Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..2

I. Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының
бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... 3
II. Қазақтың әдет-ғұрып заңдарының негізгі қайнар
көздері ... ... ... ... ... ..7
2.1 Меншік
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...14
2.2. Міндеткерлік
құқықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14

III. Мұрагерлік
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .18
3.1.Қылмыстық әдет-ғұрып
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.2. Сот және сот
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .22

Кіріспе

Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп
жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшырап, оларға ресми
сипат беріп отырды. Әдет-ғұрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан
болды. Оның зандары бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім — мүліктік және жер
қатынастарын реттеуші нормалардан тұрды. Екінші бөлім — қылмыс пен жазаға
қатысты құқық нормаларын жинақтады. Үшінші бөлім әскери міндеттілік жәнс
оны орындау, сондай-ақ әскери тәртіпті бұзғандағы жазаларға байланысты
құқықты нормаларды қарастырды. Төртінші бөлім — елшілік жораларға
қатысты, елшілерді тағайындау және қабылдау тәртібі, шет ел өкілдерімен
келіссөздер жүргізу, дипломатиялық этикет мәселелері туралы нормалардан
тұрды. Бесінші бөлім — қайтыс болғандарды жерлеу, еске алу, мерекелер
өткізу т.б. рәсімдерге арналды. Қасым ханнан соң шамамен жүз жылдан кейін
әдет-ғұрып құқықтары Есім ханның тұсында қайта жүйеленді. Қалмақтармен
соғыстардың күшеюіне байланысты Есім хан әскери міндеткерлікті күшейтіп,
әскери тәртіпті бұзғаны үшін жазаларды қатайтты. Есім хан негізінен бұрынғы
Қасым хан тұсындағы құқықтық ережелерді қайталады. Сондықтан оны ескі жолды
жалғастырушы ретінде " Есім ханның ескі жолы" деп атап кетті. Тәуке хан
Есім ханнан соң шамамен 80-90 жылдан соң дала заңдарына өзгерістер мен
толықтырулар ендіріп оны "Жеті жарғы" деген атаумен қайта қабылдатты. Тәуке
хан әдет-ғұрып заңдарын қайта жүйелеуге көп еңбек сіңірді. Аты аңызға
айналған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басшылығымен қазақтың белгілі
би, шешен, білгірлері бірнеше рет жиналып "Жеті жарғының" нормаларын
талқылаған " Күлтөбенің басында күнде жиын" деген сөз сол кезден калган.
Ақырында жан-жақты сұрыпталған "Жеті жарғы" зандар жинағы дүниеге келген.
"Жеті жарғының" алғашында қағазға түскен нұсқасы да бар болуы мүмкін деген
жорамалдар бар."Жеті жарғының" бізге жеткен қазіргі нұсқаларының бір-
бірінен өзгешеліктері бар. Оның қазақша нұсқасы бізге жетпеген. Бізге
жеткені XIX ғасырдың алғашқы ширегінде орыс ғалымдары жазып алған
нұсқалары.
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Халықтың байырғы заң жүйесі, дәстүрлі мәдениет өлшемдері
тарихи құқықтың ескерткіш болумен қатар бүгінгі заңгерлерді, қоғамдық ой
өкілдерін ойландыратын, тарихи да, ғылыми да, әлеуметтік те маңызы жоғары
ақыл-ой қазынасы болып табылады.
Қазақ хандығында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі
жолы", "Тәуке ханның жеті жарғысы" деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар
сол заманда ислам дінін тұтынатын. Күншығыс пен орта Азияның бір сыпыра
елдердегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған
ислам дінінің "шариғат" заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ
хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының
туындысы еді. Қазақ хандығының заңдары "Жарғы деп аталды. Қазақша "Жарғы"
әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан нәрсенің салмағын бір
жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билербі
халық бұқарасы ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп мадақтаған. Оның екі
жағының біреуіне артық жібермейді, дәл айыру әділдіктің мезгеуі болған
Жарғы заңының негізі, міне, осында: Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның
түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия арнасына барып тіреледі.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан көрінетін
консерватизм. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ
қоғамының негізі болды.
Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды. Қазақ отбасының басшысы немесе
отағасы отбасындағы шешуші адам болды. Бұл ерекшеліктердің бәрі де көшпелі
экономикалық қатынастардың бейнелері болып табылады.
2. Қазақ әдет-ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз
бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз
етті. Бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық жүйесінде ерекше
орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.
3. Әдет-ғұрып құқығы бойынша, қылмыстық істер мен азаматтық істердің
арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән берілмеді.
4. Жерге жеке меншік құқының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан
теңдігі қазақ аристократиясының (сұлтандар, билер, қожалар) артықшылығымен
ұштастырылды.
Қазақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен қожалардың артықшылығы ресми
заңдастырылды. Ал ел билеу ісі тек сұлтандардың үлесі ретінде рәсімделді.
Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де мойындады.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік
сипатта болды.
7. Әдет-ғұрып кұқығының партикулярлық сипаты. Әдет-ғұрып нормаларындағы
басты нәрсе – ол нормалардың өздерінен гөрі олардың ішкі мәні еді, олардың
негізінде жатқан принциптері еді.
Ең басты нәрсе, сол принциптердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы
болатын. Айталық, қылмыс пен жаза саласында – қанды кек не құн төлеу
қағидасы, неке саласында – жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасы, сот
саласында – әділдік, жариялылық, шешендік қағидалары. Әдет-ғұрып құқығы –
құқықтық әдеттер жинағы ғана емес, ол қағида, көзқарас, ой түсінік жүйесі
де болып табылады.
Әрине, әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір бөлігі мемлекет тарапынан
қолдау тапты. Мемлекет оларға баса көңіл бөліп, өз мақсат-мүддесі
тұрғысынан әсер етуге, өз қызметіне жаратуға әрекет жасады (жинастырды,
жүйеледі, өз атынан жариялады).
Бірақ әдет-ғұрып нормалары оның ішінде Ереже жарғылары да, одан мемлекет
заңына айналған жоқ, өзіндік өмір сүру мәнін жоғалтқан жоқ...
Қоғамдық тәртіп, демек, әдет-ғұрып нормаларын сақтап орындау да
көшпелілердің "автономиялығына", дербестігіне, өздерін өздері басқаруға
негізделген еді.

Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты:
біріншіден әдет-ғұрыптар – адат; екіншіден билер сотының практикасы (сот-
прецеденті), билер съездерінің ережелері; үшіншіден шариғат нормалары. Әдет-
ғұрып, рәсім құқығы адамдар арасында қарым-қатынастар ретінде
көшпенділердің экономикалық тыныс-тіршілігінің негізін қалайтын
жағдайлармен тығыз байланыста болды. Сонымен бірге мемлекеттік билік
бекіткен рәсімдер мен салт-дәстүрлер құқықтық адетке айналды. Әдет немесе
заң сөздерімен бірге жора, жарғы, жол терминдері де қалыптасты.
Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау
алады. Таптық катынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай
ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне қызмет
ете бастады.
Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келді.
Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар,
патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылыгы т.б. қатынастарды реттеудің
бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды.
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның
талаптарына орай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды.
Қазақта нешеме ауыр дауларды оңай шешкен билер болды. Әсіресе мұндай
шешімдерді Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билердің
практикасынан көбірек кездестіруге болады. Президентіміз Нұрсұлтан
Назарбаев данагөй билеріміз туралы Барша қазақ баласы аттарын ардақтап,
айтқандарын жаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегіне, халық қамын
жеген қасиетті ісіне көз жеткізіп баға беру қиын ... Үш данагөйдің өнегелі
өмірі ел қамын жеген адал еңбегі, топ бастаған көсемдігі, от ауызды орақ
тілді шешендігі мүлтіксіз әділдігі жөнінде айтар әңгіме аз емес-деп әділ
бағасын берген.
Қазақтың басқа билері оларға еліктеді, олардың практикасын басшылыққа
алып, ұқсас істерді шешіп отырды. Тіпті атақты билердің биліктері
(үкімдері) ұқсас істерді қарағанда міңдетті басшылыққа алынатын кездер де
болған.
Билер соты практикасының мұндай сот прецеденті әдет-ғұрып кұқығының
бастауларының біріне айналды.
Қазақ билері құқықтық шығармашылықпен де терең айналысты. Олардың құқықтық
шығармашылығының айқын көріністерінің бірі билер съездерінің ережелері
болып табылады.

Қазақтың әдет-ғұрып заңдарының негізгі қайнар көздері

ХХІ ғасырдың басындағы қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігі
жағдайында бұрынғы тарихымыздағы қазақ қоғамында орын алып қалыптасқан
қазақ құқығы туралы және оның ерекшеліктері туралы жиі айтыла бастағандығын
байқаймыз. Себебі, ғылым мен техниканың, мәдениеттің ең жоғарғы деңгейіне
жеткен кезде, Академик Зиманов айтқандай: ... тікелей табиғатпен
байланысты көшпелі өркениеті жағдайында да халықта, олардың дүние мен өмір
туралы ойлары да, арман мақсаттары да ұқсас болды. Сондықтан, бұл
мақаладағы біздің мақсатымыз – бұрынғы көне жолдың жаңа кезеңіндегі ғылыми
зерттеулердің нәтижесінде көрінген қазақ құқығының қайнар көздерінің
бұрынғыданда молырақ екендігіне көңіл аударып дәлелдеу.
Қазақтың көне құқығы, ұлан-ғайыр еркін аймақта орналасқан, түркі
тілді көшпелі өркениеттің туындысы, әрі мәдени жемісі, әрі мұрасы екендігі
белгілі. Қазақ құқығы тарихта болған көшпелі цивилизация кезінде Ұлы Дала
аталатын, Орталық Азия бөлігін мекендеген түркі тектес халықтар арасында
өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасқан.
Қазақ құқығының жүйелі түрде қалыптасып дамуына әсерін тигізген үш
түрлі факторларды атап айтуға болады. Оларға: біріншіден, Евразия
кеңістігін мекендеген қазақ елінің жері көлемінің кеңдігі, екіншіден,
Евразиялық даламен Шығыстан Батысқа қарай көшкен көшпенділердің жүздеген
жылдарға созылған көш жолдары, үшіншіден, осы ұлан байтақ даладағы
жаугершілік рухының бейбітшілік өмірге жылдамырақ ауысуы болып табылады.
Бірінші фактордың әсеріне, қазақтар мекендеген Евразия жерінің
кеңдігі, сол тарихи жағдайда өмір сүрудің негізін құраған мал шаруашылығын
дамытуға барлық жағынан қолайлы болғандығы, яғни, халқы сирек қоныстанған,
табиғи кеңістіктің шөбі бітік, суаттары мен жайылымдары мол орманды
аймақтар болған.
Қазақтар жер шарының Ориалық Азия мен Евразия кеңістігінде шешуші және
тұрақты орынға ие болды және мал өсірушілердің конфедерациясына кірген
болатын. Көшпенді өркениеттің дамығандығын осы қазақтар мекендеген аумақтан
көруге болады. Көшпелі қоғам аясындағы қазақтың дүниетанымында өзіне тән
ерекшеліктері болды.
Екінші факторға қазақтар мекендеген сол ұлан-ғайыр жердегі еркіндік
психологияға ие, өмір сүрген көшпенділер бірлестіктерінің үлкен ықпалын
жатқызамыз. Оның қайнар көзін құрайтындарға мыналар жатады:
1) Көшпенділердің өмір сүруі мен дәстүрлі мәдениетін қолдаушылар;
2) тимур ... . империясынан бөлініп қоныс аударғандар;
3) Жайылымдық жерлер мен өзін-өзі еркін билеуді ізденушілер.
Үшінші факторға, қазақтар қоныстанған қыпшақ даласындағы көшпелі
өркениеттің адами құндылықтарымен соған сай мәдениетті де қабылдап, бойына
сіңіргендігі. Бұл ортадағы сөз құдіреті мен әділ сот шешімдерінің негізгі
шешуші күшке айналғандығын атап айтуға болады.
Қазақ құқығы жарғы қыпшақтың кең байтақ даласының бостандықты
пайдалана отырып, көшпенділердің тек өзіне тән дүниетанымындағы басқару
ұғымының ерекшеліктеріне сай құрылып дамыды. Қазақтың көшпелі қоғамында
ретттеуші нормалардың басымдығы дәстүрлі жағдай болды. Халық санасына сай
әдет заңдары, дала заңдары, билер заңдары болып аталды.
Қазақтар мекендеген Евразия аумағында қыпшақтар даласында
көшпенділердің саяси тұтастығы пайда болып, қазіргі қазақтардың негізін
құрған. Ондағы қалыптасқан қазақ құқығының арнайы жүйеленген қайнар көзіне
ғалымдар Қасым ханның қасқа жолын, (Қасым ханның 1511-1532 жж. билік
құрған кезінде шыққан.), Есімханның ескі жолын (Есім ханның билік құрған
1598-1623 жж. кездері), Тәуке ханның жеті жарғысын жатқызады.
Қазақтың құқық жүйесі көшпенділер қоғамының экономикалық, саяси,
адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастарымен, сол ортаның тарихи даму
барысымен, оның ұлттық ерекшелігімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, осы
факторлар қазақтың бірегей құқық жүйесіне объективтік сипат берді және
олардың біріккен келісімділігін белгіледі. Қазақтың құқық жүйесінің өзі,
шын мәніндегі көшпелі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, оларға
мақсатты ықпал жасады.
Қазақтың құқық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылып
қызмет істеді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс
ретінде, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетті және
бекітті. Қазақтың дәстүрлі ата заңдары ғасырлар бойы әр түрлі
мемлекеттердің тарапынан көрген қысымдарға байланысты өзгермей өзінің
тұрақтылығын көрсетті.
Әртүрлі күштердің әсерінен өзгеріске ұшыраған қазақ қоғамындағы қазақ
құқығының өміршеңдігінің негізі оның өзегі болған табиғи еркіндік,
әділдік, өнегелік идеялармен үндестікте болуымен түсіндіруге болады .
Құқық жүйесінің осындай тұрақтылығына Президентіміз Н.Ә.Назарбаев оң баға
беріп былай сипаттады Халықтың әлеуметтік этникалық ұжымдық жадын,
дәстүрін сақтап қалып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырудың тұрақты
институттық әлеуметтік механизмдері патриархалдық отбасы, рулық қарым-
қатынастар, дәстүрлі құқық жазылмаған нормалар болып отырады деген .
Орта Азияның Евразиялық бұл бөлімінде қоғам өмірінің барлық салаларына
сай құқықтық сана дами түсті және Еркіндік ырғағына бейім зиялы өмір
орнады. Осыған орай тарих зерттеуші Манаш Қозыбаев: Қорыта айтқанда қыпшақ
атауымен халық болып танылған қазақ барша түрік әлемінің қара шаңырағы
болды Еуразияның қос құрлығында тарихтың құдіретті төріне бірақ шықты деп
қазақ құқығының ғасырлар бойы қалыптасып дамыған ортасын анықтап көрсетті.
Біздің ойымызша, қазақ құқығының қайнар көзін жоғарыда көрсетілген
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Тәуке ханның Жеті
жарғысымен шектеуге болмайды, себебі басқа тарихи деректерге сүйеніп,
қазақ құқығының қайнар көзінің молдығын дәлелдеуге болады.
Қасым ханның қасқа жолы туралы саяси құқықтық сипаттағы жүйелі жазба
нұсқасы бізге дейін жетпеген. Оның себептерін авторлар тарих сахынасындағы
ірілі-ұсақты мемлекеттердің арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесі
ретінде қарайды. Қасым хан түзген заңдар туралы деректер ұрпақтан-ұрпаққа
аңыз әңгімелер мен нақтылы оқиғаларды ауызша баяндау арқылы жеткен.
Қасым хан бірқатар көшпенділердің өмір салтына арналған маңызды
реформалар жүргізген. Реформаларда, қазақ жерін бір ұлысқа біріктіріп,
халықты тиімді орналастыру саясаты көзделген, елді басқару жүйесінде бұрын
пайдаланылып келген араб, монғол сөздерінің орнына қазақ, түрік тілдерін
енгізіп, билер сотының атқаратын рөлін өсіріп, көшпенділердің арасындағы
дінбасыларының ықпалын тежеді.
Қасым ханның заңдары қылмыскерлерді жазалауда өлім жазасын шектеді,
яғни екі жағдайда ғана өлім жазасы кесілген. Біріншісі, Қанға-қан,
екіншісіне керуенді тонағаны үшін Керуен соғу деп аталатын өлім жазасы
белгіленген. Сонынмен қатар, Шыңғыс хан ұрпақтары мен ру басшыларының
арасындағы қарым-қатынастарды нақтылы реттейтін құқық нормаларын бекіткен.
(8).
Қасым хан бірінші рет көне дәстүрлер негізінде қазақ даласын үш
бөлікке бөліп, әр қайсысына Жүз деген атау берді. Біздің пайымдауымызша
Қазақ жүздерінің өмірге келуі қазақ мемлекеттілігінің белгілі даму
кезеңіндегі қажеттіліктен туған (Ата заң т 4 30 бет) деген пікірдің
дұрыстығында күмән жоқ. Себебі, Қасым хан елді ыңғайлы басқару мақсатында
ғана сондай шешімге келген. Сонымен, қазақ даласы – Кіші жүз, Орта жүз,
Ұлы жүз болып бөлінуі Қасым ханның ел билеу кезінде болған. Қасым хан
көшпелі қауымдар ішінде халық жиналыстары мен билер сотының рөлін арттырып,
Әділ қазы - алтын таразы деген қағидаларды бекіткен, қогамдардың
ішкі жүйелеріне қазақыландыру саясатын жүргізген.
Қасым ханның қасқа жолы мемлекеттің және оның құқықтық жүйесін
қамтыған бес түрлі заңның мазмұны мынадай болған:
1. Мүлік заңы (Жер дауы, мал-мүлік)
2. Қылмыс заңы (Ұрлық, кісі өлтіру, тонау, шабу)
3. Әскери заң (Аламан міндеті, қосын құру, қара қазан, ердің құны,
тлпар ат)
4. Елшілік жоралары (Майталмандық, шешендік, халықаралық қатсынастағы
сыпайылық, әдептік)
5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас той, мереке үстіндегі ережелер,
жасауыл, бақауыл, тұтқауылдардың міндеті) .
Аталған заңның мазмұнына үңілсек, Қасым хан өз заманының билік саласындағы
негізгі мәселелерді, әсіресе мемлекетті тұрақтандыратын ішкі-сыртқы
саясатты белгілеп, құқықтық қатынастарды қатаң түрде қалай қолданудың жолын
көрсетіп берген. Сонымен қатар, Есім ханның ескі жолы біртұтас жүйелі
құжат болмаған, Есім хан билік еткен (1598-1628) кезде қабылданған, онда
саяси қызметтер мен негізгі құқықтық ережелер болған.
Есім хан заңдарының мақсаты, көшпенділер өмірінің ерекше қиын
жағдайына сай келетін дәстүрлі әдет-ғұрыпты, құқықтық тәртіпті жетілдіру
және күшейту болды.
Жеті жарғы қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінің қайнар
көзі, алтын қоры. Ол алғашқы заң нормаларының жинағы, саяси билік
құрылымымен ұйымдастырудың нормативтік негіздегі реттеушісі болды. Жеті
Жарғының қайнар көзіне көшпенділердің мың жылдар бойында біртіндеп
қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары жатады.
Шоқан Уалиханов қазақтың әдет-ғұрып заңдарын жоғары бағалай келіп,
қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі Жеті Жарғы туралы мынадай құнды
пікір айтқан: Между тем, обычное право киргиз по той же аналогии высшего
развития с низким на которое мы так любим ссылаться, имеет более гуманных
сторон, чем законадательство, например, мусульманское, китайское и русское
по Русский Правде .
Т.Н.Сұлтановтың Жеті Жарғының мазмұнына ХVII ғасырдағы қазақ
қоғамының әлеуметтік өмірінің дамуына сай келетін әскери-саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, жеті жарғы
Қазақ қоғамының әдет – ғұрып құқығы
Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің қалыптасуындағы әдет-ғұрып нормаларының ролі
Тәуке хан кезіндегі Жеті жарғы
Әдет-ғұрып заңдары
Қазақ қоғамының әдет – ғұрып құқықтары
XV-XVІІІ ғасырлардағы әдет-ғұрып құқығы
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Пәндер