Қазақтардың шаруашылығы және патриархалдық - феодалдық қатынастары


КІРІСПЕ3-6
I - ТАРАУ Қазақтардың шаруашылығы және
патриархалдық - феодалдық қатынастары……. 7-34
- Мал егін шаруашылығы.
- Қоғамдық қатынастағы таптар және
категориялық тұрмысы.
II - ТАРАУ Қазақстанда XVI - XVII ғ. ғ. қалалар, тауар ақша
мен қолөнер сауданың дамуы35-51
- Отырар, Сығанақ, Сауран, Яссы.
- Ақша, сауда, қол өнерінің дамуы.
ҚОРЫТЫНДЫ. 52-53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР54
Кіріспе.
Қазақ хандығы этногенездік тұрғыда Қазақ халқының ағымын білдіреді. Қазақ тайпаларының бірігуімен үлкен территорияны биледі. Тарих ғылымында XVI - XVII ғ. ғ. Қазақстанның Әлеуметтік және Экономикалық жағдайын зерттеу арқылы білуге болады. XVI ғ. Қасымхан тұсында хандықтың территориясы, экономикасы едәуір артты. XVI - XVII ғ. Қазақ қоғамы бір қалыпты дамыды. Қазақтардың негізгі шаруашылығымен айналысты, қалған бір бөлігі егінішілікпен айналысса, қала тұрғындары негізінен қолөнер, сауда, құрылыстармен айналысқан. Қазақ хандығында да басқа Орта Азия мемлекеттері сияқты өзіндік ерекшеліктері болды. Осыған байланысты Қазақстанда сол ғасырларда алғашқы патриархалдық -феодалдық қатынастар сақталып отырды. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін әрдайым Шайбанилермен талас - тартыс болып тұрды. Қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі болып өмір сүрді.
Көшпелі Қазақтар төрт түлік мал ұстаған мысалға, жылқы, қой, сиыр, түйе баққан. Жылқы мен қой көшпенділер арасында ең маңызды мал болған. Олар экстенсивті мал шаруашылығымен айналысқан. Егіншілер бұлар кедейлер немесе қала тұрғындары отырықшы "отырықтар", "жатақтар" айналысқан. Егіншілер тары, арпа, бидай, жүгері түрлерін екті. Қазақтарда негізінен қоғамда екі таптан тұрды. Олар "ақсүйектер" бұған хандар, сұлтандар және қожалар жатқан. Екінші тап "қара сүйек" деп аталды. Бұларға бай, би, батыр, кедей құл, күң, малшы, жалшы, егінші жатқан. Қазақ хандығының XVI - XVII ғ. ғ. Әлеуметтік және Экономикалық тұрғыдан қалалар зор маңызды роль атқарды. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Қазақ хандығының билік орнатуымен бұл жерлерде әрбір хан тұсында өз атына ақша бастыру зор роль атқарды. Қалаларда басқа мемлекеттермен байланыстар орнатылды. Сол кезде
Орыс мемлекетімен сауда қарым-қатынастары орнатыла бастады. Қалада тауар-ақша, сауда, қолөнер түрлері дамыды. Отырар, Сауран, Яссы, Сайрам қалалары осы ғасырларда архитектура құрылысы тұрғыда гүлденген дәуірлері болды. Бұл қалалардың әрқайсысы саяси тұрғыдан ерекшеліктері, экономикалық өзгешеліктері, Әлеуметтік тұрмысы өркендеген кезеңдерінің бірі болған.
Өзектілігі. XVI -XVII ғ. ғ. Қазақ хандығы саяси тұрғыда ең мықты мемлекеттің біріне айналды. Қазақстанның сол ғасырларда қазақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық тұрмысын зерттеуде сол кездегі атақты ғалымдардың еңбектерін қарастырып зерттеуде оң көзқараспен қарап, әлеуметтік-экономикалық тұрмысын қарастырамыз. Қазақстанда қаладағы тауар-ақша, қолөнер, сауда түрлерімен бірге қалалардың өсуіне қарамастан Қазақ халқы мал шаруашылығымен негізгі бөлігі айналыса берді. Біз де осы ғасырлардағы ең бір күрделі және тартысты болған Қазақ хандығының қоғамындағы өзгешеліктерді тақырып етіп диплом жүмысына негіз етіп алып отырмыз. Кеңес тарихында бұл мәселелер аз зерттелген жоқ. Қазіргі егеменді Қазақстан тарихында да бұл тақырып зерттелуде. Осы кездегі Қазақстанның XVI - XVII ғ. ғ. Әлеуметтік - экономикалық тұрмысы саяси өрбуі диплом жұмысында кеңінен қарастырылады.
Тарихнамасы.
Қазақ хандығының көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан және егіншілік шаруашылық түрлерінің дамуы салық түрлерінің төленуі, құмырашылардың өнері, саудагерлердің қалаларға келуі, тауар-ақшалардың артуы өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. 1997 жылы Алматыда жарық көрген еңбек "Культура и История Центральной Азий и Казахстана проблемы и перспективы иследование" өз үлесін қосады.
Бартольд В. В. История орошения Туркестана Москва 1963 жылы жарық көрген еңбекте Қазақстанның егіншілік аудандарын зерттеп, біздің тақырыбымызға байланысты біраз мағлұматтар қалдырды. Осы еңбекте әрбір Сырдария алқабындағы қалаларда шұрайлы жерлерде, суармалы жерлерде егістік түрлері қалай дамығандығын көрсетеді.
Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахстан летопись трех тысячалетий Алма-Ата 1992 год. Бұл еңбекте Қазақ қоғамындағы таптық мәселелерді айрықша көрсетеді. Пищулина К. А. Казахстан XVI - XVII веках атты еңбегінде Қазақстанның қалаларынын тұрмысын, маңызын, саяси тұрақгылығын жазып, бұл қалалардың әскери-саяси ролін кең көлемде талқылайды. Осы еңбектерді еншілеп атап өткіміз келеді.
Диплом жұмысының максаты.
Диплом жұмысы Қазақ хандығы қүрылғаннан кейін XVI - XVII ғ. ғ. Оңтүстік Қазақстан территориясы және Әлеуметтік және Экономикалық жағдайын, тұрмысын жан-жақты сарапқа салып, талдау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады. Диплом жұмысы Хронологиялық ауқымы жағынан тек XVI - XVII ғ. ғ. Қазақстанның Әлеуметтік-экономикалық жағдайын ғана талдап қоймайды. Олай болған жағдайда тақырыпты ашу мүмкін емес еді.
Д иплом жұмысының кұрылымы.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау "әр тарауда екі параграфтан", қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде Қазақстанның XVI - XVII ғ. ғ. тарихына қысқаша тоқталып, шолу жасадық. Сондай-ақ кіріспеге қойылатын талаптарға сай тақырып өзектілігі, мәселенің зерттелу дәрежесі, яғни тарихнамасы берілді. Диплом жұмысының мақсаты айқындалды. Ал негізгі тарау жұмыстың мазмұнын айқындайды. Сондықтан бірінші тарау "Қазақтардың шаруашылығы және патриархалдық-феодалдық қатынастары" деген параграфтан бөлінеді. Бірінші тарау Қазақстанның мал және егіншілік және таптық құрылыстардың категориялық тұрмысына кеңінен тоқталады. Екінші тарау "Қазақстанда XVI - XVII ғ. ғ. қалалар тауар-ақша мен қолөнердің, сауданың дамуы" деген тақырыптарға бөлінеді. Екінші тарау қалалардың әскери-саяси маңыздылығы, қала тұрғындарының қолөнермен, саудамен, құрылыспен айналысуына кеңінен тоқталады. Жұмыс соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттер
1. 1 Көшпелі мал шаруашылығы.
1428 - 1468 ж. ж. көшпелі Өзбек мемлекетін бас қарған Абулхайыр ханнан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек өз алдына 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Орта ғасырлық Қазақстан аймағында қазақ мемлекетінің өмірге келіп, дамуы қазақ эпосының өркен жаюындағы ұзақ жолында оның бірегей құралып қалыптасуы мен бірігіп нығаюы түтастығын сақтап қалуы үшін аса зор маңызды болды. Жазба материалдарда кейінгі орта ғасырлық ірі мемлекет - Орталық Азия аймағында евразия халықтары мемлекеттері жүйесінде елеулі роль атқарған қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз емес. XV ғ. ортасынан бастап XVII ғ. дейін қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшелінетін шын мәнінде бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Ол өмірге келу өркендеу және күлдырау кезевдерін басынан өткерді, ал XVII ғ. жеке-жеке хандықтарға жүздердің жайлаған жерлері шегінде ыдырады. Бұл хандықтардың жерлері негізінен алғанда сыртқы саяси оқиғалардың ықпалымен өзінің нобайын талай рет өзгертті. Бірақ мүндай өзгерістер әрдайым дерлік қазақ этносы жайлаған жерлерде Ертіс пен Қараталдан, Сырдария мен Жайыққа, Алтай мен Тянь Шаньнан, Каспий мен Аралға дейінгі аралықта орын алып отырды. Дегенмен орта ғасырларда қазақгардың этникалық және мемлекеттік территориялары, әдетте осы аймақтағы басқа халықтардікі тәрізді өзара дәл келе бермегендігі сөзсіз /1/.
Сол дәуір жазба материалдарының мағлұматтарына қарағанда ХV-ХVІІ ғ. ғ. қазақ хандығының жайлаған жерлері әр кезенде-ақ отырықшы аудандардағы сияқты Ұлы, Орта, Кіші жүздердің негізгі жайылымдары мен көшіп-қону жолдарының шекаралары аралдығындағы қазақтардың этникалық аймағынан кем болған.
Хандықгардың басқарушылары өз бетінше дербес сыртқы саясаттарын жүргізді, ал олардың қол астындағылар көрші халықтармен, орта және орталық Азиямен, Ресей мемлекеті мен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жасап отырды. Бұл қарым-қатынас көбінесе шағын шапқыншылықтар мен созыңқылы соғыстар салдарынан күрт үзіліп қалатын. Ал мұндай соғыстардың шекаралық жерлер үшін дау жанжалдардың барысында тайпалар мен рулардың орын ауысуы жиі етек алып қортысында сол аймақ халықтарының мемлекеттілік және этникалық территориялары қалыптасқан. Соның өзінде қазақ хандарының басқасын айтқанда ұзақ мерзімді этно-саяси және шаруашылық мәдени дамудан өту арқылы жалпы мемлекеттілікке және бірігуге дап-дайын тұрған жерлерді жиыстырып біріктіргенін атап өту маңызды /2/.
XV-XVII ғ. далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық саласы ретінде басым тұрғы да - тарихи қалыптасқан, құлан дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталды. Малдың негізгі түлігі қой, жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді. Маусымдық жайылымдарда "көктеу, жайлау, күздеу, қыстау" алмастырылып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Сонымен ондаған, ал көптеген жағдайда жүзден астам ауылдардан құралуы ықтимал әрбір ру белгілі бір географиялық жер көлемі шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Жайылымдық қоныстардың ара қашықгығы оңтүстікте 200-300 шақырымнан Жетісудың ендік бағыттындағы далалық аудандарында 800-900 шақырымға дейін созылды. Қоныс орнын таңдау, әрине тек дәстүр мен шаруашылықтық мұқтаждықтарға ғана емес, сонымен бірге хандықтағы саяси жағдай да тәуелді болды /З/.
Мешеу көшпелі мал шаруашылығы кең көлемді жайылымдық жерлердің болуын талап етті, ал олардың әрдайымғы жетіспеушілігі көршілер арасында соғыстар мен дау-жанжалдар туғызып отырды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді еді. Жем шөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Мысалы, Ибн Рузбихан көшпелілер үшін Сырдария жерінің өте бағалы екендігін көрсете келіп Сейхун төңірегінің бәрі "Қамыспен көмкерілген, мал азығы мен отынға бай" - деп жазды. Қыс сұрапыл болған жылдары малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп көбі отырықшылыққа ауысатын.
Баяу дегенімен, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен өнім өнімділігі жақсара түсті; қолайлы жылдары "ауа - райы жағдаймен бірге халық өмірінің саяси жағдайы жағынан" мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды.
"Қазақтардың XVI ғ. ғ. көптеген мал, ат, түйе болған" - деп жазды Сейфи. Ірі қара мал қазақтарда көп қолданылмады, өйткені ірі қара малдары жылдық көшіп қону мерзіміне өте қолайсыз еді. Ет және сүт ас тағамдары болды, тері және жүннен киімдер тоқылды және аяқ киім, ыдыс табақтарға қолданды. Ең негізгі роль жылқы орын алды. Бұған сәйкес М. Хайдар Дулати былай дейді Қасымхан тұсында өте жақсы роль атқарған. Біз дала тұрғындарымыз бізде қымбат зат, тауар, тағы басқа өзгешелік жоқ дейді. Біздің негізгі байлығымыз жылқы, олардың еті терісі бізге ең жақсы тамақ киім болады. Ең өзгешелігі қымыз сусыны болып табылады. Жергілікті жылқылардың асыл тұқым түрлері өте шыдамды болып келетін олар табиғаттың суық, ыстығына төзімді болатын. Қазақтар арасында түйенің жүні мен сүті кең көлемде қолданылған. Көшпелі елдер шаруашылығында жылқының маңызды болу қазақ жылқылары ең бағалы сапасы оның тебін тебе алатындығы болды. Ат қазақтың негізгі қатынас құралы болды. Бірақ ат тек салт қатынасқа қана пайдаланылды. Салт атпен жүруге тек ерлер ғана емес, әйелдерде шебер болды. Қазақ шаруашылығың мұндай өркендеуі Қазақстан жерінің кеңдігі де жағдайлы болды. Қазақ халқының шаруашылық тұрмысында қой ең маңызды орын алды: қой терісінен тон, шалбар тігіп киді, қой жүнінен киіз басты. Қой көрші елдермен арадағы сауда-саттық жұмысында айырбас құрал да болды. Қойға қазақ халқы металл, қару-жарақ, сән-салтанат бұйымдарын сатып алып отырды. Қой ақша орнына жүрді, түрлі товарлар бағасының өлшеушісі болды.
Қазақ халқы қой мен жылқыдан басқа түйе, ешкі, сиырда өсірді. Түйенің ең қымбаты нар деп саналды. Өйткені оның жүні сапалы, биязы болатын, сондықтан ол биязы шекпен тоқуға пайдаланылып отырды "қазақ қойының жүні қылшықты болғандықтан шекпен тоқуға келмейтін болды". Түйеге көбінесе жүк артылды /4/.
Ибн Рузбиха Исфаханидің айтуынша түйе жылқылармен бірге арбаларға артылған үй және үй заттарын көшіп қону үшін транспорттық көлік ретінде қолданылған.
Ешкі көп өсірілмеді. Қазақстан жағдайында мал өсіру шаруашылығы мал жайылымдарын жайлау, күзеу, қыстау бөліп отыруды керек қылды. Бұлардың аралары бір-біріне өте шалғай болатын еді. Мал күздігіні оңтүстікке қарай айдалды, ал жаз шығысымен солтүстік аудандарға жайылымға шығарылды /5/.
Қыстаулар, яғни малдың қысты күнгі жайылымдары әбден таңдалып алынып отырды. Оты мол және Солтүстік-Шығыс пен Оңтүстік-Батыстан соққан желдер қарын айдап кетіп, қар жататын жерлер жақсы қыстау деп есептелетін болды. Өйткені тек осындай жайылымдарда ғана мал қыстыгүні қыстап шығатын еді. Қысқы борандарда шалықтайтын төбе-төбе құмы бар, жал-жал қамыстары бар жерлер ең қолайлы қыстаулар болып табылады.
Осы жағынан басқа жерлердің бәрінен де, Каспий теңізі мен Арал теңізінің аралығындағы жерлер, Қарақұм және Сырдария мен Жайықтың төменгі жақтары көбінесе қолайлы келеді.
Жазғы жайылымдарға суаты мол жерлер керек еді. Мұндай жерлер осы күнгі Қазақстанның көбінесе солтүстік және батыс аудандарында болатын. Сондықтан көшіп-қону көбінесе меридиан бағытымен болып отырды.
Орта жүзбен Кіші жүз аудандарында көшіп-қону өрісі орта есеппен 700-900 километрдей болып жүрді. Ал кейбір рулар жылма-жыл 1000 километрден астам жерге де көшіп отырды. Көшіп қону өрісі онша шалғай болмаған Ұлы жүз бен Жетісу аудандары еді. Оңтүстік Қазақстанда бір-бірімен іргелес жатқан, ауа-райы мен өсімдігі әр түрлі болып келетін жерлерде бар. Бұл арада айналасы 200-300 километр жер ішінде сахарадан бастап басынан қары арылмайтын биік тау баурындағы Алпі шабындықтарына дейін құбылып жатқан әртүрлі жерлерді көруге болады. Көптеген жағдайларда далалы жерлерде дөңгелекті транспорт түрі кең қолданылды. Барлық қыстау жерлерде малдарға су тапшылығы болады, осыны ескере қазақтар жер мен шөптің бетін қар жапқан кезде ғана жолға шығып отырған. Олар қар үйінділерін дөңгелектете қойып қар бар жерлермен жүріп отырған, әйтпесе сусыз қалулары мүмкін болатын /6/.
Мал шаруашылығымен шұғылданатын көшпелі елдің өмірі үлкен қауіп-қатерлерге соғып отырады. Қасқыр қауіпі малдың аяғын аттап басқызбайды. Қыс күндерінде далада күн тосын жылынып, онан кейін қатты суық түсіп кететін кездер де аз болмайды. Мұндай кездерде жер мен қарды қарып мұз басып жылқының тұяғы тебіндеуге жарамай қалады. Мал оттай алмай, бірнеше күн ішінде қырғынға ұшырайды. Осындай мұз түсіп, мал қырылды жұт деп аталады.
Мұндай күйге көшпелі шаруа қар қалың жауып тебіндегі малдың қорек алуына қиыншылық болған жағдайда да ұшырап отырды. Мұндай апаттардан сақталу үшін азды-көпті шөп, қамыс дайындалатын болды. Бірақ олар, тек аз уақытқа ғана жетіп отырды. Міне осындай дайын шөп тоқ болып қалған кезеңдерде үй ішіндегі адамдар тегісімен мал тебініне шығатын болды. Қолдарына күрегі мен шотын, балтасы мен сүйменін алып мұз жарып, күрек аршыды, сөйтіп малдың қорек алуына көмек беріп отырды. Бірақ мұның көмегі де шамалы болды.
Мал жылдың үштен біріндей уақыт ішінде "қазаннан наурызға" дейін қысталатын болды. Наурыз айының ортасынан бастап жайлауға шығу қамы істелді. Жайлауға шығарда жолға арналған жеңіл-желпі жолым үйлер, жаздық шағын таулық үйлер жүйеге артыла салатын, болды. Ғасырларға созылған көшпелілік тәжірибесінің арқасында қазақтар көшпелі тұрмысқа қолайлы болып табылатын - киіз үй түрін жасап шығарды. Оның салмағын кеміту жағы үй тігуге керек, бірақ қырда тапшы болатын ағашты аз жұмсау және қымбат киімдерді кем кетіру тағы да мұнда түгел есепке алынды. Осындай көп жылдар бойы ізденуден келіп, қазақ өз киіз үйін күннің ыстығынан, түннің салқынынан, дауылдан, жауыннан, шаңнан жақсы қорғайтын етіп жасауды үйренді. Орташа үй екі түйеге артылатын еді. Тек сұлтандар мен байлардың салтанатты ақ боз үйлердің әрқайсысы 20-30 түйеге артылды.
Жаңа қонысқа көшу кезінде бар жақсысын киінген әйелдер мен балалары, үй жиһаздарымен бірге түйеге орналасып алып жайқалған малды көшті салтанатпен бастайтын болды. Көшке ере атпен айдаған мал жүріп отырды. Алға жолдың жайын байқау үшін, шалғыншылар жіберілді. Ал жердің отын байқап, дамылдап мал шалдырып өтуге лайықты жер белгілеу үшін алда көшбасшылар түрін отырды /7/.
Көшпелілердің бұлайша жазғытұрым ғана қолайлы болды. Бұл кездерде күн сайын көшіп отыру адамға да, малға да, жайлы болатын болды. Өйткені әрбір 10-15 километр жерден кейін тоқтап өтіп отыру жеңіл болды. Ал күн ысып, жер кепкеннен кейін көшу де қиындай беретін болды. Малы көп көштер бір құдықтан, екінші құдыққа қарай бір-біріне жалғасып көшіп отырды.
Жазғы жайылымдарда қойдың, түйенің немесе жылқының қондануы семіруі көңілдегідей болмаған кездерде, әр түлік мал өз алдына жайылымға шығарылатын болды. Жазғы жайылымдарда ел маусым айынан қыркүйекке дейін болды. Қыркүйектің екінші жартысынан бытырап өріске шығып кеткен малдар ауылдың жанына қайтадан жинастырылып, көшпелі шаруалар өздерінің малдары мен оңтүстікке, қысқы жайылымдарға қарай бет алатын болды. Малды жеке үйдің меншіктенуі нығая келе қыстайтын қоныстар жеке ауылдардың меншігіне беки бастады. XVII ғ. әрбір ауылдың ата мүрасы есебінде саналатын өз қыстауы болды. Бұл кездерде бай ауылдар жалпы қауымнан бөлектеніп көшетін болды. Сұлтан ауылдарының бөлек көшуі жалпыға бірдей салтқа айналып кетті. Міне мұның бәрі жердің ру меншігінде болуының бұзыла бастағанын көрсетеді. Экстенсивті мал шаруашылығы қазақтарда жұтқа тәуелді болды /8/.
Егіншілік.
Қазақстанның ұлан байтақ кең жерлерінде егіншілік мәдениеті кейбір аудандарда ертеден болып келді. Бірақ егіншілік кәсібі қазақ шаруашылығында екінші дәрежелі ғана орын алып отырды және оның өзі де барлық жерде болған жоқ. Отырықшы егіншіліктің негізгі мекені Жетісуда және Оңтүстік Қазақстанның Сырдарияға таяу жерлерінде болды. Егіннің көп салынатын жерлері Сырдария, Ангрен, Шыршық, Арыс аудандары Қаратау алқаптары Атбасар даласы болды.
... жалғасыМал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі елдердің азынаулығы ғана егіншілікпен айналысты. Мал өсіруші қауымдардың тұқымдық астықты басқа затқа алмастырып алып отыратыны - әдет еді. Ал астықтың өзін Қазақстан мен Өзбекстанның егінші аудандарынан малға, әсіресе қойға айырбастап алып отырды. Бірінші Петрдің Тәуке ханмен келіссөзге жіберген адамы Федор Скибин, қазақтың XVII ғасырдың аяғындағы шаруашылық тұрмысы жайында "Қазақтардың егіндік жерлері олардың қоныстарында болады, егіндері мандымсыз, жылқылары мен қойлары көп, ал айырлары аз, тамақтары ет пен сүт" болады деп жазды.
Қазақ бидай, тары еккен, ал оңтүстік аудандарда жүгері де еккен
екен. Егіннің қолдап суырланып және жердің құнарлылығын
арқасында астық мол шығып отырыпты /9/.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz