Қазақстанның химия өнеркәсібі
Қазақстанның химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібі - ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек
заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық
әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.
Химия және мұнай өнеркәсібі
Іштей химия және мұнай-химия өнеркәсібі болып бөлінеді.
1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар:
• кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт,
т.б.)
• негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер,
жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)
• жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және
пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль,
т.б. өндіру)
• химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық
бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика
2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар:
• синтетикалық каучук
• негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру
• резина-асбест өнеркәсібі жатады.
Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы
Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:
• кен-химия өнеркәсібі (шикізат - фосфорит, ас және калий тұздарын,
күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)
• негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер,
т.б. өндіру)
• полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен
пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық
бояғыштар өндіру);
• тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-
дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар)
өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім
сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға
жетіп отыр.
Тарихы
Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда 19 ғасырдың
аяғында дүниеге келді. 20 ғасырдың 50 - 70-жылдардың басы химия
өнеркәсібінің дәуірлеген “алтын ғасыры” болды. Бұл кезеңде мұнай-газ
шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланысты осы сала әлемде
неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінде химияның
үлесі 20 ғасырдың 2-жартысында 8 - 9%-дан 12 - 15%-ға дейін өсті. Қазіргі
кезде химия өнеркәсібі әлемді негізгі 4 аймаққа бөліп тұр. Олар
— АҚШ, Батыс Еуропа, ТМД елдері, Жапония. Мұнда кенішті химия, минералдық
тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдерін, әсіресе, органикалық синтез өндіру,
полимерлік материалдар шығару ерекше орын алады. 20 ғасырдың 90-жылдарының
ортасында химия өнеркәсібінің әлемде өндірілген химия өнімдерінің 20%-ы АҚШ-
тың үлесіне тиіп, экспорттық өнімнің 24%-ын құрады. Батыс Еуропаның барлық
елдері химия өнімінің 24%-ын, Жапония 15%-ын берді. Бірақ 90-жылдардың
аяғында АҚШ пен Жапонияда химия өнімін өндіру төмендеп, біріншілік Батыс
Еуропа елдеріне ауысты (Химия өнеркәсібінің 40%-ы). Қазіргі кезде Шығыс
және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері синтетикалық және жартылай
синтетикалық бұйымдар өндіруге мамандануда. 21 ғасырдың бас
кезінде химиялық шикізат және негізгі химияның аса маңызды өнімдерін
- күкірт қышқылын, минералдық тыңайтқыштар өндіру іс жүзінде тұрақталды,
ал синтетикалық каучук өндіру қарқыны баяулады. Мұның себебі, өнім
бірлігіне жұмсалатын көптеген химикаттар шығынының азаюына байланысты
технологиялық үдерістердің жетілдірілуінде. Сонымен бірге қалған полимерлік
материалдарды, ең алдымен синтетикалық шайырлар, пластмассалар, химиялық
талшықтар өндіру жедел қарқынмен дамып отыр. Кеңес өкіметі химия
өнеркәсібін жедел дамытуға айрықша мән берді. 1 бесжылдық кезеңінде (1929 -
32) химия өнеркәсібінің қазіргі салаларын (синтетикалық аммиак және
оны азотты тыңайтқыштарға қайта өңдеу, органикалық шала өнімдер,
күрделі анилин бояғыштар, синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды
талшық, шина өнеркәсібін) дамытуға материалдық-техникалық негіз жасалды. 30
- 40-жылдары қазіргі заманғы қуатты химия өнеркәсібі пайда болды. Соғыстан
кейінгі жылдары мұнай-газ шикізатынан синтетикалық этил спиртін өндіру
игерілді. Органикалық синтез заттарын өндіруде мұнай-химиялық шикізатының
үлес салмағы басым болды. КСРО минералды тыңайтқыштар өндіру жөнінен әлемде
1-орынға, аммиак пен күкірт қышқылын өндіру жөнінен 2-орынға (АҚШ-тан
кейін) шықты. Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы
бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде
Қазақстанда Шымкент дермене(сантонин) зауыты (1883), сабын қайнататын,
желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жұмыс істеді. 1930 — 40 жылы Ақтөбе
химиялық комбинат, “Аралсульфат” комбинат, ірі фосфорит кені — “Қаратау”
комбинат, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық
талшық зауыттары салынды. 1950 - 60 жылдары Қазақстанда осы заманғы
химиялық индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химиялық
зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе
ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан
анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай.
Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады.
Сала үшін 1992 - 94, 1998 жылдар неғұрлым дағдарысты кезең болды. 1999
жылдан 2004 жылға дейін химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі айтарлықтай
өсті. 2005 жылы химия өнеркәсібі орындары 54,3 млрд. теңгенің өнімін
өндірді. Қазіргі кезде “Қазфосфат” ЖШС-нің бөлімшесі республикада химия
өнімін өндіруші аса ірі кәсіпорын болып табылады, ол 2005 ж. 83,4 мың т
өнім шығарды, мұның өзі 1995 жылғыдан 1,7 есе, ал 2000 жылғымен
салыстырғанда 5,4 есе көп. 90-жылдардың ортасынан бастап елде илеуіштер,
хромды ангидрид, хром тотығын өндіру қолға алынды. 2005 жылы олардың
көлемі 1995 жылғы деңгейден 1,8 - 2,4 есе асты. 1995 — 2005 жылы
республиканың 5 мұнай-химия кәсіпорны қызметін қалпына келтірді. Бұл
кәсіпорындар таяу шет елдердің өнімдеріне ұқсас полистирол, полипропилен,
резина-техникалық бұйымдар, шина өнімдерін шығарады. 2003 жылы Ақтау
пластмасса зауытында өндіріс жолға қойылды. 2005 жылы пластмассадан
құбырлар мен шлангалар өндіру 2000 жылғымен салыстырғанда 12,9 есе көбейді.
2005 жылы “Интеркомшина” АҚ камералар, резина бұйымдарын, шиналар шығару
өндірісін іске қосты. Резина-техникалық бұйымдар шығаратын
“Сараньрезинотехника” ААҚ мен “Қарағандырезинотехника” ЖШС кәсіпорындары
тапсырыскерлермен тікелей шарттар бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді.
Қазақстан химиясының құрылымында полимерлік химияға қарағанда негізгі
химияның үлесі басым. Еліміздің негізгі химиясы қышқыл, химиялық
қосылыстар, фосформен минералдық тыңайтқыштар өндіреді. Химия-фармацевтика
өнеркәсібі, негізінен алғанда жаңадан құрылып, басқа салаларға қарағанда
жылдам дамуда. Ең үлкен “Химфарм” зауыты Шымкентте орналасқан. Ол
Қазақстандағы дәрі-дәрмектің 35 бөлігін
шығарады. Алматы, Қаскелең, Семей ж әне Павлодарда ірі кәсіпорындар жұмыс
істейді. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе
газ жатады. Ақтау зауыты полистирол, Атырау зауыты полиэтилен мен
полипропилен шығарады. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары
— Саран (металлургия үшін конвеер таспаларын шығару)
және Шымкент(автомобиль мен а. ш. техникасы үшін шина жасау).
Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өн діріп ұсақтайды да Таразда фосфор
тыңайтқышын шығарады. Азот өндірісі Ақтау мен Теміртауда; күкірт қышқылы
ауыр металдардың металлургияның орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен,
Риддер); уран алатын орталықтарда (Степногор, Ақтау), фосфатты тыңайтқыштар
өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде
орналасқан. Оның өнімдерін негізгі тұтынушылар - түсті металлургия, тері
илеу және лак-бояу өнеркәсібі, ал шет елдерде АҚШ-тың, Ресейдің,
Ұлыбританияның кәсіпорындары
Химия өнеркәсібі: кеше, бүгін және ертең
Әлемде химия өнеркәсібіне арқа сүйеп дамуға тиісті екі мемлекет болса -
бірі, біреуі болса соның өзі - біздің Қазақстан. Олай дейтін себебіміз
елдің өндірістік және экспорттық әлеуетінен-ақ байқалады. Айталық, біздің
өндіретініміз де, экспорттайтынымыз да негізінен, шикізат. Оның ішінде
тіпті алғашқы өңдеуден өтпеген күйінде шетелдер асып кете баратындары
қаншама. Мәселен, мұнай сол күйінде, металл кен топырақ қалпында
миллиондаған тонналап болмашы тиын-тебенге кетіп жатыр, кетіп жатыр...
2010-2020 жылдарға арналған индустриялы-инновациялық даму бағдарламасында
Елбасымыз өңдеу ұқсату салаларына басымдық бере отырып, қосымша құны мол
тауарлы өндіріс құру туралы ойын күн тәртібіне шығарды. Орынды-ақ! Мінеки,
осындай тамаша бағдарлама тек қана өндіріске химия ғылымының тікелей
араласуы арқылы оң нәтиже бере алады. Сондықтан біз еліміздегі химия ғылымы
мен химия өнеркәсібінің жағдайы кеше қалай еді, бүгін не істеп жатырмыз,
ертеңнен қандай үміт күтеміз деген
сұрақтарға осы мақалада жауап бермекпіз.
Әлқисса, отандық химия өнеркәсібі уақыттың, халық шаруашылығының талабына
орай біршама жақсы дамыды дей аламыз. Айтқандай, жерімізде тікелей химиялық
шикізат қорының көптеп табылуы да Одақтық басшылықты Қазақстанда химия
өнеркәсібін дамытуға итермеледі деу керек секілді. 1932 жылдың өзінде сол
себептен де елімізде КСРО Ғылым академиясының сараптау лабораториясы
құрылған еді. Сол сарапшы лабораторияда Қазақстан жерінде фосфорит, борат,
натрий, калий сульфаты, магнезия тұздары бар екені және олардың қоры көп
мөлшерде екені анықталады. Осы тұста ұлттық ғылым қайта өрлеу дәуірінің
негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бастаған кен барлаушылар тобы
Орталық Қазақстан өңірінде әуелі мыстың, сонан соң басқа да металдардың мол
қоры бар екенін анықтайды. Шығыс Қазақстанның кен байлығы жайлы Ресей Ғылым
академиясында көп мәлімет бар еді. Сондай-ақ кезінде Гурьев деп аталған
бүгінгі Атырау аймағында бұдан әлдеқайда бұрын ағылшындардың мұнай
өндіргені де Мәскеуге белгілі. Демек, Қазақстанда химия ғылымын дамыту
қажет еді. Сол үшін де ең әуелі Қазақ мемлекеттік университеті құрылып,
онда химия факультеті ашылды. Факультетте жұмыс істеген алғашқы кафедралар
физикалық химия, органикалық химия, органикалық емес заттар химиясы,
сараптаушы химия және катализдер деп аталды. Қарағандыда Химия металлургия
институты жұмыс істей бастады. Гурьевте Мұнай химиясы институты ашылды.
Қазақстан жерін кешенді зерттеу өткен ғасырдың алпысыншы жылдарына қарай
ерекше қарқынмен жүргізілді. Соның нәтижесінде бүкіл Одақ бойынша
өндірілетін хромит кенінің 86,9 пайызы, ванадийдің 90 пайызы, қорғасынның
46, мырыштың 42, мыстың 35,7, бокситтің 26,7, темірдің 16,2, фосфориттің
30, мұнайдың 16 пайызы бізде шығарылатын болды. Десек те Жезқазған
кенішінде қолданылған технология бойынша кеннің шамамен 18-20 пайызы
қалдықта қалып жатты. Бұл зор шығын еді. Сондықтан да Мәскеу ғылымды дамыта
отырып, топырақтан кенді мейлінше мол алу технологиясын жасауды ғалымдар
алдына басты мәселе ретінде қойды. Ал мұның өзі химия ғылымын дамытпайынша
іске асатын шаруа емес еді. Бұған нақты мысалды көптеп келтіруге болады. Ал
сол кездің өзінде республикада 150-ден астам ғылыми-зерттеу институттарының
жұмыс істегендігі бұл сөзімнің нақты дәлелі.
Ал химия технологиясы бойынша 4 ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істеп
жатты. Оның бірі және бірегейі Химия ғылымдары институты болса, келесісі
Металлургия және кен байыту институты деп аталды. Қарағандыда Химия
металлургия, Гурьевте Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты жұмыс
істеді. 1966 жылы бұл институттарда 14 ғылым докторы, 134 ғылым кандидаты
жұмыс істеген екен. Мұның өзі республикалық химия өнеркәсібін 1966-1970
жылдар аралығында 32 пайызға өсіруді қамтамасыз етті. Қаратау дүние-жүзі
бойынша фосфорит кенін өндіруден көшбастаушылардың бірі болды. Хромиттер
мен борат өндіруде де Қазақстан дүние-жүзі бойынша көшбастаушы болды.
Шымкентте химия-фармацевтика зауыты ашылды. Онда өндірілген эфедрин,
сантонин, пахикарпин және апиын алкалоидтері шетелдерге де экспорттала
бастады. Металлургия өндірісіндегі мұқтаждықты қамтамасыз ету мақсатында
күкірт қышқылын шығаратын өндіріс орны құрылды. Жезқазған тау-кен
комбинаты, Балқаш металлургия комбинаты, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты,
Шымкент қорғасын зауыты, Лениногор полиметалл комбинаты, Қаратау тау-кен
химиясы комбинаты, Қарағанды синтетикалық каучук зауыты, Қарағанды
металлургия зауыты, Жамбыл суперфосфат зауыты, Алматы электрохимия зауыты,
пластмасса және ионалмастырғыштар шығарған Қызылту фирмасы, Шымкент
гидролиз зауыты, Гурьев мұнай айыру зауыты, бертін келе салынған Ақтаудағы
полистирол зауыты секілді алып өндірістік кәсіпорындар Қазақстанның химия
өнеркәсібі деп аталатын өндірістік кешенінің негізі болған еді.
Иә, қалай десек те Қазақстан тәуелсіздікке іргелі және сан-салалы, сондай-
ақ бәсекелестікке қабілетті химия ғылымымен келді. Ұлттық ғылымның ашқан
жаңалықтары, табыстары көп еді, бірақ олардың басым бөлігі үлкен Одақтың
басқа республикаларында тауарлы өндіріс орындары болып қалып қойды. Солай
бола тұрса да Қазақстан әлемнің көптеген елдеріне қарағанда, салыстырмалы
түрде химия өнеркәсібі дамыған мемлекет бола алды. Біз мұны айтып мақтануға
тиіспіз.
Даму тоқмейілсуді ұнатпайды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының
даму қарқыны оның Кеңес Одағы құрамындағы қарқынынан әлдеқайда жоғары.
Демек, өңдеуші ұқсатушы кәсіпорын шикізат өндірісінің қарқынына ілесуі
қажет. Осыған орай елімізде не істеліп жатыр, нәтиже қандай болмақ деген
сұрақтармен Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының директоры,
академик Еділ Ерғожинге жолыққанда, ол кісі былай деді:
- Елбасымыздың тікелей нұсқауымен жасалып, қарқынды жүзеге асырылып жатқан
2010-2020 жылдар аралығындағы индустриялы-инновациялық даму бағдарламасын
көкірегі ояу, көзі ашық адам отандық химия өнеркәсібін дамыту жоспары деп
түсінуі керек. Бұл бағдарламаны жасатар алдында Президентіміз атқарушы
билікке онда айқындалатын жеті басым бағытты көрсетіп бергенін білеміз.
Сонда мұнай-газ химиясын, тыңайтқыштар химиясын ерекше атап көрсеткен еді.
Осы екі басым бағытта химия тікелей аталған. Ал ол аталмаған қалған бес
бағыт та, менің білуімше, химия ғылымын қатыстырмай, дами алмайтын тұстар.
Олай болса тұтастай алғанда бүкіл индустриялы-инновациялық даму
бағдарламасының ең кемі 70 пайыздық жүгін химия арқалайды деген жөн.
Айталық, фармацевтика саласы химияның қатысуын қажет етеді. Құрылыс
индустриясында да химия жүреді. Аграрлық салада химия ғылымының өнімдері -
басты қажеттілік.
Енді қазір не болып жатыр деген сұраққа жауап берер болсақ, онда елімізде
химия өнеркәсібінің құрылысы жанды жүріп жатыр деу керек. Осы уақытқа дейін
бар болғаны екі жылға толмайтын мерзім ішінде фармацевтикалық төрт кешен
іске қосылды. Теміртауда шойын өндірісі жаңғыртылды. Павлодарда электролиз
зауыты жұмыс істей бастады. Енді келіп Павлодар химия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz