Қазақстанның тас дәуірі



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның тас дәуірі.

1. Қазақстанның ерте палеолит дәуірі.
2. Қазақстанның соңғы палеолит дәуірі.
3. Қазақстандағы неолит дәуірі.

Пайдаланылған деректер тізімі:

1. Қазақстанның ерте палеолит дәуірі. Тастан жасалған ең ежелгі еңбек
құралдар Оңтүстік және Орталық Қазақстанның бірқатар аймақтарында
табылған. Соның ішіндегі ең көне еңбек құралдар ерте палеолит
дәуірінің ашель кезеңіне жатады. Олар Арыстанды өзенінің бойында
(Қаратаудың оңтүстік-батыс баурайында), Бөріқазған, Тәңірқазған,
Тоқалы І, ІІ, ІІІ тұрақтарында табылған. Бұл ерте палеолиттік
бұйымдар табылған жерлерге еңбек құралдардың бифас (екі жақты
өңделген) түрі сай келеді. Кей кезде қол шапқылар кездеседі. Соның
бірі сұр галькадан (өзен түбіндегі жуылған тастар) жасалынған ірі
екі беті жаруға арналған құрал.Қаратауда табылған ашель дәуірінің
барлық құрал-саймандары қарапайым ұрып сындыру техникасымен
істелген. Шикізаттың рөлін көбінесе галька атқарған. Құрал-
саймандар өңдеу әдісі жағынан және түрінен Бирма, Вьетнам және
Үндістаннан табылған палеолиттік бұйымдарға жақын болып келеді.
Ашель дәуіріне жататын тұрақтар Орталық Қазақстаннан да табылған.
Еңбек құралдар қара және сұр-жасыл шақпақ тастан жасалынған. Бұл
тұрақ Сарыарқаның солтүстік-шығыс аймағында Құдайкөл көлінің
жанында орналасқан. Төменгі палеолиттің бұйымдары Балқаштың
солтүстік және солтүстік-шығыс төңірегінде табылған.

Қазақстанды мекендеген көне адамдар питекантроппен және синантроппен
бір уақытта өмір сүрген. Бұл адамдар отты пайдалануды білген, терімшілікпен
және аңшылықпен айналысқан.

Мустье кезеңіне жататын ескерткіштер Қазақстанның барлық аймақтарынан
табылған. Әртүрлі аймақтарындағы мустье кезеңінің ескерткіштеріндегі тас
еңбек құралдардың жасау әдістері өзгеше болып келеді. Ғалымдардың пікірі
бойынша, осы уақытта көне адамдардың жергілікті ерекшеліктері пайда бола
бастады. Мустье кезеңінің ірі жетістігі – отты пайдалану әдісін ойлап табуы
болды.

Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойында орналасқан көп
қатпарлы Қарасу тұрағы мустье кезеңінің ең жақсы зерттелген ескерткішші
болып табылады. бұл тұрақты 1958 жылы Қазақстанның әйгілі археологы, тас
дәуірінің маманы Х.Алпысбаев тапқан болатын. Кейіннен бұл тұраққа
Ш.Уалихановтың атын берді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл тұрақтың
мәдени қабаты мустье дәуірінің үш даму кезеңіне жататыны анықталды.

2. Қазақстанның соңғы тас дәуірі. Соңғы тас дәуірінің ескерткіштері
Қазақстанның барлық аймақтарынан табылған. Ол үңгірлер және ашық түріндегі
тұрақтар, еңбек құралдар табылған жерлер. Бірінші түріне бірқатар
ескерткіштер жатады. Үшбас үңгірі –Қаратаудың жотасында орналасқан. Қазба
жұмыстарының кезінде соңғы тас дәуіріне лайықты еңбек құралдар табылды.
Олар – қара шақпақ тастан жасалынған іргесті кескіштер. Құралдармен бірге
бизонның, сайгактың, түлеінің және қарсақтың сүйектері табылды. Ашық
түріндегі тұрақтарға Соркөл тұрағы жатады. Бұл жерде призма тәріздес
нуклеустер, қара шақпақ тастан жасалынған қырғыштар және пластиналар
табылды. Тұрлан өзенінің бойында Ащысай тұрағы табылды. Мәдени қабатында 15
от жағылған ошақтың іздері анықталды. Ошақтардың айналасында бизон, арқар,
жабайы жылқының сүйектері табылды. Құралдардың арасында – қырғыштар, пышақ
тәріздес пластиналар, шошақ төбелі еңбек құралдар кездеседі. Соңғы тас
дәуірінің ескерткіштер, Оңтүстік Қазақстаннан бөлек, Қазазқстанның басқа да
аймақтарында белгілі. Осы жерлердегі тастан жасалған еңбек құралдарыдң
жергілікті ерекшеліктері бар.

Шығыс Қазақстанда Бұқтырма өзені құйылысының жанында үңгірлік тұрақ
табылған. Қазба жұмыстарының кезінде ошақтың қалдығы, еңбек құралдар және
әртүрлі аңдардың сүйектері табылды. Соның ішінде мамонт, мүйізтұмсық,
жылқы, зубр, арқар, марал, қорқау, аю және қасқырдың сүйектері ұшырасады.
Еңбек құралдардың ішінде пластиналық қырғыштар, призма тәріздес нуклеустер.

Орталық Қазақстанның соңғы тас дәуірлік тұрақтарында көптеген заттар
табылған. Тюлькум және Семізбұғы тауларында, Тұранға өзенінің бойында
көптеген тастан жасалған бұйымдар: нуклеустер, қырғыштар, пышақ тәріздес
пластиналар, кескіштер табылды. Батпақ ҮІІІ тұрағының мәдени қабаты бар
екені анықталды. Онда үшбұрышты және трапециялық ірі пластиналар, қырғыш,
жапырақ тәріздес найзаның ұшы табылды. Қарағандының оңтүстік-батыс жағында
орналасқан Қарабас ІІІ тұрағында екі дискі тәріздес нуклеустер, пластиналар
және найзаның ұшы табылды. Екібастұздың оңтүстігінде орналасқан Агренсор ІІ
тұрағында яшмадан жасалынған көптеген құралдар: пластиналар, қырғыштар,
кескіштер, қайқы пышақтар табылған.

3. Қазақстанның жаңа тас дәуірі. Қазақстан аймағында жаңа тас
дәуіпрінің ескерткіштері кең таралған. Қазіргі кезде 400-ден астам
ескерткіштері белгілі. Тас индустриясының өзгешелігін анықтау және жаңа тас
дәуірі мәдениетінің жергілікті нұсқасын белгілеу Қазақстан жаңа тас
дәуірінің бір мәселесі болып табылады. Ғылымда Қазақстанның жаңа тас дәуірі
мәдениетінің шығу тегі, шаруашылық түрлерінің және материалдық мәдениетінің
бірыңғай болмағаны туралы пікір қалыптасып келеді. Тек оның табиғат
жағдайының ұқсастығындағы даму ерекшеліктерінің жойылуына апарды, сондай-
ақ, мәдени және этникалық тұтастығына апаратын алғышарттарының пайда
болуына себепші болды.

Қазақстанның жаңа тас дәуірінде қазіргі кезде Батыс Қазақстандық
нұсқасы белгіленген. Оны Кельтиминар мәдениеті деп атайды. Оңтүстік Арал
төңірегінің, Узбой және Сарықамыс ескерткіштерінің зерттелуі нәтижесінде
С.П.Толстов Кельтиминар мәдениетін арнайы белгілеп шықты. Кейіннен
Кельтиминар мәдениетінің ескерткіштері Батыс Қазақстанда ашылды.
Кельтиминар мәдениетінің хронологиясы – б.д.д. ІҮ-ІІ мыңжылдықтың басы.
Арал төңірегіндегі ең ірі және басқаларына қарағанда ең жақсы зерттелгені
Саксаул станциясының аймағында орналасқан тұрақтар болып табылады.
тұрақтардан алынған материалдар үш хронологиялық кезеңге бөлінеді.

Ең көне Сексауыл І тұрағы. Тастан жасалған еңбек құралдар майда пышақ
тәріздес пластиналар ретінде және трапеция тәріздес құралдар ретінде
кездеседі. Соған қоса, тұрақта түбі домалақ болып келген керамикалық
ыдыстардың сынықтары табылды. Сексауыл ІІ тұрағынан табылған тас еңбек
құралдары – кврциттен, яшмадан, халцедоннан және шақпақ тастан жасалынған.
Кельтиминар мәдениетінің тұрақтары: Сексауыл І, ІІ, ІІІ, Жанбас, Узбой,
Ақшадария, Конгу І, Шельги-Загем І, ІІ, және тағы басқа.

Оңтүстік Қазақстанның жаңа тас дәуірі Кельтиминар мәдениетіне ұқсас
болып келеді. Қаратаудың оңтүстік және солтүстік баурайларында жаңа тас
дәуірінің тұрақтары табылды. Ең атақтысы – Қараүңгір тұрағы.

Орталық Қазақстанда бірнеше жаңа тас дәуірінің тұрақтары табылған.
Жезқазғаннан 120 шақырым жерде сарысу өзенінің оң жағалауында шақпақ тастан
және яшмадан жасалған көптеген бұйымдар табылды.

Солтүстік Қазақстан тұрақтары: Ақсуат, Жаркөл, Көл.

Шығыс қазақстанның тұрақтары: ¤с-Нарым, Пеньки І, ІІ. Пеньки 1 ІІІ
мыңжылдықтың ортасына тура келеді, ал, Пеньки ІІ энеолит дәуіріне жатады.

Жаңа тас дәуірі кезеңінің зират-қорымдары өте аз зерттелген. Солардың
бірі, ертіс бойындағы Железника поселкесінен табылды. Жерлеу салты - өлікті
өртеп қою болған.

Жақын уақытқа дейін Түркістан аймағында адамзат баласы шамамен ашель
кезеңінде мекендеген деп есептелген. Қазақстанда ең көне адамның тұрағы
Х.Алпысбаев ашқан Ш.Уалиханов атындағы палеолиттік тұрақ болып саналатын.
1990-жылдары Халықаралық экспедиция Түркістан аймағында Шоқтас және
Қосқорған жерлерінде ежелгі адамның тұрақтарын тапты. Бұл экспедицияға
қатысқан Ресей, Бельгия, Германия және Қазақстанның атақты ғалымдары Шоқтас
және Қосқорған тұрақтарында адам шамамен 500 мың жыл бұрын өмір сүрген деп
дәлелдеді. Қазіргі уақытта осы ежелгі тұрақтар палеолиттік адамның
Қазақстандағы және Орта Азиядағы ең көне тұрағы болып есептеледі.

Қола дәуірі

1. Мыс-тас дәуірінің жалпы сипаттамасы.
2. Шығыс Европа мен Орта Азияның отырықшы шаруалары мен малшыларының
мәдениеті (Намазга І, ІІ, ІІІ).
3. Триполь мәдениеті.

Пайдаланылған деректер тізімі:

1. Жаңа тас дәуірінің соңында тас құралдар жасау технологиясы толық
пайдаланудан өз мүмкіндіктерін тамамдады. Қола дәуірінде тасты өңдейтін
біршама жаңа әдістер пайда болғанымен, бірақ ол құрал жасауда шикізат
көзінің жалғыз түрі болудан қалды. Адамзат тарихының болашағы металмен
байланысты болды.
Адамзат шаруашылығында металдың шығу тарихы зерттеуде химиялық
талдаудың арқасында алғашқы металдан жасалған бұйымдар таза мыстан
жасалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта көне металлургия дәуірін
металлография және спектральдік талдау арқылы зерттейді. Мыс металлургиясы
қола металлургиясының алғашқы кезеңі екені белгілі болды. Сондықтан мыс
еңбек құралдары пайда болған дәуірді қола ғасырының таңы деп айтуға болады.
Металл дәуірінің алғашқы кезеңін - энеолит деп атайды (гр. энус –
мыс, лат. литос - тас), яғни мыс-тас дәуірі. Мыс-тас дәуірінде тас құралдар
басым болғанымен алғашқы мыстан жасалған құралдар пайда бола бастады. Қола
дәуірінің жоғары дамыған кезеңінде тастан жасалған құралдар өз қызметінің
маңызын жоғалтқан жоқ.Тек темірдің шығуы тастың шаруашылықта ығысып қалуына
себепші болды.
Металдың пайда болуы адамзат тарихына үлкен ықпал жасаған ірі
шаруашылық және әлеуметтік өзгерістерге алып келді.
Металлургияның пайда болып таралуы туралы ғылымда екі көзқарас
қалыптасқан.
Бірінші көзқарас бойынша металды өндіру алғашқыда белгілі бір аймақта
пайда болып (ол жер Анадолыдан Иранның оңтүстік-батысындағы тарихи өңір
Хузистанға дейінгі аралықтағы аймақ) кейіннен көршілес өңірлерге таралған
деп есептелінеді. Аталған аймақтағы Чатал-Уюк және Чейюню-тепесі атты елді-
мекендерден әлемдегі мыстан жасалған (тескіш, моншақ, біз) б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ
мыңжылдықтарға жататын ең ежелгі бұйымдар табылған.
Екінші көзқарас бойынша кейде әртүрлі аймақтарда адамдар металды өзі
тауып, қолданған. ¤йткені мыс кені бар кейбір аймақтарда қарапайым әдіспен
жасалған мыс бұйымдар табылған. Егер аймақтарға мысты өңдеу әдістері басқа
бір металлургиясы дамыған өңірлерден келген болса, бұл әдістер қарапайым
емес, сол кездегі ең дамыған тәсілдер болуға тиісті деп есептеледі.
2. Европада мыстан жасалған алғашқы бұйымдар б.д.д. Ү-ІҮ
мыңжылдықтарда Балкан-Карпат аймағында пайда болды. Бұдан басқа Шығыс
Европада тек Орал мыс кен орындары көрсетілсе, ал Азиялық бөлікте Тянь-Шань
мен Алтайды айтуға болады.
Түсті металлургияның дамуының төрт кезеңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қазақстан жеріндегі тас ғасыры
Қазақстан қола дәуірінде
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Палеолит дәуірі
Қола дәуір мәдениеті
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Пәндер