді.
Зерттеу жұмысында Ғ.Меңдібаевтың Қоныс аударушылардың мекендері мен
қазақ ауылдары арасындағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелері (1867-1917
ж.ж. Сырдария облысы бойынша), Р.К.Батырхановтың Патшалы Ресейдің
Қазақстанда жүргізген миссионерлік саясаты, С.Ж.Бермағанбетовтың Діни-
ағартушылық және Кердері Әбубәкіровтың әдеби мұрасы, Рустемовтың ХХ ғ.
басы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс,
А.С.Тасмағанбетовтың Политика Советской власти в Казахстане в отношении
ислама в 1917-1940 г.г. атты және С.Зиманов пен Н.Өсеровтың Қазақ әдет-
ғұрып заңдарына шариаттың әсері және қолжазба-еңбектер пайдаланылды.
Жоғарыда аталған авторлардың еңбектеріне аталған белгілі сұрақтар мен
мәселелер бойынша талдаулар жүргізіліп, сол мәселе бойынша қазақ қоғамының
аталған уақыт шеңберіндегі діни өміріне Патшалы Ресей мен Қызыл Кеңес
өкіметінің енгізген өзгерістерін баяндауға тырыстым. Миссионерлік –
қоныстандыру саясатын жүргізген патша өкіметі мен дінсіздендіру саясатын
ұстанған Кеңес өкіметінің халық арасында, оның ішінде Қазақстанның
оңтүстігінде діни жағдайдың хал-ахуалдары салыстырмалы түрде қолжазбаның өн
бойында баян етіледі.;
Қазіргі таңда Қазақстандағы исламның ерекшеліктері туралы көптеген
әдебиеттер кездеседі. Оларда исламның енуі мен таралуы және дінінің қазақ
қоғамындағы алатын орны мен исламға дейінгі ескі наным-сенімдерінің
қалдықтарының исоаммен байлансыы туралы көріністер белең алады. Қазіргі
жағдайда қоғамдағы діннің таралуы мен діни көкжиек-көзқарастардағы
ерекшеліктері мен ұлттық қарым-қатынастардағы исламның, жалпы жіннің әсері
өзінше зерттеледі.
Қазақтардағы исламға дейінгі наным-сенімдер мен исламға байланысты
көптеген сұрақтар бірқатар қазақ этнографтары Х.А.Арғынбаев,
Дж.Х.Кармышева, А.Төлеубаев сынды т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаралады.
Бұлардың бәріне ортақ қасиет – қазақ қоғамындағы діни өмірін толық
көлемде көрсетуді алдына мақсат етіп алуында. Мысалы, Р.М.Мұстафина өзінің
Представления, культы у казахов атты еңбегінде исламның қазақ қоғамындағы
жағдайын ашып көрсеткен. Сондай-ақ К.Ш.Шүлембаевтың Мани, боги и
действительность атты кітабында бірқатар оң қаралады. Қос авторда көптеп
материао-деректер жинай-отырып, қазақтың исламға дейінгі наным-сенімдері
мен исламдағы олардың жаңа көріністерін көрсете отырып, қазіргі кездегі
исламның қазақ қоғамындағы алатын орнын айқындай білген.
Дегенмен, тарих заңдылығына сүйенсек белгілі бір қоғамдағы белгілі
уақыт шеңберіндегі тарихты не тарихи құбылыс пен өмірді зерттеу үшін, сол
құбылысты не тарихи өмірді зерттеу жеткіліксіз болады. Оған әрі сол
уақыттағы болған тарихи өзгерістер мен көршілес қоғам әсерін есепке алып
зерттеу керек. Сонда ғана мақсат етіп қойған зерттеу нысанаға дәл тиіп,
тақырыптың қыр-сыры ашылып, мақсат толығымен орындалады.
Жоғарыдағы аталған авторлар сияқты менде бір мақсатта ізденіс
жүргізгеніммен, ХІХ ғасыр аяғындағы патшалық Ресей жүргізген қазақ халқына
исламды уағыздау арқылы басқару сияқты жымысқы миссионерлік және қоныс
аудару саясаты мен ХХ ғ. басындағы революциялар мен төңкерістер кезеңіндегі
жағдайымен Қызыл Кеңес өкіметінің исламға қарсы, жалпы дінге қарсы
жүргізген саясатының әсерін көрсете отырып, ислам Қазақстанның
оңтүстігіндегі толық бейнесін ашып беруге тырыстым.
Жоғарыда аталған негізгі пайдаланған әдебиеттермен қатар, Г.Саффаровтың
Колониалбная революция (опыт Туркестана) және В.Вощининнің Очерки
нового Туркестана және С.Асфендияровтың История Казахстана атты
еңбектері патшалы Ресей кезініндегі Түркістанның діни-әлеуметтік жағдайы
туралы иол мәліметтер берді. Ал ХХ ғ. басындағы діни жағдайды анықтауда.
Дегенмен, тарих заңдылығына сүйенсек белгілі бір қоғамдағы белгілі
уақыт шеңберіндегі тарихты не тарихи құбылыс пен өмірді зерттеу үшін, сол
құбылысты не тарихи өмірді зерттеу жеткіліксіз болады. Оған әрі сол
уақыттағы болған тарихи өзгерістер мен көршілес қоғам әсерін есепке алып
зерттеу керек. Сонда ғана мақсат етіп қойған зерттеу нысанаға дәл тиіп,
тақырыптың қыр-сыры ашылып, мақсат толығымен орындалады.
Жоғарыдағы аталған авторлар сияқты менде бір мақсатта ізденіс
жүргізгеніммен, ХІХ ғасыр аяғындағы патшалық Ресей жүргізген қазақ халқына
исламды уағыздау арқылы басқару сияқты жымысқы миссионерлік және қоныс
аудару саясаты мен ХХ ғ. басындағы революциялар мен төңкерістер кезеңіндегі
жағдайымен Қызыл Кеңес өкіметінің исламға қарсы, жалпы дінге қарсы
жүргізген саясатының әсерін көрсете отырып, ислам Қазақстанның
оңтүстігіндегі толық бейнесін ашып беруге тырыстым.
Жоғарыда аталған негізгі пайдаланған әдебиеттермен қатар, Г.Саффаровтың
Колониальная революция (опыт Туркестана) және В.Вощининнің Очерки нового
Туркестана және С.Асфендияровтың История Казахстана атты еңбектері
патшалы Ресей кезіндегі Түркістанның діни-әлеуметтік жағдайы туралы мол
мәліметтер берді. Ал ХХ ғ басындағы діни жағдайды анықтауда
Б.С.Сүлейменовтың Революционные движения в Казахстане 1905-1907 г.г.,
М.Қ.Қозыбаевтың Аласұрған ХХ ғасыр, Тарих зердесі атты еңбектері мен
Қ.Нұрпейісовтың Алашорда және М.Қ.Қойгелдиевтің Алаш қозғалысы,
қозғалыс пен ХХ ғ. басындағы ұлт және дін мәселелерін көп септігін тигізді
деп атап өтер едім.
Сонымен бірге Ш.Уалихановтың Таңдамалы жамандық пен тәңірлікке
қатысты еңбектері мен У.Х.Шәлекеновтың Казаки низовъев Амударьи атты
еңбегі мен А.Төлеубаевтың Реликты до исламских верований семейном быту
казаков, С.З. Зимановтың Общественный строй казаков первой половины XІХ
в атты еңбектері халықтың діни өміріндегі наным –сенімдер мен жанұялық
дәстүрлер негізгі қайнар көздер ретінде пайдаланылды.
Кеңес өкіметінің діни саясаты жөнінен ХКК мен ОАК-нің түрлі декреттері
мен қаулы - қарарлар мен Ислам және жалпы дін қарастырылды.
Зерттеу жұмысында Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстыра келіп
оңтүстік өңірдегі исламға жан - жақты сипаттама беріледі. Исламға дейінгі
наным-сенімдердің исламды қабылдаған қазақ қоғамының санасындағы
көріністерді автордың жинаған этнографиялық және мұрахаттарда сақталып
келген деректермен толықтыра түсіреді. Жоғарыда аталып көрсетілген
авторлардың кітап-қолжазбаларымен қатар қайнар көздері ретінде Қазақстан
мен Өзбекстанның Орталық Мұрахаттары мен Қызылорда облыстық мұрахаты және
Алматы, Ташкент, Түркістан, Қызылорда, Шымкент кітапханаларынан табылған
сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптардан деректер беруге жол ашты.
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі діни
ахуалды жан-жақты зерделей келе, өткен тарихтан тәжірибе мен сабақ алуға
бағытталған бұл зерттеу жұмысы тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін
ислам діні мен жалпы діндердің маңыздылығын айқындайды. Әлемдік тәжірибеге
сүйенер болсақ жалпы дін – қоғамдағы келеңсіздіктерді болдырмайды, қайта
қоғамдағы татулық пен тыныштығын сақтай отырып, жалпы адамзаттық
бейбітшілікті сақтауға қызмет етеді деген ниеттеміз.

І-ТАРАУ
ПАТШАЛЫ РЕСЕЙ ТҰСЫНДАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ (1860-1917 ж.ж.)
1860-1917 ж.ж. СЫРДАРИЯ ОБЛЫСЫ
Ресейдің отарлау саясаты өзінің ауқымы және мерзімі ұзақтығы жағынан
айрықша алапатты болды. Бұл саясаттың Орта Азия мемлекеттерінің және
Қазақстанның өз тәкелсіздігін алып, жеке дербес мемлекет дәрежесіне
көтерілгенде де жүргізіліп отырғандығын баса айтуымыз керек. Мысалы,
Ресейдің либерал-демократиялық партиясының басшыларының бірі, жеріне көшіп
келген келімсектің ұрпағы осы жерде туып өсіп, білім алып, нанын жеп, өз-
өзіне келген соң империялық пиғылдағы саясат жүргізіп жүрген
А.В.Жириновскийдің сөздерін ескермеуімізге болмайды. Оның қазақ деген
халықтың өткен ғасырларда мемелекеті болмаған, бұл халық Ресейдің
қоластында құлдықта болған. Сондықтан қазақ халқын қайтадан Ресейдің
қоластына қаратып алу керек.... Осы пиғылдың астарында не жатқандығы
айтпаса да түсінікті.
ХІХ ғасыр 60-шы жылдарының ортасында Ресей мемлекеті Қазақстан
территориясын өз құрамына қосып алуын аяқтады. Бұл кезеңде патшалық Ресей
ендігі Орта Азияны өзіне қосып алу саясатын жүргізе бастады.
1865 жылы шілдеде патша әскерлері Ташкент қаласын басып алып,
нәтижесінде Оңтүстік өлкені басқару үшін патшаның Уақытша нұсқауы бойынша
Түркістан облысы құрлды. Бұл облыс үш әскери бөлімге бөлініп, Орынбор
генерал-губернаторлығына бағынды.
1867 жылы 17 шілдеде патша жарлығымен Түркістан облысына Семей облысына
оңтүстік бөлігі қосылып, Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. Оның
құрамына Жетісу және Сырдария облыстары енді. Бұл кезде Сырдария облысының
көлемі 8595 км жетіп, халқының саны 818479 адам болды. Облыстың құрамына 6
уезд енді. Олар: Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ходжакент, Жызақ. (5)
1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы ереже бойынша Сырдария
облысы әкімшілік жағынан 5 уездге: Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата,
Ташкент және Әмудария бөліміне бөлінді.
Сырдария облысы солтүстік батыста Торғай облысымен, оңтүстік шығысында
Ферғана, батыста Орал, шығыста Жетісу облысымен, оңтүстікке самарканд,
Бұхара, Закаспий облыстарымен шектесіп жатты.
Өлке генерал – губернаторы шексіз билікке ие болды. Оған бүкір аппараты
– канцелярия, облыстың әскери губернаторы мен бағынышты болды. Облыстық
басқарма Орталық Ресейдегі губерниялық басқарма дәрежесіне теңетіріліп,
оның құрамына, уездер, уез бастығы, полициялық басқарма енді.
Жергілікті жерді тәртібіне патша әкімшілігі болыс, ауыл старшындарын
сайлаусыз-ақ тағайындап, оларды облыс әскери губернаторы бекітіп отырды.
Сондай-ақ ереже бойынша Түркістан өлкесінде екі сатушы сот жүйесі болды.
Жергілікті халыққа арналған халық соты халық арасындағы байланысты кейбір
дау-дамайларды ғана шешуге арналды. Ал империялық сот қылмыстық-азаматтық
істерді қарады. Бұл сот жүйесі 1917 жылға дейін сақталып келді. Жалпы
өлкесін басқару ереже негізінен ашаршылық және феодалдық қарауды күшейте
түсуге және тіл мен дінді отарлауға арналған реформа болды.
Түркістан генерал-губернаторлығын, Орта Азияға Ресея ықпалын нығайту
үшін патша әкімшілігі қуған болатын. Орта Азияны жаулап алып, Шығыстың
елдеріне экономикалық қатынасын дамытуының, Қырым соғысындағы жеңілісінен
кейін түсіп кеткен беделін көтеруді және өзінің негізгі қарсыласы Англияны
өз дегеніне көндіруді ойлаған атшалы Ресей мүмкіндігінше қазақ сахарасын
отарлауды тездетуге ұмтылды. Ресей армиясының Орта Азияға шапқыншылығы 1860
жылдары күшейе түсті. 1862-1864 жылдары Пішпек, Тоқмақ, Созақ, Түркістан,
Әулиеата секілді ірі қалаларды басып алды. Бұл Сырдария мен Сібір әскери
бекініс линияларының бірігуіне мүмкіндік берді.
Үндістанға апаратын жол ретінде Түркістанды басып алудың екі маңызды
жағы болды: 1. Қаржы саяси бойынша мемлекеттің кіріс көзі ретінде шикізат
алу мен ішкі өндіріс өнімдерін өткізетін жаңа жер, базар ретінде; 2.
Отарлау бойынша орталық губерниялардан тұрғындарды қоныс аударту ретінде
қаралды. (6).
1864 жылы Түркістан, Шымкент, Әулиеата, ал 1865 жылы Ташкент қаласы
басып алынды. 1867 жылы Жетісу облысы құрылды. Осыған қарап-ақ патшалы
Ресейдің отарлау саясатының қаншалықты есептеліп, әрі ойластырылып
жүргізілгендігін көруге болады. Сол арқылы жергілікті халықтың тіліне,
дініне, мәдениетіне қатты әсер етті.
Патшалы Ресейдің ХІХ ғасыр аяғындағы Орта Азия мен Шығыс Түркістанды өз
ықпал аймағына айналдыру әрекетіне Англия өте күшті кедергі келтірді. Венгр
саяхатшысы Берзеннің сөзімен айтсақ Ресейге Англия Европада дос болса, Ал
Орта Азияда болды.. Орта Азия мен Шығыс Түркістандағы басып алушылық және
ықпал ету үшін сыртқы саясаттарының бақталастық негізде жүргізілгендігін
дәлелдейтін мына деректен айқын көруге болады, Ген - адъютант
Н.Т.Игнатьевтің 1874 жылғы рапортында ағылшындық агенгтердің түріктерге
көмек беріп, түріктер арқылы Орта Азия мен Шығыс Түркістанға ықпал жүргізу
үшін түрлі әрекеттер жүргізіп отырғандығы айтылады... Бұл үшін олар дінді
және діни түріктерге беріп, осында фанатизмге жол ашылды ,- деп көрсетеді
.
Сол Н.Т.Игнатьевтің 1866 жылғы Түркістан облысының басқармасына берген
рапортында да шығыс хандықтарының , яғни Хиуа мен Бұхараның Арал теңізі
аймағына дейінгі өз үстемдігін ниеттілігімен сол үшін дінді ретінде таратып
отырғандығы жазылады.
Сонымен бірге деректеріне қарап миссионерлік саясат патшалы Ресейдің
өкімет шенеуніктері жергілікті топтарға көмектесіп, христиан дінін
қабылдағандарға ақшалай және т.б. көмек –сымақ әрекеттерін шынайы
адамгершілікті байқау тіпті мүмкін емес.
1897 жылғы халықты жаппай санаққа жүргізгенде Сырдария облысында
835320адам, оның ішінде қазақтар 741811(88.7%), орыстар 11234(1,34%) болды.
Бұған қарағанда Сырдария облысында халықтың басым көпшілігі қазақтар екенін
көреміз.
ХІХ ғасырдың аяғына капиталдың шет аймақтарда жылдам тарай бастаған
кезеңдерінде Перовск, Шымкент, Ташкент, Әулиеата, Түркістан бірте - бірте
маңызды экономикалық пунктерге айнала бастады.
ХІХ ғасырдың 70-жылдардағы патша өкіметінің қазақ даласын отарлау
саясаты рухани ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрік орыс қарым-қатынастары және Қаратеңіз күресі
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік жағдайы
Патшалық ресейдің оңтүстік Қазақстандағы орыстандыру саясаты, орыстандыру саясатына қарсы наразылықтың өрістеуі
Отаршылдық саясаттың Түркі өркениетіне тигізген кері әсері
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
Көші - қонның шарықтау шегі
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдарындағы Қытай қазақтарының cаяси-әлеуметтік жағдайы
Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы және отарлау саясатына қарсы күресі
Пәндер