Қазақша сөйлеу дағдыларды қалыптастыруға тән ерекшеліктер


Қазақша сөйлеу дағдыларды қалыптастыруға тән ерекшеліктер.
Қазақ тілін Оқыту мен сөйлеуге үйрету әдістері, негізінен үш түрі ерекшелікке байлансты жүзеге асырылады.
І. Оқытудың мақсаты.
ІІ. Оқытудың мазмұны.
ІІІ. Оқытудың кезеңдері.
- Оқытудың мақсаты тіл үйренушілерге қазақша сөйлеуді үйрету, қазақ тілін өмірдің барлық саласында іс жүзінде қолданыла білу, қазақша тілдесуді іс жүзінде асыру.
Жалпы Лингвистикалық әдебиеттерде оқытудың мақстына жоспарланған оқу процессінің нәтижесі жатады.
Кез келген оқыту процессінің нәтижесі де, қазақ тілінің іс жүзінде қолданылу аясы да, ең алдымен, сол пәнді оқыту жүйесіне қатысты жасалған бағдарламаға тікелей байланысты
Бағдарлама бүкіл оқыту процессіне ғана емес, әрбір оқушы үшінде қажетті құрал. Онда пән мен оқыту жүйесі жөнінде нақтылы көрсеткіштер беріледі.
Оқытудың мақсаты белгіленіп міндеті айқындалады.
Бағдарлама оқулықтармен оқу құралдарына болатын өзгерістерді қамтиды. Өмір талабы сай оқу құралдарын күнделікті тез өзгеріп, шығару қиынырақ болса, бағдарламаны қайта қарап сабаққа, мақсатқа сай толықтырып отыруға болады. Сондықтан мұғалім бағдарламаның негізгі принциптері қалдыра отырып тіл үйретуде оқушылардың талабы мен тілігін, әр түрлі жағдайларды ескере келіп өз тарапынан оны желідіріп отырады. Қалай болғанда да, бағдарлама оқытудың негізгі мақсатына жетудегі жетекші құрал болып табылады.
Оқытудың мақсаты бағдарламаға сай терең, күрделі және аумақты болуыда, сонымен бірге әр сабақтың мақсатына қарай нақтылы, шағын немесе тапсырманың ыңғайына орай қысқа, дара болуда мүмкін. Ең бастысы, қандай жағдайда болсын, тілді оқыту белгілі бір нақтылы мақсатқа бағытталып, соған жету міндетіне қызмет етуі керек. Әр сабақтың, тапсырманың және жаттығуының басты мақсатқа жету талабы айқын болса, оқушының да оны түсінуі тез болады.
Жалпы қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудың мақсатын төмендегідей жіктеуге болады.
- Қатыстық мақсат.
- Практикалық мақсат.
- Тәрбиелік мақсат.
- Білімдік мақсат.
Қатысымдық мақсат қазақ тілін адамдар арасындағы тілдесімді, сөйлесімді жүзеге асыратын, олардың бір-бірімен тілдік қарым қатынасын қамтамасыз ететін құрал ретінде оқытуды талап етеді. Қазақ тілі алдымен бір ұлт пен екінші ұлттың түсінісу, сөйлесу құралы болуы керек. Бұл мақсат бойынша, адам мен адам пікір алысып, өзара ұғынысып қоймай, қоғамда бірігіп еңбек етуге ұмтылуы қажет. Тіл арқылы адамдар өмірден өз орнын табуы керек, әркім өзіне қажетті игілікті іске асыруы қажет, әлеуметтік қарым қатынас тілдік қатынасқа қызмет етуі лазым.
Тіл осындай мақсатты жүзеге асыру үшін үйретіледі. Оқыту осы мақсатқа негізделіп жүргізіледі.
Практикалық мақсатқа тілдік қарым-қатынаста қолданылатын қатысымдық тұлғаларды іс жүзінде ауызша және жазбаша түрде меңгеру жатады. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту оқушыға заттарды, құбылыстарды қабылдаудың жаңа жолдары мен құралдарын үйрету негізінде жүреді.
Белгілі бір тілді шет тілі тұрғысынан оқытқанда, өмірдің, табиғаттың, қоршаған ортаның тылсым сырларын зеріттеу немесе шешім ұсыну жөнінде нақты білім берілмейді. Мұндаға ең маңызды нәрсе оларды қалай атауды және ойша қабылданған заттарды, әсерді сөзбен, тілмен қалай жеткізуді игеру. Сонда ғана тілдің қолданылу қуатының мәні артады. Оқышы сөйлеу құралдары мен тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануды үйренсе оны іс жүзінде қажетіне жұмсайды. Сөйлеу ерекшеліктерін меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша түрде іске асырады. Бұл тілді қолданудың тәжірибелік көрінісі. Сол себепті оқушы тілді адамдарымен қарым-қатынас құралы ретінде үйренгені дұрыс. Тілді іс жүзінде, күнделікті өмірде қолдана білуге үйретудің жолы деп әдістемелерде көбінесе арнайы тақырыптар алынып, лексикалық материалдарға ерекше көңіл бөлініп жүр. Мұндай тақырыптар оқулықтарда жиі қайталанып келеді. Мысалы, «Отбасы», «Жатақхана», «Менің жұмыс күніме», «Демалыс», «Асхана», «Дүкенде», «Қонақта», т. б.
Тақырып арқылы сөйлеуге үйрету,
біріншіден, тіл үйренушілерге не туралы айту керек екенін аңғартса,
екіншіден, қалай айту керек, қандай сөздерді білу керектігіне назар аудартады.
Сол себепті тақырыпты басты белгі ретінде алып, сол тақырыптың төңірегінде әңгімелесу оқушыға оған қатысты өмірлік жағдайларды меңгеруге жәрдем береді.
Бұл ретте тақырыппен қатар сөздік, граматика, дыбыстардың айтылыуы, тілдік ережелер мен заңдылықтар бәрі комплексті түрде бірге жүргізіледі. Егер тақырыпты меңгеру аудиторияның аумағынан аспай, Сыртқы өмірде қолданылу аясы шектеліп қалса, сабақ қанша жақсы өткенімен, іс жүзінде сөйлеудің болмағаны. Мұндай жағдайда оқытудың мақсаты да орындалмайды. Тілді оқытуда есте болатын мақсаттың бірі - тәрбиелік мақсат.
Оқушыға тілді үйрете отырып, оған адамдармен қандай қарым-қатынаста болу қажеттігінде үйретуге тура келеді.
Адамдардың бір біріне деген құрметін өзара тіл табысуын тез түсінісуін қалыптастыруға тура келеді. Тіл үйренушілер өзара ұғыныстық қатынаста болса, тілді де тез меңгереді, бірінің білмегенін екіншісі үйретеді.
Сонымен қатар белгілі бір тілді үйрене отырып, сол арқылы қарым - қатынасқа түсе отырып оқушының іштей өзіндік көзқарасы қалыптастыруды, ол әлеуметтік ортадан өз орынын табуға тырысады, басқа адамның сөзінен, бойынан жақсы қасиеттерді көруге бейімделеді.
Тілді біліу арқылы оқушының адамдармен қатысымдық байланысы күшейеді. Сөйтіп, өзіне деген ризашылық, мақтаныш сезімі оянады, қоғамның белсенді мүшесі болуға талпындырар алғы шарт пайда болады. Мұның бәрі кез-келген адам үшін қажетті фактор.
Тілді оқыту, үйрету білімдік мақсаты да көздейді Оқушы өз ана тілінен басқа екінші тілді үйрене келе, ойды жеткізудің жаңа тілдік амалдары меңгереді. Екінші тілде сөйлеу арқылы ол жаңа мағыналармен, ұғымдарымен танысады, оның ойлау жүйесі дамиды, таным аясы кеңейеді.
Оқушыларды тілді оқып меңгере келе, бір тіл мен екінші тілді салыстыра отырып тілді үйренудің жедел әрі тиімді жақтарын іздестіруге тырысады. Сөйтіп, оның ойлау қабілеті жетіледі.
Оқушы жаңа гараматикалық заңдылықтарды ережелерді есте сақтап, оларды іс жүзінде қолданады, тілдік тұлғалардың байланысу түрлерін меңгеріп, сөйлеу кезінде пайдаланады. Ана тілін басқа тілде сөйлеу арқылы оқушы оқығанын жинақтауға, талдауға, салыстыруға, қорытуға қалыптасады. Сөйтіп, оның ойлау жүйесі жаңа біліммен толығады.
Сондықтан қазақ тілін оқытуда қажеті шамалы ұзын санао күрделі де қиын ережелері жаттатудан аулақ болып, сөйлесім мен тілдесімді жүзеге асыратын тілдік қатынастық негіздерін меңгерткен жөн. Кез келген ереже сөйлеуді үйретуге қызмет етіп, тілдесуді, пікірлесу үшін оқытылғанда ғана басты мақсат орындалады.
Оқытудың мазмұны-тілді үйрету үшін қандай мәселеге басты назар аудару керек, нені оқыту керек соларды анықтайды.
Осы тұрғыдан келгенде, ұстаздар мен әдіскерлер мынадай сұрақтарға жауап іздейді: тілді үйрету керек пе, әлде сөз бен сөйлеуді үйрету керек пе? Олардың ароасындағы негізгі айырмашылықтар неде? Екінші тілдерді оқыту әдістемесінде бүгіндері оқушыға тілден бұрын сөйлесуді үйрету керек деген пікір тұрақтала бастады. Өйткені өзге бір тілді меңгеру үйренетін тілдің лингвистикалық ережелерін жинақтап білу емес, ол екінші тілдің сөйлеу құралдары мен әрекетін тұлғаларын дұрыс пайдалана білу сол арқылы сөйлесетін өз әренгеге жету. Сондықтан алдымен сөзді, сөйлеуді негізге ала келіп, содан соң тілді үйретуге көшкен жөн. Яғни бүкіл оқыту жүйесі тілмен түсінсуді қамтамасыз етуге бағытталған сөйлесімді үйретуге қатысты жүруі керек.
Өкінішке орай, қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту барысында осы басты қағида орындалмағандықтан, көп жерлерде тілді үйрету оң нәтиже бермей келеді. Айлап, жылдап оқытқан оқушыларымыз өз ойын жеткізіп бере алмайды.
Тілдің оқыту дегеніміз оқушылардың басты назарын тілдің жүйелік ерекшелігіне аудару. Мұнда тілдің жүйелік сипатын көрсететін фонетика, лексика, гаматика әрқайсысы жеке-жеке талдап оқытылады.
Тілді осылай лингвистикалық күрделі құбылыс ретінде оқыту оқушыға ғылыми тұрғыдан жүйелі, терең білім бергенмен оны қарым-қатынас құралы есебінде қолдануға мүмкіндік жасай алмайды. Мәселен оқушы дыбыстарды, олардың айтылуы мен жазылуын: жеке сөздерді олардың аудармасын сөздің түбірі мен қосымшасын сөз таптарын; морфологиялық және синтексистік талдауларды ажырата алғанымен, гаматикалық ережелерді өте жақсы білгенмен, сол тілде сөйлей алмайды.
Тіптен белгілі бір жоғдайға байланысты жеке фразаларды, тіркестерді жатқа белгенімен, қажет жерде оны қолданудың амал-тәсілдерін жетік меңгермендіктен. Сөйлеу кезінде іске асыру мүмкіндігі мен соғып отырады.
Фонема, морфема, сөз тұрақты тіркес сөйлемдер тілдік тұлғалар ретінде тілді тілді оқытудың жүйесіне енеді. Тілді оқыту немесе үйрету тарихы тұрғыдан қалыптасқан тіл ғылымының салалары мен өзіндік заңдылықтарын тілдің ішкі құрлымы мен тұрақталған бүтіндігін, олардың барлық ерекшеліктерін сақтап оқытуды көздейді.
Тіл - сөйлеу құралдарынын бүтін жүйесі. Сондықтанда сөйлеу құралдары мен сөйлеу әрекетін олардың түрлерін жан-жақты игермей тұрып, белгілі бір бөтен тілде ойды жеткізу мүмкін емес.
Сөйлеуді меңгерту дегеніміз: оқушының айтайын деген ойын ауызша және жазбаша түрде екінші адамға түсінікті етіп жеткізкіне мүмкіндік жасау.
Сөйлеуді үйрету күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау, сол ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдар мен тұлғаларды, олардың байланысу формаларын жете білуімен қатысты. Сөйлеуші тілдік бөлшектерді жеке жаттамай, олардың бір-бірімен тіркесу қолдану заңдылықтарын қажетіне сай пайдаланып үйренуі керек. Бұл тілдегі сөздің қор мен граматиканы қатар меңгеріп, ойда пайда болған ұғымды сөйлемге айналдыру қажет етеді. Осы күрделі процесстің бәрі (сандағы ұғым, оны сөзбен бейнелеу сөздерді байланыстырып, сөйлем құрап айту) бір мезгілде орындалады.
Осылай оқушы екіншщі адаммен тілдік қатынасқа түсіп айтар ойын оған жеткізеді.
Сөйлеу үшін оқушы тілдік көрсеткіштер мен сөйлеуге жұмсалатын тұлғалардың тіркесу заңдылықтарын білуі, тілдік құралдарды қолданудың амал тәсілдерін меңгерту қажет.
Ауызекі сөйлеу тілінің халық сипаты, онда неғұрлым әсерлі, бейнелі мәнерде сөйлеу мүмкінділігінін молдығы, пікір алысудын тікелей ауызекі, диалогтік түрінің басымдылығы, карапайым. түрпаиы сөз колданыстарьы т. б. касиеттері бұрынғы ауызша әдеби тіл кезінде де, казіргі жазба әдеби тіл кезінде дс сактатып отырған.
Бірак. сөйте тұра ауызекі сөйлеу тілі тарихи дамып отыратын кұбылыс. Мәселен, ауызша әдеби тіл ауызекі сөйлеу тіліне неғұ : рлым жакын болған. Бұл - халыктың сөз өнерінін негізі ауызша дамумен байланыстылығын көрсетеді. Сонымен бірге казіргі кезде ауызекі сөйлеу тілі өз ішінен сараланып келеді. Ондағы карапайым, дөрекі, тұрпайы сөз қолданыстары әдеби тіл нормасына жатпайды. Ғ. Мүсабаевтың "Сөйлеу тілі мен казактың. әдеби тілі кәзіргі кезде бір-бірінен ажырай қалыптасу үстінде" деген пікірін осы мағынада түсіңген жөн сияқты.
Бір тұтас халык тітінің кұрамындағы жоғарыдағыдай функционалды стильдік, болмаса функциинолды -көлемдік тармактары тарихи бір-бірімен байланысты болып. бір-біріне ыкпал етіп отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz