Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары


Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары
Күрделі педагогикалык жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы (оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері, ата-аналар тапсырыстары) ;
- мамандар, материалдық-техникалық психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қ амтамасыз ету үшін) ;
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық дәрісбаян-тәжірибелік, мектептің әрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды - ағымдық және т. б. ) ;
- оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (бес-алты күндік, апта түске дейінгі не күннің екінші жартысында) ;
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық қаржылық ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық) .
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жа-ғынан, онын тұтастығын сақтауға, екінші жағынан - ондағы жүйе бірліктерінің әрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дәл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген, әрқилы әдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірлестерін анықтайтын жағдаяттар - педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері (В. А. Сластенин) . Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялык даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей- оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей- сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған окушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге ез дамуынын қозгаушы күші - субъект ролін де атқарады.
Сатысына қарай әрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың объекгі - нысаны болып есептеледі.
Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік және сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары. спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) және т. б. Педагогикалық және оқушылар ұжымдарынын өзара бірлестік іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.
Басқару қызметтері, әдістері және формалары
Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңінің соңғы нәтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау) ;
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен әр жылға жоспар түзу) ;
- ұ йымдастыру (қызметтік міндетгерді сауатты бөлістіру және бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру) ;
- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру) ;
- ынталандыру (шьн армашылық істерге, ғылыми-зертгеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау) ;
- қадағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөніндеу арқылы ақпараттар алып тұру) ;
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру) .
Жоғарыда аталган қызметгер жөнін талдау аркылы басқарумаз, мұның екі жікке келтіруге болады: 1) ұ йымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарудағылардың іс-әрскеттеріне жетекшілік: тапсырма - беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапатгау және т. б. ) және 2) басқарушылар іс-әрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-әрекеттердің технологиялық негізін қалау) .
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады.
Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, категориялары мен атак-дәрежелеріне сәйкес жалақы беру) ;
- әкімшілік - ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т. б. ) ;
- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру) ;
- қ оғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру) ;
- қоғ амдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтын, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz