Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану дәрежесі



1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен
ластану дәрежесі
Қоршағаң ортага түскең экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың
әсерінен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тірі организмдердің
тіршілік әрекетіне кері әсер етуде. Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға
таралуы олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттеріне, яғни
булануына, ұшқыштығына, ерігіштігіне, т.б. байланысты. Қазіргі кезде барлық
табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың
негізгілерінің бірі - ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың
биологиялық активтілігіне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық
қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға
түскенде ұзақ сақталады 3.
Үздіксіз әсер етуші химиялық заттардың аз мөлшерінің өзі өсімдіктер,
жануарлар және адам организміне канцерогенді әсер етеді 4.
Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын; кадмий, хром, никель
улы заттардың қатарына жататыны белгілі. Олар тірі организмдерде
жинақталып, ұзақ уақыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретінде
әсер етеді. Бұл заттардың тірі организмдердегі концектрациясы
қоршаған ортадағы
концентрациясынан 100-1000 есе жоғары 3.
Адам әрекеті нәтижесінде қоршаған ортада атап айтқанда топырақ, су,
атмосфера, тірі организмдер құрылымында қорғасын миграциясы үлкен көлемді
қамтиды. Атмосфераның өздігінен тазалануы барысында қорғасынның айтарлықтай
бөлігі өндіріс орнының айналасына шөгеді немесе жауын-шашынмен бірге
құрылық пен мұхиттарға қайтып оралады. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша,
қорғасын массасының құрлық пен әлемдік мұхит арасындағы таралуы мынадай
жағдайда: судын құрамындағы қорғасынның орташа концентрациясы 1 мкгл
болатын өзен суы мен мұхитқа жылына суда еритін қорғасынның шамамен
40103т қосылады, өзен суының түйіршікті фазасында жылына 2800103
т, жұқа органикалық дентритте 10105 т қорғасын кездеседі. Ауыр
металдардың миграциялық ағыны мұхитқа тек қана өзен суымен ғана емес,
атмосфера арқылы да түседі. Континентальды шаң арқылы мұхитқа жылына
(2030)103т қорғасын түседі. Жаңбыр суы арқылы түскен мөлшері
жылына (400-2500)-103 т бағаланады. Аса улы ауыр металдардың бірі кадмий.
Оның 70-ші жылдардағы әлемдік өндірісі жылына 15103 т жеткен.
Атмосфераға
бөлінген кадмийдің көлемі жылына (1,7-8,6)-103 т құрайды 6.
Адам өз әрекеті нәтижесінде химиялық элементтердің табиғи ағымын
түбірімен өзгертті. Антропогенді кездерден атмосфераға түсетін қорғасын
қалдықтары табиғи қалдықтармен салыстырғанда 18,3 есе, кадмий- 8,8 есе,
мырыш - 7,2 есе жоғары 7.
Биота мен су түбіндегі ауыр металдардың концентрациясы суға қарағанда
анағұрлым жоғары. Су түбінде ауыр металдардың концентрациясы: мырыш - 160,
мыс - 25, қорғасын - 47, никель -43, күміс - 0,37 мгкт дейін жетеді 5.
Су түбінде ауыр металдар біркелкі таралмайды, негізінен органикалық заттар
шоғырланған жерлерде көп кездеседі 8.
Балхаш суының ластану коэффициенті соңғы 30 жылда 2-3 есе артқан.
Көлдің ұзындығы бойынша (тұщы бөлігінен ащы бөлігіне қарай) ластану
коэффициенті 2-ден 9:ға дейін өскендігі байқалады. Бұл көл суының сапасының
қалыпты деңгейден 3-10 ссе төмендігін көрсетеді 9.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүрген жерлердің
топырағының құрамын тексергеиде қорғасынның мөлшері 400 мгкг (20 ПДК), мыс
- 200 мгкг (20 ПДК), мырыш - 2000 мгкг (40 ІІДК), мышьяк - 100 мгкг(50
ПДК), марганец — 1000 мгкг, титан — 5000 мгкг, фосфор - 2000 мгкг,
ванадий — 1500 мгкг(300 ПДК), стронций - 400 мгкг жеткендігі байқалған
10.
Солтүстік-батыс Каспий өңірінің жекелеген бөлімдерінде ауыр
металдардың жоғары кондентрациясы анықталған. Оның ішінде, мырыштың жоғары
концентрациясымен ластану кең өріс алған мөлшері 60-100 мгкг (1-2 ПДК).
Тереңөзек мұнай кәсіпшілігінде никельмен, хроммен, кобальт және мырышпен
ластанудың жиынтық мөлшері қалыпты мөлшерден 22 есе жоғары 10.
Орталық және Солтүстік Шығыс Қазақстанның аудандарында сынаппен
ластану етек алған. Техногенді саз-балшықтардағы сынаптың көп мөлшері
жылжымалы түрде кездеседі, олар: сульфатты (2%), оксидті (6%) және
қарапайым күйдегі сынап (20%) 11.
Текелі қаласындағы (Талдықорған облысы) Текелі қорғасын-мырыш
комбинатына жақын аймақтарға шөккен қорғасынның мөлшері жылына 4 т құрайды.
Атмосферадағы мөлшері қалыпты деңгейден 33 есе жоғары. Текелі қаласының
және оған жақын аудандардың топырағындағы қорғасынның мөлшері 160-170
мгкг, яғни қалыпты мөлшерден 5 есе жоғары 12.
Соңғы жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты Шымкент қаласында
кейбір өндіріс орындары үзіліспен немесе жекелеген цехтар ғана жұмыс
істеуде. Осыған байланысты атмосфераға бөлінетін өндірістік қалдық
заттардың мөлшері де біршама төмендеді. Әйтседе кейбір зиянды заттардың
мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан (ПДК) артып кеткендігі
байқалды. Атмосферадағы қорғасынның мөлшері орта есеппен ПДК-дан 1995 ж. -
2 есе, 1996ж. - 1,5 есе, 1997 ж. - 2,7 есе жоғары. Көміртегі тотығы 1995-
1997 жж. - 1 есе, азоттың қос тотығы 1995 ж. - 1,2 есе, 1996 ж. - 1 есе,
1997 ж. - 1,25 есе артқан. Аммиак 1995-1996 жж. - 1 есе, 1997 ж. - 0,75 есе
жоғары. Формальдегид 1995 ж. -2,33 есе, 1996 ж. - 2 есе, 1997 ж. - 1,66 есе
артқан. 1995-97 жж. Атмосфераға бөлінген өндірістік қалдық заттардың
жиынтық мөлшері мынадай мәліметтермен сипатталады:
- "Шымкентмұнайоргсинтез" акционерлік қоғамынан: 1995 ж –
10279.97 т, 1996 ж – 7743.01 т, 1997 ж – 8011.8 т;
- "Шымкент қорғасын заводы" акционерлік қоғамынан: 1995 ж -
4451.49 т, 1996 ж – 2039.43 т, 1997 ж - 4410 т:
- жылу электр орталықтарынан: 1995 ж - 3079.8 т, 1996 ж -3410.6 т,
1997 ж - 2367 т;
- "Шымкент цемент" акционерлік қоғамынан: 1995 ж – 1031.12 т,
1996 ж – 837.52 т, 1997 ж – 277.58 т зиянды қалдық заттар бөлінген
13.

1.2 Қоршаған ортаны ластаушы заттард ы ң ф и з и к а - х и м и я л ы
қ с и п а т т а м a c ы

Д.И.Менделеевтің периодты таблицасындағы 40-тан астам химиялық элемент
- ауыр металдар болып есептеледі. Олардың ішінде қоршаған ортаны ластауына,
азық-түлік өнімдерінде жинақталу қабілетіне және улылығына қарай
ерекшеленетіндерінінң қатарына - қорғасын, мыс, мырыш, кадмий элементтері
жатады.
Қорғасын - элементтердің периодты системасында IV- топта орналасқан
химиялық элемент. Атомдық нөмері 82, атомдық салмағы 207,2. Қосылыстарында
+2 және +4 тотығу дәрежелерінде кездеседі.
Қорғасын - көгілдір-сүр түсті жұмсақ, пластикалы ауыр метал. Қатты
күйдегі тығыздығы 11,336 гсм3, ал ерітілген кездс (балқу температурасына
жақындағанда) 10,686 гсм3 тең. Балқу температурасы 327,4°С, ал қайнау
температурасы 1745°С. Табиғатгта 3 тұрақты изотоп Рb 204, Рb 207, Рb 208
кездеседі.
Химиялық қосылыстарының көпшілігінде қорғасын 2 валентті. Мұндай
қосылыстары негізінен тұздар. Олар Рb:+ катионын түзе диссоцияциаланады,
бірақ РbО2 анионды плюмбит - тұздар да кездеседі (Na2Pb02). 4 валентті
қорғасын қосылыстары өте сирек кездеседі. Олар Рb032- жөне Рb044-
аниондарын түзетін плюмбаттар (CaPb03) және кейбір комплексті қосылыстар.
Рb4+ катионы РbС14, Pb(S04)2 және т.б. бірқатар тұздардың құрамына кіреді.
Ауада қорғасын тез тотығып жұқа жарғақпен қапталады. Рb -коррозияға
өте төзімді метал. Ол кейбір қышқылдарда (НСІ, H2S04), сілтілерде,
тұздарда, аммиакта әлсіз ериді. Сұйытылған қышқылдарда мүлдем ерімейді.
Қорғасынңың мұндай беріктігі оның сыртында жұқа жарғақ ретінде ерімейтін
тұздар - қорғасын хлориді, қорғасын сульфаты және негізгі қорғасын
корбанатының 3РbС03 РЬ(ОН)2 түзілуімен түсіндіріледі. Алайда қорғасынды
азот қышқылы, сірке-қышқылы, борфторсутек қышқылы (НВҒ4) және т.б.
бірқатар заттар ерітуге қабілетті. Концентрациялы күкірт қышқылын қыздыра
отырып, қорғасынды интенсивті ерітіп Pb(HS04)2 қышқыл тұзын алуға
болады.
Азот қышқылында корғасын жылдам ериді:

3Pb+8HN03→3Pb(N03)2+2NO+4H20

Сілтілерде қорғасын баяу еріп, гидроксоплюмбиттер түзеді мысалы:
Pb+4KOH+2H2O →K4[Pb(OH)6]+H

Қорғасынның барлық еритін қосылыстары улы. Ауада қорғасын тез тотығып,
жұқа жарғақпен қапталады. Қорғасынды ауада қыздырса оңай тотығып, қорғасын
тотығы Pb20 түзіледі, ары қарай температураны көтеріп балқытса, сары түсті
ұнтаққа айналады.
Мыс рудаларының құрамына кіретін минералдарға халькозин Cu2S,
халькопирит немесе мыс кольчеданы CuFeS2, малахит (СuОН)2 С03 жатады.
Сu - ашық қызғылт түсті созылғыш металл. Сu химиялық элементтердің
периодты таблицасында V- топта орналасқан, реттік нөмері 29, атомдық
салмағы 63.54, тығыздығы 8.93 4 гсм2, балқу температурасы 1084°С, қайнау
температурасы 2585°С. Жылу мен электр қуатын өте жақсы өткізеді. Құрғақ
ауада мыс өзгермейді, себебі оның бетісі қабатында түзілген жұқа мыс тотығы
оны ары қарай тотығудан қорғайды. Бірақ ауадағы ылғалмен көміртегі қос
тотығының әсерінен мыс көгілдір түске еніп. гидроксокарбонаты түзіледі
(СuОН)2С03. Ауада 200-375°С температура аралығында қыздырса мыс қара түсті
мыс оксидіне СuО (ІІ) дейін тотығады. Одан жоғары температурада екі қабатты
жарғақ түзіледі, Ішкісі -қызыл түсті тотық Сu20, сыртқысы - мыстың (ІІ)
тотығы (СuО).
Мырыш - II топтың элементі атомдық нөмері 30, атомдық салмағы 65,39.
Мырыш - көгілдір ақ түсті ауыр метал. Қатты бөлуін тежейді. Автомобиль
жолдарына жақын өскен өсімдіктердің хлоропласттарында АТФ-тің түзілуі баяу
жүретіні анықталған. Өсімдік неғүрлым автомобиль жолынан алыс өссе,
соғүрлым изоляцияланған хлоропласттарда АТФ көп түзіледі 7.
Қорғасынның әсерінен өсімдіктердің клеткалары тургорын жоғалтып,
нәтижесінде жапырақ солып қалады: Тамыр клеткалары бүлінуін тоқтатады.
Кейбір өсімдіктерде тамыр жемістің түзілуі нашарлайды: Қоршаған ортаны
қорғасынмен ластайтын өндіріс орындарына жақын себілген мәдени дақылдардың
өнім беруінің төмендеуі де таңқаларлық емес. Мұнымен қоса алынған өнімнің
сапасы да төмен болады. Әшкөк өсімдігіне жүргізілген тәжірибе қорытындысы
көрсеткендей, автомобиль жолынан 30 метр қашықтықта өсірілген өсімдікте
каротин мен аскорбин қышқылының мөлшері 200 метр қашықтықта өсірілген
есімдікпен салыстырғанда мүлдем төмен. Күз айларында бета-каротиннің
мөлшері жол бойындағы өсімдіктерде 55% кем екендігі анықталған.
Ауыр металдардын фитотоксиндік әсері және оларға өсімдіктердің
төзімділігінің механизмі туралы әдебиеттерде көрсетілген 29;30;31.
Металдардың фитотоксинділігі мен оларға өсімдіктердің төзімділігі көптеген
факторларға байланысты. Оларға алдымен жапырақтың қасиеттері, органикалық
заттардың мөлшері, топырақтың рН және катионды-алмасу қабілетін атауға
болады 30;32;33. Ауыр металдардың өсімдікке сіңірілуі олардың топырақта
еруі мен жылжымалылығына байланысты 34.
Ауыр металдар өсімдік организміне жапырақтары мен тамыр системасы
арқылы түседі. Ауыр металдардын өсімдікке тамыр системасы арқылы түсуі әр
өсімдіктегі клетка қабықшаларының химиялық құрамы мен құрылысына қатысты
орындалатын және бүкіл организм арқылы реттеліп отыратын процесс. Ал ауыр
металдардың өсімдікке жапырақ арқылы сіңірілуі устъицелер меи кутикулалар
арқылы орындалады. Сонымен қатар, түкшелі жапырақтар беті тегіс
жапырақтарға қарағанда ауыр металдарды 10 есе көп тұтып ұстап қалатыны
анықталған 31:36;37. Ауыр металдардың улылығы оның суда қандай түрде
болатындығына байланысты, әдетте еріген түрінің байланысқан түрінен улылығы
жоғары 17.
Ауыр металдардың әсеріне өсімдік түрлерінің реакииясы барлық ұйымдасу
деңгейлерінде, яғни клеткалық, организмдік және популяциялық деңгейлердс
байқала береді. Клеткалық деңгейде, ауыр металдардың артық мөлшеріне
қатысты жалпы байқалған стресс және клетка мембраналарының зақымдануы мен
ферменттердің активтілігінің өзгеруі ретінде байқалады 38;35.

Организмдік деңгейде өсімдіктің жеке бөлімдерінде, морфологиялық және
физиологиялық зақымданулар байқалады. Оларға жапырақтардың некрозы,
пішіндерінің өзгеруі, өркендерінің құрап қалуы, өсімдіктің өсуінің баяулауы
жатады. Зақымданған жапырақтарда жабын ұлпасы мен механикалық ұлпа
эпидермистің клеткалық қабаты әлсіз жетілген және кутикуласы жұқа болады.
Өндірістік ластанудың әсерінен дамудың толық циклы бұзылады 39;40. Ауыр
металдарды адсорбциялау әр өсімдік түрінде әртүрлі жүреді 32.
Ауыр металдардың тұздары өсімдіктер клеткаларында хромосомаларды үзеді,
яғни структуралық құрылымына әсер етеді. Аллюминий, кадмий, теллур, т.б.
ауыр металдар жануарлар мен өсімдіктердің клеткаларында хромосомалық және
генетикалық мутациялардың кең спектрін құрайтыны туралы көптеген
мәліметтерде келтірілген 3;42.
Ауыр металдардың мутагенді эффекті хромосомалардың бүтіндігін
сақтайтын және қайта қалпына келтіретін белок синтезінін өзгеруіне
байланысты 41.
Ауыр металдар өсімдіктер организмінде жинақталып, трофикалық тізбек
арқылы тарала отырып тірі организмдердің әртүрлі таксономиялық топтарына,
оның ішінде адамға да зиянды әсер етеді 34;43. Ауыр металлдардың тұздары
бөліну кезеңіндегі клеткаларда хромосомалық аберрациялардың жиілігін 2 есе
арттырады 44. Көпжылдық өсімдіктер, әсіресе астық тұқымдастары құмды
топырақтар мен өндірістік территорияларда табиғи түрде көптеп өседі. Астық
тұқымдастарының түрлері ағаш өсімдіктеріне қарағанда өндірістік газдардың
әсеріне төзімді 45;46. Дәнді дақылдар ауыр металдармен көп мөлшерде
ластанған территоррияларда өсе алатындығы белгілі 47.
Ауыр металдар иондарынын жоғарғы концентрациясы, хромосома ішіндегі жеке
органикалық байланыстардың поляризациясын тудырады. Бұл жағдайда барлық
"ионды" мутациялар хромосомалардың үзілуімен сипатталады 48.
Мыс - өсімдіктердің тіршілігіне қажетті микроэлемент. Бірақ, мыстын
өсімдіктер организмінде артық мөлшерде жиналуынан тамыр системасының дамуы
мен өсуінің тежелуі, өсімдіктердің жер үстіндегі бөлімдерінің баяу өсуі
және жапырақ ұштарының ағаруы байқалады. Мыстың артық мөлшерінен туындайтын
патологиялық өзгерістердің нәтижесінде, мәдени өсімдіктердің өнімі құрт
төмендейді 7.
Мырыш та өсімдіктер тіршілігіне қажетті микроэлемент қатарына жатады.
Алайда мырыштың жоғары концектрациясы өсімдіктерге кері әсерін тигізеді.
Бұл металдың улылығының бір себебі, өсімдіктерде өте интенсивті жиналуына
байланысты. Әсіресе веймутов қарағайы, қызыл емен және кәдімгі шырша
мырышты өте жылдам сіңіретіні сонша, тіпті бұл процестің жылдамдығы мен
қөректік ортадағы мырыш мөлшері арасында тікелей байланыс орнайды.
Өсімдіктерде мырыштың көп жиналуынан некроз пайда болады, тамыр мен жер
бетіндегі мүшелерінің өсуі баяулайды, жапырақтар солып қалады және ерте
түседі 7,5.
Кадмийдің көп мөлшері автомобиль жолдары бойында өскен өсімдіктерде
анықталған. Осындай жағдай қоршаған ортаны осы токсикантпен ластайтын
өндірістердің жанында өскен өсімдіктерде де байқалады. Кадмийдің артық
мөлшерінің жиналу белгілері: өсімдіктердің жапырақтарының ұшы мен өркені
қызыл-бурыл түске боялады. Жапырақтар жиырылып немесе түсіп қалады,
өсімдіктердің өсуі баяулайды. Оның 20 мг 1 кг топыраққа сепкенде өсімдіктің
өнімділігі 50% кемиді.. Өнім мөлшерінің осылайша төмендеуі бидайда
кадмийдің 15 мгкг топыраққа сепкенде байқалған. Өзінің әсер ету күшіне
қарай кадмий көптегеи ауыр металдармен салыстырғанда улы. Топырақта кадмий
мөлшері 30 мгкг-нан артса өсімдіктер тіршілігін жояды. Кадмийдің көп
мөлшері топыраққа мырыш рудаларын өндіру және өндеу кезінде түседі.
Кадмийдің әсерінен өсімдіктердің өсуінің тежелуі - фотосинтез
процесінің өлсіреуіне байланысты. 1 кг жапырақта 96 мг кадмийдің болуы
фотосинтез қарқындылығын 50% төмендетеді. Алайда бұл кадмийдің өсімдікке
улы әсерінің біреуі ғака 7. 31.
Қорғасынмен салыстырғанда адам және жануарлар денсаулығы үшін кадмий 10 есе
қауіпті. Ол басқа да улылығы жоғары ауыр металдардың көпшілігі сияқты
адамның бүйрегінде жиналады. Кадмийді өсімдіктер жеңіл сіңіреді азық-түлік
өнімдерінде және жануарлардын азығында жинақталады, Кадмий Д-Н.К
молекуласымен ковалентті байланыс түзе отырып, тізбектердің үзілуіне, ДНК-
ның В-формасының Z-формаға трансцизиялануына себепкер болады 49;50.
Кадмий мен қорғасын ДНК қасиеттеріне әсер ете отырып оның синтезінің
дәлдігін бұзады 51. Сонымен қатар, in vitro тәжірибелері көрсеткендей бұл
металдардың әсері жұп хроматидтік алмасу санының өзгерісін тудырады 52,
Химиялық заттардың жыныс клеткаларының гинетикалық аппаратына әсер етуінен
мутантты гендер мен хромосомадарды тасымалдаушылардың жиілігі артады.
Соматикалық клеткалардың гендері зақымданған жағдайда рак ауруларының пайда
болуы жиілейді 53.
Металдардың улылығын бағалауда олардың организмі сіңірілуі, субстратпен
жанасу орнындағы таралуы, метаболизимі организмнен шығарылу жолдары
мен жылдамдығы маңызды процестер болып табылады. Негізінен тыныс және
ас қорыту жолдары арқылы организмге түскен металдар су және липидті
барьерлер арқылы қанға, ұлпаға және клетка аралық сұйықтыктарға сіңіріледі,
содан соң клеткаларға және клетка ішіндегі құрылымдарға сіңіріледі.
Металдар ең алдымен клетка мембраналарының үстіңгі бетінде алғашқы
реакцияға түсіп олардың қалыпты өткізгіштігін бұзады, сонынан клетканын
ішіне оңай өтіп алады. Бұл жерде клетка мембранасының қорғаныштың қызметі
де бар.
Қорғасынның адам және жануарлар организміне биологиялық әсеріне
келсек, оның қосылыстарының 50% негізінен тыныс жолдары арқылы организмге
түседі. Қорғасын қанға тез сіңіріледі. Қорғасынның жоғары концентрациясы
ұзақ уақыт әсер етсе, қорғасын интоксикациясына әкеледі, ол өз кезегінде
организмнің жүйке, ас қорыту жүйелерін зақымдайды 1.
Қорғасын ауыр металдардың арасында анағұрлым қозғалғыш элемент.
Жануарлар мен адам организміне қорғасын өндірістік шаң мен қорек арқылы
түседі. Қорғасын организмді жалпы уландыруымен қатар, эмбриотоксинді,
тератогенді, мутагенді және канцерогенді әсерімен ерекшеленеді. Топырақта
рН-тың жоғарғы көрсеткішінде Рв гидроксид, фосфат және карбонат түрінде
кездеседі 28.
Мырыш минералдармен де, органикалық компоненттермен де жеңіл
абсорбцияланады, сондықтан топырақтын көп түрлерінде оның жоғарғы
қабаттарында жиналады. Мырыш топырақтағы органикалық заттармен берік
қосылыс түзетіндіктен, негізінен органикалық қабаттарда жиналады. Мырыштың
органикалық қосылыстары өте жылжымалы және өсімдіктерге жеңіл сіңіріледі
32;3б;47.
Биологиялық классификация үшін ауыр металдарға атомдық массасы 40-тан
жоғары және тығыздығы 5 гсм3-ден жоғары болатын барлық металдарды
жатқызған дұрыс 32, Ауыр металдардың 90% адам организміне қөрек арқылы,
ал 10% - су арқылы түседі. Асқазан-ішек жолдары арқылы сіңіріліп, олар ұзақ
уақыт бойы әртүрлі мөлшерде жинақтала отырып, олардың құрылымы мен
қызметінде нұқсан келтіреді 54.
Ауыр металдардың мөлшерінің қоршағап ортада көп болуы қан айналу,
жүйке жүйелерінің және сүйек ұлпасыныц аурулары тудырып, тері мен тыныс
мүшелерін зақымдайды, ферменттік активтілікті төмендетеді. Сонымен қатар
кейбір ауыр металдардың мутагендік, тератогендік, канцерогендік әсері
анықталған.
Ауыр металдар тыныс және ас қорьггу жолдары арқылы организмге түсіп, су
және липидті барьерлер арқылы қанға, ұлпа мен клетка аралық сұйықтыққа,
содан соң клетка мен клетка құрылымдарына түседі. Металдар клетка
мембранасында алғашқы-реакцияларға түсіп, оны зақымдай отырып, ішкі ортаға
өтеді. Қанда олар коллоидты жағдайда болады, ұсақ бөлшектері ұлпаларда
жиналады. Ауыр металдар негізінен бауырда, сүйек ұлпасында жиналады 54.
Ауыр металдар кан мен ұлпа сұйықтығында негізінен фосфаттардың
органикалық комплексі түрінде және кальций қосылыстары түрінде кездеседі,
аз мөлшерде ион түрінде циркуляцияланады 55;56.
Қорғасынның бір жерге шоғырлангыштық қасиеті бар. Көптеген зерттеулер
көрсеткендей 57;58;59 қорғасынның көп мөлшері адам организмінде түтікті
сүйектерде, тіс дентинінде, бауырда, бұлшық еттерде, бүйректе, мида, өкпеде
және қалқанша безде жиналады. Қорғасынның осылайша таралуы барлық жас
ерекшеліктеріне тән, алайда бүйрек пен мида көп жинақталуы ересектерде көп
кездеседі. Қорғасыннын сүйек миында аккумуляцияланатыны және эритроцит
клеткаларының, пролиферациясын тудырып, осмостық қысымның өзгерісіне және
механикалық әсерге төзімділікті төмендететіні белгілі.
Политропты у болуыыа байланысты қорғасын организмдегі барлық ұлпаларга
әсер етеді 59. Қанда қорғасын концентрашіясы артқан жағдайда миокардта
дегенеративті өзгерістердің -болуы, өткізгіштіктің бұзылуы, аритмия,
реподяризация процестершщ бұзылуы байқалады 1.
Зиянды заттардың аз мәлшерінің ұзақ уақыт әсер етуі организмнің
иммунды системасының әлсіреуіне әкеліп соғады 60.
Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, қорғасын әсер еткенде темірдің
протопорфирин сақинасына қосылу процесі бұзылады, нәтижесінде қанда темір
мен порфириндер жеткілікті болса да гемоглобин синтезі әлсірейді 61.
Қорғасынның ұзақ әсер етуінен адам уланады. Мұндай жағдайда адам
терісінің түсі жер түстес сур түске ауысып, организмде әлсіздік, тез
шаршау, тәбеітің те)мендеуі, үйқынын бүзылуы, бас ауруы, есте сақтау
қабілетінің төмендеуі, гипертония, т.б. белгілер байқалады. Қанда
қорғасынның мөлшері жоғарылаған сайын гемоглобиннің мөлшері төмендейді, ал
ретикулоциттер мен лейкоциттердің мөлшері керісінше артады.
Кадмийдің адам организмінде жиналуы, құрамында осы метал бар өнімдерді
ұзақ уақыт пайдаланудан туады. АҚШ-та ересек адамның организміне тәулігіне
50-60 мкг, Швецияда 15-20 мкг. ал Жапонияда 70-80 мкг кадмий түсетіні
анықталған. Алайда адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоактивті сәулелену
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына сипаттама
Табиғаттың химиялық ластануы
Техногендік факторлардың әсеріне өсімдіктердің тесттік реакциясы
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Радиациялық ластану
Жер бетінің радиоактивті ластануы (семей ядролық полигоны)
Биологиялық ластану және халық денсаулығы
Босалқы жерлердің мониторингі
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Пәндер