ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХІV-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХІV-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
Сәулет өнері. Өнердің бұл түрі Қазақстанда Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді. Оның басты дәлелі - Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі, Бабаджа-қатын сиякты сәулет өнерінің тамаша туындылары. Алайда XIII ғасырдағы монғол шапқыншылығы бұл өнердің дамуына үлкен нұқсан келтірді. Өйткені XIII ғасырдан XIV ғасырға дейін жерімізде айтарлықтай ірі кұрылыстар салынбаған.
XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде ХІV-ХV ғасырларда ірі архитектуралық қрылыс жүйелері салына баста-ған. Мөселен, бүл кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне Арыстан баб, Қожа Ахмет Йасауи, Кеккесене, Алаша хан, Дөуітбек, Тектұрмас сиякты кесенелер жатады.
Қожа Ахмет Йасауидің кешенді кесенесі.
Арыстан баб кесенесі көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстан баб VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Оның басына тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап калған күмбезді Әмір Темір XIV ғасырда қайта салғызыпты. Арыстан баб кесенесі екі бөлмеден тұрады. Ортасында дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен көтерілген. Кесене XIX ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен.
XIV-XV ғасырдың аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі - Қожа Ахмет Йасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет - ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын. Кесене Түркістан қаласының дәл ортасына салынған.
Жазба деректерге қарағанда, кесенені салуға Әмір Темір 1397 жылы бұйрық берген. Күмбезді салғызудағы басты мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы зор беделі арқылы оны пір тұтушылардың сеніміне ие болып, өз жағына тарту болды. Әмір Темір ғимаратты Орта Азияда ешбір теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы ретінде салдыруға тырысқан. Кесененің аумағы - 46, 5x65, 5 м. Биіктігі - 37, 5 м. Қасбеті шығысқа қараған, екі биік күмбезді. Көрушілер орталың үлкен бөлме (18, 5x18, 5 м) арқылы кесененің ішіндегі үлкенді-кішілі 35 бөлмені аралайды. Залдың ортасында 1399 жылы жасалған үлкен тайқазан тұр. Оған діни мейрам күндері тамак, жасалып, келген адамдарға тегін таратылатын. Бөлмелердің ішіндегі негізгісі - кітапхана. Оңтүстік жағында үлкен ақсарай, кіші ақсарай бар. Олардың ішіне атақты адамдар жерленген.
Басты бөлме - көрханада Ахмет Йасауидің мүрдесі қойылған. Көрхананың есігі тамаша өрнектелген ағаштан жасалған. Қабірдің үстіне ашық жасыл түсті яшманың жылтыр тақта тасынан құлпытас қойылған.
Кесененің сырты әйнек сырлы, кұйма кірпіштермен қапталған. Кірпіштен қаланған қабырға бойы түрлі өрнектермен әшекейленген. Ал көрхананың үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған. Күмбездің барабандары айналдыра араб жазуымен өрнектеліп қаланған.
... жалғасыКөккесене. Көккесене - Ақ Орданың орталығы болған Сығанақ қаласының маңында, Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Қасбетіндегі кіре беріс арқасы сүйірленіп, өте сәнді жасалған. Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұксатып қаланған. Қазіргі кезде бұл тамаша ескерткіштің жұрнағы ғана калған.
Алаша хан кесенесі. ХIV-ХV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Күмбез Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. Бұл кесененің өзіндік бір ерекшелігі - далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалуы. Оның іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Кіре беріс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты сықырлауық есігі тәрізді. Күмбездің екі жақтауы мен маңдайшасы өрнекті кірпіштермен қос сызықша етіп қатар өрілген. Қабырғалары сыртқы жағынан кереге көзді кілем тәрізді өрнектеліп каланған. Кесененің кұрылыс жүйесіндегі өрнек үлгілері Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді.
Бұл ғимараттың өзіне тән жөне бір ерекшелігі, үстіңгі қабатында күмбез барабанын айналдыра жасалған галереясы бар. Оған кесененің ішінен көтерілетін басқыш арқылы шығады.
Алаша хан күмбезінің қабырға сыртын әсемдеу ісінде казақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған.
XV ғасырдың екінші жартысында салынған тағы бір ескерткіш - жартылай сақталған Рабига Султан Бегімніц кесенесі . Кесене Қожа Ахмет Йасауи ғи-маратының шығыс жағында, 60 м жер-
де орналасқан. Ол бес бөлмеден тұрады.
Басына қойылған құлпытасы Ахмет Йасауи
![]()
Отырар мешітінің жұрты. Жалпы көрінісі.
күмбезінің ішінен табылған. Мұнда қалай келгені белгісіз. Құлпытастағы жазуда Бегімнің Өмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендігі, 1485 жылы қаза болғандығы жазылған.
Археологиялың зерттеу жұмыстары кезінде Отырар қаласынан көпшілікке арналған мешіт, монша сияқты қоғамдық құрылыс орындары да ашылған. Олар да түрлі түсті әйнек сырлы кірпіштермен безендірілген.
Археолог ғалымдардың пікірлері бойынша, Отырар мешіті үш-төрт күмбезді болған. Оған дәлел - оның көлемі мен табылған кұрылыс материалдары.
Отырар қаласындағы күрделі архитектуралық құрылыстардың ішінде көпшілікке арналған моншалар ерекше назар аударады. XIV-XV ғасырларда ірге көтерген бұл моншалардың алдыңғысының ауданы 13, 5x16, 5 м болса, ал соңғы монша кеңейтіліп, ауданы 17x15, 5 м етіліп жасалған. Бұл жағдай Отырар каласы тұрғындарының көбейгендігін көрсетеді. Монша еден астынан қыздырылатын шығыс моншасы үлгісімен салынған. Мұндай моншалар Түркістан, Тараз жөне басқа да орта ғасыр
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz