Қазіргі мектеп психологінің кәсіби сапасын анықтау



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім жӘне Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Психология және арнайы педагогика кафедрасы

Диплом жұмысы

Қазіргі мектеп психологінің кәсіби сапасын анықтау.

Ғылыми жетекші: психология ғылымының
кандидаты, доцент Орманова З. К.
Мұхамединова Қ. Ә.

Орындаған: Педагогика және психология
факультетінің 2-курс қб студенті
Демчинова Б. Қ

Алматы 2007
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3

I тарау. Қазіргі психологиялық қызметті қалыптастыру.
1.1. Қазіргі психологиялық қызметтің теориялық негіздері ... ... ...8
1.2. Психолог мамандығының қажеттілік факторы ... ... ... ... ... ... .30
1.3. Мектептегі психолог маманының кәсіби сапасын анықтау,
психолог моделіне сипаттама
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

ІІ тарау. Мектеп оқушыларының психологиялық әрекеттерін экспериментті
зерттеу.
2.1. Мектептік жетілудің бағдарлық тестісі.
(Керн –
Йерасик) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.2. Жануарлар мектебі
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 50
2.3. Өзара қарм-қатынасты
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

К І Р І С П Е

Жұмыстың өзектілігі: Еліміздің егемендік алуымен байланысты халқымыздың
ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп,бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие
жұмысына ендіру – келелі де кешенді іске айналды. Білім беру саласындағы
этнопедогогика, этнопсихология секілді ғылымдар жүйесінің жандануы да
бұрын-соңды болмаған аса зор сипатқа ие бола бастады. Бұған дәлел: соңғы он
жылда жарық көрген ғылыми еңбектер қорғалып жатқан диссертациялық ,
монографиалық зертеулер, осы бағытта жұмыс істеп жатқан мектептер. Ұлттық
психологияны қайтсем көгертемін деп жүрген қазақ зиялылары ұлттық тәлім -
тәрбие қауымдастығын құрды. 1991 жылдан қоғамдық негізде құрылған Ұлттық
тәлім-тәрбие қауымдастығы қазір Т. Тәжібаев атындағы этнопедогогика және
этнопсихология Орталығы болып қайта құрылды. Орталық отырыстар мен
дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырды. Бірқатар ғылым кандидаттары мен
доктарлары дайындалды.
Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық қарқынды даму жағдайы азаматтардың
шығармашылық деңгейінен, қабілетінен және белсенділігінен айқындалады. Ел
Президентінің жолдауында жеке тұлғаның уақыт талабына сайкес дамуы: Ұлттық
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады-
деп нақты тоқталып өткен. (Астана,19 наурыз 2004 жыл)
Адамның басты қабілеті мен қоршаған ортаға өзара қатынасын саналы
түрде меңгеруі, сол арқылы ортадағы ақпараттан ішкі қасиеттерін дамытуда
тұрақты және үйлесімді мүмкіндіктерін жекелік және қоғамдық деңгейде
қолдануы болып табылады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда халыққа психологиялық қызмет көрсету
қажеттігі туындайды. Осыған байланысты мектептерге психологиялық қызмет
көрсету қажеттілігі бүгінгі таңда келелі бір мәселеге айналып отыр.
Бәрімізге аян мектептерде, интернаттарда, бала бақшаларда кадрлар
тұрақсыздығы, әсіресе, психологтар арасында үлкен орын алған. Мұның
себебі:
- біріншіден, мектеп құрлымында психологтың статусы анықталмағандықтан;
- екіншіден, психолог маманының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық
құжаттардың мүлдем болмауы.
- үшіншіден, психологтарды аттестациялау критерилерінің маманның білім,
білік дағдыларына баға беруде әлсіздігі.
- төртіншіден, психологтың қолдананатын инструментарийлеріне қойылатын
біріңғай талаптың болмауы.
Сондай-ақ Қазақстанның этномәдени ерекшеліктеріне арнайы бейімделген
төл әдістемелердің болмауы. Яғни, психометрия талаптарына сай төл
психологиялық әдістемелердің шығарылуын жүзеге асыратын зертханалардың
мүлдем болмауы.
Дегенмен де Отандық және шетелдік психологиядағы жетістіктерді оқу
мекемелеріне тарату және енгізуге, педогог-психолог қызметкерлерінің іс-
әрекітінің ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге ат салысып
жүрген оқытушылар, ғалымдар да жоқ емес. Олар: З. М. Балғымбаева мен Н. С.
Ахтаева Мектептегі психологиялық қызметіатты оқу- әдістемелік құралын
жазды. Құрал халыққа білім беру жүйесінде істейтін психолог-практиктерге,
оқу орыдарының психология оқытушыларына арналған. Л. К. Көмекпаеваның
Білім беру ұйымдардағы психологиялық қызметті ұйымдастыру атты
әдістемелік нұсқауы . Бұл нұсқау білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қызметті жасауға бағыт береді. Сондай-ақ Тараз орта мектебінде 1991 жылы
экспериментті зертеу орталығы құрылып, натижесінде мектептік психологиялық
қызмет жүйесінің әдістемелік құралын ұсынды.
12 жылдық білім жүйесіне көшуде олқылық тудырып отырған мәселе—жасалып
жатқан оқу-әдістемелік-кешендік, дидактикалық құралдар, бағдарламалар,
жоспарлар практик-психологтардың қатысуынсыз әзірленетін болғандықтан,
тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдарының үнемі сақталып отыруын
қамтамасыз ете алмайды. Олай болса,алдымен мектептерде жұмыс істейтін
психолог мамандарды қайта оқыту, оларды теориялық білімдермен қаруландырып
қана қоймай, іргелі зертеулердің қолданбалы тұрғысын жетік білуге ұмтылдыру
–басты мәселе. 12 жылдық білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсету
саласының моделі әлі де жаңару үстінде, сондықтан үмітімізді үзбейміз.
Жаңа формацияда білім беру саласындағы барлық процесте пән оқытушылары мен
топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын өзгертіп толықтыру:
- Онда білімгердің жекелік ерекшелігін ескеру;
- Қабілетіне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызу.
Осындай психологиялық міндеттерді шешуде теориялық және практикалық
негізде психололгиялық қызмет көрсету қажеттігі туындады.

Зерттеу нысаны
Қазіргі мектеп психологының сапасын анықтау.

Зерттеудің мақсаты
1. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің ерекшеліктері мен мазмұнын
ашу.
2. Болашақ мамандарды даярлау ісіне көмек тигізу.

Зерттеу міндеттері
- Қазіргі мектептегі психологиялық қызметтің теориялық негізін
анықтау;
- Психолог мамандығының қажеттілік факторы;
- Мектептегі психолыг маманының кәсіби сапасын анықтау;
- Мектеп психологы моделіне сипаттама беру;

Зерттеу пәні
Мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар белсенді түрде зерттеуге
тартылады. Қолданылып жүрген әдістемелердің ұлттық тұрғыда болмауы.

Негізгі болжамы
Диагностикалық зерттеулер жасай отырып, психолог көптеген
психологиялық даму деңгейін анықтай алады. Сол арқылы кәсіби кеңес,
түзету, ағарту жұмыстарын жасай алады.

Теориялық маңыздылығы.

Психологиялық қызмет атқаруда психологтың әрбір оқушы, мұғалім, ата-
ананың құндылығын ескеріп, өмірдегі кез-келген жағдайға дайындау –
қазіргі өмір талабы екекнін сезінуі. Психолог жеке адамның барлық
кешендік негіздеріне сүйене отырып, қорытынды жасайды.

Практикалық маңыздылығы .
Зерттеу негізінде психологиялық қызмет көрсету бағыттары бойынша:
психодиагностикалық, психокоррекциялық, психологиялық кеңес беруді
қамтиды.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Дипломдық жұмыс-кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жалпы көлемі бет.

I тарау. Қазіргі психологиялық қызметті қалыптастыру.
1.1. Қазіргі психологиялық қызметтің теориялық негіздері .
Мемлекетіміздің 2030 жылғы дейінгі стратегиялық рухани, ғылыми және
шығаршылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы
ұзақ мерзімге межелеген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді.
Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдың прогрестің
заңдылықтарынан туындайды. Өрісі биік білімдар адамдар мемлекетінің
экономикалық даму деңгейін айқындайды.
Білім беруді гуманизациялау мен демократияландыру педагогтардың,
психологтардың, ата-аналардың алдына оқу-тәрбие процесіндегі бала
тұғырнамасын түбірмен өзгерту қажет болатын мәселесін қояды. Баланың
рухани өсуіне, оның жайлы болуына психологиялық-педагогикалық жағдай
жасау, Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу
мәселелерін шешуде психологиялық қызмет тиімді көмек көрсете алады.
Қазақстандағы психологиялық қызмет ХХ ғасырдың 80-жылдарында,
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде белсенді дами бастады.
Мектепте психолгиялық қызметтің енгізудің қажеттілігін ол кезде
жастарды тәрбиелеу проблемаларымен айналысатын кеңестік ғалымдар да,
сондай-ақ оқу-тәрбие проблемаларымен тікелей ұшырасатын практиктер де
сезінді. Бірақ ол кезеңде практикалық психолгтарды дайындау елдегі
кейбір жетекші оқу орындарында (Ломоносов атындағы МГУ , А. А. Жданов
атындағы ЛГУ, Ленин атындағы МГПИ, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Букетов
атындағы КарМУ, Абай атындағы ҚазПИ және кейбір ЖОО-да) ғана
жүргізілетін. Ол мектептерге тиімді кәсіби қызмет көрсетуге арналған
кадрлардың жеткілікті санын қамтамасыз ете алмайтын. Республикалық
және аймақтық біліктілікті жетілдіру институттарының негізінде
жасалатын психолог-практиктерді дайындау бойынша қысқа мерзімді курстар
немесе Ресейден шақырылған мамандардың қатысуы психологиялық
кадрлардың жетіспеушілік проблемасын шеше алмады.
КСРО-ның тарауы, биліктің орталықтан кетуі, демокаратияландыру
және басқа да саяси-экономикалық өзгерістер тәуелсіз Қазақстанға өз
кадрларын дайынауға мүмкіндік берді. 16, 4
Мектептегі психолгиялық қызметті қайта құру және оның
қызметінің қажеттілігі – білім беру жүйесіне қойылатын қазіргі
талаптармен айқындалады. Бүгінгі таңда оқушының, белгілі бір білімді,
шеберліктер мен машықтардың тек белгілі бір көлемін игеру
жеткіліксіз. Қоғамның даму жағдайы педаготар мен психологтардың алдына
өмір талабына сай жеткіншектерді тәрбиелеу, үнемі өзгеріп отыратын
өмірлік болмысқа психологияляқ және моральдық әзір болуға жетелеу
мәселесін қойып отыр. жолдаудан 2006 жыл
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы
және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.
1) Ғылыми тұрғыда білім берудегі психологияляқ қызмет
мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін,
психодиагностикалар жасау, қазіргі мектептегі білім берудегі нақты
жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін
дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды. Бұл салада жұмыс
істейтіндер – ғылыми қызметкерлер.
2) Әдістемелік тұрғыда қызмет ететіндер – педагогтар,
әдіскерлер, дидактар. Олар өз беттерінше және психологпен бірлесе
отырып, психология ғылымы саласында жаңалықтарды өндіріске енгізуге
күш жұмсайды;
оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын құрастырады;
оқулықтар, дидактикалық және әдістемелік материалдар дайындайды.
3) Қолданбалы тұрғыда мектеп психологтары қызмет етеді.
Олардың міндеті – нақты мәселелерді шешу үшін балалармен, сынып
ұжымымен, мұғалімдермен, ата-аналармен жұмыс істеу. Мектеп
психолгтарының міндетіне психикалық заңдылықтарды зерттеу мен жаңа
әдістерді жасау кірмейді . Мұндай деректермен оларды ғылым қамтамсыз
етеді . Бірақ олар бүгінгі таңда ғылымда бар нәрселерді күнделікті іс-
әрекетінде кәсіби шеберлікпен пайдалана білуі қажет. 12, 5
Қазіргі таңда психологиялық қызмет жүйесі екі бағытта жұмыс
атқарады: - Өзекті және болашақты .
- Өзекті бағыт баланың жеке басының қалыптасуындағы бүгінгі күнгі
қиындықтар мен ауытқушылықтарды шешуге арналады.
Қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі
қазіргі кезеңде мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі
болып саналады.Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, қиын балалармен жұмыс
жүргізу жолдарын жетілдіру, оқушыларға құқықтық білім беру,жоғарғы
әлеуметтік құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін
табу .
Қиын балаларды сен қиынсың деп кеудесінен нұқып, жалпы балалардың
тобынан бөлудің қажеті жоқ бұл оларды одан ары есіртіп жібереді;
Көрдіңдер ме ,бізге ерекше назар аударылады -деп басқалардың алдында
әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп,
бәрібір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді.Осыдан барып
ешнәрсеге құлқы жоқ, немқұрайды болады.
50 және 60 жылдары бұл проблема тереңірек зерттеліп, ол туралы бірқатар
еңбектер жазылды. Қазіргі лезде әңгіме болып отырға тақырып В. А.
Сухомлинский, Н. Ф. Назаров, М.М. Муканов, Қ. Б.Жарықбаев және
басқалардың еңбектерінде әр қырынан сөз болады. 7, 3, 4
Уақыты Қиын Іс-әрекетіне Тәрбиелеу жұмыстары
оқушыны сипаттайтын талдау жасау
фактілер


Қиын оқушылардың әрқайсысына арнап күнделік жасап, оған бақылап
зерттеген жұмыстардың нәтижесін және жүргізілген жұмыстардың бастыларын
жазып отыру қажет. Күнделік үлгісі төмендегідей:

Ал мектеп ішінде ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен түзету жұмысы
үшін мектепте психологиялық-педагогикалық консилиум құрылады. Осыған
тоқтала кетейік.
Консилиум –оқушыларды зерттеудің ұжымдық әдісі.
Консилиум міндеттері:
1. Оқушылардың мінез-құлқы мен оқу үлгеріміндегі ауытқу себептері мен
сипатын анықтау.
2. Дамудағы ауытқушылықтарға түзету мақсатындағы тәрбие шараларының
жоспарын құру.
3. Күрделі және нақты қақтығысты жағдайларды шешу үшін көмек беру.
Консилиум жұмыстарын ұйымдастыру принциптері:
-адамның жеке басын сыйлау:
-жақсы қасиеттеріне сүйену:
-зиян келтірмеу:
-психологиялық және әдістемелік білімдерді интеграциялау:
-диягностиканы барынша педагогикаландыру.
Консилиумның жұмысына қатысушылар құрамы оның мақсатына байланысты
құрылады. Олар – сынып жетекшісі, психолог, мектеп дәрігері, жасөспірім.
Консилиум екі кезеңнен тұрады:
1-даярлық кезеңі. Бұл кезеңде оқушының диагностикалық картасы жасалады.
2-кезеңде консилиум мәжілісі өткізіледі. Мәжілісті өткізу барысында:
-оқушының мінездемесі тыңдалады:
-оны консилиум мүшелері толықтырады;
-ата-аналар мен оқушыларға сөз беріліп,олармен әңгіме жүргізіледі;
-педагогикалық диагноз қойылады;
-оқушыларды түзетуге байланысты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, шешім
шығарылады. 26, 24-26
Консилиум мәжілісі хатталып тігіліп отырады.Аталған нақты
әдістемелерге сүйене отырып, нақты қағидаларды ұстана жүргізілген қиын
балаларды түзету жұмысы ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізудің кепілі
болмақ.. Қиын бала мәселесі – қоғам мәселесі.
Болашақтық бағыт әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда
өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлауға және әр баланың қабілетін
барынша, әрі мүмкіндігінше дамытуға психологиялық жағдай туғызуға
бағытталған. 17, 5-7
Психологиялық қызмет жүесіндегі іс-шараларды атқарушы тұлға –
психолог болғандықтан, халық ағарту саласындағы психологиялық
қызметі ұйымдастыру мәселесі психологтың қайда жұмыс істейтініне
байланысты (балабақшалар мен мектептерде, немесе аудандық , қалалық
ағарту бөлімінде) екі түрге бөліп қарастырылады. Олардың әр қайсысының
өзіндік ерекшеліктері бар.
1 – түр.
- Психолог аудандық немесе қалалық халық ағарту бөлімінде жұмыс
істейді. Ата-аналар мен ұстаздардың психологиялық білімдерін кеңейту
мақсатында лекциялар оқиды;
- Балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін дұрыс ұйымдастыру үшін
ақыл- кеңестер береді;
- Жекелеген оқушылардың психологиялық дамуын анықтау негізінде
мұғалімге ұсыныстар береді;
- Жас ерекшелігі психологиясы, педогогикалық психология, әлеуметтік
психология мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырады.
Соған қарамастан бұл түрдің қызметі шектеулі. Себебі, ол бүгінгі
таңдағы нақты, өзекті мәселелерді ғана шешуге арналған. Қазіргі
психологиялық практика деңгейіне жауап бермейді. Психологиялық қызметтің
оқу-тәрбие үрдісінен, мектеп өмірінен алшақтығы, сыналушы нысана туралы
біржақты көзқарастың қалыптасуына әкеп соғады. Психологтен ата-аналар мен
ұстаздар тарапынан түскен өтініштер бойынша жекелеген балалармен ғана
жұмыс жүргізеді, ал негізгі масса назардан тыс қалады . Бұдан шығар
қорытынды – болашақтық бағыт принципінің аяқсыз қалуы көрінеді .
2 – түр .
Психологиялық қызмет жүйесіндегі екінші түр психологтың
балабақша, мектеп тағы сол сияқты нақты оқу буындарында жұмыс атқаруын
қарастырады. Ол мектеп өмірімен қоян-қолтық араласып жүргендіктен әрбір
ұстазды, балаларды, ата-аналарды, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын
жақсы біледі; баланың жеке басын зертей жүріп ,нақты өмір жағдайындағы
мінез –құлқына, дамудағы даралық ерекшеліктеріне байланысты терең талдау
жасай алады: сондай-ақ өзі берген ақыл-кеңестер мен ұсыныстардың қалай
жүзеге асырылып жатқандығын бақылауға; өткізілген алдын алу шараларының
мектеп өміріне қандай өзгеріс енгізгенін байқауға мүмкіндігі бар.

Бұл түр болашақтың бағыт міндеттерін шешуге жақынырақ: әр баланың жеке
дара дамуына барынша жағдай жасау және психолог қызметіндегі белсенді
формалардың орындалуы –алдын алу шаралары, психологиялық анықтау – түзету
жұмыстары т.б 17,8-9
Адамзат қоғамы үшін адамнан өзекті , адамнан тың тақырып жоқ.
Өзіңді -өзің танып біл-деп өсиет еткен ертедегі Сократ уағызы да осыған
әкеліп тіреді. Бірақ өзіңді білумен қатар басқаны да тануға ынтығады адам.
Мәселен, оның танымдық қабілеті, әлеуметтік бағдары, мінез-құлқы.
Әр адам қайталанбас ерекшеліктерімен дараланғанмен, оларды кейбір
ортақ белгілеріне қарап топтастыруға болады. Міне, осы кезде
психологиялық сынақтардың қажеттілігі туындайды. Сынақ –психодиагностиканың
негізгі әдістерінің бірі бола отырып, адамның жеке басын зертеудің маңызды
құралы қызметін атқарады. Осы орайда АҚШ-та Гайденс деп аталатын
әлеуметтік психологиялық қызмет жүйесінің адамның жеке басының анықтау
жұмысытарының тәсілдерімен танысалық.
Ең алғаш 1908 жылы Бостон қаласында Френк Парсонстың ұйымдастырумен
ашылған Гайденс қызметінің тікелей мағынасы жетектеу, бағыттау
дегнді білдіреді. Гайденс ұйымы АҚШ-тың білім беру министрлігімен қоса,
әрбір штатында орныққан. Олар мектеп қызметін бақылап, кеңесші ролін
атқарады. Ал мектеп өміріндегі басты нысан – бала екендігі белгілі. Баланы
оқытып, тәрбиелеудің жаңа жолдарын қалыптастыру үшін әуелі балаға әсер ету
ерекшеліктері іздестіреді. Ол анықтау жұмысы арқылы жүргізіледі. Гайденс
қызметінде психологиялық анықтау жұмысының үш тәсілі қолданылады. Оның
біріншісі – жоғарыда атап кеткен психологиялық сынақтар. Қалыптастырған
сұрақтарға берілген жауап бағасы мен тапсырмаларды шешу – тест, яғни
сынақ.. Сынақ нәтижесіне қарап баланың психофизиологиялық әрі жеке
басының ерекшеліктерімен, білімі мен іскерліктерін қызығушылықтарын
анықтауға болады .31, 36
Енді тікелей мектептік психологиялық қызмет жүйесіндегі
психодиагростика мен психокорркция ерекшелігі туралы.
Психологиялық қызмет жүйесінде баланың психикалық даму ерекшелігін, жеке
басындағы білім, дағды, іскерліктер секілді құрылымдардың жас ерекшелігі
мен қоғам талабына сай келуін анықтау – психодиагностика деп
аталады.Мектептегі психолгиялық қызмет жүйесіндегі психодиагностиканың
маңыздылығы мынада:
- біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін
тарқатуда;
- екіншіден, психодиагностика мектеп психологының барлық жұмыстарының
негізі болып табылады; диагностика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту
жұмыстары жүзеге асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын
қадағалау диагностика арқылы өтеді.т.т.
Психологиялық қызмет жүйесінде анықтау жұмысы немесе түзету
(дамыту) жұмыстары жеке дара қарастырылмайды. Мектеп психологы
анықтау негізінде диагноз қояды, белгілі бір нұсқаулар жүйесін
белгілейді;әрі оның жүзеге асырылуын қадағалайды.
Психологиялық коррекция

Тәжірбиелі мұғалімдер алғашқы күннен бастап баллаларға қандай
талаптар қойылатыны жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын
жақсы біледі. Сондықтан мектептегі дезадаптацияны болдырмаудың алдын
алу үшін мұғалімге көмек ретінде 1-сыныптарды бейімделу сабақтары
жүргізілуде. Бейімделу сабақтарының мақсаты:
- Бір-бірімен танысуына мүмкіндік жасау.
- Сыныпта қалыпты психологиялық ахуал тудыру.
- Өзін-өзі бағалауға үйрету.

Әдетте бейімделу кезеңі бір айдан үш айға дейін созылу керек
десек, бұл балалрмен жұмысты екінші тоқсаннан бастап жүргізу керек. 1-
сыныптың ортасына таман бейімделу кезеңінде көптеген қиындықтар артта
қалады. Оқушылар өздерінде бар интеллектуалдық күштерін, тағы басқа да
қабілеттерін оқуда пайдалана бастайды. Сонымен бірге бейімделу
кезеңін ауыр өткен оқушылар тобы іріктеліп қалады.
Бейімдемуге тәуелді топтың оқушыларымен жүргізілетін психокоррекциялық
жұмыстың мазмұны

Бейімделуі қиын оқушыларға педагогикалық-психолгиялық көмек
ұйымдастырудың жобасын ұсынамыз.

Осындай психологиялық көмектің балалардың психикасына әсері зор.
Сондықтан мұғалімдер мен ата-аналар бұл жұмыстың алдағы уақытта да
жалғастық табуын қалайды.
Психокоррекциялық сабақтардың барлығы ойын түрінде жүргізіледі.
Жалпы баланың жағымсыз эмоциясын шығаруға да, жағымда эмоциясын
қалыптастыруда да маңызы зор екенін білеміз. ойын әдістемесі 1-
қосымшада

Психологиялық консультация теориялары мен тәжрбиелерін атлдай отырып,
психолгиялық консультацияны психикалық дамуы қалыпты адамдардың өзін-
өзі тану шекараларын кеңейтуге мүмкіндік беретін, осының негізінде
басқаларға қатысты бағдары мен қатынасын өзгертуге және қандай да
бір жағдайларда мінез-құлық , жүріс-тұрыстың варианттарын ойластыра
алып, тиімділерін қолдануға қабілеттіліктерін арттыратын психологиялық
көмек көрсетудің бір түрі деп қарастырамыз. Консультация барысында
клиент жағдайды кең көлемде қарастыруға мүмкіндік алады; сол
жағдайдағы өз ролін аңғарып, бағалайды; жзағдайды, басқа адамдарды
және өзі жайлы өзгеше қабылдау, түсінік пайда болады. Осыған сәйкес
клиент өз қатынасын және өз мінез-құлқын, жүріс-тұрысын өзгерту
мүмкіндіне ие болады. Олай болса, психолгиялық консультация да
психологиялық әсер етудің бір жеңіл түрі.
Психолгиялық консультация көбінесе қысқа мекрзімдң болады.
Әлбетте, клиентпен бір кездесуден алты кездесуге дейін, ал өте
сирек жағдайларда ғана бұдан артық кездесулер жоспарланады. 28,47-48

Психологқа сұраныс.
Сұраныстың кез-келген түрі қандай да бір шешілуі тиіс мәселе туралы сигнал
болып табылады. Бірақ, әдетте клиент тарапынан түскен сұраныс сипаты
бұлыңғыр, күңгірт болып келеді Сондықтан сұраныс дәлдігін анықтау үшін
психолог өтініш жасаушы адаммен арнайы әңгіме өткізеді. Әңгіме әдісінің
тағы бір маңызды жағы – оқушы туралы алғашқы дерек көзі екендігінде.

Психологиялық мәселелерді белгілеу.
Психолог кәсіби шеберлігінің аясында психологиялық сұранысты психологиялық
мәселелерге бағыттауы тиіс.
Ол үшін анықтау нысаны туралы ақпараттар жинастырады Ол бақылыу, әңгіме
әдістері арқылы алынады.
Келесі құрылым – зерттеу әдісін таңдау, әрі жүргізу.
Психологиялық диагноз қою.
Практикалық ұсыныстар белгілеу және оның орындалуын қадағалау.
Психологиялық алдын алу шараларына жататындар:
1. Профилактика.
2. Психологиялық-педагогикалық консилиум.
3. Психологиялық кеңес беру.
4. Психологиялық ағарту.
5. Психологтың кәсіби әдептілігі.
Мектептегі әлеуметтік психолгиялық қызметтің жандануына
байланысты, мектептегі психолгтары төмендегі іс-шараларды атқарады:
1. Сабақ тиімділігі. Мектептегі пән бірлестіктерінің сабақтарына
қатысып, психологиялық тұрғыдан олардың тиімділігіне баға беріледі.
Сабақты психолгиялық талдау желісі.
1. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін ынталандыру.
- Мұғалім оқушыларды іс-әрекетке үнемі бағыттау мақсатында қандай
жетістіктерді қолданды ?
2. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекеті.
- оқушылардың шешілуге тиісті міндеттерді талдауы. (оқу,
проблемалық, тәрбиелік)
- оқу міндеттеріне оқушылардың енуі, оны саналы түсінуі, оның
барысындағы қиындықты талдауы;
- оқу міндеттеін шешу барысындағы кезеңдердегі оқушылардың іс-
әрекетіне мінездеме;
- мұғалім оқушылардың іс-әрекеттерінің бірізділігін қалай ашты;
-сұранысқа , қажеттілікке байланысты іс-әрекет қалай жүзеге асты.

- оқу міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік берген оқу іс-әрекетін
талдауы;
- оқушылардың оқу міндеттерін шешуге мұғалім тарапынан қандай
жағдай жасалынды ?
- іс-әрекет нәтижесін талдауға бағытталған бақылау түрлері;
- қабылдау нәтижесін талдайтын бағалау түрлері; мұғалім
оқушыларға өз іс-әрекеттерін бағалау біліктілігін қалыптастыру
үшін қандай жағдай жасады ?
3. Сабақтағы танымдық үрдістерді дамыту.
- мұғалім танымдық үрдістерді дамытуды басқаруда қандай
әдістерді қолданды:
а) проблемалық ситуация туғызды;
ә) ойлау міндеттері мсен мақсаттарды қойды;
б) зерттеушілік қабілеттерін оятты;
4. Сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы:
- педагогикалық қарым-қатынас стилі;
- мұғалімнің сөйлеу ерекшелігі;
- қарым-қатынастың вербальді емес түрлері;
5. Сабақтың жалпы бағасы :
- сабақтың негізгі іс-әрекет талаптарына сәйкестілігі;
- сабақтағы іс-әрекетті жүзеге асыруға жасалған жағдай мен
қиындықты талдау;
- іс-әрекет барысындағы оқушылардың өзгерісі;
6. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатындағы мұғалімнің нұсқауы.
- оқушылардың өз білімдерін тәжірбиеде қолдануға бейімдеу;
- мұғалімнің сөйлеуі, сауаттылығы, эмоционалдығы, тіл байлығы;
2. Жалпы білім беретін мектептердегі негізгі әрекет білім беру
үрдісі болғандықтан, оқу әрекетін жетілдіру жолдары қарастырылады.
3. Педагогикалық ұжымдағы психолгиялық климат оң болған жаңдайда
мұғалімдер қызметі де нәтижелі болмақ . Мұғалімдер қауымымен
өткізілетін басшы біліктілігі сауалнамасы мектеп басшыларының өз-
өздеріне сын көзімен қарап, олқы шығып жатқан тұстарын түзетуге
тырысуларына мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық қызмет жүйесінде кез-келген анықтау ісі жеке
дара жүрмейді. Зерттелінген нысананы жетілдіру үшін дамыту-түзету
шаралары қоса қамтылады. Сабақ тиімділігіне байланысты дамыту
жұмыстары ақпараттық мәліметтерде көрсетіліп, олардың орындалуына
бірлестік жетекшілері жауапты ретінде тағайындалады. Олардың
жұмыстары, оқу жылы бойында мектеп директоы, оқу ісінің меңгерушісі,
әдіскер, психолог тарапынан қадағаланып отырады.
Психологиялық қызметтің нәтижелі дамуы үшін екі түрдің бірлескен
әрекеті қажет, яғни мектеп психологының аудандық (қалалық) психологиялық
кабинеттермен өзара әрекеті керек. Осы орайда мектеп психологтары өздерінің
практикалық қызметінде көптеген пробламалардың шешімін таба алмай отырғанын
айтқан жөн шығар. Соған орай мектептегі психологиялық қызметті жақсартудың
негізгі бағыттары мыналар деп есептеу керек:
1. Диагностикалық және коррекциялық әдістемелермен қамтамасыз ету.
2. Мектеп психологтарын қайта даярлау және білімін жетілдіру.
3. Ұйымдастыру жұмысының формасын өзгерту (қызметтің негізгі мақсаты мен
міндеті, мектеп психологының функциялары, қызметінің нәтижесінің
критерийлері т. б.) Сонда бірінші түр психологтары өз жұмысында халық
ағарту саласындағы қызметкрлердің психологиялық білімін көтеру мәселесіне
негізінен көңіл аударып, ал мектеп психологтары тікелей балалармен
айналысқан болар еді.

1.2. Психолог мамандығының қажеттілік факторы.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктеруге осы кезге
дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырумен айналысқан
ғалымдардың бір тобы: Т. Т. Тәжібаев, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. Түрікпенұлы,
М. Р. Битянова, Ә. Жұмабаев мектепке психолог маман керек пе, одан ата-
аналар мен ұстаздар қандай көмек күтеді деген мәселені талқыға салған.
Педагоктар бұл ұсынысты қуана құптап, өз ойларымен бөліскен. Олардың
айтуынша балалардың мектепке даярлық деңгейін анықтауда, сәтсіз отбасынан
шыққан балалармен жұмыс істеу әдістерін таңдауда, мектеп пен жанұяның өзара
байланысын сақтауда, балалардың даму деңгейін анықтауда, сондай-ақ
тәрбиешілерге кәсіптік шеберлік пен дағды жинақтауға, педагокқа тән жеке
басының қасиеттерін игеруге көмектесуде психолог қажет екен.
Ал, ата-аналар болса балаларының психикалық денсаулығына,жағымсыз
қылықтарына алаңдап,психологтан көмек күтеді. Осындай мәселелерді талдай
келіп, психолог көмегі мына жағдайларда қажет деген қорытынды жасалған.
1. Әртүрлі жастағы баланың оқу тәрбие процесінде кездесетін
қиыншылықтарды жоюға көмектесуіне қажет.
2. Баланың жеке дамуы мен интелектуалды дамуындағы
ауытқушылықтарды жою және алдын алуда.
3. Күрделі сұрақтар мен қақтығысты жағдайларында қажет.
Реті келгенде мектеп психологының жұмысының мазмұн асықпай әуелі
жан-жағын бағдарлап алуы керек. Психолог жұмысының 1-ші кезеңін шартты
түрде бейімделуі кезеңі деп атауға болады. Яғни, психолог балаға,
мұғалімдерге, олар психологқа бейімделуі керек. Бұл кезеңде психолог мектеп
әкімшілігімен, балаларымен, олардың ата-аналарымен әңгімелесуі керек, оқу
тәрбие процесіне қатысып көру қажет. Ата-аналар жиналысына , педкеңеске
қатысып, құжаттармен танысу керек. Осы әңгіме, жиналыстарда ата-аналар мен
мұғалімдерді психолог жұмысының негізгі міндеттерімен таныстыру керек .
Мектеп психологы көпшілікке жаңа құбылыс . Педогогтар оны бірден
қабылдамауы мүмкін, бәріне шыдамдылық керек. Әркіммен мүмкіндігінше сыпайы
болуы қажет. Өзіне күдікпен қарағандардың бәрін өзінің шынайы қызметімен,
білімімен, іскерлігімен сейілте алады. Ол үшін психолог өзіне өте таныс,
жақсы білетін істен бастауы керек. Мысалы: Мектепке психологиялық
даярлықты анықтау.
Баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын
анықтау – болашақ оқушылармен танысып,оның күшті жақтары мен әлсіз
жақтарын белгілеу үшін алғашқы ақпараттың мәліметтерді жинау үшін
бүгінгі таңда бастауыш мектеп ұстаздары арасында кеңінен қолданылып
жүрген Керн-Йерасик әдісін пайдалану тиімділігін айтуға болады.
Осы уақытқа дейін педогогикалық білімі бар адамдар мектеп
психологының жұмысын атқарды. Соңғы уақытта көтпеген психологтар
даярланып, мектеп мектеп психологтарының тобын құрайды. Маман ретінде әр
түрлі еңбек стажы бар психолог жұмысының өз ерекшелігі бар. Сондықтан
психолог қызметінің стажға байланысты сараптамасы жүргізілген. Еңбек
стажына байланысты төмендегі топтарға іріктелді.
1.1-жылдық еңбек стажы барлар 26,9 % (236 адам)
2.1жылдан - 3жылға дейін -29,71 % (260 адам ),ең саны көп топ.
3. 3жылдан -5 жылға дейін -18,97 % (166 адам)
4. 5 жылдан жоғары- 23,88 % (209 адам )
Бірінші топтағы респонденттердің басқа топтардан үлкен
айырмашылығы бар екенін сарптама көрсетіп отыр. Себебі, бұл топтағы
психологтар өз қызметіне қажетті диагностикалық және коррекциалық
материалдармен қамтамасыз етілмеген.Клиентті қабылдау уақытында да
айырмашылық бар: тәжірибесі аз психолог қабылдауындағы бір адамға
тәжірибелі психологтан гөрі аз уақыт жібереді. Осыған қарап мектепте
психологиялық қызметке деген сенімділіктің өсуі, жұртшылықтың назарының
ауғанын байқауға болады.
Мектеп психологының жұмысының көпшілігі төменгі және орта буын
балалармен (7-12 жас) өтеді. Одан кейінгі жұмыс жоғарғы сынып оқушылар,
ата-аналар, сосын педогогтар.
Клиенттің проблемаларын үш ірі блокқа біріктіруге болады:
- Мектептік
- Отбасылық
- Жеке басының проблемасы.
Сұраныстың көпшілігі оқумен, ақыл-ой дамуына байланысты:
- Оқу мотивациясының жоқтығы, мектепке даярлығы, дамуының
жетімсіздігі сөйлеудегі кемістік, педогогикалық қараусыз қалу т.б.
Психолог көмегін қажет етудің негізгі себептер.
Жолығу жилігі (%)
Білікті психолог Білікті емес психолог
- өзінің алдына келген адамның - алдына келген адам арқылы тек
мақсаттарын анықтай алатын мінез-құлқыжеке өзінің мақсаттарын жүзеге
болу керек . асыруды көздейді. Яғни, өз ой түйіні
- мақсаты айқын мәдени тұлға болу, арқылы алдына келген адамның
өмірде өз көз қарасының болуы, алдағы түсініктерін түгелдей жоққа шығарып,
атқаратын ісін толық сезе алады. мән –мағынаның бәрін жойып жібереді.
- алдына келген адаммен қарым-қатынас
жасау барысында психологиялық көмек - психологиялық көмек көрсету
көрсетіліп жатыр деп білу керек. мақсатын өзінің Мен –
тұжырымдамасы арқылы құрыуға
тырысады.
- клиенттің айтқан ойларын
ескермей, өз пікірін қлданып, оның
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Мектеп психологының отбасымен жұмыс түрлері
Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары
Педагог-психологтардың сүйемелдеу жұмыстарының мазмұны мен міндеті
Педагогикалық себептер
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Аудандық психологиялық центрдің психологының жұмысы
Жетім жеткіншектерді психологиялық диагностау ерекшелігі
Мектеп психологінің қызметінің мазмұны
Мамандық бағдар берудің психологиялық негіздері
Пәндер