ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҰРАТТАРЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕГІ МАҢЫЗЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҰРАТТАРЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕГІ
МАҢЫЗЫ

Қ.Қ. Құрсабаев
Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының №13 орта мектебі

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін
демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі
жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер
туындап отыр. Сондықтан да, ХХІ ғасырдың басына жаһандану мен ұлттық
тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі қазақтардың
қоғамдық мұраттарын, елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет
сапаларын, ар-намасын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр. Себебі, жаңа
ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиелене түсті. Бұл
біріншіден, барша саланың ғаламдануы, ал екіншіден рухани азғындауы
салдарынан сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз жағдайлар бас көтеріп, үдеу
үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен – күнге
жемқорлық, нашарқорлық, маскүнемдіктің жалпы тәрбие процесінің күрделене
түскендігін байқатады.
Қоғамдық мұраттардың, рухани мұраттарының жандануы адам өмірінің
негізгі өзегі саналатын адамгершілік, ұқыптылық, ар мен намыс, парыз бен
жауапкершілік, игілікті іс сияқты жалпы адамзаттық қасиеттерді объективті
түрде талап етеді.
Қазақтардың қоғамдық мұраттары негізінде мектеп оқушыларында
мұраттарды қалыптастыру мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай,
үнемі педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес.Қ.Б.Жарықбаев
т.б. ғылыми-теориялық тұрғыдан тереңдетті.
Қазақтардың қоғамдық мұраттары, ұлттық мұраттардың қайнар көзі әл-
Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари сияқты қазақ даласының ойшылдарының,
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты ғұлама ағартушыларының,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов секілді ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы педагог-ағартушылардың рухани мұраларынан бастау алды
және бұны философтар мен мәдениет-
танушылар ары қарай жалғастырды. Педагогтар қазақтардың қоғамдық мұраттары
негізінде адамгершілік тәрбиесінің тарихи даму жолдарын Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева сынды ғалымдар халықтық педагогиканың негізін
ғылыми тұрғыда жүйеледі.
Казақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өміріміздің түрлі саласында
болып жатқан өзгерістер мазмұны жағынан да, түр-сипаты жағынан да жаңа
қоғамдық қатынастарды қалыптастырудың асқан қажеттігін аңғартып отыр.
Ендігі жерде барлығын да ой-сана елегінен жаңаша өткізіп, жаңаша
қабылдауымыз қажет.
Адам мақсат-мұратсыз өмір сүре алмайды, ол қашанда жақсылыққа
ұмтылған, соны мұрат тұтқан. Батыс пен Шығыстың озық ойшылдары адамзат
тарихының барлық кезеңінде мұрат проблемасын шешуге тырысты. Олардың ішінде
адамды құдайға, тағдыр-
ға тәуелді етіп, соны дәлелдеуге тырысқандары да, бұған келіспей, адам
мұраты құдайдан да, идея мен рухтан да жоғары екендігін айтқандары да бар.
“Философиядағы мұрат ұғымы” деген бірінші параграфта И.Ф.Гербарт және
Дж.Дьюидің еңбектеріндегі мұрат категориясының дамуы, олардың мұрат ұғымына
байланысты ортақ және ерекше тұжы-
рымдары, мұраттың қоғам мен адам өміріндегі ролі көрсетіледі.
Адамның ой-сана тарихындағы мұрат ұғымына байланысты әрқилы түсінік
болғанына қарамастан, әр уақыттағы ойшылдардың еңбектеріне тән ортақ
идеяның болуы, онда адамдардың жақсы өмірге деген ұмтылысының көрініс табуы
айқындалған.
Қоғамдық мұрат дегеніміз – бұл жай ғана айтыла салатын сөз емес, ол
сол сияқты қоғамдағы таптар мен топтардың мақсат-мүддесіне сайма-сай келіп,
адамдар оны қабылдай білуі керек, сол қоғамдық мұратты уағыздаушылардың
идеологиясына илануы керек, кез-келген қоғамдық мұратты адам жайдан-жай
қабылдай салмайды, оның жүзеге асатынына сенімі болуы қажет.
Мұрат дегеніміз – бұл тек сын ғана емес. Мұрат арқылы адам болмысқа
деген қарым-қатынасын көрсетіп, оған өзінің мүдделері мен қажеттері
позициясы тұрғысында баға беріп, белгілі бір дәрежеде талабын қояды.
Мақсат пен мұраттың жүзеге асу мүмкіндігінің өзі қоғамның
практикалық қызметінің даму деңгейіне қаншалықты даяр екендігіне
байланысты. Мұқтаж, мүдде, проблема мен міндет, мақсат пен мұрат тарихи
даму барысында жалғасып, бір-бірінен туындап отырады. Мұқтаждық, мүдделік
алға қойған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген бағыт-бағдар
бойынша іс-әрекет жасауға жетелейді, субъект мұқтаждарына жету үшін өзінің
алдына мақсат қояды.
Қазақтардың қоғамдық мұраттары, адамзаттық мұраттар мәселесі көне
заманда да, қазіргі кезеңде де философ, педагог, психолог және тарихшы
мамандардың шұғылданып келе жатқан мәселелерінің бірі.
Біз қарастырылып отырған мәселенің теориялық-әдіснамалық негізін
дәлелдеу мақсатында ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы “мұрат”,
“қоғамдық мұрат” ұғымдардың өзара байланыстарына, олардың анықтамаларына,
құрастырылған жүйелерге мазмұндық сипаттама беруге талпындық. Философ
В.А.Блюмкин: “Қоғамдық мұраттар иерархиясы әртүрлі негіз бойынша
құрастырылуы мүмкін, алайда олардың ішіндегі ең маңыздысы адамзат
қажеттеліктері мен пайда – мүдделерінен құралатын құрылымдар болып
табылады, оларды адамдар өз іс-әрекеті барысында негізгі және негізгі емес,
жоғарғы және төменгі деп жіктейді. Жоғарғы мұраттар адамның ең жоғары және
ең маңызды қажеттіліктеріне жауап берулері қажет, өйткені қажеттіліктерді
қанағаттандырмайынша адамның бақытты болуы, тіптен өмір сүруі мүмкін емес”
– дейді[38]. Материалдық игіліктерді адамның қажеттіліктерді жүзеге
асыруының ғана амал-тәсілі деп атап, оларды төменгі мұраттарға жатқызады.
Жоғары мұраттар бір-бірін толықтырады және өзара тең бағаға ие, бірақ олар
адам мен адамзат игілігі үшін маңыздылығы жағынан топталады, - дей келе,
ғалым “Жақсылықты ең басты мұрат деп есептейді, өйткені Ақиқат пен Сұлулық
жақсылықсыз, рақымсыз және өнегесіз қасиетке ие болар еді”, - деп тұжырым
жасайды.
Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы – Адам. Адамның
қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік мұрат
жетекші орын алады. Жалпы “Адам-Қоғам”, “Адам-Әлем” қатынастырынан адамның
дүниеге көзқарасы қандай ұстанымдарға, принциптерге сүйенетіндігін ұғамыз.
Бұл мұраттары анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын көреміз.
Адамгерішілік мұрат қоғамның жалпы адамзаттық мұраттарын бағалауға,
дүниені және өзін-өзі танып білуге, түсінуге, адамдармен адамгершілікті
саналы қарым-қатынасқа үнемі ықпал жасауға, адам бойындағы адамгершілік
қасиеттерді үнемі дамытуға ынталандыратын күш болып табылады.
Қазақ тілі терминдерінің ғылыми түсіндірме сөздігінде: “Жалпы
адамзаттық мұрат – барша адамдарға, әлеуметтік асқын жүйе ретіндегі бүкіл
адамзатқа ортақ, дүние жүзі халықтарының, ғасыр бойғы тәжірибесін қорғау
нәтижесінде тұжырымдалған, қазіргі заманғы өркениеттің дамуын анықтайтын
мұраттар”, - деп көрсетіледі.
Халқымыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық жою жолдары
«НҰР ОТАН» ХДП ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КӨШБАСШЫСЫ
Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған қылмыс құрамының ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі
Сыбайлас жемқорлықтың тарихи негіздері
Этникалық ерекшелігі
Тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлық теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері
Саяси сыбайлас жемқорлық
Пәндер