Қазақстанның туристік жерлері



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001035
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Факультеті:Жаратылыстану
Кафедрасы:География

ТАҚЫРЫБЫ:Қазақстанның туристік жерлері.

Орындаған:Қалдыбаева А.
Қабылдаған:Серім
А.
Тобы:ЖГА-611.

Түркістан-2009ж

Ф-ОБ-001035
Жоспары
КІРІСПЕ

І.Тарау.Республикамыздың табиғаты әсем жерлері.
1.1.Туризм саласына қатысты терминдер мен ұғымдар.
1.2.Республикамыздың көрікті жерлері және
демалу-сауықтыру орындары.

II.Тарау.Қазақстан Республикасындағы емдеу және сауықтыру
орталықтары.
1.1. АЛМААРАСАН және АЛАТАУ туристік базалары.
1.2. САРЫАҒАШ және ЖАҢАҚОРҒАНбальнеологиялық курортты
аймақтары.
1.3.Республикамыздың маңызы бар БУРАБАЙ курорты.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Ф-ОБ-001035
Кіріспе

    Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы
қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм
нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың
20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық
ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп
мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км)
аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және
экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы
төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен
пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу
— Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.
    Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов,
Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң
бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және
қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты
әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан
өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол
жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық
туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы
ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой
туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында
туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы
50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау
шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған
200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында
Кеңес

Ф-ОБ-001035
армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi
орналасты.
    Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер
кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы
мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ)
құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж.
кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма
ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi
кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстан респ. және 5 обл. (Алматы,
Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста
экскурсиялық бюро ашылды.
    1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм
(шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк
нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий,
В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi
дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-
ның спорт шеберi атағы берiлдi.
    1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң одан
әрi дамуына әсер еттi.
    1971 — 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық базасын нығайып,
саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар
пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ.
кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат,
экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро,
Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк автомоб. базалары құрылды.
Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi.
   
Ф-Б-001035
1988 жылы туризм құрылымында бiршама өзгерiстер болды. Жаңадан туристiк
экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмiнiң дамуына
Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездiбаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р.
Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991
жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көштi. 1993 ж. Қазақстан
Дүниежүзiлiк туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын
дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан
Республикасының Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi
тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы,
жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 ж. 13 маусымда “Қазақстан
Республикасындағы туристiк қызмет туралы” заң қабылданды. Онда
республикадағы туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары,
туристiк қызметтi лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның
табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға
мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi
ретiнде дамытуды қажет етедi.
    2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi
бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк
экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет көрсетедi. Қазақстанның туристiк
фирмалары дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-
ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен Араб
Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б.
елдерге чартерлiк әуе рейстерiн жолға қойған.
    Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн.,
экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен
серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша

Ф-ОБ-001035

700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық
сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет
көрсетедi. Мыс., Алматы қ-нда қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”,
“Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”,
т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма
және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан — Интерконтиненталь
Астана”; “Комформ — Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын
дала”, т.б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi ун-тiнде, Алматы мемл. ун-тiнде,
Қазақ Ұлттық ун-тiнде, “Тұран” ун-тiнде, т.б. жоғары оқу орындарында
дайындалады.
    Туристiк нысандар. Қазақстандағы туристiк ресурстарға — туристiк қызмет
көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеум.-мәдени,
сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра
алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына келтiрiп сергiтуге жәрдемдесетiн өзге
де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экол., спорттық, әлеум., дiни,
т.б. туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи-
рекреациялық, тарихи-археол., тәуеп ету, т.б. топтарға бөлiнедi.
    Табиғи-рекреациялық нысандарға Солт. Қазақстан аймағындағы Көкшетау,
Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығ. Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл,
қазақстандық Алтай, Оңт. Қазақстан жерiндегi Батыс, Солт. Тянь-Шань,
Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Бат. Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар,
Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орт. Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай,
Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы обл-
ндағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмдi дамытуда маңызы зор. Оларға
Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-

Ф-ОБ-001035

Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы,
Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай
ұлттық саябақтарында туризмдi дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып
келедi. Қазақстан аумағындағы 9 мемл. қорықта да ғыл.-экол. туризмдi
дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
    Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы
орны ерекше. Археол. ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-
экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ
қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңт. Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Бат.
Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң
қызығушылығы мол. Археол.-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен
нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр
ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi
бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өз-ндегi
Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы
тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6 — 3 ғ-лардан қалған
сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн
киген “Алтын адам”, 2001 — 2002 ж. Шығ. Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд-ның
Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол. туристiк
нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке,
Талхиз, Жаркент қ-лары, т.б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып
табылады. Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет
Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң
негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жерленген.

   

Ф-ОБ-001035

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б.
ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн тартымды нысандар.
    Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп
кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет
Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б.
жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi.
Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата
бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан.
Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда
облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата,
Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.
    Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген
құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек
пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы обл.) Қордайдағы (Жамбыл обл.)
Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен
Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б.
жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын
қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi,
Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi
орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды
мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш — Баян сұлу, Еңлiк-Кебек
кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс,
Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов,
I.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады.
    Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар
орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар

Ф-ОБ-001035

обл. Жасыбай к. жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды обл-ндағы
таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығ. Қазақстан обл. Бұқтырма бөгенi жағасындағы
“Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы “Орал”, Қостанай обл-ндағы
орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңт. Қазақстан обл. Бадам жазығындағы
“Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады.
Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоол., ботан. қорықтар да
жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы (кешендi), Iле атырауы (зоол.), Тарбағатай
(зоол.), Жалтыркөл (зоол.), Ұлытау (зоол.), Бетпақдала (зоол.), Қарақия-
Қаракөл (зоол.), Зерендi (зоол.) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты —
палеонтол.) және Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы” (ботан.), Күмiс қылқанды
орман (ботан.), Жаманшық тауы (геморфол.), Айғайқұм, Әншiқұм (геоморфол.),
Жаңғақ тоғайы (ботан.), Бүркiттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрол.),
т.б.                                                                          
                                  

Ф-ОБ-001035

I Тарау.Республикамыздың табиғаты әсем жерлері
1.1.Туризм саласына қатысты терминдер мен ұғымдар.
Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде
өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін
заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек
ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті
меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған
шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты
ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына
баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға
бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан
бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс
жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы
түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн
қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi
қызметi.
Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне
лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну
және өткiзу жөнiндегi қызметi.
Тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша
жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты
растайтын құжат.
Туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн
жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа
байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор
қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм
нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар
мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Экскурсант - бiр жерге, елдi мекенге, аумаққа немесе сол жердегi
басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша
келген жеке тұлға.
Экскурсиялық қызмет – азаматтардың уақытша болатын елдегi (жердегi)
туристiк ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруiн ұйымдастыру жөнiндегi
кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi
көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды.
Экскурсовод - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен
таныстыру жөнiнде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет
көрсетуге лайықты бiлiктiлiгi бар, кәсiби даярланған жеке тұлға.
Туризмнің ұйымдық нысаны - халықаралық және ішкі туризм.
Халықаралық туризмге:
келу туризмi - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын
адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты;
шығу туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Рес-
публикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында
тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты
кіреді.

Ф-ОБ-001035

1.2.Республикамыздың спорттық маңызы бар сауықтыру
орындары.
Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи ашық аспан астындағы
Тамғалықорық мұражайы,бәр спорт-көңіл көтеру кешені,үш мавзолей,екі
аквопаркта туристік әлеуеттің бағалы нысаны.Экологиялық туризмнің
негізін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алтын емен,
Шарын, Алакөл және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары сияқты
экологиялық жүйелерді сақөтаудың аса маңызды дәрежесіне ие ерекше
қорғалатын тьабиғи аумақтар құрайды. Сонымен бірге, облыстағы туристік
саяхаттардың мақсаттарына қарай, туристерге курорттық емдеу, соның ішінде
климаттық ем, больниологиялық ем, балшықпен емдеу, экологиялық туризм,
соның ішінде оның мамандандырылған флора мен фауна өкілдерін бақылауға
негізделген түрлері, спорт-сауықтыру туризмінің (жаяу жүру, тауға шығу,
шаңғы тебу, ажғ,ажайда суға шомылу, судағы спорт, мотоциклмен жарысу,
желкен есу, альпинизм түрлері, мәдени-танымдық), соның ішінде табиғи,
мәдени-тарихи көрікті жерлермен танысу, діни, этникалық мамандандырылған
туризм, сонымен қатар аңшылық, кәсіпқойлық, белгілі жағдайларға байланысты
экскурсиялар уақытын мәнді өткіземін деген демалушының талап-талғамына жол
ашады. Республикамыздың көрікті жерлері
1.Іле төңірегі;Алматы қаласы,Түрген ауылы,Есік,Талғар,Қаскелең,Қапшағай
қалалары,Ұзынағаш ауылы.
2.Слотүстік Тянь-Шань;Кеген,Нарынқол,Жалаңаш,Шо ңжы,Қолжат.
3.Талдықорған Жаркент;Көктал,Босжа,Текл,Жаркент Арасан курорты.
4.Солтүстік-Жоңғар;Достық,Лепсі,Жар құлық,Көктұма,Сарқант,Арасан-Қапал
курорты.
5.Түркістан;Турбат,Отырар,Шәуілдір, Кентау,Шаян.
6.Шымкент-Сайрам;Арыс,Шардара,Сарыа ғаш,Ленгер,Ванновка.
7.Жоғары Бұқтырма;Қатон-Қарағай,Берел,Рахман бұлағы куорт.

Ф-ОБ-001035

8.Демалу-сауықтыру орындары,курорттар мен санаторийлер.
9.Қорықтар.
10.Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар

Іле төңірегі.Іле Алатауы-ең әдемі көрікті жер,көптеген көлдері
бар.Соның ішінде ең ірісі Үлкен Алматы көлі.Көлдің айналасы демалуға
өте қолайлы табиғатымен ерекшеленеді.Іле Алатауы Тянь-Шань тауларының
жалғасы батыстан шығысқа қарай 300 шақырымға созылып жатыр.Ені 30-40
шақырым жіңішке,Түрген өзендері басталады.Осы Іле А латауының етегінде
Алматы қаласы орналасқан.Іле Алатауы көптеген тау
аңғарларымен,сайларымен бөлінген.Олар;Ремезовка,Каменское
плато,Горельник,Қотыр-бұлақ,Шымбұла қ,Мыңжылқы,Горный садовод.Кіші Алматы
аңғары жақсы игерілген.Халықтар қоныстанған елді мекендер көп.
Алматы қаласы- ең әдемі жері 25 қабатты Қазқстан қонақ
үйі,Республика сарайы,5 жұлдызды Рахат-Палас,Анкара қонақ үйі,Абай
Құнанбаев-ескерткіші,Көктөбе аулына шығатын аспа жол.Ал Алматы маңында
түгелдей демалуға қолайлы көптеген;демалыс
үйлері,санаторийлер,кафе,ресторанда р орналасқан.
Медеу-әлемге әйгілі биік таудағы спорт кешені.Қонақ үйі,ресторан
орналасқан.
Шымбұлақ-тау шаңғы базасы. Халықаралық жарыс болып тұрады.Үлкен
Алматы аңғары-Үлкен Алматы өзені айналасы түгелдей қалың емен
арасында Алматы санаторийі орналасқан.Үлкен Алматы көлі 2500 м теңіз
деңгейінен биіктікте орналасқан.38 м тереңдігі суы мөлдір,таза Үлкен
Алматы өзені келіп құяды да ағып шығады.Тағы бір көрікті жер-Талғар
аңғары.Талғар қаласы алма бағы,өрігі,қарақат,қайың,емен арлас баулары
ерекше орын алады.Есік
өзенінің аңғары бау-бақша табиғаты әсем көрікті жнр Есік көлі

Ф-ОБ-001035

бар.Шырша,қарағай,қалың еменге бай.Түген аңғары.Түрген ауылы Аса
жайлауы,бау-бақша,жүзімдіктерге жабайы өріктерге бай.Түрген аңғары
шыршалы Қарағайлы белдеуі басталатын аңғар.Бұл жерде бнлгілі Тау-Түрген
демалыс орны бар.Іле өзені бойында Қапшағай суқоймасы салынған.
Cолтүстік Тянь-Шань
Аудан туралы айтатын болсақ,оның таулы аймағынан бастаймыз.
Бұл таулы аймақ орталық Азияда орналасқан.Батыс бөлігі Қазақстан
мен Өзбекстанда.Шығыстан батысқа қарай 2500 км,ал солтүстіктен оңтүстікке
қарай 300км созылып жатыр.Жоғары нүктесі;Хан-Тәңірі (6995м) Табиғаты
жағынан Орталық Тянь-Шань,Солтүстік Тянь-Шань,Шығыс Тянь-Шань және Ішкі
Тянь-Шань болып бөлінеді.
Солтүстік Тянь-Шаньға Іле Алатауы мен Күнгей Алатау және Шелек
өзені кіреді.
Солтүстік Тянь-Шань таулы аймағындағы ландшафт түрлері қалың мұздықпен
созылған және аппақ қармен өрнектелген;ір түрлі түстегі альпі
егістігі,ну орманды Тянь-Шань шыршалары жатады.Талғар алабы өзендері
Алматы қорығында орналасқан.
Солтүстік Тянь-Шань ерекше ең жоғары сатыда таулы туризмде ең басты
орын алады.Олардың жаяу жүруден,суда жүзулерінен жіне шаңғы тебу
туризмдерінен әйгілі.
Солтүстік Тянь-Шань таулы аймағында 10-нан аса спорттық туризм түрлерін
өткізуге болады.Бұл аудан өзінің табиғат сұлулығымен ерекшеленеді.

Жаркент-Талдықорған
Жаркент –Талдықорған ауданы Қаратал өзенінің жағасында,Жоңғар
Алатауында орналасқан.
Жаркент-Талдықорған басты өзендері :Іле,Қаратал,Ақсу,Лепсі Балқаш
көліне құяды, Жетісу (Симиречье).Ірі көлдері

Ф-ОБ-001035

:Балқаш,Алакөл(Тұщы)Сасықкөл .Тауларда мениралды бұлақтарды (курорты),Қапал
–Арасан бар.
Шөл және шөлейтті тау өыраттарын түзеді.Жоғары 1200 м биіктікте – орман
парктер түрі,1700 м биіктікте –қалың орман,альпі орналақан алты табиғи
қазбалар бар.
Алакөл көліне қарай Тентек,Жаманты Ырғайты өзендері ,онда бие және
шілікті өзендері құмда тартылып қалады.
Құмды дала зазықтықтарына- еремен шөбі жүзгіш шөптер –қыста қар
астында жататын шөптер.Сексеуіл құмды тікенектер ең үлкен алаңды алып
жатыр.Ал көлдер мен өзен жағасында –ну орман ,үлкен жапырпырақты ағаштар.
Өзеннен кейін тау етегі 600-700 Жартылай шөлейіт
,құрғақ,тікенекдалалар бар.Тау етегінде кейінгі жағындағы ұзындығы 1250-
1300 м тікенек далалары үлкен қайың және алма бақтары,Тянь-Шань шыршасы бар
және альпі фиялшкалары,осакалары жаздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту
Халықаралық - өндірістік практика жайлы есеп (Kondor-tour)
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы
Табиғи территорияларды қорғау ерекшеліктері
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы негіздері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы. Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
Туризмнің даму тарихы жайлы
Мәдени саясаттың модельдері
Қазақстан Ресупубликасындағы туризмнің дамуына жалпы сипаттама
Пәндер