Қазақстанның тегіс жер топырағы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:
Қазақстанның тегіс жер топырағы. Егіншілікте техникалық прогресті дамыту шарттарының бірі - ел территориясының топырағын және оның құрамын жақсы білу. Қай жерді жыртып, қай жерді жыртпау, топырақ эрозиясымен қай жерде және қалай күресу қажеттігін білу үшін, сонымен бірге топырақтың құнарлылығын қай жерде қалай арттыруға болатынын, қай жерді суарып, қандай тыңайтқыш енгізілетінін білу үшін топырақ қабаты зерттеледі.
Қазақстан жері аумағы жағынан Ресей федерациясынан кейін екінші орын алды (2715 мың шаршы шақырым) . Республикамыздың жері батыстан шығысқа қарай 2925 шақырымға (Каспий теңізінен Алтайға дейін) және солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 шақырымға (Батыс Сібір ойпатынан Тянь-Шань жоталарына дейін) созылып жатыр. Қазақстанның солтүстік аймақтары (солтүстік ендіктің 55°22') Мәскеу, Қазан, Байкал мен Сахалин аралының солтүстік белігінің бойымен ететін ендікте, ал оңтүстік аймақтары (40°) - Мадрид, Стамбул және Баку ендігінде жатыр. Қазақстан территориясы мұхиттар-дан және олардың теңіздерінен қашық. Мүның өзі физикалық географиялық жағдайларға, оның гидрографиясына, топырағы мен өсімдік дүниесіне әсер етеді. Біздің республикамыз мынадай төрт табиғи аймаққа белінеді: орманды далалық; далалық, шөлейт және шөл аймақ. Жазықтықта негізгі үш топырақ аймағы бар, олар: қара топырақты аймақ (52° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай), қара қоңыр топырақты аймақ (52°-48° солтүстік ендіктің аралығында) және қоңыр, сұр қоңыр топырақты аймақ (48° - солтүстік ендіктің оңтүстігіне таман) .
Қара топырақты аймақ 3 шағын аймақшаға (өңірге) бөлінеді:
1) сілтісіз қара топырақты - ол оңтустік орманды-далалық аймақтың аз ғана бөлігін, Солтүстік Қазақстан облысының жерін (шамамен 0, 4 млн га) алып жатыр; бұл - шабындық қара топырақ; ормандық сұр топырақ, солод және кебір топырақ;
2) қуаң даланың кәдімгі қара топырақты өңірі (12 млн га) ;
3) қуаң даланың оңтүстік қара топырақты өңірі (12, 9 млн га) .
Қара қоңыр топырақты аймақ та үшке бөлінеді:
1) қуаң даланың күңгірт қара коңыр топырақты өңірі (27, 7 млн га) ;
2) қуаң даланың кәдімгі қара қоңыр топырақты өңірі (25, 4 млн га, яғни 9, 6%) ;
3) шелейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өнірі (37, 5 млн-гектарға жуык, яғни 14, 2%) .
Шөл аймақ екіге бөлінеді: 1) солтүстік шөлдің қоңыр топырақты өңірі (58 млн га) ; 2) орта және оңтүстік шөлдің сұр қоңыр топырақты өңірі (59, 3 млн га) .
Орманды-далалық аймақтың негізгі топырағы мынадай: шабындық қара топырақ, ал дренажды (батпақ жердің суын жер астындағы құбырлар жүйесі арқылы ағызып жіберіп, кұрғату әдісі) үлескілерінде сілтісіз қара топырақ және орманды далалық аймақтың сұр күлгін топырағы. Орманды-далалық сұр топырақты жерлерде (құмды және құмдақ) көктерек пен қайың жақсы өседі. Қарашірінділі А қабатының қалыңдығы 18-25 см және онда 3-6% қарашірінді болады. Оның астыңғы бөлігінде ақ шаңғыт бар. Қарашірінді - иллювийлік В қабатының қалыңдығы 20-30 см, нығыз, лайлы белшектері көп, ақ шаңғытты болады. А қабатында топырақ реакциясы сәл қышқыл, В қабатында бейтарап. 1, 5 метрден тереңірек қабатқа карбонаттар шайылып кеткен. Ауыл шаруашылығында мұндай топырақты жер көбінесе орман алқаптарын егуге пайдаланылады. Сілтісізденген қара топырақты жерде (өзен алқаптарының жазық жерлерінде, ағын суды екі жакқа айырып жіберетін жалдарда) астық тұқымдас масақты шөптер өседі. Сілтісізденген қара топырақ ылғалы ормандық далалық аймақтың дренажды үлескілерінде қалыптасады. Мұндағы шіріндінің мөлшері - 6 - 9 %.
Қазақстанның топырақ-өсімдік аймақтары мен шағын аймақтары
(Оспанов, Боровский, Шувалов, 1964)
Ауаның
орташа жылдық темпера-турасы, градус
I. Орманды-далалық аймақ
Шабындық қара топы-
рақ, сілтісізденген қара
топырақ, орманды-да-
лалық аймақтың, сұр
топырағы
Оңтүстіктегі орташа
ылғалды орманды дала,
қайың мен көктерек
өсетін орман, орман
арасындағы түрлі шөп
өскен үлескілер
Бұл жерлердің топырағы суды жақсы өткізеді және ондағы ылғал қоры да мол.
Азоттың жалпы мелшері
II. Далалық аймақ
+ 1, 5
+2
300 - 320
270 - 300
12, 0
12, 9
5, 5
8, 0
а) кәдімгі қара
топырақты аймақша;
бірқалыпты қуаң, боз,
басқа
да шептер еседі
б) оңтүстік қара
топырақты аймақша, қуан боз, басқа да шөп түрлері өседі
III. Қуаң далалық аймақ
Қою қара қоңыр және
кара қоңыр топырақты
аймақша; бір қалыпты
кұрғак, бетегелі-бозды
және бозды-бетегелі
далалық жер
IV. Шөлейт аймақ
Ашық қара қоңыр
топырақты аймақша;
өте қуаң бетеге, боз
есетін шөлейт
V. Шөл аймак
а) қоңыр топыракты
солтүстік шөлді
аймақша;
б) сұр қоңыр топыракты
аймақша, тақыр жер.
Климаты өте кұрғак
және ыстық, жусан мен
сораң өсетін орта және
оңтүстік шел аймақша
0, 5 процентке, фосфорының мөлшері 0, 2 процентке дейін жетеді. Мұндай топырақты жерлер неғұрлым құнарлы деп есептеледі және жаздық бидай егу ушін толық иге-рілген. Фосфор тыңайтқыштарын енгізгенде алынатын түсім мәлшері артады.
VI. Тау
Боз топырақ пен ашық
қара қоңыр топырақ
басым аймақша, ауа
райы қуаң және ыстык,
жусан және ран. тәріздес
шептер есетін далалық
жер, сондай-ақ ылғалды
және жылылықты сүйетін
жусан мен астық
тұқымдас шөптер өседі
VII. Таулы өңір
+7, +12
+ 1, -7
а) боз, қара қоңыр және
кара топырақты таулы
далалық белдеу.
Ылғалы жеткілікті,
түрлі шеп, бұталар өседі
б) таулы орманды және
таулы-шалғынды
топырақты белдеу.
Альпілік және
субальпілік шал-рындары
бар өте ылғалды аймақша
Барлығы
Шабындық қара топырақ қосымша жер асты суы және жауын-шашын мен ылғалдану жағдайында қалыптасқан, сондай-ақ онда астык тұқымдас түрлі шөптер де өседі.
Жазық, дренажсыз, жер асты суы 2-4 м тереңдікте жатқан жерлері де бар.
А + В қарашірінді қабатының қалыңдығы 60-70 сантиметрге дейін жетеді, қарашірінді мөлшері 8-12% шамасы, кейбір ұзынша келген жерлердегі қарашіріңді қабатының қалыңдығы 100 сантиметрге жуық, 50-70 см тереңдіктен тұз қышқылынан реакция болатыны, ал 60-80 см тереңдіктен бастап карбонаттардың бөлінетіні байқалады. Сіңіру сыйымдылығы - 50-60 мг/экв, реакциясы - бейтарап немесе сәл қышқыл. Сортаңдау, кулгінденген және карбонатты топырақ түрлері бар. Дәнді дақылдар егу үшін жеткілікті дәрежеде ылғалданған.
Қара топырақ арасында, әсіресе көк терек, қайың, тал (бұл бүта түрінде де, ағаш түрінде де кездеседі) өсетін жерлерде солод топырақ көбірек кездеседі; бұл топырақтың бозғылт келген күлгінденген қабаты (А 2 ) бар, бұл аморфты кремний қышқылымен және қалдық кварцпен байытылған. Бұл қабат орман топырағының және шымды қарашірінді қабаттың астында 8-10 см тереңдікте жатады, 30-50 см тереңдіктен бастап балшықты (иллювийлік) В қабатқа айналады, оның түсі қоңыр, бозғыл теңбілдері бар, ылғалы кейде шамадан тыс болады. Ормаыды-далалық аймақ оңтүстікке қарай бір қальшты қуаң далалыққа ойысады, мұнда көбінесе қара топырақ басым, бұдан соң ол оңтүстіктің қара топырақты куаң далалық аймағына ауысады. Кәдімгі орташа қарашірінділі қара топырақты жерде боз, түрлі шептер өседі және олар өзендер арасындағы жазықта, өзен жайылмаларында болады. А қабатының топырағы (қалыңдығы 30-40 см) қара сүр, беткі жағын шым басқан, үсақ құрт кесекті, ал астыңғы жағы ірі кесекті болып келеді. ВІ қабаттағы (қалыңдығы 25-30 см) к\:ңгірт сұр қара қоңыр топыраққа ауысады, нығыз бо-лады. В (С) қабаты (қалыңдығы 25-30 см) ауыр құм-балшық карбонат аралас, 150-200 см шамасында ғаныш бөліке бастайды. А қабатының беткі жағындағы қара-шірінді 7-8%, астыңғы жағында - 4-5%. ВІ қабатын- да - 2-4%. Сіңіру сыйымдылығы шамамен 40 мг/экв. Беткі жағында топырақ реакциясы бейтарап, астыңғы жағында - сілтілі. А кабатындағы жалпы азоттың мөлшері 0, 5 процентке жетеді, фосфоры аз. Ауыл шаруашылығына пайдаланғанда бұл аймақта бидай егіледі, ол үшін топыраққа фосфор тыңайтқыштарын енгізу қажет. Ал механикалық құрамы жағынан жеңіл, сондай-ақ карбонатты топырақ жел эрозиясынан қорғауды қажет етеді. Қарашіріндісі шамалы оңтүстік қара топырақтың турлі шөбі онша көп емес. А қабатының қалындығы 20- 30 см, қарашіріндінің мөлшері - 5-6%, жалпы азот - 0, 3%. Сіңіру сыйымдылығы - 30-35 мг/экв, топырақта кальций, магний көп.
В1 қабатының топырағы (қалыңдығы 20-25 см) қоңыр, нығыз, кей жерінде қарашірінді бар, оның мелшері 2-4%. В (С) қабатынын, топырағы (қалыңдығы 25-30 см) нығыз, қоңыр, саздақ, карбонат аралас; 120-150 см шамасында ғаныш бөліне бастайды. Аймақ тармағы топырағының басым бөлігінің ылғалы жеткіліксіз. Бұл аймақтың жері суарылмайды. Қолданылатын агротехника топырақта пайдалы ылғал жинақтауға және топырақтың үстіңгі қабатының үрілуіне қарсы күресуге бағытталған. Сортаңдау және сортанданған түрлі топырақты жерді жемшөптік дақылдар егуге пайдалану ушін түбегейлі мелиорациялау керек.
Орташа қуан және қуаң даланың топырағы қою коңыр және кәдімгі қара қоңыр болып келеді. Қою қара қоңыр топырақтың А қабатының қалыңдығы 0-18 (22) см, түсі қоңыр сұр, құрт кесекті, астыңғы жағы ұсақ; А қабатында қарашіріндінің мәлшері 3, 5-4, 5%, сіңіру сыйымдылығы - 25-35 мг/экв, В қабатының қалыңдығы 18 (22) -42 (48) см, түсі қоңыр, нығыз, жаңадан карбонаттар пайда болып тұрады. 120-130 см тереңдікте ғаныштың, оңай еритін тұздардың белініп шығатыны байқалады. Бұл аймақ тармағының егіншілігі суарылмайды. Оның басым бөлігі дәнді дақылдар егу ушін ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Сондықтан да басты мақсат - топырақта ылғал жинап, сақтау, үстінгі қабатты желдің үріп әкетуіне жол бермеу. Фосфорлы тыңайтқыштарды қажет етеді. Кәдімгі қара қоңыр топырақ қуаң дала аймақшада (ол батыстан шығысқа қарай 2400 шақырымнан астам жерді алып жатыр, ені 50-ден 320 шакырымға дейін) көбінесе бозды бетегелі және жусанды-бетегелі өсімдік өседі. А + В қабаттарьшың қалыңдығы 30-40 см, түсі ақшыл. Қара қоңыр топырақтарға қарағанда карбонаттар мен ғаныш көбірек бөлінеді; қарашіріндінің мөлері (3-3, 5%) мен сіңіру сыйымдылығы (15-25 мг/экв) шамалы. Аймақша егіншілігі суармалы емес, дәнді дақылдар егу үшін ылғал жеткіліксіз. Шабындық ашық қара, қоңыр топырақ ойпаңдау жерлерде басым, үстіңгі қабаттан басқа қабаттардың астында қосымша ылғал бар (2-5 метрден бастап) . Мұндай топырақта қарашірінді мол (6, 5 про-центке дейін), оның қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жетеді. 60-70 см тереңдіктен бастап карбонаттар және. 110-130 сантиметрден ғаныш бөлінетіні байқалады. Құнарлы топырақ ретінде ең алдымен егіншілікке (дәнді дақылдар мен бақша дақылдары), одан соң шабындыққа пайдаланылады. Шөлейт аймақта ашық қара қоңыр топырақ басым. Мұнда климат неғұрлым қуаң болған жағдайда жусан боз бетегелі және боз жусан бетегелі өсімдік сирек өседі.
А + В қабатының қалыңдығы 25-30 см, қарашірінді шамалы (2-3%), құрылымы күрделі емес және кебірлеу. 40-80 см тереңдікте карбонаттар жинақталған, 80-100 см терендіктен ғаныш бөлінеді. Жайылымда шөп мол, сондықтан мал шаруашылығына қолайлы аймақ. Ауыл шаруашылық дақылдарын егу үшін ылғал жеткіліксіз, дегенмен ойпаң жерлерде тары, арпа және бақша дақылдарын егуге болады. Солтүстік орта және оңтустік шел жерлерде жартылай бұталы жусан мен сортаң шөптер басым келеді. Қоңыр топырақтың А + В қабатының қалыңдығы 20-25 см, қарашіріндісі аз, (1-2%) . В қабаты топырағының Түсі қоңыр, кебірлеу. Қарашіріндінің құрамында фульвоқышқылдар басым; үстіңгі жағы карбонатты 60-70 см тереңдіктен ғаныш көп бөлінеді. Бұл аймақ тармағында мал өсіріледі. Бірақ күзгі-қысқы жайылымдардағы шөбінің шығымдылығы онша емес. Суармалы және ойпаң жерлерді іріктеп жыртып бидай, тары егуге болады (Атырау, Қарағанды және Семей облыстары) . Сұр қоңыр топырақтың саздақ жерлерінде жусан және баялыш есімдігі мол. Үстіңгі жағында нығыз қабат, оның астында қопсыңқы қоңыр-лау қабат жатады: А + В қабатының қалыңдығы - 10- 25 см, қарашіріндінің мелшері 1 процентке дейін жетеді; 40-60 см тереңдіктен бастап ғаныш пен оңай еритін тұздар мол жинақталады. Мал өсірілетін аймақ, бірақ жайылымдардағы шөбінің шығымдылығы шамалы.
Т а қ ы р тәрізді топырақ кұрғаған Сырдарияның, Шу, Іле, т. б. өзекдерінің бойы бұрын су қаптаған жазықтық жерлерінде кездеседі. Топырақта ашық сұр түсті, 3-тен 6 сантиметрге дейінгі жарық қабыршақтар бар, одан соң қопсыңқы қабат (6-12 см), одан тереңдікте боз немесе қоңыр түсті, бір сыдырғы нығыз, құрылымсыз қабаты (15-30 см) болады, ол жөнді өзгермейтін қабатты аллювийге ауысады. Бұл топырақ карбонатты, сортаңданған, қарашіріндіге тапшы (1 -1, 2 процснт), сіціру сыйымдылығы да аз (7-12 мг/экв) . Бұл жерде суармалы егіншілік басым.
Шөлдің өзге жерлерінің арасында тақырлар кішігірім келер немесе бұрыңғы кезде өзен суы жайылған шақта пайда болған үлкен учаскелер күйінде кездеседі. Сырттай қарағанда қатты, бет жағы қабыршақтанып сызаттана жарылған, оған қар, жаңбыр суы іркіледі. Қабыршақ қабатының қалыңдығы 2-8 см. 15-20 см тереңдікке кететін жарықтар оны жан-жағы мүжілген көп қырлы бөліктерге бөледі. Қабыршақ астындағы қабат қатты құрылымды бөлшектерден тұрады.
Аймақтық жазықтық топырақтар ішінде кебір, сор, шабындық топырақ және құм көп кездеседі. Кебір -кебір топырақ натрийге бай, топырақтың өзге түрлерімен бірге ұшырасады. Оның көлемі 40 млн га. А қабатының қалыңдығы жағынан кебірлер қабыршақты (5 сантнметрге дейін) және қалың (15 сантиметрден артық) болып белінеді. Ал тұзды қабаттар тереңдігіне қарай былай белінеді, сортаң (тұздар 30 сантиметрден жоғары), кебірлеу (30-80 см) және қалың кебір (80- 130 см) . Жемшөптік дақылдар егу үшін орташа және қалың кебірлерді түбегейлі мелиорацияланғаннан кейін ғана пайдалануға болады.
Қазақстанның барлық жазық аймағында жеке учаскелер күйінде сор топырақты жерлер көп кездеседі. Олар бүдан бұрын да және казіргі кезде де тұздың жиналуынан пайда болады. Сор топырақта бос және оған сіңген күйде едәуір мөлшерде (1 проценттен астам) иондар (хлоридтер, сульфаттар, натрий) бар. Бұл иондар өсімдікке зиянды. Сор топырақты жердің жалпы көлемі 10 млн гектарға жуық. Ауыл шаруашылығының мақса-тына сор топырақты жерді күрделі түрде мелиорациялағаннан кейін ғана (шаю, дренаждау) күріш егу үшін (Сырдария, Іле, Қаратал өзендерінің сағаларында) пайдалануға болады.
Қайта сорбасу : - суармалы жерлерді дұрыс пайдаланбағанда дамитын сорлану процесі. Дренаж - коллекторлар жүйесі салынбаған, тұзды төсеніш жыныстар мен жер асты сулар деңгейі кұрлық бетіне жақын жатқан, егісті ретсіз, нормасыз суғарған жағдайларда дамиды. Сондықтан К. с-ды болдырмау үшін агромелиорациялық шаралар жүйесін қолдану керек, оған мыналар жатады: суғару нормаларын, санын және мезгілін дұрыс белгілеу және Топырақтан шайылған тұзды суларды уақытында (дер кезінде) егіс алаңынан дреналармен әкету; қолдан берілетін суды егістік бетінде біркелкі жаю үшін, алдын ала жерді тегістеу; жоғарғы агротехниканы қолдану; қылтыр-тіктер арқылы сумен бірге тұздардың көтерілмеуі үшін Т-тың жоғарғы (өңделетін) қабатын борпылдақ күйде сақтау; каналдар бойында ағаш отырғызу, олардың та-банын су өткізбейтін бетон -«киіммен» қаптау.
Қарағанды облысының топырағы (Жезқазған облысымен қоса) жерінің аумағы 40 млн га. Мұнда Т. жамылғысы солтүстіктен оңтүстікке қарай үш аймақка (қара топырақты, қара, қоңыр және қоңыр Топырағы) және алты аймақшаға бөлінеді.
Бетегелі-жусанды өсімдіктер өсетін жерде дамыған оңтүстік карбонатты қара топырақты аймақта (390 мын. га) жылы мезгіл 135 күнге созылады, тиімді температураның жиынтығы 2200°, жылдық орташа температура 1, 5°, жылына 300 мм жауын-шашын түседі. Оңтустік карбонатты қара Т. А + В қабаты 41-54 см-ге тең. Олардың А қабатының қарашіріндісі бір текті қоңыр-қою сұр, тереңдігі 18-20 см, 4-6 см-ден шымды, құрылымы кесек түйіртпекті; В қабаты 18-50 см-ге орналасқан, бір түсті емес, тіпті 60-80 см тереңдікте қарашіріндісінің 2-3% болып келетін қою ағындысы байқалады. Бұл ағынды жыныстың ашық үлескілерімен алмасып отырады. В қабаты кесек құрылымды; 90-120 см тереңдікте ғаныштың қабыршақ және кристалы түрінде бөлінетіні байқалады. Қарашіріндінің мөлшері - 5, 5- 4, 8%, азот -0, 34-0, 21%, фосфор - 0, 13-0, 10, калий - 2, 6-2, 5%. Дәнді дақыл есіруге қолайлы.
Әр түрлі шөп аралас селеулі-бетегелі өсімдік есетін жерде дамыған қою қара қоңыр топырақты аймакшада (3, 7 млн га) жылы мезгіл 138 күнге созылады, орташа температура 2, 0-2, 5°. Жылына 300-315 мм ылғал тусе-ді. Қою қара қоңыр топырақ А + В кабатының тереңдігімен сипатталады, ол 35-45 сантиметрге тең. А қабаты (15-20 см) қою қошқыл түсті, құрылымы кесек, одан төмен қошқыл, кесек боп тығыздалған В қабаты (20- 35 см) орналасады, мұнан да төмен (35-80 см) сары қоңыр тығыз ВС қабаты бар. Одан төмен қарай сары қоңыр ауыр саздақ. Ол карбонатты және тығыз.
Қарашіріндінің мөлшері 4-3%, жалпы азот - 0, 30- 0, 18%, жалпы фосфор - 0, 09-0, 06 және калий - 2, 6- 2, 4%, 70-120 см тереңдіктегі ғаныш қабатындағы қатты қалдық 1 процентке жетеді, жалпы сілтілігі -. 0, 056%. Топырақ реакциясы сілтілі, рН - 7, 1-8, 0-ге тең. Топырақтың жылжымалы түрлермен қамтамасыз етілуі: азот - орташа (56-84 мг), фосфор - аз (5- 10 мг) және калий - көп (427-528 мг) . Бұл аймақ ауыл шаруашылығында астық және сүт өндіруге пайдаланылады; топырағы дәнді дақыл үшін жыртылған. Мұнда да ылғал жинау және оны сақтау жоғары түсім алудын, негізгі шарты болып табылады.
Жусан-бетеге-селеу сияқты құрғақ далалық өсімдіктер есетін жерде дамыған орташа қара қоңыр топырақты аймақшада жылы мезгіл 137 күнге созылады. Тиімді температураның жиынтығы 2350°, жылдық орташа температура-1, 8-2, 8°. Жылына 220-270 мм ылғал тү-седі.
Қара қоңыр топырақ қарадан ашық қоңырға ауысатын топқа жатады. Сондықтан ол орта сандық және сапалық көрссткіштік белгілерімен сипатталады. А қабаты (0-20 см) қара қошқыл реңді, құрылымы кесектозаңды; В қабаты - қошқыл қарашірінділі, құрылымы кесек, тығыз; С қабаты сары қоңыр үлкен кесекті ауыр саздақ, ақ теңбіл карбонатты. Әр алуан орта саздақты бұл топырақтағы қарашіріндінің мөлшері 3, 5- 2, 5%, жалпы азот - 0, 17-0, 05%, фосфор - 0, 12-0, 07 және калий - 2, 4-1, 4%. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығындағы бағыты - егіншілік пен мал.
Селеу-бетеге-жусан өсімдіктері өсетін жерде дамыған жартылай шөлдегі ашық қара қоңыр топырақты аймақшада (11, 2 млн га) жылы мезгіл 140 күйге созылады, тиімді температураның жиынтығы 2600° тең, орта жылдық температура 2, 8-3, 6° болады. Жылына 170-тен 200 милл-иметрге дейін ылғал түседі. Ашық қара қоцыр топырақ А + В қабаты тереңдігінің 30-36 см-ге теңдігімен сипатталады. А қабатының (15-17 см) түсі қош-қыл сұр, тығыз, қарашіріпдінің мөлшері - 2, 4-2, 1%, жалпы азот - 0, 14-0, 13, фосфор - 0, 09-0, 07% және калий 2, 7-2, 5%; жылжымалы түріндегі (мг/кг) гидролизді азот - 70, фосфор - 4- және калий - 476.
Аймақша негізінен мал шаруашылығына және суармалы егіншілік үшін пайдаланылады.
Жусан (теріскенді және изенді) өсетін жерде дамыған шөлді қодыр топыракты аймақшада- (13, 4 млн га) жылы мезгіл 155 күнге созылады, тиімді температураның жиынтығы 3000°-қа тең, орта жылдык, температура-3, 6-5° болады. Ылғал көп болмайды, жылына бар болғаны 135 мм ылғал түседі. Қоңыр топырак А + В қабатының шамамен 26-28 см ғана реңі қоңырлау дала түстес қабыршақ-тозаңдау-жапырақ құрылымды, шіріндісінің мөлшері 2, 0-0, 1 процентке дейін жетеді және калий - 2, 2%. 30 см тереңдікте сульфат тұзының көптігі байқалады. Қоңыр Т. негізінен мал шаруашылығында пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz