ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жалпы және этниалық педагогика кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ -ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаушы:
4 курс студенті Солтанбекқызы З.
(қолы)
Ғылыми жетекші:
п. ғ. к., доцент Баширова Ж. Р.
( қолы )
Рецензент:
п. ғ. к., доцент
ҚызПИ Майғаранова Ш. М.
( қолы)
Норма бақылаушы:
Жалпы және этикалық
педагогика кафедрасың
оқытушысы Сатывалдиева А. С.
( қолы )
Қорғауға жіберілді
"" 2008 ж.
Жалпы және этникалық педагогика
кафедрасының меңгерушісі
п. ғ. д., профессор Исаева З. Ә.
( қолы )
Алматы 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Ата-анасының қарауынсыз қалған жасөспірімдермен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың теориялық негізі . . . 9
1. 1 Жетім балалардың туындауы, тарихы және мәселенің зерттелу деңгейі
. . . 9
1. 2. Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің психикалық және әлеметтену ерекшеліктері . . . 28
2 Ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың оқу-тәрбиелік үрдістерін ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 48
2. 1 Ата-анасының қарауынсыз қалған жасөспірімдердің оқу-тәрбиелік жұмыстарын жетілдіру концепциясы . . . 48
2. 1. 1 Қазақстанда ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселелерінің құқықтық негізі . . . 52
2. 2 Балалар үйіндегі жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендірудің жолдары мен нәтижесі . . . 57
Қорытынды . . . 68
Әдебиеттер тізімі . . . 71
Қосымша . . . 75
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі - ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие.
Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар тобына жетім балаларды (жетім, әлеуметтік жетім) ; қараусыз қалған және қаңғыбастыққа түскен балаларды жатқызамыз. Біз зерттеу жұмысында жетім балаларға жеке тоқталып қарастыруды ұйғардық. Өйткені, бұл мәселе күннен-күнге ауқымданып барады. Дегенмен әр категорияға жеке тоқталып өткенді де жөн көрдік. Ол жұмыстың негізгі мазмұнында баяндалады.
Дәстүрлі қазақ қауымында қатал тағдырдың жазуымен жетім қалғандарды ағайындары жан-жақтан қамқорлыққа алып, мейірбандық танытқаны баршаға мәлім. “Жетімді жылатқанның жеті атасына қарғыс кетеді”, “жетім көрсең жебей жүр” деген нақыл сөздер ұлтымыздың болмысын, бауырмал, балажан қасиетін айқын көрсетеді. Ауыл ақсақалдары “пәлен елде пәлен деген жетім азап көріпті” дегенді елге намыс, сүйекке таңба санайтын.
Қазақтың ата заңы “Жеті Жарғыда” жесір дауына жеке бір тарау арнауында үлкен мән бар. Мәселе, рулық қауымның жесір әйелді әмеңгерлік жолмен күйеуінің туысына қосуда емес, оның астарында әкесінен айрылған балаларды жетімдік азабынан құтқару, ағайынның қамқорлығына алу идеясы жатыр.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен [1] . Сонымен қатар, жылдан-жылға олардың санының артып жатқандығы да құпия емес.
Әрине, қарастырылып отырған мәселе мүлдем зерттелмеген деуге болмайды. Айталық, жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін Е. М. Рыбиновский, Д. Янхольц, И. В. Дубровина мен А. Г. Рузская, Дж. Боулби, И. М. Бгажнова, С. А. Беличева, Ю. В. Василькова, және т. б. [2, 3, 4, 5, 6, 7, 8] ғалымдар қарастырды. Жетім балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н. И. Пономарев, В. И. Жолдак, С. Б. Тихвинский және И. М. Воронцов, О. Ю. Фадеева және [9, 10, 11, 12] т. б. өзіндік тұрғыдан ашқан. Бұл мәселені зерттеуде А. М. Прихожан мен Н. Н. Толстых және О. Ажнина [13, 14] отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленетін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ерекшеліктерін қарастырған. М. В. Осорина [15] болса, өзінің “Үй кеңістігін меңгеру: өзінің Менін іске асыру” атты монографиясында балаларда «мен», ұғымының болуы және басқалардың өзін құрметтеуі бір жағынан баланың жеке дамуын және даму барысындағы өзгерістер байланысын анықтаған.
В. С. Мухина [16] жетім балалар үйіндегі жасөспірімдердің мінез - құлқындағы ауытқушылықтың негізгі себептерін зерттей келе, оларда “сүйіспеншілікке қажеттіліктің орындалмауы, баланың жеке тұлғасының деформациялануына әкеп соқтырады”, - деп тұжырым жасайды.
Ал, Л. С. Славина мен Г. М. Сысоева пікірінше, жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерде ұрыс-төбелес, агрессия, тұрпайылық секілді аффективті реакциялар өмірдегі маңызды қажеттіліктерге қанағаттанбаған баланың қорғаныш реакциясы болып табылады, ол сол арқылы өз мүмкіндіктерінің бағасын төмендетпеуге тырысады. [17]
Отандық ғалымдар арасында, мінез-құлықтың ауытқуын Г. А. Уманов, В. В. Трифонов, Л. К. Керимов және т. б. педагогикалық тұрғыдан қарастырған. Мысалы, Л. К. Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке-дара қайта тәрбиелеу тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс - әрекеттің белгілі жүйесін жасап көрсеткен [18, 19, 20] . Ш. Е. Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез - құлықтың әлеуметтік аспектілері қарастырылған [21] . Бұл зерттеулер әрине, біздің мәселеге де қатысты, өйткені жетім балаларды, девиантты, қиын балалар қатарына да жатқызады. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттарда тәрбиеленуші жетім балалардың дамуы мен тарихын Л. Г. Ақжаркенова [22] зерттей келе ондағы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өзіндік үлес қосты. Ал, ол жердегі дене тәрбиесі арқылы ұлттық ойындарды ендіру әдістемесін Қ. Т. Жаңабаев қарастырған [ 23] .
Белгілі психологтар Б. Г. Ананьев, А. Т. Асмолов, А. А. Бодалев, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, М. М. Мұқанов, Ж. Н. Намазбаева, М. Кле т. б, [ 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31] зерттеулерінде жалпы жасөспірімдердің әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез - құлқын, дүниетанымын қалыптастырып, күнделікті жүріс-тұрыстарын басқарып отыруға өз биліктері мен бостандықтарының алатын орны айқындаған. Юричка Ю. И. жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың диагностикасын қарастырған [32] .
Біз зерттеу барысында жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін, даму өзгешелігін зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, балалар үйінде тәрбие алып жатқан жасөспірімдерге тек психологиялық ғана емес, сонымен қатар “ әлеуметтік-педагогикалық ” білімдермен, жұмыстар жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті екендігін көре алдық.
Яғни, бұл мәселенің нақты зерттелуіне келер болсақ, А. Лиханов, Е. В. Стребелова, Н. М. Михайлицкая, А. И. Прихожан, Н. Н. Толстыхтың [ 33, 34, 35, 12] және т. б. еңбектерін негізге алуға болады.
Ал, жастардың қоғамға әлеуметтенуіне келер болсақ, алдымен бұл ұғымның туындауына тоқталу қажет. “Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар А. Бондураның, Д. Доллэрдтің, Дж. Кольманның А. Парктің, В. Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады [36] . Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мәселесін С. Б. Дармодехин [37], М. С. Нарикбаев[38], т. б. қарастырған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде, әсіресе әлеуметтік жетімдер саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95%-ы әлеуметтік жетімдерді құрайды. Осындай тағдыр тәлкегіне тап болған бүлдіршіндер, жасөспірімдер балалар үйлері, психологиялық-педагогикалық реабилитациялық орталықтар, дағдарыс орталықтары, уақытша пана мекемелерінде тәрбиеленеді. Бұл мекемелерде балаларға бірдей талап қойылып, нәтижелері де бірдей болуын көздегендермен, әрқилы көрсеткіштерге ие. Сонымен қатар, көбіне белгілі бір жасқа дейін сол мекемелер көлемінде ғана қарым-қатынасқа түсетіндіктерінен қоғаммен бетпе-бет тікелей келгенде көпшілігі тығырыққа тіреледі. Яғни, олардың әлеуметтенулері де осы тұрғысынан ерекшеленеді.
Қоғамдағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды тәрбиелеу түрлері мен жолдарының әртүрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттары отбасыларының балалармен жұмыс жасаудағы кәсіби біліктілік пен жеке адам ретінде тиімді іс-шаралар ұйымдастыру арасындағы; әлеуметтік педагогтардың жетім балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері мен қажеттіліктері арасындағы; қайшылықтарды ескере отырып, тақырыпты «Қазіргі кездегі ата -анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің әлеуметтенуінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері», деп алдық. тұрақтылығын күшейту, олардың әлеуметтік және адамгершілік жағдайын жасау болып табылады.
Осыған байланысты отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім тұлғасының педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық даму мәселелеріне тоқталып, жан-жақты зерттеу қажеттілігін байқадық. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагогтың қажеттілігі өте зор. Әлеуметтік педагог қызметінің ерекшелігі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар негізінде гуммандық бағыттағы сый-құрмет пен тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыра білуіне жағдай жасау.
Сондықтан да Қазақстан Республикасында «әлеуметтік педагог» қызметінің қажеттілігі арта түсіп, олардың бірте-бірте дамып, белгілі бір дәрежеге қол жеткізуін талап етуде.
Қазақстан Республикасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелетке толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына, жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген негіздерде түрлі жеңілдіктер көрсетіледі.
Ғылыми зерттеу нәтижесінде көпшілік мектептердегі жасөспірімдермен жетім балалар үйіндегі жасөпірімдердің әлеуметтік дамуының ерекшелігі олардың : біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленуінде емес, сондай - ақ олардың қоғамда қол жеткізген дәрежедегі орынды иеленулерінде. Осыған байланысты отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім тұлғасының педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік - педагогикалық даму мәселелеріне тоқталып,
ТҮЙІН
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА -АнАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Зерттеудің мақсаты: жасөспірім жетім-балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесін айқындау, олардың әлеуметтенуін теориялық тұрғыдан негіздеу және олармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеу объектісі : жетім балалар үйіндегі жасөспірімдердің тәрбие процесі
Зерттеудің пәні : ата -анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің әлеуметтену процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің әлеуметтенуі теориялық тұрғыдан негізделсе; «ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтенуі» ұғымының мәні ашылса; жетім балаларды әлеуметтендірудің педагогикалық-психологиялық шарттары анықталса; бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулар тәжірибелік -эксперименттен өткізіліп, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың оқу-тәрбие үрдісіне ендірілсе, онда қоғамға, ортаға тез бейімделетін, өзін-өзі құрметтей алатын, жоғары қажеттіліктерін сезіне алатын, яғни өзін-өзі белсендендіретін «Мен» ұғымы қалыптасқан тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мәселесіне қатысты ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы «жетім», «әлеуметтік жетім», «қамқорлықсыз қалу» ұғымдарының мәнін ашу;
- ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімнің жеке және әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін айқындау;
- жасөспірімдердің әлеуметтенуінің тиімді жолдарын белгілеу және тәжірибеде тексеру
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Жетім балалар үйіндегі жасөспірімдерді жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы іс-әрекеттің маңызы туралы диалектикалық қағидалар, қоғам, табиғат пен ой-пікірдің даму заңдылықтары педагогика, философия, психология, мәдениеттану, физиология, медицина ғылымдарының ілімдері.
Жетекші идея : ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің әлеуметтенуі қоғамның әлеуметтік-мәдени-экономикалық білім ерекшеліктеріне тәуелді. Оларды әлеуметтендіру процесі арқылы қоғамға дұрыс бейімделген, бойында рухани құндылықтар сіңірілген ізгілікті, өзіне сенімді, толыққанды жеке тұлғалар қалыптастыруға мүмкіндіктер тудырады.
.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Жетім балалар үйінде жасөспірімдерді әлеуметтендіруге байланысты әдістемелік ұсыныстар жасалды;
- Жұмыстың нәтижелерін жетім балалар үйінде, жоғары білімді кадрларды даярлайтын институттар мен жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім туралы заңдары, БҰҰ балалар құқы туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының бала құқы туралы» заңы, Үкіметтің білім беру саласына арналған қаулы қарарлары мен бағдарламалары, конституциясы, этномәдени білім беру концепциясы және басқа құжаттар мен ресми материалдар, оқу әдістемелік құралдар, философ, психолог, педагог, мәдениеттану, әлеуметтанушылардың дүниетанымы, білім, даму негіздері туралы ғылыми еңбектер.
Зерттеу жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Көлемі -80
Кесте -4
Қосымша -3
2
І бөлім. ЖЕТІМ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Жетім балалардың туындауы, тарихы және мәселенің зерттелу деңгейі
Бұл бөлімде біз ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен тікелей жұмыс жасаушы әлеуметтік педагогтарға тоқталып, осы тұрғыда зерттелген жұмыстарға талдау жасауды ұйғардық.
Кез-келген адамның ғұмыры баға жетпес, қайталанбас құбылыс, өкінішке орай мұны біз жас ұлғайған кезде, адам атына лайықты, жарқын, құнды қасиеттерді іздеп, жадымызды жаңғыртып отырған мезгілде ғана түсінеміз. Әрине қалай ғұмыр кешу әр адамның өз еркінде, дегенмен де өмір жолынан ізгілік пен қайырымдылық сәулесі тарап жататын жан ғана өзінің рухани және имандылық парызын өтеген адам ретінде таныла алады.
Ерте заманнан бері ер адамның басты қадір - қасиеті деп біреулер ел басқарар ақыл-парасаттылықты, енді біреулері ерлікті атап жатса, әйел затының ардақты қасиетіне ойшыл-даналарымыз бір ауыздан: «әйелдің асыл тегі ізгілік пен мейірімнен басталады», - деп жауап беріп келген. Ал осы, мейірімге мұқтаждардың ішіндегі ең қорғансызы - панасыз жетім балалар екендігі белгілі. Сондықтан да, өз ата-анасының аялы алақаны мен мейірім-шапағатты жетім балалар кімнен көрмек? Олар оған құқылы екендігін ескере отырып, ол шапағатты тәрбиешілер, мұғалімдер, оларды қоршаған ортадан, яғни қызметкерлерден соның ішінде әлеуметтік педагогтың атқаратыны белгілі. Бірақ, ол толықтай ата-ананы ауыстыра алмайды, іс-әрекеті, қамқоры ерекше болғанымен де ата-ананың рухани қызметі көрсетілуі, тіпті көрсетілген жағдайда баланың оны қабылдау екі талай. Оларға қажетті көмек беріп, болашақ өмірге бейімдеп отыру әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесіне негізделеді.
Жалпы алғанда жетім балалар барлық елде, барлық жерде, яғни дүниежүзінде бар. Жетім балалар қоғамның әртүрлі жағдайларына байланысты туындайды. Алғашқы бастамасы соғыс кезінде, апат, ашаршылық, табиғи зардаптарға байланысты болса, кейінгі кездерде қолдан жасалған, яғни тастанды жетім балалар саны артуда. Ата-анасынан айырылған балалар тікелей мемлекет қарамағына алынып, қамтамасыз етіледі. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалар басқа отбасына қабылданып, тіпті шетелге сатылып жатқаны ба баршамызға мәлім. Жетім балалармен жұмыс атқаратын негізгі тұлға ол - әлеуметтік педагог және оларға қажетті көмек беріп, болашақ өмірге бейімдеп отыру әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесіне негізделеді.
Ал, біз зерттеу жұсысымызды әртүрлі себептермен отбасынсыз қалған, жетім балалардың қоғамға бейімделуіне арнаймыз.
“Жетім” терминінің анықтамасына келетін болсақ, ерте кезде яғни Х-ХІҮ ғасырларда “жетімдер” деп - кедей шаруа балаларын атаған. Кейіннен жетім термині шаруа терминімен алмастырылып, басқару орындарының қызметкерлерімен феодалдарға қатысты атау ретінде қолданылды. Ал, ХІҮ-ғасырдың соңы мен ХҮІІІ-ғасырларда “жетім” cөзі тек басқару орындарының қызметкерлері мен феодалдарға ғана қатысты емес, жалпы екі немесе бір ата -анасынан айырылған балаға қатысты қолданыла бастады.
Жетім - ата-анасының екеуі де немесе жалғызілікті шешесі (әкесі) қайтыс болған 18 жасқа толмаған бала.
“ Әлеуметтік жетімдер ” деп - белгілі бір себептерге байланысты, ата -аналары құқығынан айырылған балаларды айтамыз.
« Патронат » - ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім - шарт арқылы жүзеге асырылатын тәбие формасы.
«Қамқорлық » - он төрт жасқа дейінгі баланың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайтын құқықтық формасы.
Әлеуметтік жетімдер - балалардың ерекше категориясы. Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс, себебі олар толық жанұялық тәрбие көрмеген яғни ата-аналары ішімдікке, нашақорлыққа, жеңіл жүріске салынып, балаларына дұрыс тәрбие бере алмағандар. Оларға тән қасиеттер - агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар.
Жастар ортасындағы теріс мінез-құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздык пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші - балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектеу жастағы жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық - кең тараған, күрделі қоғамдық, апат. Қараусыз қалғандар - педагогикалық, бақылау мен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата-анасынан (немесе қамқоршыларынан) және үйлерінен айырылғандарды ғана жатқызуға болмайды, егер ата аналары (немесе қамқоршылары) тамақ бермей, қинап ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата-аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер біздің дәуіріміздің IY жылдарынан (335 жыл, Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезеңі Еуропада I ғасырдың тұсы болып саналады. 1760 жылы испан елінің бір діни қызметкері «жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы мұңнан өледі», - деп жазған. Алайда жабық типтегі балалар мекемелеріннде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады.
Балалар үйі, интернаттар жағдайындағы «жабық» орта сенсорлық «аштық» бола отырып, кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары балалардың психикалық дамуының өзгерістеріне алып келеді, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы кездерінен бастап балаалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата-анасы барлардың болуынан ерекше болатыны хақ. Қарым-қатынасқа деген қажеттілік бала бір жасқа толар-толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым-қатынас жасайтын анасының ыстық алақанынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі болады. Мұндай сенсорлық оқшаулану дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қимыл-қозғалысының дамуы баяулайды, тілі кеш шығады, кей жағдайда ақыл ойының дамуы да тежеледі.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесі тікелей әлеуметтік педагогтың қызметімен айқындалады. Әлеуметтік педагогтар шетелде ертерек қолға алынған, Қазақстанда кейінгі бес, алты жыл көлемінде ғана даярланғанымен, жалпы педагогтар даярлау жүйесінде әлеуметтік педагогика пәні оқытылып отырды. Әлеуметтік педагогика - білім беру, әлеуметтану, педагогика, психология және философиямен тығыз байланысты, себебі бұл пән адамдарды қоғамдық ортаға бейімделуге үйретеді. Қазіргі заманғы әлеуметтік педагогиканың ерекшелігі - оның гуммандық бағыттағы балаға деген бірыңғай талаптармен қатар тәрбиешілер арасындағы сый құрмет, бірге шығармашылықпен айналысу, достық қарым-қатынас, теңдік т. б. сипатта болады.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдері ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалар белгілі-бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүрумен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметгік-экономикалық әл-ауқатсыздықтың көрсеткіші больп табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz