Қазақстанның сыртқы саудасы жайында
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Қазақстанның сыртқы саудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
Кіріспе
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы сан түрлі қызметін көрсететін
күрделі де көп қырлы қаржы көзі болып табылады.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы дұрыс және жеткілікті
қалыптастыруының маңызы өте зор деп айтуға болады. Себебі, мұндай қаржы
ресурсы әлемдік шаруашылықтың даму мүмкіндігін жетілдіруге өте зор ықпал
етеді. Сондықтанда әлемдік шаруашылықтың бел ортасында қаржы ресурсы
тұрады. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы өте күрделі механизм. Әлемдік
шаруашылық қаржы ресурсы әлемдік экономиканың оның әлеуметтік-экономикалық
мүмкіндігін білдіреді. Әлемдік қаржы ресурсы ол ең алдымен ақша
ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бұл қаражат әлемдік
экономиканы жандандыруға, әлемдік әлеуметтік-экономикалық жоспарларды
жүзеге асыруға өзге де, ғаламдық проблемаларды шешуге өзге де қызметтерді
атқаруға жұмсалады.
Соңғы жылдары әлемдік қаржы ресурсының дербес мемлекет болып
табылатын көптеген елдердің ұлттық экономика мен ұлттық қаржы саясатына
ықпалы айтарлықтай елеулі болып тұр. Оның басты себептерінің бірі әлемдегі
экономикалық ресурстар мен қаржы ресурстарының глоболизация процесіне сай
бой алдырып, әлемдік шаруашылық сипатына ие бола бастағанымен тікелей
байланысты.
Қазақстанның сыртқы саудасы
Қазақстанның 2002 жылғы сыртқы сауда айналымының көлемі кеден
статистикасының дерегі бойынша ұйымдаспаған сауданың есебінсіз 16199,6
млн. АҚШ долларын құрады және 2001 жылмен салыстырғанда 8 пайызға, соның
ішінде экспорт – 9709,1 млн. доллар, 12 пайызға, импорт – 6490,5 млн.
долллар, 2 пайызға өсті. Оң сальдоның сомассы 3218,6 млн. доллар, оның
сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы 19,9 пайыз. Бұл деректер сыртқы
сауда айналымы көлемінің тәп-тәуір өскенін және оң сальдоның салмағының да
аз емес көрсетеді. Мысалы, 2001 жылы сальдоның сомасы 2185,9 млн. доллар,
оның үлес салмағы 14,5 пайыз болған-ды.
Қазақстан сыртқы сауданың, ең алдымен, ТМД елдерімен және одан басқа
елдермен жасалатын сауда деп екіге бөліп қарау әдетке айналған. Осы
дәстүрді сақтайтын болсақ 2002 жылғы ТМД елдерімен жасалған сыртқы сауда
айналымының үлес салмағы 32,4 пайыз, қалған елдермен сауда айналымының
үлесі 67,6 пайыз болғанын көреміз. Осыдан 5 жыл бұрын 1998 жылы осы
көрсеткіштер тиісінше 43,1 және 56,9 пайыз еді, ал 1994 жылы - 96,6 және
40,4 пайыз еді. Міне, осыдан ТМД елдерінің үлес салмағының қаншалықты
төмендегенін, тиісінше, әлемнің басқа елдермен жасалған сауда көлемінің
үлес салмағының едәуір өскенін көреміз. Елдердің екі тобының үлес
салмағындағы өзгеріс, әсіресе, экспорт бойынша ерекше көзге түседі. ТМД
елдерінің Қазақстан экспортындағы үлесі 1998 жылғы 39,5 пайыздан 2002 жылы
22,9 пайызға дейін төмендеді, тиісінше басқа елдердің үлесі 60,5 пайыздан
77,1 пайызға дейін көтерілді. Импорт бойынша өзгеріс тек 1 пайыз көлемінде
ғана болды.
Енді сыртқы сауда айналымы жеке елдермен қандай көлемде қалыптасып
отыр деген мәселеге көңіл бөлсек, онда 2002 жылғы деректерге қарағанда онда
бірінші орында Ресей тұр, бұл елмен жасалған сауда 4 064,6 млн. АҚШ доллары
көлемінде, бірақ ол 2001 жылға қарағанда 14,3 пайызға азайып кеткен. Екінші
орында Бермуд аралдары – 2 011,3 млн. АҚШ доллар, үшінші орында – Қытай –
1 325,0 млн. доллар, төртінші орында – Италия – 1134,2 млн. доллар. Аталған
төртеудің үлесіне сыртқы сауда айналымының 52,7 пайызы келеді. Бұдан әрі
жасалған сауда көлеміне қарай Швейцарияны, Германияны, АҚШ- ты, БАЭ,
Украинаны атауға болады. Бұлардың әрқайсысының жасаған сауда көлемі 500
млн. доллардан 900 млн. доллар аралығында. Осы аталған тоғыздық сыртқы
саудадағы үлес салмағы 73 пайыз. Бұдан әрі сауда көлемі 200 млн.-нан доллар
аралығында болған елдер Ұлыбритания, Иран, Туркия, Нидерландия. Осы он үш
елдің үлесі 85 пайыз.
Сыртқы сауда айналымының жалпы сомасының әрбір елмен қалыптасуы әр
алуан. Мәселен, Ресеймен арадағы сауда көлемі 1996 жылғы 4809,0 млн. АҚШ
долларынан 2002 жылы 4046,6 млн.-ға дейін кеміді және бұл тенденция әзірге
тұрақты сипатта. Бермуд аралдарымен 1998 жылы 109,3 млн. долларға басталған
сауда 2002 жылы 2011,3 млн.-ға жетті. Бұл Қазақстаннан апарылып сатылатын
мұнайдан алынатын ақша. Ал, офшорлық аймақта мұнай сатудың оңды шаруа
еместігін бұл арада әңгіме жасамай-ақ қоялық. Италиямен, Қытаймен,
Швейцариямен, АҚШ-пен, Иранмен жасалатын сауда көлемі ұдайы өсу
тенденциясын байқатады. Германиямен 2001 жылға дейін осындай тенденция
болғанды, бірақ 2002 жылы сауда көлемі 26,5 пайызға күрт азайды. Ал кейінгі
екі жылда БАЭ, Франциямен және Жапониямен жасалған сауда көлемі елеулі
түрде өсті. Ұлыбританиямен жасалтын сауда көлемі қомақты болғанымен өте
тұрақсыз: 1997 жылы және 1998 жылдары 690 млн. доллар көлеміне жетсе,1999
жылы 396,8 млн-ға өсіп, 1998 және 2000 жылдары 330-335 млн-ға, 1999 жылы
188,8 млн-ға дейін құлдырады, ал 2001 жылы қайтадан 645 млн-ға дейін қатты
көтерілгенімен 2002 жылы 507 млн-ға дейін немесе 27 пайызға кеміп кетті.
Нидерландиямен сауда көлемі 1995 жылғы 541 млн доллардан 2002 жылғы 209
млн. долларға дейін кеміді. Өзбекстанмен сауда көлемі өте тұрақсыз
жағдайда, 1995 жылғы 422 млн-нан 1999 жылы 159 млн-ға, 2002 жылы 188 млн-ға
дейін азайды, Түркиямен жасалатын сауда көлемі де өте тұрақсыз. Жылдан-
жылға екі есеге дейін не өсіп, не кеміп отырады.
Енді жеке елдерге жасалатын экспорт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz