Қазақ тыйым сөздерінің әдет-ғұрыптық, тәрбиелік және экологиялық маңызы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың тыйым сөздері

Мұғалім : Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, бірге жасап келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі бар.

Әдет-ғұрып салт дәстүр арқылы халықтың күн көрісі, тұрмыс-салты, мінез- құлқы ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр-сипаты айқын көрінеді. Ата-бабаларымыз өздері тіршілік етіп отырған орта, табиғат, тұрмыс тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, ел басынан өткен қилы кезеңдерді, жақсы жаман жағдаяттарды ой елегінен өткізіп, әр кез оған деген өз көз қарасын білдіріп отырған.

Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуды көздейді.

Халқымыздың ғасырлар бойы жасасып, бізге жеткен асыл мұралаоының бірі-тыйым сөздер.

Олардан халқымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім-тәрбие сіңіреміз. Тыйым сөздер мазмұны мен мақсатына қарай тұрмыстық шаруашылық, еңбек, мәдени-гигиена машығына, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениетіне тәрбиелейді.

1-оқушы: Тұрмыстық-шаруашылыққа байланысты ырым тыйымдар

1. Нан үстіне зат қойма.

2. Нанды бір қолыңмен үзбе.

3. Нанды лақтырма.

4. Сүтті төкпе.

5. Сыпырғышты тік қойма.

6. Отқа түкірме.

7. Тұзды баспа.

2-оқушы: Мәдени-гигиеналық машығын қалыптастыратын ырымдар мен

тыйымдар

1. Шелектегі суға аузыңды салма.

2. Саусағыңды аузыңа салма.

3. Бас киіммен ойнама.

4. Тагңдайыңды қақпа. 5. Басыңды шайқама.

5. Екі езуіңді керме.

6. Шашыңды аяқ астына тастсма.

7. Басыңды шайқама.

8. Жағыңды таянба.

3-оқушы:Экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері

1. Жалғыз ағашты жұлма.

2. Көкті жұлма.

3. Малды теппе.

4. Суға дәрет сындырма.

5. Құстың ұясын бұзба.

6. Су шашып ойнама.

4-оқушы: Әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер

1. Үлкеннің алдын кеспе.

2. Адамды айналма.

3. Кемтар адамға күлме.

4. Адамға қарап түкірме.

5. Жаман бұзақы сөзден тыйыл.

6. Кісіге қару кеземе.

7. Үлкеннің жолын кеспе.

8. Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді.

9. Анаға секіме, азабын тартасың.

10. Барды жоқ деме, барың жоқ болады.

5-оқушы:Ырымдар мен тыйымдардың баланы қауіппен сақтандыратын түрлері

1. Отпен ойнама.

2. Оттан аттама.

3. Пышақты шалқасынан қойма.

4. Пышақтың жүзін жалама.

5. Аяқ-қолыңды жіппен байлама.

6. Түнде суға барма.

Мұғалім: Қазақ халқы осындай ырымдар мен тыйым сөздер арқылы ұл-қыздарының оғаш та осал қылықтарын сынап, тыйым, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған.

Ырымдар мен тыйым сөздер-халқымыздыңайнала қоршаған орта, табиғат, өзара қарым-қатынас туралы өмірдің өзінен түйіндеген пайымдаулары мен қағидалары, философиялық тұжырымдары, әлеуметтік және мәдени тұрмысының көрсеткіші.

6-оқушы:Ырымдар, тыйымдар және экология .

Ежелгі халықтардың туған топырақ, атамекен, табиғат, жан-жануарлар туралы ұғым-түсініктр, таным-талғамдары ырым мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Қазіргі мекен тұрағымыз, жеріміз экологиялвқ сырқатымыз асқынып, дағдарып отырған кезеңде де ата-бабаларымыздың мың жылдық тәжірибесінен үйренеріміз көп. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық білім ментәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-мағынасына ой жүгіртіп көрейікші. Олар негізінен жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рақымшылық етуге, обал, сауапдегенді сезінуге тәрбиелейді.

7-оқушы: Халқымыз «Көкті жұлма»деген, «Көкті жұлсаң көктей соларсың»деп жаман ырымға жорып, жұлғызбаған.

«Нанды бір қолыңмен үзбе», «Нанның үгіндісін аяққа баспа»деген сөздерде дәмге оны дастарханға келтіретін еңбекке деген құрмет сезімінің ізі бар. Сондай-ақ ата -бабамыз «Тал кескеше, қолыңды кес», «Қарағай кессең, қаңғырап қал»дап өсіп тұрған ағашбқа тигізбейді. От жағуға тек қағағай мен шыршаның кеуіп кеткенін, малдың қиы мен тезегін пайдалануда күнкөріс қамынан да басқа себеп болса керек. «» «» «» «» «» «»

8-оқушы: Халқымыздың тобылғылы сайға қой түсіртпей, ши атаулыны қорық қылып, күзет қоюының өзі күнкөріс қамы ғана емес, табиғатты қорғау, аялау әрекетінен туындаса керек. Қазір орындалып жүрген халық әндерінің бірінің «Тобылғы сай» аталуы тегін емес.

Ән орындалады.

9-оқушы: Қазақ халқының жер, су туралы ұғым-түсініктеріне назар аударалық «Обал болады» деп егінді, шалғынды жерді бет алды бастырмаған, «Ағын судың арамы жоқ» деп суға дәрет сындырмаған, «Судыңда сұрауы бар» деп ағынды суды бұрғызбаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төле Әлібекұлының соттық шешімдері және қазақ әдет-ғұрыптық құқығы
Қазақ қоғамының әдет-ғұрыптық құқығы: тарихи қалыптасуы және негізгі институттары
Қазақ тілі сабағында тыйым сөздердің тәрбиелік рөлі мен оқыту әдістемесі
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінің тәрбиелік маңызы және дәстүр жалғастығы
Қорқыт Ата нақыл сөздерінің тәрбиелік-танымдық және этикалық маңызы
Қазақ барымтасының әдет-ғұрыптық және құқықтық негіздері мен батырлық рөлі
Абай Құнанбаевтың Қара сөздерінің тәрбиелік мәні және қоғамдық маңызы
Жоқтау өлеңдерінің көркемдік, ғұрыптық және тәрбиелік аспектілері
Наурыз: қазақтың әдет-ғұрыптары мен тәрбиелік-мәдени маңызы
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының этнопедагогикалық тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz