Қазақтың ұлттық киімдері жайлы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың ұлттық киімдері

Адамзаттың арғы тарихынан, Адам ата мен Хауа ана заманынан бері адам баласы тіршілік етіп ұрпақ жалғастыру үшін табиғаттың тылсым күштерінің сан алуан сандарына қарсы күрес жүргізу арқылы ұзақ та күрделі даму сатыларынан өтті. Адамзат үшін тірі қалу жолындағы күресі бүгінде үлкен бір өнерге айналып отыр. Алғашқы адамдар үшін киім суықтан сақтану, ұятты жерлерін жабу үшін қажет болды. Ол үшін табиғи материалдарды, жапырақтарды, аңдардың терілерін пайдаланды. Ол кезде сәнді киіну, сұлу көріну үшін киінбегені белгілі. Кейіннен ой-өрісі кеңіп, санасы дамығаннан кейін адамзат теріні сол күйінде емес, өңдеп, илеп, жүнді иіріп, тоқып пайдалану керектігін білді. Адамзат палеолит кезеңінде тігіссіз киімдерді пайдаланса, неолитте, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін меңгергеннен кейін иықтан, мойыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Мысалы, үнділер сари, шалма, римдіктерде тога, ежелгі гректерде гиматий. Өткен ғасырларда киім маусым ауысуына, ыстық пен суықтың алмасуына байланысты болса, уақыт өте келе адамдардың жас айырмашылығына, жынысына, климатына, әлеуметтік дәрежесі мен өмір сүру ортасына, діни сенімдеріне байланысты қалыптасып дамыды.

Қазақ халқының да қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның басты салаларының бірі-киім тігу. Қазақ халқының ұлттық киімдері қолөнердің озақ үлгісі ретінде ғана емес дала жағдайына ыңғайлылығымен сан алуан әшекейлерімен, ою-өрнектерімен ерекшеленеді.

Қазақтың ұлттық бас киімдері . Қазақтың ұлттық бас киімінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, кіші жүз, орта жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі аттарымен аталады: найман тымақ, арғын тымақ, ноғай бөрік, адай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай ерекше үлгілерге бөлінеді-қоңырат үлгісі, жетісу үгісі, арқаның үлгісі т. б. Бұлай бөлу себебі киімнің кеңдігі, әшекейлеу ерекшелігі ықшам қонымдылығына қарай ажыратылады. Өз айырмашылықтары бола тұра киімдердің бәрінде ортақ ұлттық өнер мен қазақша атаулар бар.

Әдетте ерлер мен әйелдер бас киімі бөлек болады. Ерлерге тән бас киімдерге: бөрік, тақия, тымақ, құлақшын, шалма, қырпу, қалпақ, күлпара, жалбағай. Әйелдердің бас киімдерріне, кимешек, жаулық, күндік, сәукеле, желек, шаршы, шәлі, бергек т. б.

Қазақ халқы үшін бас киім өте киелі әрі көріктілік пен сәнділіктің нышаны. Осыған орай ел аузында « дос басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды » деген мақал айтылған. Сонымен қатар қысқы жазғы бас киімдер, жиындарда, жорықтарда киетін бас киімдер бір бөлек болады. Мысалы: сеңсең тымақ, құлақты бөрік, күлпараны ер кісілер қыстыгүні киді. «пұшпақ бөрік, жекей тымақ, қалпақ» т. б жазда киді.

Жапитер төбе бөрік шыт т. б жеңілбас киім ретінде күнделікті тұрмыста киіп жүрді.

Тымақ пен бөрікті мәриден, сеңсеңнен, елтіріден, құшпақтан жасады. Ал, тымақты атлас, пүліш, барқыт, шұға сынды маталармен тыстады.

Тымақ - төбе, маңдай, екі алдыңғы құлақ және артқы етек болып бөлінеді. Екі алдыңғы құлақтың сыртында екі бауы бар. Тымақтаң құлағы мен етегінің төбесінің жалғасқан жерін милық деп атайды.

Ақ қалпақ - ақ қозының күзем жүнінен түбіт араластырып басқан, жұқа киізден жасалған. Оны айыр қалпақ деп атайды. Оны қара барқат күміспен әдіптейді. Тігісі қара жіп немесе қара барқыт не қара шибарқытпен көмкеріледі. Төбесін түрлі жібек матамен тыстайды немесе ою-өрнектермен әшекейлейді.

Ерлер тақиясы - ыңғайлы қарапайым болғандықтан қысы-жазы киеді. Оны түсті матадан сәтен, шуға, барқыт сияқты маталардан дөңгелек төбелі етіп тігеді. Ұлттық өрнектермен әшекейлейді.

Ерлер бөрігі - Бөрік мерзімге байланысты қысқы жаздық болып бөлінеді. Қыстық бөрікте жылы болу үшін жүн, мақта салып қабып тігіледі. Жиегін қымбат матамен жиектеп тыстайды. Сал серілер әшекейлі үкілі бөрік киді.

Жалғабай - ек жаны мен артқы етегі тұтас тігіліп, иық пен желкені жауып тұрады. Қысты күні жылуышылар жалбағайды тымақ сыртынан киеді. Кей жерлерде жалбағайды далбағай, далбай немесе жалбай, күлпәра деп те атайды.

Майлақай (құлақшыны) - суықтан қорғау үшін килетін ерлердің бас киімі. Ол құндыз, бұлғын, сусар, жанат, қарсақ, түлкі т. б аңдар мен жас төлдің елтірісінен тігіледі. Малақай маңдай, екі құлағы мен төбесі және артқы құлақтан тұрады. Малақайдың астарын мақта немесе жүн салып, екінші бетіне бидай шүберек салып сыриды. Малақай әрі жылы, әрі өте сәнді бас киім.

Сәукеле - әйел бас киімдерінің ең әшекейлісі. Оны ұзатылатын қалындық пен оның жанына еріп жүретін құрбы қыздары киді. Сәукеле-тәж, төбе құлақ бау және артқы бойдан тұрады. Төбесінің биіктігі 2 сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукеленің ішін астарлап сыртын бидай шүберек ұстап жиі сыриды. Содан кейін сырттын қамқа дүрия, торғын секілді асыл маталармен тыстайды. Етегін қара барқытпен әдіптеп көмкереді. Маңдайын зерлеп, жібек шашақтың шоқтары тағылады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан жерін алтын, күміс түйіреуішпен бекітеді. Ең сыртынан шашақта әшекейлі жібек матамен жауып қояды.

Желек - Жас келіншектер басына жамылатын шәлі орамал. Желекті шеберлер алтын мен күміс ортасына бағалы тастан көз орнатылған салпыншық ілмелер мен әшекейлейді.

Тақия - қыздың жеңіл бас киімі. Пішініне қарай бірнешеге бөлінеді: цилиндрлі, айпақ, дөңес немесе үшкірлі. Шығыс қазақта тақияны «кепеш», Маңғыстаулықтар «телпек» деп атайды. Тақияны шеберлер өз қалаулары бойынша қатты қағазды пайдаланып, өз талғамына сай безендіріп жасады. Төбесіне үкі тақты. Тақияны барқыттан тікті.

Бөрік - бағалың терісінен, жас төл елтірісінен тігілетін әйелдердің бас киімі. Бөрік түрмесі кейде жалпақ, кейде жұмыр болып келеді. Тері түрлеріне қарай құндұз бөрік, кәмшат бөрік, елтірі бөрік деп аталады. Бөріктің төбесі алты немесе төрт сай болады. Бөрікті безендіру жасаушының өз қолында. Бөріктің сыртын барқыт, пүліш санды матамен тыстап, төбесіне үкі тағады.

Кимешек - әйелдердіңбас киімінің бір бөлігі жоғарғы бөлігі «шалма» деп аталады. Оларды ақ матадан тігеді. Оны кестелеп, түрлі бағалы тастармен әшекейлейді. Жесір әйелдер кимешекті әшекейсіз киді. Оңтүстік Қазақстанда кимешектің айналасына қызыл қара жиек таспа бауды жиектеп тікті. Кимешек тозған кезде оны қиып алып, басқа кимешекке орналастырды.

Жетісуда найман әйелдерінің кимешектері өте әсем болды. Тіпті халқымыз кимешектері әшекейлеріне қарап әйелге мінездеме берді.

Жаулық - әйелдердің бас киімі. Оны ақ түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді. Оны кимешектің сыртынан тартады. Ол тарту тәсіліне қарай қарқара, күндік деп аталады. Қарқараны тартқанда әйелдер жаулықтың 1 ұшын желке тұсынан шығарып қойып, қалған бөлігін түгелдей кимешектің сыртынан айналдыра орайды. Күндік жаулық кимешектің сыртынан жартылар оралып тартылады.

Ерлер киімі - Қазақ халқының киімдері іштік сулық, сырттық, бір киер деп бөлінеді. Сырттық киімдерге шекпен, күпі, тон, шидем жатады; іштік киімдерге көйлек, дамбал, желетке, қамзал, кәзекей, сулық киімдерге-шекпен қаптал, шапан, кебенек, сырттық жатады. Бір киер киімідерге қымбат матадан әшекейлеп тігілген, той - думандарға, жиындарға, сапарға шыққанда киетін киімдер жатады. Осыған орай қазақтарда «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» деген мақал бар.

Ішік - қымбат матамен тыстап, бағалы аң терісінен тігілетін тон. Олар аңның атына байланысты аталады: бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік т. б. Ішіктің тысын түрлі түсті жібек маталармен кестелеп, сумоншақ, маржан, жіптермен бастырып етек жеңіне алтын күмістен өрнек салып киді. Ішіктер кей кездері оқалы, әдіпті, шеттері журандалған, қайырма жағалы болып келеді.

Шапан - жүннен бидайланып тысталады. Шапан бай, яғни алдыңғы екі бойын «алдыңғы өңірі»деп, артын «артқы бой» деп атайды. Сосын 2 жең және жағасын ойып шығарады. Шапанның жағасы қайырма немесе тік жағы болады. Етегі енді, белі енсіз болып келеді. Мұны «шабу» деп атайды. Шабу шапанның шалдайын кеңейту үшін қажет. Қазақтың кей шапандары жүн тартпаған жеңіл, жадағай шапандар. Мұндай шапанның тысы астарына қабусыз бос тұрады.

Қазақстанның оңтүстігінде шапанның ішіктің ойық етек түрлері кездеседі. Ойық етектің айналасы кестеленіп, әдемі өрнектермен әшекейленеді.

Тон - иленген күздік қойдың терісінен тігілетін сырт киім. Тонды тіккенде қойдың шат, мойын пұшпақ терілері бөлек алынады Олар қолданылмайды. Тонды тебен инемен басып тігеді. Оның тысын түсті жіптермен кестелеп. Елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жасап, етек-жеңіне жұрын жасайды.

«Жарғақ», -«тайжақы»- оң киімдерін құлынның тайдың терісінен, жүнін сыртына қаратып жасайды. Әуелі оларды шалмаға салып илеп, еттерін қырқып қабыққа, қынаға салады. Әдіптерін кестелеп, жаға жеңін әшекелейді. Бұл киім түрлері бешпент сияқты жеңіл киімдерінің сыртынан киеді. Бұл киімдер қара немесе қара торы, теңбіл құлын терілерінен тігіледі.

Шалбар- Барқыт, плуш, шұға, жібек, трико, шибарқыт, көк мауты сынды ширақы маталардан қой-ешкі терілерінен тігіледі. Шалбардың бауы ышқарға өткізіледі, қалтасыз балағы кең болады. Оның кең болуы атқа мінуге, малдас құрыға ыңғайлы болғандықтан. Шалбардың балағы екі жанынан ойық болып істеледі де, оны кестелейді. Матадан жарғақ теріден жасалған шалбарларды түсті жібек жіптермен өрнектеп кестелейді. Кей кездері балақтың аузын әдіптеп немесе басқа матамен өрнектеген.

Күпі - матамен тыстап, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық киім. Күпі-жазғытұры және күзгі қара суықта кіиюге қолайлы сырт киім. Күпіге тартатын жүнді жылы суға жуып, кептіріп, бетіне бидай шүберек салып, көктейді. Күпіні барқыт, мәуіті сынды матамен тыстайды. Күпі артқы бой және алдыңғы 2 бойдан тұрады жағасы мен жеңі болады. Жағасы тік немесе қайырма жаға болады.

Күрте - жеңсіз жеңіл киім. Күрте алдыңғы 2 өңірі мен артқы бойдан тұрады. Күртені мақта не жүн салып, теріні барқыт, мәуіті секілді. Мықты, әрі қалың бір түсті матамен тыстайды. Күртені жейде немесе көйлектің сырттынан бешпенттің ішінен киеді.

Шекпен - түйе жүнімен тоқылатын сырт киім. Шекпен жаздық киім. Оған барқыттан немесе осы сынды тыстық матадан қайырма жаға жасады. Шекпеннің ең әдемісі «Шидем шекпен» оны тайлақтың жүнінен тоқиды. Шекпен су өткізбейтіндіктен, ол сулық киім ретінде де пайдаланылады.

Бешпет - түйе жүнінен жасалған матадан тігілетін әмбебап киім. Оны ерлер де, әйелдер де кие алады. Бешпет тік пішіледі. Жеңі ұзын, қайырма жағасы болады. Бешпеттің мойын ойығы алдыңғы өңірдің орта тұсы және етек-жеңі кестеленіп әшекейленеді.

Әйел киімдері - әйел киімдерінің түрлі үлгілері мен атаулары бар. Олар көйлек, кимешек, қамзол, кәзекей, көкірекше т. б. Әйел киімдері -қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер киімдері, қарт бәйбішенің киімдері болып бөлінеді. Әр қайсысы әртүрлі тігіліп, әр қилы безендіріледі.

Қыздар тар кеуделі омырау жаға-жеңі кестелі, қос етекті, баскиімдері үкілі. Аяқ киімдері биік өкшелі болды. Киімдері кестеленіп, моншақтармен безендіріледі. Шолпы тағып, құндұз бөрік киді.

Келіншектер тақия, бөрік кимейді, үкі тақпайды, жалаңбас жүрмейді. Құрсақ көтерген келінщектер киімін мол етіп тікті. Әшекей заттарын аз етіп киді.

Орта жастағы әйелдердің көйлектері қос етексізбелі, жеңі кең болып келеді. Ал қарт әйелдердің киімі етекті, мол қаусырмалы, қалталы болып келеді. Олар шолпы тақпайды, алқа салмайды. Білезік, сырға, сақина күміс түйме сияқты әшекей заттарды таға береді.

Қос етек көйлек- ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп, таза жүннен тоқылады. Мысалы, ақ жібек, ақ шәйі, ақ торғын, ақ файы, дүрия, бәтес, зифа, ләйлек сында маталардан тігіледі. Қос етек көйлекке 6-7м мата жұмсалады етегінің кеңдігі 3, 5-4 ен биігінен еркін өз бойына лайықтап өлшейді. Етегін әдіптеп кестелейді немесе оқа жапсырады. Әйел көйлегіндегі ерекше сәнді заттарының бірі «өңір»деген зат. өңір асыл матадан бөлек тігіледі, шеті кестеленіп, алтын не күміс алқа, моншақтармен безендіріледі. Өңірді «кеудеше». «көкірекше», «төстік», «алқа» деп те атайды.

Көйлек - әйел киімдерінің ең бастысы әйел көйлегінің кеудесі мен етегі екі бөлек тігіліп, соңынан қосылады. Қосылған жерін «белі» немесе «бүрмесі» деп атайды. Әйел көйлегі тар кеуделі, кең етекті болады. Өңірі бүрмеге дейін ашық болады. Оны «қақпа» деп атайды. Жағасы тік шығарылып, артынан кейде бір жақ иық тұсынан түймеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық киімдердің қоғамдағы маңызы
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің, оның ішінде ұлттық бас киімдердің пайдас мен әсемдегінін қазіргі ұрпаққа насихаттау жолдары
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Қазақ костюм тарихы
Қазақтың ұлттық киімі
Киім кию мәдениеті жайында
Әйел киімдерінің классификация
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
Ұлттық нақыштағы киiмдердi әзiрлеу барысында оқушылардың көркемдiк талғамын қалыптастыру мүмкiндiктерi
Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz