Қазақстанның табиғи-тарихи рекреациялық нысандарына жалпы сипаттама


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 125 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 3

І-тарау. Қазақстанның табиғи-тарихи рекреациялық нысандарына жалпы сипаттама . . . 9

1. 1. Көркем Көкшетау, әсем Бурабай, Алтай өлкесі, Қазақстандық Алтай, көне де мәңгі жас Қарқаралы . . . 9

1. 2. Бурабай-Щучье, қасиетті Қапал-Арасан, Жаркент-Арасан, Сарыағаш, Манкент шипажайлары, дертке шипа Тоғызбұлақ шипалы бұлағы . . . 25

1. 3. Каспий көлі, айдынды Алакөл, Үлкен Алматы көлі, көрікті Көлсай көлі, шырайлы Шалқар көлі . . . 50

1. 4. Түркістан - екінші Мекке, киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, қасиетті Тараз қаласы, Айша бибі кесенесі, Отырар өңірі, Арыстанбаб кесенесі . . . 68

ІІ-тарау. Қазақстанның мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарына сипаттама . . . 92

2. 1. Баянауыл, Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябақтары . . . 92

2. 2. Көкшетау, Іле Алатау мемлекеттік ұлттық саябақтары . . . 101

2. 3. Қарқаралы, Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық саябақтары . . . 111

2. 4. Бурабай, Шарын мемлекеттік ұлттық саябақтары . . . 118

Қорытынды . . . 123

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымша.

Ф-ОБ-001/033

Кіріспе

Біз тәуелсіз де ерікті, азат та айбынды мемлекетпіз.

Тұғыры биік туымыз, өрелі елтаңбамыз, асқақтата

шырқайтын әсем әнұранымыз бар егемен елміз.

Саналы салт-дәстүріміз, келешегінен мол үміт

күттіретін білгір де білімді ұрпақтарымыз бар.

Бақытқа барар жолда бізді Алла тағалам желеп-

жебеп, қорғап жүре берсін!

Н. Назарбаев.

Рекреация саласы әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік рекреациялық ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Рекреация саласының қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы рекреациялық саланың үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Рекреация саласынан түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік рекреациялық рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, рекреация саласының өсуі демалушылар баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік рекреациялық рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Қазіргі рекреация саласы еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын

Ф-ОБ-001/033

тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсінікті дамытудың факторына айналды. Рекреация саласы жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің рекреацияны дамыту саясатына сәйкес, рекреация мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі. Қазіргі рекреация саласы - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік демалушының беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал рекреациялық өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың демалушы қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал рекреация саласын дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. Рекреация саласы жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына 3 оң нәтиже береді:

1) Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2) Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Дүниежүзілік саяхат кеңесінің бағалауы бойынша рекреация өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Рекреация саласы тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3) Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі. Рекреация саласы елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Рекреация саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс

Ф-ОБ-001/033

істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, рекреация индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

1. Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі:

Кез келген республикада рекреациялық жүйені қалыптастырудың негізі сол елдің рекреациялық мүмкіншілігі болып табылады. Табиғи рекреациялық мүмкіншілікті біз қандай да бір аумақта рекреациялық іс-әрекеттің қандай да бір түрлерінің дамуына белгілі дәрежеде әсер ететін барлық табиғи алғышарттарды түсінеміз. Рекреацияның табиғи алғышарттары, ең алдымен, әртүрлі рангтегі табиғи - аумақтақ және аквальді кешендер, олардың компоненттері мен жеке қасиеттері болып табылады. Табиғи - рекреациялық мүмкіншіліктерді кешенді бағалаудың маңызы зор болып табылады. Кешенді бағалау бірнеше кезеңнен тұратын едәуір күрделі процес. Мәселе қойылғаннан кейін бағалау мақсатында зерттеу жүргізу кезінде бірінші кезекте бағалаудың объектісі мен субъектісін белгілеу керек. Бұл жағдайда бағалау объектісі табиғи аумақтық кешендер және олардың компоненттері болып табылады. Зерттелетін аумақтың масштабына байланысты әр түрлі рангтегі (табиғи провинциялар, аудандар, ландшафтар, шатқалдар, фациялар) бағалануы мүмкін. Табиғи - рекреациялық аудандастыруды ландшафты карта негізінде жүргізу керек, өйткені, белгілі бір рангтегі ТАК-ді ғана рекреациялық қызмет циклдерінің дамыту базасы болатын табиғи компоненттері тұтастық, өзара ескеру, өзара байланыстылықпен сипатталады. Қазіргі кезде рекреацияны дамыту және АРЖ қалыптастыру мақсатында табиғи алғышарттарды бағалаудың 3 негізгі қағидасы қалыптасқан: медициналық-биологиялық, психологиялық, эстетикалық және танымдық-сауықтыру. Қазақстанның табиғи-рекреациялық қызметтің емдік, спроттық-сауықтыру және тамындық түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Демалыстың емдік түрлерін дамыту мүмкіндігін ерекше атап

Ф-ОБ-001/033

өту керек. Сонымен қатар, жерасты суларының емдік қасиеттерін пайдалану да үлкен қызығушылық тудырады. Емдік қасиетіне байланысты республика аумағында минералды сумен емдеудің 3 тобы бөлінеді: өзгеше компонентті және қасиеті жоқ суық сулар, өзгеше компоненті және қасиеті жоқ термальді сулар, сонымен қатар радиоактивті сулар.

2. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының рекреациялық аймақтарын дамытудағы маңызды мәселелерді анықтау. Бұл мақсатты алға қоя отырып біз өзімізге мынадай міндеттерді талап еттік:

  1. Қазақстанның рекреациялық аймақтарының әлеуетін арттыру.
  2. Тарихи-мәдени және табиғи- рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану.
  3. Халықтың барлық жіктерінің рекреациялық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
  4. Мемлекеттік және жеке құрылымдардың рекреация саласындағы өзара бірлескен іс қимылының тиімділігін арттыру.
  5. Әрбір адамның демалу және рекреациялық аймақтарда емделуге деген құқығын іске асыруы.
  6. Республикалық және аймақтық деңгейлерде рекреациялық аймақтарды дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру.
  7. Рекреация саласындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мен жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету.

3. Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі:

Диплом жұмысының материалдары тарихшылардың, саясаткерлердің еңбектері және ресми құжаттары болып табылады. Бұл жұмыста ерекше атап өтетін материалдар В. С. Преображенскийдің «Рекреациялық географияның теориялық негіздері», Н. А. Даниловтың «Біздің еліміздегі климат және демалыс»,

Ф-ОБ-001/033

Л. И. Мухинаның «Табиғи комплекстерді технологиялық бағалаудың принциптері мен әдістері», С. И. Замятиннің «Қазақстанның шипажайлары» және Қазақстанның рекреациялық аймақтарын және олардың даму жағдайларын зерттеуге арналған көптеген оқулықтар мен маңызды түпнұсқалар. Қазіргі таңда Қазақстанның рекреациялық аймақтарын дамытуға жоғары дәрежеде көңіл бөлінуде. Осы бағытта рекреациялық аймақтарды дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Соның нәтижесінде туристерге арнап демалыс үйлерін, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу жұмыстары атқарылуда. Бүгінде республикада туристерді орналастырудың 400-дей нысаны бар. Соның ішінде 239 қонаңүй, 34 шипажай, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік база, 13 сауықтыру лагері, 11 санаторий -профилакторий жұмыс. Біздің елде мемлекет қамқорлығына алынған, ерекше қорғалуға тиісті 10 қорық, 10 ұлттық саябақ және 25-тен астам аймақ бар. бұлар жер көлемі мен табиғат жағдайына қарай ірі, орташа және шағын деп бөлінген. Мәселен, Бурабай, Іле Алатауы, Көкшетау, Алтынемел, Қатон-Қарағай, Баянауыл, Қарқаралы секілді ұлттық табиғи саябақтар демалушыларға жоғары дәрежеде қызметкөрсетіп келеді.

4. Дипломдық жұмыстың жаңалығы:

Бүгінгі таңда елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ел Үкіметінің маусымның 25-індегі № 633 қаулысымен рекреация саласын қоса экономикалық басым секторларындағы пилоттық кластерді құру және дамыту жөнінде бекітілген жоспарға сәйкес Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және рекреациялық қызметті реттеу жөніндегі комитеті ауқымды жұмыстар атқаруда. Мәселен, қазірдің өзінде жоғарыда аталған қаулыны орындау үшін Алматы қаласы мен Алматы облысында рекреациялық кластерді құру және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырыла бастады. Ал рекреация саласының негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті рекреациялық инфрақұрылым құрып, Орталық Азия өңірінің әлемдік

Ф-ОБ-001/033

рекреациялық рынок жүйесіне ықпалдасу үшін жағдайлар қарастыру болып табылады. Қазіргі таңда еліміздің рекреация саласын дамытып, оның бәсекеге қабілетті болуы үшін біз елбасы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген рекреациялық кластерді құру және оны дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде нәтиже беріп, рекреация саласын дамытуға өз септігін тигізуде.

5. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан (әр тарау 4 тараушадан), және қорытындыдан тұрады. 1-ші тарауда Қазақстанның табиғи-тарихи рекреациялық аймақтары, олардың даму жағдайларын жеке-жеке тараушаларға бөліп қарастырдым. Ал 2-ші тарауда Қазақстанның Мемлекеттік Ұлттық саябақтарына сипаттама беріп, олардың даму жағдайларына тоқталдым. Қазақстан Республикасында рекреация саласының 4 түрлі типтерін дамыту маңызды болып табылады. Олар: 1) Рекреациялық емдеу (мысалы, минералдық сумен емдеу), 2) Рекреациялық-сауықтыру (мысалы, жағажай), 3) Рекреациялық-спорттық (мысалы, тау шаңғысы базасы) . 4) рекреациялық-танымдық (мысалы, тарихи ескерткіштер) . Дипломдық жұмыста Қазақстанның жоғарыда аталған барлық рекреациялық салалары, табиғи- рекреациялық аумақтардың басты формалары - үлкен қалаалардың төңірегіндегі жасыл аймақтар, әсем де көрікті көлдер, шипажайлар, ұлттық саябақтар, мәдени-тарихи ескерткіштер өз деңгейінде зерттелді.

Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі - 131 беттен тұрады.

Ф-ОБ-001/033

І-тарау. Қазақстанның табиғи-тарихи рекреациялық нысандарына жалпы сипаттама.

1. 1. Көркем Көкшетау, әсем Бурабай, Алтай өлкесі, Қазақстандық Алтай, көне де мәңгі жас Қарқаралы.

Көркем Көкшетау. Көкшетау - Қазақстанның солтүстігінде орналасқан табиғи-тарихи географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ. Мүсірепов, Ақжар, Ш. Уәлиханов аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалы теңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т. б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, «Жеке батыр», Кенесары үңгірі, т. б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Жыланды тауынан бастау алатын Шағалалы өзен Шағалалытеңіз көліне құяды. Көкшетау көлдерінен басталатын Иманбұрлық және Аққанбұрлық өзендері Есіл өзеніне құяды. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, Қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері -16-19°С, шілдеде 19-20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230-400 мм. Көкшетау аймағына халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған (Бурабай кеніші, Ботай қоныстары, Бурабай қорымы) . Ежелгі заманда Көкшетауға Андрон мәдениетін жасаған тайпалар, сақ тайпалары қоныстанса, б. з-дың 1-2 ғасырларынан бастап шығыстан ғұндар келіп қоныстанды. Көкшетау өңірі 6-8 ғасырларда түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр

Ф-ОБ-001/033

кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т. б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды. Шыңғыс ханның Орталық Азияға жасаған жорығынан кейін (1219-22) бұл өңірге Алтайдың арғы бетінен басқада түркі тайпалары келіп қоныстанып, Дешті қыпшақта бұрыннан қоныстанған тайпалармен араласып кетті. 13-14 ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде 200 жыл бойы түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ - қазіргі қазақ халқы қалыптасты. 15 ғасырдың 2-ші жартысында Жетісуда құрылған Қазақ хандығы күшейе келе 16 ғасырдың бас кезінде бүкіл қазақ даласын (соның ішінде Көкшетау өңірін) біріктірді. 17 ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгенбай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т. б. ) асқан ерлік көрсетті. 18 ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап Көкшетау бірте-бірте қайтадан күшейген Қазақ хандығының орталығына айнала бастады. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан Ресей, Қытай, Орталық Азия мемлекеттерімен аса тиімді дипломатиялық саясат жүргізді. Нәтижесінде Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтіріп, Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттерімен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т. б. ) ата қонысына айналды. Қазақ жерін отарлай бастаған Ресей империясы 19 ғасырдан бастап Көкшетау жеріне орыс шаруаларын біртіндеп қоныстандыруға кірісті. Сібір генерал-губернаторы болып қызмет істеген Ресей империясының Мемлекеттік кеңесі және Сібір комитетінің мүшесі М. М. Сперанскийдің басшылығымен 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» жасалып, Орта жүзде хандық билік жойылды. 1824 жылы 29 сәуірде Көкшетау округі құрылды, аға сұлтандыққа Уәлидің үлкен ұлы Ғұбайдолла тағайындалды. Осы жылы күзден бастап округтің орталығы

Ф-ОБ-001/033

ретінде бұрынғы Көкшетау қонысының орнына Көкшетау бекінісі салына бастады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы бастаған, Қазақ хандығын қайтадан қалпына келтіруге ұмтылған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы алғаш осы Көкшетау өңірінде бастау алды. Күш тең болмады да, Кенесары өз әскерімен Көкшетауды тастап, Оңтүстікке шегінуге мәжбүр болды. 1823 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы П. М. Капцевичтің қолдауымен Орта жүз ханы Уәлидің жесірі Айғанымға Сырымбет тауында арнайы қыстау салынды. Осы үйде 1835 жылы Құсмұрын қамалының маңында Дүниеге келген Ш. Уәлихановтың балалық шағы өтті. 1853 жылы Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны болып Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов тағайындалды. 1868 жылы Көкшетау сыртқы округі таратылып, оның орнына Ақмола облысына бағынатын Көкшетау уезі құрылды. 1895 жылы Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. Қазақтың жер-суы Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланып, қоныс аудару қозғалысы салдарынан, тек 1885-93 жылы Ақмола облысында (Көкшетау аймағы соның құрамында) қазақтардан 252 мың гектардан астам жер тартып алынып, 24 селоға 11 мыңдай ер адамы бар отбасылар қоныстандырылды. 1894 жылы орыс ұлтының саны 1868 жылға қарағанда 75 мыңға көбейді. Сондықтан да отарлық езгінін күллі экономикалық, әлеуметтік, рухани қыспағын Көкшетау өңірінің көзі ашық азаматтары бірден сезінді. Көкшетау мешітінің молдалары Науан қазірет пен Ш. Қосшығұлов 1903 жылы қазақ елінің беделді азаматтарына хаттар жолдап, ел басына түскен ахуалды талқылайтын кеңес өткізуге шақырды. І Дүниежүзілік соғыс жылдарында майдан қажеттігі үшін Көкшетау өңірінен көп мөлшерде шикізат, азық-түлік, мал өнімдері т. б. жинап алынды. Жергілікті халықтан алынатын салық мөлшері 3-4 кейбір жерлерде 15 есеге дейін өсті. Оған қоса 1916 жылы 25 маусымда қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу жөніндегі патша жарлығы шықты да қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталды.

Ф-ОБ-001/033

Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Тұрғыны 133, 1мың адам. Қаланың аумағы 420, 0 км 2 . Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы, қысы ұзақ және аязды. Жылдық орташа температура 0°С шамасында. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. Көкшетау - Қазақстанның тарихи бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған. 1824 жылы 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шатқалының ішінен Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды. 1824 жылы 17 қыркүйекте Ресей империясы сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі ресми тізімге енгізілді. 1839 жылы Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, қазақтар станциясы құрылды. 1868 жылы Көкшетау бекінісі әскери маңызын жойып, қатардағы елді мекендердің бірі болып қалды. 1882 жылы жарық көрген «Сібірдегі қалалар мен кенттердің экономикалық жағдайы» деген басылымда мынадай мәліметтер жазылған: «Көкшетау үлкен станциямен оған жалғасқан кенттен тұрады. Станциядағы тұрғындар саны қаладағыдан 4 есе көп. Сондай-ақ, онда шіркеу, көпшілік орындар, жәрмеңкелер мен базар бар. Станцияда 300-ге жуық үй, 1800-ден астам адам тұрады. Қалада небары 60-70 үй және 450 мещан мекен етеді. Қалада екі көше ғана болса, станцияда жетеу». 1887 жылы Көкшетау тұрғыны 5 мың адамға жетті. Екі кірпіш зауытында тұрақты 5-10 жұмысшы маусымдық 15-20 жұмысшы болды. Шағын арақ-спирт зауыты, шойын құю шеберханасы, бір бу диірмені мен 20 жел диірмені жұмыс істеді. 1898 жылы жарық көрген «Ресейдегі болыстар мен елді мекендер» деген басылымда Көкшетау уездік қала делініп, «онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта - телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер

Ф-ОБ-001/033

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
«Оқушыларды туристік өлкетану іс-әрекеттері арқылы Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу»
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz