Қазақтың ұлттық киімдері жайында материал
Қазақтың ұлттық киімдері
Халықтың ою-өрнек әшекейінін ен бір кеп кездесетіні ұлттық киімдер.
Сондықтан казақ өрнек әшекейлерін зерттеушілер С. Дудин, Е. Шнейдер, Р.
Карутц тагы баскалары казақ халқызнын киім үлгілері мен оны әшекейлеген
өрнек мәнеріне үлкен мән берген. Қазақ киімдерінін түрлерін жинау, үлгі,
өрнек мәнерлерін ғылыми түрғыдан зерттеу Үлы Октябрь революциясы женісінен
кейін, қазақ халқынын өз алдына мемлекет күрган совет дәуірінде ғана
кенінен өріс алып отыр.
1922-1926 жылдары қазақ республикасынын астанасы болған Орынбордын
музейі жер-жерлерге өкілдер жіберіп, казақ кюмдерінін түрлерін, үлгілерін
жинай бастады, Бұл істе музейдін ғылыми қыззметкерлері А. Четыркина мен А.
Мелхов орасан үлкен енбек сінірді. Олар неше түрлі жол азаптарын көре
жүріп, Актебе, Торғай, Қостанай, Орал, Атырау, Семей, Павлодар аймақтарынын
көп жерлерін аралап шықты, көптеген ұлт киімдері мен өрнектердің, алтын-
күміс әшекейлердін экспонаттарын жинады, орташа, дәулетті казактардың
киімінін 7 түрлі болатынын жазды. Атап айтканда, әр адамда көйлек, дамбал,
шалбар, қамзол (не бешпет), шапан (не бешпент), шапан (не ішік), күпі (не
тон), бас киім, аяк киім болатынын анықтап, зерттеушілер әр облыстағы әр
түрлі үлгі түрлерін, атауларын кағаз бетіне түсірді.
Қазақ киімдерінін ұлттық түрлерін жинап, онын әр алуан әсем үлгілерін
жасауда советтік дәуірде өркен жайган казак театрлары мен көркемөнерпаздар
коллектив-тері үлкен енбек сінірді. Мысалы, Қазақтың Абай атьш-дагы Ленин
орденді мемлекеттік опера және балет театры, М. Әуезов атындагы академиялық
казак драма театрынын коллективтері кептеген игі жүмыстар істеді. Олар "Қыз
Жібек", "Ер Таргьш", "Қозы Көрпеш-Баян сүлу", "Қобыланды
батыр" сияқты тарихи эпостық дүниелерді сахнаға шығарумен бірге казақ
киімдерінің неше алуан әшекейлі түрлерін де қалпына келтірді. Бұл
коллективтердін енерпаздары, әрине, соның барлығын өз жандарынан шығарған
жоқ, олар ізденді, тапты, көрді, архив пен музей қазыналарының деректеріне
сүйенді.
1930 жылдар Қазақ ССР Орталық музейінін қыззметкерлері Ә. Омаров пен В.
Күж бірлесіп Алматы қаласынан және Еңбекшіқазақ ауданынан қазақтың ұлттық
киімдерін жинады. Бұл жылдары Қазақстан суретшісі Е. Клодт қазақ
киімдерінің, киімшең түрған қазақтардың бейнелерін суретке түсірді. Сол
сияқты қазақ киімдерінің түрлері мен атаулары, үй жиһазы мен өрнек-
әшекейлері туралы республикамыздың әйгілі ғалымы академик Ә.Марғұлан мен
архитектура ғылымының кандидаты Т. Бәсенов, Ә. Масанов, X. Арғынбаев
жолдастардың енбектерін баса айтуға болады.
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде үлы жүз, орта
жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен
де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қыпшақ тымақ, адай
бөрік, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына
қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді. - қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі,
арқаның үлгісі және т.б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы,
бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да
ажыратылады. Мысалға, шапан үлгісін алайық. Үлы жүздің шапандары кебінесе
жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашык жағалы келеді. Онтүстік елі
өзбек, тәжік, үйғыр халықтарымен кершілес, көпшілік кәсібі бақ есіріп, егін
салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілу мәнеріне осы жағдайлардың
ықпал еткенін көреміз.
Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек
қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кен, жағалары шолақ ойма немесе түймелі
болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар ха-лықтарымен
аралас-құралас отырады.
Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан,
бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді.
Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола түра, солардың бәріне бірдей
ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да
шапанға шабу
қояды және оны барлык жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де,
оны жеңтүп, ойынды, колтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да
шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Ертеден калған киімдердін
үлгі нүскаларына қарағанда, киімді адам денесіне шак етіп тігу беріректе,
орыс халқымен аралас, қаламен катынас көбейе түскен кезде қалыптаса
бастаған сияқты. Қазақ киімдерінің ен ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен
үлы жүзде, ал ең мол үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі.
Бір сөзбен айтқанда, етегін төсек, жеңін жастық етіп жүретін -
жорықшылық, шидем, тон, шапан қабаттап киінетін - мал бағушылык, етек-жеңін
түрініп, ықшам киінетін - диқаншылық тағы басқа түрмыстық жағдайлар
киімдердін түрлеріне зор ықпал жасап отырған.
Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа
бөлінеді. Іштік киімдерге - көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей,
сырттық киімдерге - шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге - шекпен,
қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Қазақстанның Орталық
аймақтарыңда тон, ішік, тайжақы сияқты тері киімдерді өң киімдер деп те
атайды. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-
думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді
киімдерді атаған. Қазақтың "таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон
сыйлы" дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске
түсерде, соғыска барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.
Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті
түрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар,
салдар, ән-күй, күрес өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұңғышын
тапканша өте сәнді киініп жүрген. Кестелі, зерлі, жалтырауық киімдерді
кадырлы қарттардың да үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сиымды салт деп
саналған.
Еркек киімдерінің ең қымбаттысы - аң терісінен істелген ішіктер. Олар
аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр
ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген
ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат,
қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде
осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ,
маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде
бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті,
окалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген.
Шапан көбінесе жүн тартылыл бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды
әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы
тыстаса, кей жер лерде тура тыстың үстінен қабыған. кейде сыритын болған.
Мұндай шапанды "сырмалы шапан" деп атаған. Шапандар көбінесе кайырма
жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның
бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар.
Қазақ шапандары үш бой, екі жең болып және жағасын ойып шығарып
пішіледі. Үш бойдың аддыңғы екі бойын "алдыңғы өңірі" деп, артын "артқы
бой" деп атайды. Арт бойдың екі жақ шеті аддыңғы өңірге кусырыларда оның
екі жақ етегіне бел мықынға жеткенше екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек
жағы енді, бел жағы енсіз келеді. Мұны "шабу" деп атайды. Шабу шапанның
шалғайын молайту үшін қойылады. Шапан женінін екі беті бірак қиылады. Орта
жүзде шапаннын жағасы мен жеңінін ұшы әдетте басқа түсті барқыт, шұға
тәрізді тәуір матадан салынады, оңтүстікте жаға, жең тұтас бой матаның
өзінен (басқа түсті матадан емес) салынып кестеленеді не әшекейлеп
сырылады. Қазақ мәнерінде кейде арасына жүн тартпаған жеңіл, жадағай
шапандар да кездеседі. Мұндай шапаннын тысы астарына кабусыз бос тұрады. Ал
ішіктер көбінесе аң терісінен, қой, қозы, ешкі, бота терілерінен құрастырып
істеледі. Бұлардың да бөлшектері мен пішілу түрлері, бой атаулары шапанға
ұқсайды. Ішіктер көбінесе асыл және түсті матамен тысталады. Бірөңкей түсті
мата болғанда оны әр түсті жібек жіппен кестелейді, зерлейді. Ішіктердің
әдібін сыртынан келтіреді, кейде әдіп аң терісінен жүрындалады.
Қазақстанның оңтүстік аймағында шапанның да, ішіктің де ойық етек
түрлері кездеседі. Ондай ойық кейде тура арт бойдың етегінен, кейде екі жак
шабудың үстінен жасалады да айналасы жұрындалып, кестеленіп,
әдемі өрнектермен әшекейленеді.
Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі
адамдарға 11-12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен
пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон
тігісіне пайдаланылмайды. Тондардын жүндері ішіне қарайды, ет жагы қынамен,
кабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе
шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да
тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі,
сеңсен, ан терілерінен кайырма жаға жасап, етек-жеңіне жүрын үстайды.
"Жарғақ", "тайжақы" деген өң киімдерді тайдың, құлынның терісінен,
жүнін сыртына қаратып істейді. Оларды да малмага салып илеп, еттерін қырып,
кабыққа, қынаға салып өндерін басып ажарлайды. Шеттерінің әдіптерін
кестелеп, жаға-жеңдерін әшекейлейді. Кейде етегін, өңірін, қаусырмасын
қымбатты аң терісінен жұрындап қояды. Әдетте тайжақыз мен құлын жарғақты
бешпенттің, бешпент күпі сияқты жеңіл киімдердің сыртынан киеді. Тайжақы
мен құлын жарғақтарда тайдын, кұлынның жалдары арт бойдың етегінен
жауырынға дейін, екі иықтың үстінен жең ұшына дейін созыла жал жасап,
жарасып тұрады. Тайжақы мен жарғақ қара немесе қараторы, кейде тенбіл қүльш
терілерінен тігіледі.
Шалбарды барқызт, пүліш, шұға, тібен, трико, шөшінше, шибарқыт, шегрен,
ләмбөк, мәлескен, қырмызы, қамқа, бакисап, (бейқасып), көк мауыты сияқты
ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға
өткізіледі, калтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кен тігілуі салт атқа
мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы
кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде коныштың сыртында жүреді. Жеңіл
шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алатын.
Шалбарланып жүру әсіресе аншылар мен батырларға, балуандарға тән әдет еді.
Шалбардың балагы екі жанынан ойық (жырық) болып істелетін де, ол кестеленіп
қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді және көрікті киімдердің бірі
саналған. Матадан, жарғақ теріден істелген шалбарларды неше түсті жібек
жіптермен өрнектеп кестелейді. Кейде балақтын аузын әдіптеп,
жұрындап, не баска түсті матамен балақтап өрнектейді.
Қой терісінің әр түрлерінен (жүндес, қырықпа, тақыр және т. б.), ешкі
және құлын терілерінен, былғарыдан тігілген шалбарды көбінесе тыстамайды.
Оны бір түске бояп, кестелейді. Кейде қырықпа теріден тігілген шалбарды
матамен тыстап та жүрген.
Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген.
Белбеуді бірнеше метр матадан ораған. Белдік пен кісені қайыстан,
былғарыдан қабаттап, күмісті мықтармен, білезіктермен, көзді күміс
бұдырлармен сәндейтін. Бұлардан басқа қүр, терме, шекпен белбеулер де
болған. Оларды да өрнектеп, шашақтап, әдемілеп істеген.
Әйел киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілері мен әр алуан атаулары
бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек,
жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше
сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт
топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек кнімдері, орта жастағы
әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz