Қазақтың салт – дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
:
М а з м ұ н ыКіріспе:

М а з м ұ н ы

Кіріспе

:
:
М а з м ұ н ыКіріспе: І Қазақтың салт - дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негізі.
:
: 1. 1.
М а з м ұ н ыКіріспе: 1. 1. Педагогика тарихындағы ұлттық тәлім-тәрбие идеялары.
:
: 1. 2.
М а з м ұ н ыКіріспе: Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
:
:
М а з м ұ н ыКіріспе: ІІ Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық салт - дәстүрге тәрбиелеудің әдістемелік негізі.
:
: 2. 1.
М а з м ұ н ыКіріспе: Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде ана тілі пәнінің алатын орны.
:
: 2. 2.
М а з м ұ н ыКіріспе: Ана тілі пәнін оқытуда бастауыш сынып оқушыларына қазақтың салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері.
:
: 2. 3.
М а з м ұ н ыКіріспе: Педагогикалық іс-тәжірибелерге салт-дәстүрлерді ендіру жолдары.
:
:
М а з м ұ н ыКіріспе:

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

:

Кіріспе

Диплом жұмыстың көкейкестілігі: Ұрпақ тәрбиесі қай заманда да, күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі де бірегейі десек артық емес. Бұл мәселе бүгінгі күні де айрықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму қарқыны ағымында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Оларға ұлттық тәрбиені дарыту одан да күрделі. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт тезінен өткен бай қазынасын оқу - тәрбие ісінде қолдану.

Ал, жастарды жан - жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің тәлім - тәрбиелік, білім танымдық рөлі орасан зор. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық салт - дәстүрлерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш - керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр.

Еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: . . . «Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар . . . күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады . . . Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады, оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды»-деп атап көрсеткен. [1

Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 11 - бабында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы бұл заңда: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген[2] . Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Міне, Қазақстан Республикасы егемендігін жариялағанына да 18 жылдан аса уақыт болып қалды. Қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған азаттығына, ұлттық тілі мен дініне қол жеткізді. Иә, сырт көріністерге қарасақ жаңалықтар да аз емес сияқты. Астананың іргелі университеттерден бастап, облыстардағы педагогикалық институттар, тіпті қаулап ашылып жатқан гимназиялар мен лицейлер де, колледждер мен орта мектептерге дейін, оқу бағдарламалары өзгертіліп, жаңа оқулықтар мен әдістемелер басқа да құрал - жабдықтары шығарылып жатқаны жайлы аз айтылмайды. Оның үстіне осы айтылған білім ошақтарының барлығында да халқымыздың әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерін, тұрмыс күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойған.

Ұлы ойшыл Әбу - Насыр Әл - Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген тәрбиеге терең ой берсе, яғни келелі ұрпаққа алдымен ұлттық тәрбиеге баулып, білім беруді негізгі мақсат етіп алдық.

Ұлттық дәстүр, халқымыздың ұлан - ғасыр тәжірибесі туралы зерттеу жұмыстары да аз емес. Мысалы: Қоңыратбаева Тана Әуелбекқызының «Халық педагогикасы және оны оқу - тәрбие жұмыстарына ендіру жолдары», Советхан Ғаббасовтың «Халық педагогикасының негіздері», Құбығұл Жарықбаев пен Серғазы Қалиевтың «Қазақ тәлім - тәрбиесі» және Қалдыбек Бөлеевтің «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау» жөніндегі т. б. сол сияқты зерттеушілердің еңбектерін ерекше атауға болады. Біз зерттеу жұмысымызда осы анықтаманы, осы жүйені басшылыққа алдық.

Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік қажеттілігі мен оның тәрбие процесінде қолданудың арасында қарама-қайшылық орын алуда. Осы мәселелерді қарастыра келе дипломдық жұмыстың тақырыбын „Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Ұлттық салт-дәстүрлерді бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу ісінде пайдалану барысы.

Зерттеудің мақсаты: Ұлттық салт - дәстүр ұғымын жан - жақты анықтай отырып, оны бастауыш оқыту үдерісінде қолданудың маңыздылығын көрсету.

Зерттеудің міндеттері :

- Ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу;

- Бастауыш мектеп оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау;

- Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын көрсету.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу; теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау әдісін қолдану, және т. б.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

І. Қазақтың салт - дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негізі.

1. 1. Педагогика тарихындағы ұлттық тәлім - тәрбие идеялары.

Қазақ халқының өте әрідегі өмір сүрген кезінен (VІ ғ. Түрік қағанаты) басталып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі елдің әдет - ғұрыптарына негізделген - халықтық педагогика.

«Халық педагогикасы - делінген қазақ энциклопедиясында - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиеттінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды шеберліктерді ұрпақтан - ұрпаққа қалдыру». Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім - тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал - мәтелдерде адамгершілік - имандылық тәрбиесіне байланысты әдет - ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл - ой тәрбиесі, өлең, жыр - дастандарда - әсемдік тәрбиесінің сан - алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланған. Демек, халықтық педагогика - тәлім - тәрбиелік ой - пікірлердің бастауы, халықтың рухани мұрасы. [7]

Адам баласын еңбекке, кәсіпке үйрету және оның еңбегін өнімді, жемісті ету - адамзат қоғамы тарихымен бірге жасасып келе жатқан тәрбие нысанасы.

Халықтық жазу - сызуды білмеген, ғылым мен мәдениеттен мешеу қалған сәбилік дәуірінің өзінде де өсер ұрпақты еңбекке тәрбиелеу отбасы, бүкіл қоғам мүшелерінің бірлесе отырып атқаратын ісі болып саналады.

Халық педагогикасының негізгі көздер мақсаты, өзінің бай тарихи тәрбиесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, Отанның ар - намысын қорғауға және т. б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.

Халық педагогикасы қалай дамып жатыр? Оның бұрын соңды ғылым ретінде жүйеленген күйі нешік? «Халық педагогикасы» дегеніміз не? «Этнопедагогика» дегеніміз не? Егер ғылыми жүйеленген жағдайда, бұлардың ара - жігі неде? Мінеки, әзірше осы сұрақтардың барлығына да жауап жоқ. Шындығында да, салт - дәстүрлер, әдет - ғұрыптар, тұрмыс - мүліктері, тек этнографиялық сипаттар ғана емес, пе? Ендеше, тағы да қайталап, «Халық педагогикасы» дегеніміз не? деп сұрауға мәжбүр болып отырмыз.

Осы қойылған сұрақтардың дерлігіне - ақ жауап беретін еңбек, халқымыздың белгілі жазушысы, ғалым - педагог Советхан Ғаббасов білгірлікпен өз еңбегінде талдап та, түсіндіріп берген.

Шын мәнінде, «Халық педагогикасы» дегеніміз әлде қайда терең көп қырлы және тұрақты негіздері бар ғылым екенін дәлелдейді. Ал, «Этнопедагогика» соның құрамындағы бір ғана саласы екендігіне көзіңді жеткізеді. [23]

Қазақтың халық педагогикасы ғылым ретінде байыпталып та, жинақталып та, жүйеленіп те көрген емес. Ендеше кез келген пәннің негіздері айқындалмаса, оның ғылыммен жүйеленген теориясы да жоқ деген сөз. Ал, теориясы қалыптаспаған пән үнемі үзіліссіз дами да алмайды. Халқымыздың төл мәдениетінің, соның ішінде әсіресе, ұлттық тарихымыз бен халық педагогикамыздың тұмшаланып қалуы неше дәуірлерден бері басынан кешкен уақыт тынысы мен заман сарыны тікелей байланысты. Ал, оның соңғы үш ғасырға жуық бодандық тіршілігі, бүкіл бір халықтың мәңгүрттеніп кетуіне әкеп соқтыра жаздады. Бұл шындық, қаншама азабы мол ауыр болғанымен, болашақ ұрпақ үшін өз аты мен затын да айтып кетуді жөн көрдік. Отаршылдық саясат, бодандықтың езгісінде қалған қаншама халықтың жан - дүниесін жегідей жеп, алдау мен арбаудың неше алуан жексұрын әдістерге пайдаланғандығын, қазіргі кезде анық та айқын көріп отырмыз. Міне, егемендігімізді алған осынша жылдың ішінде - ақ, халқымыздың көне тарихын тірілтіп, жаппай халық педагогикасын жандандыруға ұмтылып жатыр. Мәселенің бұлайша дамуының өзіне тән сыры мен сипаты бар. Өйткені біздер басымыздан келіп отырған қазіргі мезгіл - бүкіл адамзаттық мәні бар, тарихи кезеңнің болар сәті екендігі анық.

Аңсаумен жетіп, бостандықтарын алған халықтар бірден халық педагогикасының ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен қоғамдық мәніне жаңаша көзқарас беріп отыр. Жұртымыз нағыз халық педагогикасының орнына этнографиялық ілімнің жетістіктерін кең түрде пайдаланып жатыр. Ежелден белгілі этнографиялық білімнің тарауларына үй тұрмысында қолданылатын заттар мен тағамдар, өнердің сан - саласында қолданылатын ыдыс - аяқтарына дейінгі ерекшеліктерді айтатынымыз белгілі. Әрине, бұл да адам тәрбиесіне ерекше әсер ететін халық педагогикасының қолданбалы көріністері екендігін атап айтқан жөн. Себебі: халық педагогикасы мен этнография ілімдері бір - бірімен тығыз байланысты болғанымен, өнер ешуақытта да бірін - бірі алмастыра алмайды. Адамзат қауымындағы халық педагогикасының жетіле даму жолдарына үңіле қарасақ, оның әр түрлі тағдырға ұшырап, бір қалыпты даму жолдарына түсе алмағандығы анық байқалады. Оның көптеген себептері бар. Сол себептердің салдарынан халық педагогикасы дамудың ғылыми жолынан анықтауға мәжбүр болған. Осы айтылған тұжырымның айқын көрінісін белгілі ғалым Г. Н. Волковтың «Этнопедагогика» атты ғылым монографиясындағы қорытындыға қарасақ: «Халық педагогикасы - ғылым емес! Тек, ғылыми педагогикаға шикізат, материал, өмірлік фактілер ғана бере отырып, оның біртұтас ғылыми жүйесінің жоқтығын былай қойғанда, идеяларды жетілдіріп отыратын теориясының болуы да мүмкін емес», - деп үзілді - кесілді тұжырым жасаған. [8]

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми - педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударуды, құнды пікірлер айтып, өмірлік мұра қалдырды. Олар орыс педагогтары: К. Д. Ушинский, Н К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, В. И. Водовозов, Г. С. Виноградов, чуваш педагогы Г. Н. Волков, татар педагогы Я. И. Ханбиков, азербайджан педагогы А. Ш. Ташимов, грузин педагогы А. Ф. Хинтибидзе, Қырғызстан ғалымы, академик А. Э. Измаилов, қазақтың көрнекті жаңашыл педагогы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагогы Мағжан Жұмабаев. [6]

Тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланысын тұңғыш қарастырушы К. Д. Ушинский. Ол өз еңбектерінде халықтың сипатына еңбектің тәрбиелік және психикалық сипатына және тәрбиедегі адамшершілік мәселелеріне көңіл бере отырып, «Тәрбие көзі халықтық педагогика» деген тұжырымға келеді. Осы идеяны қазақ жерінде жалғастырушы педагог Ыбырай Алтынсарин. Ол қазақтың қыз ұзату, бала тәрбиесі дәстүрлерін арнайы зерттей отырып, халықтық тәрбиенің өзегі ұлттық салт - дәстүр екендігін көрсетеді. [3]

Сонымен бірге К. Д. Ушинский жас ұрпаққа тәлім - тәрбие беріп, олардың жан - дүниесін дамыту жайында «Әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт - дәстүрін дәстүрлеп, тарихи даму жағдайына орай білім беріп, тәрбиелеу керек» дегені мәлім. [22, 125-126]

Жалпы адамзат қоғамының әр кезеңдерінде пайдаланған дәстүр - салттың түрлері көп. Бір ұлтқа тән дәстүр болады. Дәстүрдің ескісі де, жаңасы да, жаманы да, жақсысы да бар екендігі белгілі.

Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттер. Ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғамның қамын ойлау. Ал, жастарды жан - жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің рөлі аса зор.

Салт - дәстүр дегеніміз - халықтың кәсібіне, сенім - нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасуын, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Қазақ халқының көпшілік салт - дәстүрлері баланың дүниеге келуімен байланысты болған. Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреуі бала. Халқымыз «Бесіксіз үйде береке жоқ», «бір баласы бардың шығар - шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде маздаған шамы бар» деген.

Біздің ата - бабаларымыздың да, жылдар бойы тарихында ешбір қағазға түспей - ақ жігі бұзылмай келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болғанына ешкім талас тудыра алмайды. Ол сан ғасыр бойы, атадан балаға, баладан өзінен кейінгі ұрпағына мирас болып, жалғасып келе жатқан салт - дәстүр, әдет - ғұрыптар. Мұның бәрі халық тәрбиесінің бір тарауы ғана. [7, 30-31]

Қазақ кеңес энциклопедиясында салт ұғымына төмендегідей анықтама берілген. «Салт - халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты» қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отыратын әдет - ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын жаңалық еніп, өзгеріп, қоғамдық болмыс ұстанымына бейімделіп отырады. Ал, жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттіліктері жаңа жағдайда ілгері дамиды. [19]

Ал, дәстүр ұғымына «Дәстүрдің ұрпақтан - ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез - құлқы мен іс - әрекеттерінің негізі» - деп анықтама берілсе, философиялық сөздікте, «Дәстүр тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар. Салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және т. б. қоғамда, ұлтта немесе жекеленген әлеуметтік мәдени мұра элементтері» делінген. [15]

Дәстүр үшін өткен қалыптасқан көзқарас пен іс - әрекеттің мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет. Профессор Н. Сәрсенбаев өзінің әдет - ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: Дәстүрге әдет - ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым - жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді.

Екіншіден, дәстүр әдет - ғұрыптың жинақталған, көпшілікке ортақ салтанатты шерулер, әнұран ойнау, елтаңбаны, туларды дәстүрге жатқызамыз.

Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі, көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы: біз Пушкин, Горький, Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың әдеби дәстүрін жалғастырушылар деп, ал ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз. [10]

ХХІІ - ХVІІІ ғасырлардағы орыстың және батыстың демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары өздерінің ғылыми еңбектерін - халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бала тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып, көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы, Чехтың педагогы Ян Амос Коменский «ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтың жақсы дәстүрлеріне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез - құлыққа тәрбиелеудің жолдарын белгілеп берді. [22, 182]

Қазақтың айтыс - өлеңдерінде, тәлім - толғауларында бесік - жырларында, ертегі аңыз - әңгімелерінде, мақал - мәтел, насқыл сөздерінде ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, бас бостандығы, адамгершілік, ар - ождан мәселелері жан - жақты сөз болған. Ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу сияқты дәстүрлі жиындарда айтылып келеді.

Қазақ халқының ақыны Абай атамыз жастар тәрбиесіне, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, артына ұлағатты сөздер қалдырған адам. Ол жастарды бес нәрсеге асық бол, бес нәрседан қашық бол деген еді. Еңбек, ғылым, терең ой, өнер, тіл, адамгершілік, өсек - өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ. Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата - ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады деген. Абай атамыз ұрпақ тәрбиесін қазақтың салт - дәстүрімен ұштастыра білген.

Жалпы адамзат қоғамының әр кезеңдерінде пайдаланған салт - дәстүрлердің түрлері көп. Бір ұлтқа тән халықтық дәстүр болады. Дәстүрді түсіндірме сөздіктерде: жалпы қауым болып қабылданған тәртіптің түрлері мен адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық ережелердің жиынтығын айтады. Осыған орай айтатын болсақ, қазақ халқында сан ғасырдан бері жалғастыра жасаған өзіне тән толып жатқан ұлттық дәстүр - салттары бар.

Құбығұл Жарықбаев пен Серғазы Қалиев өздерінің еңбектерінде салт - дәстүр туралы былай деп жазған: салт - дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім - нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрын қалыптасқанды жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел - жұрт уақыт озған сайын салт - дәстүрге жаңалық енгізіп, оның қоғамдық бөлшек көріністеріне бейімдеп өзгертіп отырады. Ал, жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндерді жойып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. [7, 36-37]

Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.

Ал дәстүрдердің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Дәстүр идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.

Халық: «Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар», «Әдет - әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім - тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген. Мысалы: көп жылдар бойы «діни мейрам» деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып келсе, қазіргі демократия кезінде ол қайта жаңғыртылып, жалпы халық мейрамына айналды. Салт - дәстүр халықтың белгілі бір әдет - ғұрпымен байланысты туады. С. Қалиев еңбектерінде қазақ халқының салт - дәстүрлерін төмендегіше топтауға болады:

  • бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер;
  • тұрмыс - салт - дәстүрлері;
  • әлеуметтік мәдени салт - дәстүрлер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Тәрбие жөніндегі пед
Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz