Қазақстанның табиғаты жайында


Қазақстанның табиғаты

Табиғаты ғажап Қазақстан

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Қазақстандағы ең ірі өзендер - Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл. Қазақстандағы ең биік шың Республикамыздың Оңтүстік-Шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады. Оның биіктігі - 6996 метр.

Қазақстан аймағының ауқымдығына қарай ауа райы әр түрлі болып келеді. Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері сан-алуан, әрі бай. Бір ғана дәрі жасайтын өсімдіктің өзі 150-ге жуық. Қазақстанда 158 түрлі сүтқоректі, 485 түрлі құс, 15-ке жуық балық пен көптеген жануар түрлері және эндемиктер (тышқан, сайғақ, т. б. ) кездеседі.

Қазақстанда алты мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер өкімет қамқорлығында. Олардың ішінде Алматы қаласының рәмізіне айналған тау барысы мен Республика байрағында бейнеленген нұрлы болашаққа самғап бара жатқан елді көрсететін бүркіт те бар.


Жер бедері

Жалпы сипафттама. Қазақстанның жер бедері барынша әр алуан. Оның кең - байтақ аумағында таулар да, орман - тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Дүниежүзілік мұхит деңгейінен төмен жатқан ойпаңдардан бастап, биік тауларға дейін кездеседі. Жер бедері Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарынан шығыс және оңтүстік - шығысына қарай биіктей түседі. Маңғыстау түбегіндеп теңіз деңгейінен жүз отыз екі м. Төмен жатқан қарақия ойысы мен Қазақстанның екі биік жері - республиканың оңтүстік - шығысында орналасқан Хантәңірі шыңының (абс. биіктігі алты мың тоғыз жүз тоқсан бес метр) арасындағы биіктік айырмашылығы жеті мың жүз жиырма жеті метр. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің ең терең жері алты жүз метрге жетеді.

Таулар Қазақстан аумағңының он процентке жуығын алып жатыр. Республиканың аймақтарынаң солтүстік - шығыс бөлігіне әр түрлі бағытта созылып жатқан Алтай жоталарының біразы енеді. Ең биігі - Қатын жотасы, оның ең биік шыңы - Мұзтау. Биік таулы өңірлерге жартасты - мұзды және көне пенепленнің белгілері бар жер бедері тән.

Зайсан ойпатынан оңнүстікке қарай Сауыр жотасы орналасқан оның шығыс бөлігі биік таулы, тереңдігі бір-бір жарым км. сайлармен тілімделген . Үш мың сегіз жүз м. биіктікке шағын мұздықты жазық алаңдар бар. Тізбектелген орташа тау жоталары мұздану процесіне көп ұшарамаған бұйратты бедер құрайды. Өзен аңғарлары тік келеді.

Тарбағатай мен Жетісу Алатауның арасында Алакөл ойпаты орналасқан. Оның палеозойлық негізі ойлы - қырлы бөліктерге бөлініп, топырағымен тереңдігі мың алты жүз метрге дейін жететін жоңғар жарылымын толтыра созылып жатыр.

Оңтүстік - шығыс Қазақстанның негізгі таулы аймағы - баспалдақша кертпештелген Жетісу Алатауы. Оның ұзындығы төрт жүз елу километр, ені жүз - екі жүз елу километр. Көксу Боротоло өзендерінің аңғарлары арқылы тау Солтүстік Жетісу Алатауы және Оңтүстік Жетісу Алатауы деп аталатын екі жотаға бөлінеді. Көксу өзенінің бастауында олар біртұтас тау желісіне айналады. Доға тәрізді орналасқан биік таулы Солтүстік Жетісу Алатауы жотасы орталық және шығыс бөлігінде қалың мұздықты, пирамида пішінді, үш мың алты жүз - төрт мың төрт жүз метрлік биік шыңдарға ұласады.

Солтүстік Тань - Шаньның ең биік жотасы - Іле Алатауы, ол үш жүз елу метрге созылған, ең биік жері - Талғар шыңы (төрт мың тоғыз жуз жетпіс үш метр) . Таудың солтүстік етегінде Алматы қаласы орналасқан.

Іле Алатауының оңтүстік бөлігі тігінен келіп, Шілік және Шоңкемін өзендерінің аңғарларына тіріледі. Іле Алатауыныңбеткейлері алуан өрнектері терең шатқалдармен тілімделген. Аймақ сейсмикалық қауіп - қатерілген, сел тасқынының молдығымен, қар көшкінімен, ірі мұздықты тораптарымен сипатталады. Мұнда ұш жүз тоқсан үштен астам мұздық бар.

Аласа тау жаталары мен төбелер Қазақстанда жиі кездеседі, олардың биіктіктері үлкен емес (ең биігі мың бес жүз сексен бес метр), салыстырмалы биіктігі екі жүз - жеті жүз метр. Мұндай тауларға - Сарыарқа өңіріндей ұсақ шоқылы Көкшетау, Баянаула, Қарқаралы, Ұлытау, тағы басқа жатады.

Су қорлары

Қазақстанда сексен бес мыңға жуық өзен бар, оның тоқсан проценті ұзындығы он километрден кем өзендер мен уақытша ағатын өзеншелер. Тек екі жүз жиырма сегіз өзеннің ғана ұзындығы жүз километрден асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
Қазақстандағы туризмнің жай-күйі және оны дамытудың проблемалары
«Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту проблемалары»
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Қазақстанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректер
Географиялық карта
Қазақстан туризмі
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz