Қазақстанның экологиялық жағдайы



Ф – ОБ – 001035

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
Қазақ – Түрік университеті.

География кафедрасы.
Жаратылыстану факультеті.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.

Тақырыбы :Қазақстанның экологиялық жағдайы.

Қабылдаған:маг.оқытушы Беласарова Ш
Орындаған:
Нурмышова Ж.
Тобы: ЖГА –
615

Түркістан 2009ж.
Ф – ОБ – 001035

М а з м ұ н ы
Кіріспе.

I. Тарау.Қазақстанның экологиялық жағдайына жалпы сипаттама.
1.1.Қазақстанның экологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Қазақстанның экологиялық жағдайын қалыптастыратын факторлары...8

Негізгі бөлім.

II.Тарау.Қазақстанның экологиялық аймақтары.

2.1.Каспий теңізінің экологиялық жағдайы ... ... ... . ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.Арал теңізінің экологиялық
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..15

2.3.Алакөл көлінің экожүйесінің
бұзылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.4. Балқаш көлінің экологиялық
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 29
2.5.Қазақстанның экожүйесін сақтау барысындағы мемлекеттік

жобалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

Пайдаланылған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
40

Ф – ОБ – 001035

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Курстық жұмысымның тақырыбы Қазақстанның
экологиялық жағдайы.Тақырыптың маңыздылығы елімізде табиғи жүйенің
бұзылып,соның салдарынан туындаған экологиялық факторларды айқындау.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті.Қазақстан аймақтарының биоресурстарын
сақтау және орнықты пайдалану. Жобада КЭБ және Каспий теңізі (Тегеран
конвенциясы) теңіз ортасын қорғаудың Шектеулі конвенциясын жүзеге асыру
бойынша өткен жылдарда жасалған сабақтастық жұмыс бағыттылығын нақты
айқындап, экожүйе жолы қағидаларын басшылыққа ала отырып, елдердің
ынтымақтастығының дамуына негізделген өзара қарым қатынастың жаңа жобаларын
белгілеу.
Аймақтық деңгейде іс-шара жүргізумен қатар көлдерді сақтау жобаларының
орындалуы шеңберінде еліміздің азаматтары үшін нақты іс-шаралардың жүзеге
асырылып жатқандығын айқындау.

Тақырыптың құрылымы. Курстық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен ,1
және 2 тараулардан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.1 тарауда жалпы Қазақстаэкологиялық жағдайына сипаттама берсем, 2
тарауда Қазақстанның экологиялық аймақтарына жалпы сипаттама бердім.

Ф – ОБ – 001035
I. Тарау.Қазақстанның экологиялық жағдайына жалпы сипаттама.
1.1.Қазақстанның экологиялық мәселелері.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек
әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының
артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп
соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде
және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне
байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның
көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып,
жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен
жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының
өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа
жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.
Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей
қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық
апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м,
тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы
қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса,
теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы
игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5,
Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария
бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық
санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980
жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі
себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет
ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға
1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды.
Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны
30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның
үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық
препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті.
Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар
Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл
сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.

Ф – ОБ – 001035
тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына
себеп болған факторларға:
* жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
* ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
* суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп
жіберу;
* жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді
пайдалнбау;
* табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны
меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының
экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген
қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл
өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге
жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру
шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген
улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды
шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп,
ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл
белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз
атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-
дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде.
Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа
аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл
өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су,
өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен
салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның
біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс
елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар
антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10
шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар
туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.
Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия
республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар.
Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

Ф – ОБ – 001035
1.Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
2. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
3. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
4. Жер асты суларын пайдалану.
5. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны
күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат
қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми
негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны
сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш -
Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-
74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы
сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал,
Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан,
оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте
жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы
өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауц себебі
Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы
егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд
және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап
отырған.

Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп
жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған
Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле
өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін
қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі
300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды.
Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990
жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта
ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш
алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи
жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі
өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек
Ф – ОБ – 001035

кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның
сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің
жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен
аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл
жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау
соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті
азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына
пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар
қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер,
аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5
млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық
жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де
азайып кеткен. Қызыл кітапқа енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар
қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке.
Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы
таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат
туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу
деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары –
Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы
Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері,
Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта
тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы Балқаш көлін
құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы атты халықаралық деңгейде экологиялық
форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер
қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды
реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін
тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін
шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су
экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды
болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір
табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының
парызы.

Ф – ОБ – 001035
Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380
мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан
шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің
климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық климатты құрайды.
Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.
Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде
орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен
жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен
жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы
организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі –
бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре
тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін
мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен,
фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің
945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден
астам түрі тіршілік етеді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі
кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз
жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12
млн-ға жетеді.

1.2.Қазақстанның экологиялық жағдайын қалыптастыратын факторлары.

Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа
бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар,
жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды
сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар,
аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар,
құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі,
орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де
Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың
өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол
қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның
өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.
1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды жинап (оның
ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) парниктік

Ф – ОБ – 001035
эффекті тудыратын газдарды азайтуға бағытталған заңды қабылдап,
глобальдық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл
мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде Вашингтон
папкасы қабылданды.
Қызу әсерінің салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік
көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне барынша
ықтимал қатер төндіреді.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын
бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған
газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне
жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады.

Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін
2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі
сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер
жүргізу қажет.
Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің
ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына
активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге
асыру жобаларына және таза даму процестеріне қатысу, өндірістік
энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы
энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі
кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар
жөніндегі перспективалары ашады.
Киото хаттамасын біткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске
асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын
азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау
мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау
үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар
тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара –
табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою.
Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен
тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық
ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны
және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

Ф – ОБ – 001035

II.Тарау.Қазақстанның экологиялық аймақтары.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек
әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының
артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп
соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде
және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне
байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның
көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып,
жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен
жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының
өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа
жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.
Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей
қасіреттері еске түседі.

2.1.Каспий теңізінің экологиялық жағдайы.

Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі –
380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан
шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің
климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық климатты құрайды.
Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.
Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде
орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен
жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен
жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы
организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі –
бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре
тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін
мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен,
фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің
945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден
астам түрі тіршілік етеді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі
кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз

Ф – ОБ – 001035
жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12
млн-ға жетеді.
Каспий теңізі көптеген ауа-райы зоналарын қиып өтеді: солтүстігінде –
континенталды, батысында – бір қалыпты жылы, оңтүстік-батысында – ылғалды
субтропикалық, шығысында – құрғақ. Солтүстік ауа температурасының қауырт
өзгеруімен және атмосфералық жауын-шашынның аздығымен өзгешеленеді. Қазан
айынан бастап сәуір айына дейін солтүстік пен орталықта жел шығыс жақтан
соғады, мамыр айынан қыркүйек айына дейін муссонды жел солтүстік батыстан
оңтүстікке қарай соғады, орталық шығыста, солтүстік батыста және
солтүстікте желдің жылдамдығы 24 мс-тан асып кетеді. Шілде және тамыз
айларындағы орташа температура +24+26’C, ал максималды температура
шығысында +44’C-ке дейін жетеді. Қыс айларында температура солтүстіктен
батысқа қарай –10’C –12’C болып өзгереді. Шамамен 200 мм атмосфералық жайын-
шашын теңізге түседі. Судың орташа булануы жылына 1000 мм. Жазғы уақытта су
бетінің орташа температурасы - +24+26’C, оңтүстікте - +29’C. Қыс кезінде
судың орташа температурасы - –0,5’C, орталықта - –3’C-тан –7’C-қа дейін,
оңтүстікте - –8-10’C. Солтүстікте су беті қараша айынан бастап наурыз айына
дейін қатып тұрады, мұздың қалыңдығы – 2 м. Судың орташа тұщылығы - 12,7-
12,8%, шығыс жағалауда - 13,2%, Еділ мен Жайық өзендерінің құяр аясында 0,1-
0,2%. Теңіз деңгейі кей уақытта 2-2,5 м-ге дейін көтеріліп, 2 м-ге дейін
түседі. Маусым кезіндегі жалпы ауытқу – 30 см. Ең төмен су деңгейі VII-XI
ғасырларда болғаны белгілі (қазіргі кезден 2-4 м-ге төмен). Су деңгейінің
соңғы төмендеуі 1929 және 1057 жылдар аралығында болды. Су деңгейі құрғақ
ауа рай, өзен жағасында ірі гидротехникалық және суғару құрылғыларын салу
нәтижесінде төмендейді. Каспий теңізіндегі флора мен фауна, салыстырмалы
түрде, өте аз. 500-ден астам өсімдіктер, балықтар мен жануарлардың 854 түрі
және су құстарының кейбір түрлері бар. Каспий теңізінің маңайында Атырау,
Ақтау, Ералиев, Балықшы, Ганюшкино және т.б. сияқты ел көп қоныстанған
мекендер бар.
Каспий – біздің елімізге Алла Тағаланың еншіге берген сыйы. Айдыны аққу
мен сирек кездесетін құстардың бесігі болған Каспий теңізі басқа еш жерде
кездеспейтін бағалы балықтарымен, итбалығымен ерекше жаратылған су қоймасы.
Соңғы кезде мұнайдан пайда табуды көздеген алпауыт компаниялар оның ілуде
бір кездесетін флорасы мен фаунасын сақтауға ешқандай бас ауыртып
отырмағаны белгілі. Осы тақырыпта бірнеше жылдан бері журналистік зерттеу
жүргізіп келе жатқандықтан, келешектің үрейлі көрінісі туралы оқырманға ой
салуды жөн деп санап отырмыз.

АЙДЫН ӨЛІ СУ ҚОЙМАСЫНА АЙНАЛУДА.

Бүгінгі таңда Каспий теңізі мен оның жағасында өмір сүріп отырған бес
мемлекеттің тағдыры қыл үстінде тұр деуге толық негіз бар. Өйткені

Ф – ОБ – 001035
бүлінген теңіз суын тұтынып отырған да осылар. Сонау ХХ ғасырдың басынан,
яғни 1929 жылдан бері Теңіз айдынын бұрғылап, одан мұнай өндіру
жұмыстары басталғаны баршаға аян. Ал, мұнай өндірушілер тек өздерінің
қалтасын ақшаға толтыруды ойлап, жабық су қоймасының өте нәзік жүйеде
құрылған экологиясын қорғау үшін ешқандай шара қолданбай отырғаны өкінішті-
ақ. Негізі Каспий теңізі жабық су қоймасы, әрі өте терең де емес, сондықтан
мұнай мен газ өндірушілердің аса сақтықпен қимылдағандары дұрыс. Мәселен,
мұнай өндіріс орындары көп шоғырланған Баку мен Сумгаит маңындағы теңіз
аумағында тиісті технологиялық шаралар дұрыс алынбағандықтан, өлі су
аймағының пайда болуы осының айғағы. Бұл аумақта мұнай өнімдерінің мөлшері
427 мгл болғандықтан, микроорганизмдерге дейін жойылып кеткені анықталып
отыр. Сондықтан Каспийден тағы бір Арал теңізі проблемасы туындамауы үшін
күресу – перзенттік парыз. Каспий теңізінің осы дертті ахуалын талай биік
мінберлерден айта-айта шаршаған академик Мұфтах Диаровтың пікірінше,
Каспийде жүргізіліп жатқан мұнай өндіру жұмыстарын азайтпаса болмайды екен.
Өйткені теңіз табанын аяусыз бұрғылап жатқан бірнеше жүз метр тереңдіктегі
ұңғылардан кейде мұнай кетіп қалып жататынының куәсі болып та жүрміз. Содан
кейін, судағы тіршілік иелері, яғни итбалықтар, бекірелер мен қортпалар,
басқа да бағалы балықтар мен микроорганизмдер ұңғылардың дауысынан, олардың
солқылынан рефлекторлық соққы алып, бүкіл ми, жүйке құрылысы зақымданатын
көрінеді. Себебі, олар тыныштық пен экологиялық таза теңіз суында тіршілік
етуге бейімделген. Егер мұнай өндіретін өндіріс орындары көбейіп, мұнай
өндіру ресми мәлімдемелерде айтылып жүргендей, 2010 жылы 300 млн. тоннаға
жетсе, Каспийдің қорғану қабілеті әлсіз табиғи жүйесі шыдамайтыны сөзсіз.
Суы таяз солтүстік бөліктегі аққулардың өлімі мен итбалықтардың қырылуы
осыны көрсетеді.
2007 жылы көктемге салым, яғни наурыз-сәуір айларында Каспий теңізі
жағасында жүздеген итбалықтардың өлімтігі табылды. Итбалықтарды қорғау
турасында өткізген бір баспасөз конференциясында Аджип ККО басшылығы бұл
туралы төмендегідей түсінік берген. Яғни, итбалықтар қыста күшіктейді.
Итбалық күшіктеген кезде қардың қалың болуы мен мұздың қатуы – міндетті.
Кішкене күшіктер ақ тондарын түлетіп, қара тон киер алдында мұз бен қарда
жататыны рас. Ал 2007 жылы қыс жылы, қар аз түсіп, итбалық күшіктеген кезде
еріп кетті, мұз тіпті қатқан жоқ. Сондықтан, итбалық өлімі көп болды деп,
итбалық өлімінің себебін табиғаттан іздеген. Бұл жерде Аджиптің екіжүзді
саясатын айтпай кетуге болмайды. Олар Қашаған кен орнына таяу жерден
табылған жүздеген итбалықтар өлексесінен бастарын алып қашты.
Бұл компания итбалықтардың қырылуына мұнай өндірудің еш залалы жоқ деп
көрсетуге тырысты. Ал, биыл, 2008 жылы не болып отыр? Теңіздің Маңғыстау
облысына жататын аумағынан тағы да өлген итбалықтар табылды. Атырау
облысының бас экологы Құралай Шаңқиева биылғы жылы

Ф – ОБ – 001035
9-12 сәуірде теңіздің солтүстік шығыс бөлігіндегі итбалық мекендейтін
орындарға тексеру жүргізгендерін айтқан еді. Айдын жағасындағы Теңіз және
Прорва кеніштерінің тұсы, Шалыго маңы, сонымен қатар су астында қалған
ұңғымалар төңірегі тегіс қаралыпты. Экологтар балықтардың, су жануарлары,
соның ішінде итбалықтардың өлігі кездеспегенін айтып отыр.
Демек, Каспийдің Маңғыстау жағалауы маңында орын алған итбалықтардың
жаппай өлімі Атырау облысында болмаған. Айдын тазалығын тексеру үшін
табиғат сақшылары бес нүктеден теңіз суын алғанын айтады эколог Құралай
Шаңқиева.
Олар тағы да зертханаға жіберіліп тексерілді Мәселен, 1991 жылы Каспий
теңізінде 46,8 млн. бекіре, 35,7 млн. шоқыр бар екені анықталса, 2002 жылы
бекірелердің 33,4 млн-ғып, шоқырлардың 15,60 млн-ға азайғаны анықталып
отыр. Бекірелер мен шоқырлардың уылдырықтары судың ең жоғарғы қабатында
ғана өмір сүреді дейді ғалымдар. Теңіз суындағы мұнайдың мөлшері 0,001-0,1
гмл аралығында болса өмір сүруін тоқтатады екен. Яғни, теңіз суына
құйылған 1 литр мұнай теңіз бетінің 1 га ауданындағы 100 млн. уылдырықты
жойып жіберуге жететінін айтады техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс
Мендебаев.
Ол кісінің айтуына қарағанда Каспий теңізінде бүгінгі таңда бекіренің –
85, шоқырдың – 57, ақбалықтың - 67 пайызы мекен етеді екен. Әлбетте, бұл
мәліметтер ең соңғы емес, сондай-ақ артық-кемі болуы да мүмкін. Алайда, осы
бір жаратылыстың адамзат баласына берген қазынасы – балықтың жойылып
кетудің аз-ақ алдында тұрғанын да ғалым жоққа шығармайды.
Қазіргі таңда қызыл балық өнімі, қара уылдырық алтынмен бағаланып
отырғанымен, мұнай өндіру қызығына түсіп, ақша соңында жүрген алпауыт
компаниялар теңіздің экожүйесін бүлдіріп, табиғаттың тірі бөлшегі-балықтың
құрып кету қаупін туғызып отыр.
Әзірге құрып бітудің аз-ақ алдында тұрған Каспийдің флорасы мен фаунасын
сақтау үшін теңіздің жағасында отырған бес мемлекет ғалымдарын біріктіріп,
ғылыми-технологиялық орталық ашу керек деген ұсыныс береді техника
ғылымдарының докторы Тоқтамыс Мендебаев. Шындығында, Қазақстан, Ресей,
Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран мемлекеттері ойлануға тиіс. Өйткені мұнай
өндіріп жатқан американдық, еуропалық компаниялар мен инвесторлар ақша мен
байлық қуып жүргендер. Түбінде тесік астаудың жанында қалатын осы бес
мемлекет, әсіресе, Қазақстан. Өйткені ол Каспий теңізіндегі үлесі
өзгелерден гөрі көбірек ел саналады, яғни, 22 пайызды құрайды. Екі бірдей
облыс осы Каспий теңізі жағасына орналасқан. Маңғыстау мен Атырау облысы
тұрғындарының денсаулығы мен болашағы билікті ойландырса керек-ті. Мүмкін,
іске парламент депутаттары, басқа да салмағы бар, беделді ғалымдар мен
қоғам қайраткерлері араласар.

Ф – ОБ – 001035
ТЕҢІЗ НЕГЕ ЛАСТАНУДА?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, итбалықтардың, балықтар мен құстардың
өліміне себеп болып отырған нәрсе олардың улануы. Олар неліктен уланып
отыр деген сұрақтарға жауап беретін болсақ, Каспий теңізі жылдан – жылға
құрамы өзгеріп, ластанып келеді екен. Техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс
Мендебаевтың пікірі бойынша теңіз табиғи және жасанды түрде ластануда.
Табиғи түрдегі теңіз суы құрамының нашарлауына әкеп
соқтыратын фактор – теңіз табанында өндіріліп жатқан мұнай, газ кен
орындарының геологиялық қалыптасуы салдарынан пайда болған жанартау
ошақтары екен. Әзірбайжан геологтарының зерттеуіне қарағанда, жыл сайын осы
жанартаулар көмейінен теңізге миллиондаған тонна мұнай, газ тарайтыны
анықталып отыр. Бұл химиялық қосындылар жазда теңізден көтерілетін бумен
атмосфераға шығып, жауын-шашын арқылы жерді тағы бүлдіреді. Ал, теңіз суы
құрамының нашарлауына әсер ететін жасанды ластану адам қолымен жасалуда.
Әсіресе, ілеспе газ ең бір қауіптісі көрінеді. Каспий жағасындағы елдер кен
орындарын игеру мерзімі бірнеше жылға созылатын тәжірибе-сынақ жұмыстарын
жүргізу кезінде ілеспе газды өртеуге рұқсат берілген дейді ғалым. Тек
Қазақстандағы Теңіз кенішінің өзінде жылына 60 мың тонна метан, 30 мың
тонна пропан, құрамындағы адам өміріне аса қауіпті күкірттің мөлшері 33
пайызға жететін 60 мың тонна жеңіл көмірсутегі газдары өртеледі екен.
Бүгінгі таңда теңізде жиналған күкірт іскірттері космостан тау болып
көрініп отырғаны да рас. Сондай-ақ, теңіз жағасындағы мұнай өндірісі
нышандарының құрал-жабдықтары тозып біткен. Мұнай өндіру, оны тасымалдау
жұмыстарында көне технология, ескі қондырғыларды, құбырларды пайдалану
салдарынан болған апат нәтижесінде 200 мың тоннадай бақылаусыз сұйық май
көлшіктері пайда болған. Теңіз жағалауындағы жер қыртысының 5-10 метр
қалыңдықта мұнай бөлігі 200 мың га-ды құрап тұр. Күзгі және көктемгі жауын-
шашын кезінде, өр суы тасығанда осы улы химикаттардың бәрі теңізге құйылып
жатыр дейді ғалым Т. Мендебаев.
Жоғарыда айтып кеткен Каспийдегі итбалықтар мен бекіре тұқымдас
балықтардың, құстардың қырғынға ұшырауының маусымдық сипат алуының өзі-
қорқынышты екені рас. Жыл сайын наурыздың аяғы, сәуір мен мамыр айларында
Солтүстік Каспийдегі мұздың еруімен бірге Құлалы, Кіші Маржан аралдары мен
Қаламқас кеніші орналасқан жағалаулардан теңіз жан-жануарларының
өлекселері шығып қалып жүргені жұртшылыққа мәлім. Осы проблемамен 2000
жылдан бері үзбей айналысып, зертханалық зерттеулер мен сараптамалар жасап
жүрген ғалымдардың айтуынша, мұның себебі созылмалы улану салдарынан
иммундық жүйесі әлсіреуінен қозатын пастереллез және сальмонеллезбен
ұштасқан жұқпалы ауру-сүтқоректілер обасы. Созылмалы улану теңізді
мекендеуші жан-жануарлардың фенол, хлор,
Ф – ОБ – 001035

көмірсутегі, ауыр металлдар-сынап, қорғасынның туындыларымен улануынан
болып отыр. Сонымен қатар, соңғы жылдары балықтардың денесіне жаралардың
шығуы, ісіктердің пайда болуы мен бұлшық ет талшықтарының қабыршақтануы да
байқалуда. Бекіре тұқымдас балықтарды тұтынғаннан кейін жаппай улану
Маңғыстау облысы тұрғындарында 2007
жылдың 30 наурызы мен 4 маусым аралығында тіркелген болатын. Бірақ дәрігер
эпидемиологтардың айтуынша, бұл улану жұқпалы емес екен. Осының бәрі де
неден деген сұрақтың жауабы да дайын. Жағалаудағы мұнай өндіруші
нысандардың көп шоғырлануы, 100 ден астам кемелер, танкерлер, құрғақ жүк
тасымалы кемелері мен теңіз сүйретпелерінің Каспий теңізі
айдынында жұмыс жасауы. Мұнай қалдықтары мен ілеспе газ теңізді бір уласа,
осы кемелердегі экипаж құрамы тамақ қалдығын, басқа да тұрмыстық
қалдықтарын теңізге лақтыруы мүмкін. Олар келеді, кетеді, теңіз жағасында
отырған халық соның жемісін теретіні айқын. Алайда осының бәрін дәлелдеу
үшін біздің экологтардың осы заманға лайықталған зертханалары мен құрал-
жабдықтары да жоқ. Министрлік пен парламент депутаттары осыны ескерсе ғой.
Геология және минерология ғылымдарының докторы, академик Мұфтах Диаров
Каспий теңізі алдағы уақытта өлі теңізге айналуы мүмкін. Сондықтан Каспий
проблемасына бүгінгі күні жүрдім-бардым қарауға болмайды,- деген еді бізге
берген бір сұхбатында. Шындығында да тағдыры Каспиймен тығыз байланысты
Ақжайық өңірінің халқының болашағын ойласақ, осы бір жанайқайға құлақ
түрмей болмас.

2.2Арал теңізінің экологиялық ахуалы .

Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200
жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік
бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен
уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері
тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен
қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен
сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда
болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде
Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік
қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне

Ф – ОБ – 001035
байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал
теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние
әдебиеттерінде де кездеседі.

Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су
айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге
болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді
салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын,
сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі
заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X
ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри
келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың
көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.
Ибн-Хордадабех Китаби-ал-масалик Вал-мамлик \саяхаттар мен
мемлекеттер кітабы\ атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер
көлі деп атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы
жазғандары неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі
80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты
жағалауындағы Жоталары Сиякух \қара таулар\ деп аталады. Ал оң жақ жағалауы
батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы
құздары болуы мүмкін. Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді,
кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді.
Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін Хорезм көлі деп
аталған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді:
Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш \Сырдария\
және басқа өзендер құяды. Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз
автордың парсы тілінде жазған Худуд-ал Алам \шығыстан батысқа дейінгі әлем
облыстары\ атты қол жазбасында да Арал теңізінің

Ф – ОБ – 001035
сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және
жағалауларының құмды екені жазылған. Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі
жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар
емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке
қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі
жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл
кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі
осы өлкенің табиғатының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни,
арнайы зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\ ғасырлардың еншісіне тиеді.
Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол 17 ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни,
1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі
болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын
өте дәлдікпен арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта
жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға
жатады. Демек, ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең
ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі
16,1 метр, ең терең жері 68 метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған
теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар
көрінеді. Демек, теңіздің осындай құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы
Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам, бұл күндері нақты
шындыққа айнала бастады.
Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол
жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері, ұшырасқан кездері
болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт кеме капитандарының
талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз
астында

Ф – ОБ – 001035
қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла
бастағанда қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог
ғалымдардың деректері бойынша кепкен теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің
ою өрнектері сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған
дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі
табылған қала орны яғни, Барсакелмес аралының батыс беті құрлықпен
бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты
құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі
араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде
өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір
фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен дген көлемі не бәрі
300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен
салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда
Барсакелмес аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз
шындыққа жақын.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір
көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км²,
тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы
балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-
150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі
игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық
тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді
мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты
тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзеннің ластану деңгейі
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы
Қазақстанның табиғат жағдайлары
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Экология ғылымы және оның міндеттері
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
Қазақстанның Ұлттық Атласын жасау
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
Пәндер