Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғғ. экономикасы


Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғғ. экономикасы.
Жоспары:
- Мал шаруашылығы және оның түрлері. Егіншіліктің дамуы.
- ХІҮ-ХҮ ғғ. қалалар, қалалық және селолық қоныстар.
- Қолөнер мен сауданың дамуы.
- ХІҮ-ХҮ ғғ. керуен жолдары және ақша айналымы
- Лекцияның Мақсаты:ХІҮ-ХҮ ғғ. қалалар, қалалық және селолық қоныстар, Қолөнер мен сауданың дамуы, ХІҮ-ХҮ ғғ. керуен жолдары және ақша айналымы туралы мағлұмат беру
Лекция Мәтіні: ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың өмірінде бір хандықтар тарап, екінші хандықтар кұрылып, шексіз өзгерістср болып жатқанына қарамастан, халық ертеден келе жаткан ата кәсібі - мал шаруашылығымен дәйекті шүғылданған. Оның отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі түрлері болды. Отырықшы мал шаруашылығы оңтүстікте, Сыр бойының күнгей беттерінде күшті дамыды. Маңғыстау, Арал аймақтарын мекендеген ел бүкіл жыл бойы жайылымнан жайылымға үздіксіз көшіп жүрген. Мал шаруашылығының кең тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан шаруалар ішінара егін егіп, малдың қысқы азығын дайындауды әдетке айналдырды. Олардың қыстауға арналған тұрақты орындары болды. Көп жерлерде қой мен жылқы өсіру басты орын алса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы отырықшылық жерлерде табындап мүйізді ірі қара өсірілді.
Қазақстанның саяси орталығының елдің оңтүстігіне ауысуы егіншіліктің дамуына жол ашқанын айту керек. Бұл жерлерде ел билеушілер егіншілік ошақтарын қалпына келтіруге күш салды. Егіншілік, әсіресе, қала маңдарында қатты дамыды. XIV ғасырда Сырдарияның орта ағысындагы егіншіліктің күшті дамыған жері - Сығанақ қаласы. Қала түрғындары суармалы учаскелерде бау-бакша мен көкөніс өсірді, дәнді дакылдар егілетін суармалы және тәлімі жерлер олардан алысырақ орналастырылды.
Егіншіліктің, екінші бір орталығы - Ясы каласының маңы. Бүл араның түрғындары астык және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерімен тек өз мүктаждықтарын қамта-масыз стіп қоймай, сонымен қатар астықты базарға шығарып отырды. Егіншіліктің ірі ошактары Отырар, Сауран және Сайрам, сондай-ақ Тараз, Сауыр, Қорған, Аспара қалаларының маңында көптеген егін шаруашылығы дақылдары өсірілді. Іле алқабында дәнді дақылдар, атап айтқанда, бидай мсн арпа өсірілгені туралы дерек бар.
ХІV-ХV ғасырларда өндіргіш күштердін дамуы Казақстанның оңтүстігінде ескі қалалардың қалпына келтіріліп, жаңа қалалардың пайда болуына, мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Оңтүстіктегі ірі қалалардың бірі - Тараз, елдің экономикалық мәдени түрмыс тіршілігіне елеулі ықпал жасады. Онда күмістен теңге құйылып, өшекейлі бұйымдар, өрнектелген ыдыс-аяқтар жасалды. Оның төңірегінде бірнеше әдемі мазарлар бой көтерді. Сырдария мен Арыс алқабында жиырмадан астам қала болған. Сырдың сол жағасында Ашнас, Үзкент, Аққорған, Сүткент сияқты қалалар бой көтерді. Ак Орданың астанасы Сығанақ ірі сауда- егіншілік орталығы және мықты бекінісі бар қамал ретінде көзге түсті. Түркістан, Батыс Моғолстан және Темір ұрпактары мемлекетінің тоғысқан жеріндегі Сайрам каласы ірі сауда, қолөнер орталығына айналды.
XIV гасырда қалпына келтірілген Отырарда көптеген жаңа үйлер салынып, алтын, күмістен ақша құятын сарай жұмыс істей бастады. Батыс Қазақстандағы ірі қалалардың бірі - кейін Жайық қазақтары талқандап кеткен Жайықтың Каспийге құяр жеріндегі - Сарайшық қаласы. Бұл өңірде қала типтес салынған мекендер аз болған жоқ.
Осы тұста жана архитектуралық стильдің қалыптасуы, құрылыста жана әшекей өрнектер түрлерінің, қаптама материалдарының пайда болуы көптеген қалаларда көрнекті ғимараттардың бой көтеруіне мүмкіндік берді. Солардың бірі - Түркістандагы Қожа Ахмет Иассауидің мазары. Отырар, Тараз, Сауран, Жент және басқа калаларда салынған медіресе, мешіттер Сығанақ маңындағы Шайбани тегінен шыққан дала хандарының әшекейлі молалары өздерінің қайталанбас бітімімен көз тартатын құрылыстар.
Орталық Қазақстанда Сарысу, Кеңгір, Торғай езендерінің алқаптары мен Бетпак даладағы ХІV-ХV ғасырларда өзіндік ерекшеліктері бар Алаша хан, Жошы хан, Болған-ана мазарлары да өздерінің көркемдік стилімен ерекшеленеді.
ХІV-ХV ғасырларда Қазақстанда сауда-саттық кеңінен дамыды. Мұнда Орта Азиядан Жетісу арқылы Алтайға және Моңғолияға баратын сауда жолы маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, Еуропа елдері мен Византия, Қырым арқылы өтіп, одан әрі Таңға (Донның төменгі ағысында), Еділ бойындағы Сарайға, Әмудариядагы Үргенішке, Қызылкұм арқылы Отырар мен Сайрамға баратын, сол жерде ежелгі "Жібек жолына" келіп қосылатын сауда жолы да экономикалық қарым-қатынас пен сауда-саттыктың өркен-деуіне зор әсерін тигізді.
ХІV-ХV ғасырларда Орта Азия мен Хорезмнің, Оңтүстік Қазакстан мен Батыс Жетісудың негізгі мәдени ошақтарында рухани өмір жандана түсті. Моңғолдар жаулап алған өлкелерде моңғол тілі үстемдік ала алмай, Жошы мен Шағатайдың ұлыстарында хан жарлықтары көбнесе түрік тілінде жазылды. Мұнда араб және парсы тілдерімен қатар түрік тілі әдеби және ғылыми шығармалар тілі болды. Қазақстан жерінде қоныстанған монғолдардың тез арада түріктеніп кетуі, мұнда түркі тілдес халықтың басым болғандығын көрсетеді. Жалпы алғанда, XIV ғасырдың аяғына қарай Қазакстан мен Орта Азияны алып жатқан ұлы құрлықта татар, қырым татары, әзірбайжан, ескі өзбек (шағатай), қазақ, түрікмен және түрік әдеби тілдерінің негізі қалыптасты. Моңғолдар Дешті Қыпшақтың негізгі халқымен сіңісіп кеткеннен кейін түрік тілі, дәлірек айтқанда, қыпшак тіді Алтын Орданың әдеби тіліне айналды. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде қыпшақтардың тіл ортақтығына байланысты Қыпшақ-ноғай кіші тобы қалыптасып, одан соң ол XIV-XV ғасырларда қазақ және ноғай тілдеріне бөлінді. Бұл уақытта осы аймақта түрік тілдерінде араб алфавиті барған сайын тез таралды.
ХІІІ-ХІV ғасырларда Алтын Орда (Дешті Қыпшақта), Мамлюктік Египетте қыпшақ тілінде көптеген шығармалар туды. Дешті Қыпшақ тілінде жазылып, ертеден бізге жеткен мұра 1245 жылы қүрастырылған түрік-араб сөздігі. Өзінің сипаты жағынан алғанда бүл глоссарий қыпшақ (құман) тілі ескерткіштерінің бірі - "Кодекс куманикустың" (XIII ғасырдың аяғы - XIV ғасырдың басы) тіліне жақын. Біздің заманымызға дейін жеткен қыпшақ-орыс сөздігінің үзінділері де сол кезеңге қатысты. ХIII-ХІV ғасырларда түрік тілінде жазылған, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан белгілі жазба ескерткіштер де жоқ емес. Мәселен, XIII ғасырдың басында Мүхаммед ибн Қайс түрік тілі туралы фамматикалық шы-гарма жазды ("Үлкен кітаб") . Ғалым Хусам ад-дин Хамиди ол-Асими Баршынлығидың есімі әйгілі болды. Ол өз шығар-маларын үш тілде (араб, түрік, парсы) жазды.
Моңғолдар үстемдік еткен кезеңде Дешті Қыпшақ түркі әлеуметінің дамуына Алтын Орданың Еділ жағалауындағы, Хорезмдегі, Қырымдағы мәдени ошақтардын маңызы зор болды. Жошы ұлысының Шығыс бөлігінен шыққан белгілі ғалым, әдебиетші Ахмет Хорезми өзінің "Махаббат наме" деген шығармасын жазды. Өзбек хан түсында, XIV ғасырдың 30-жылдарында Алтын Орданың түркі тілді әдебиетінің әйгілі ескерткіші - Кұтыбтың "Хұсрау-Шырын" деген поэтикалық шығармасы жарық көрді.
ХIII-ХV ғасырларда халықтың ауызекі шығармашылығы күшті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түрік тайпаларының өркен жайған ауызша поэзиясы болды. Көркем сөздің нағыз шебері болған Сыпыра жырау мен Қодан тайшы (XIV ғ), Асан Қайғы мен Қазтуған (ХУ-ХУІ ғғ. ) жыраулардың шығармашылығы кеңінен танылып, олар шығарған тарихи шындықты бейнелейтін батырлар жыры халық зердесінде сақталды. Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ халқының тарихын бейнелейтін "Ер Тарғын", "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Едіге батыр" және басқа жырларды солардың қатарына жатқызуға болады. Сол тұста туған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" лирикалық эпосы да халықтың рухани қазынасындағы шығармалардың бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz