Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Бірінші лекция. Таќырыбы: Қазіргі педагогикалық технология оқу пәні ретінде

Жоспары: 1. Курстың объектісі, пәні, міндеттері, әдіснамасы.

2. Басқа пәндермен байланысы

Лекция маќсаты: Қазіргі педагогикалық технологияның мақсатын, міндетін, объектісін

талдап түсіндіру.

Лекция мєтіні: 1. Курстың объектісі, пәні, міндеттері, әдіснамасы.

Педагогикалық технология - оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушылардың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру оқушылардың оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады.

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В. Беспалько “ Педагогикалық технология дегеніміз -тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана” - деген тұжырымдама берді .

Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушылардың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру оқушылардың оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады.

Пәнді оқытудың мақсаты - Болашақ мамандарды педагогик ғылымдарының теориялық негіздері мен қаруландырып тәрбие мен оқыту процесін нәтижері ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру.

Болашақ мұғалімдерді қазіргі кезеңдегі педагогика ғылымының жаңару, даму бағыттарынан хабардар ету;

Болашақ мұғалімдерді ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жаңа (инновациялық) әдістері мен тәсілдерімен таныстыру

Болашақ мұғалімдерге қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды оқып-үйрету.

Пәннің түп мақсаты - болашақ мұғалімдердің жоғары интеллектуалдық, шығармашылық потенциалын қалыптастыру, оны дамыту.

Пәннің міндеті - Студенттерді «Иновация» оқыту мен тәрбиенің тәсілдерін, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу мазмұнымен таныстыру;

- Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі мақсат-студенттердің ғылыми жұмысқа ынтасын, қабілетін жетілдіру, соның негізінде, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттау;

- Білім беру ой-өрісі жан-жақты және сөзі ісіне сай келетін жас маманды даярлауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын іске асырудың педагогикалық моделі ретіндк қалыптастыру;

- Білім беру мазмұнының педагогикалық процесіндегі иновациялық технологияның тиімділігін арттыру;

- Студенттердің міндетті деңгейіндегі білімін қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу және студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыру:

- Оқытудың жаңа технологияларының ерекшеліктерін білу;

- Жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдарын білу;

- Педагогикалық озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, насихаттау, тарату жолдарын меңгеру;

- Жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу.

«Оқу-үйретім технологиясы» түсінігі бүгінгі таңда дәстүрлі педагогика тарапынан жалпылай қабылданбаған. ЮНЕСКО құжаттарында бұл технология тәлім-тәрбие формаларын ыңғайластыруды өз міндетіне алып, техникалық және адамдық мүмкіндіктер мен олардың әрекеттестігін ескерумен жүргізілетін білім ұсыну және оны игеру үдерісін қарастыру, қолдану арқылы анықтап берудің жүйелі әдісі ретінде қолдануға ұсынылған.

Бір тараптан - технология - бұл оқу-үйретім ақпараттарын өңдеу, жүзеге шығару, өзгеріске келтіру және шәкірттерге ұсыну әдістері мен құралдарының жиынтығы, екіншіден - бұл оқу-үйретім, тәрбие үдерісінде техникалық не ақпараттық құралдарды қолданумен жүргізілетін педагогтың тәрбиеленушіге ықпал ету әдістері жөніндегі ғылым. Оқу-үйретім және тәрбие мазмұны, әдістері мен жабдықтары педагогикалық технологияда бір-бірімен өзара байланысты, себебті шарттасқан әрекетке келеді.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі бағдарламаға сәйкес және тәлім-тәрбие міндеттері белгілеген қажетті мазмұнды іріктеп, өнімді әдістер мен құрал жабдықтарды қолдана білуі аркылы жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен көрінеді. Тәлім-тәрбие технологиясы жүйелі категория, осыдан оның құрылымында келесі бірліктер болатынын естен шығармау керек:

  • тәрбие және оқу-үйретім мақсаттары
  • оқу-үйретім мазмұны
  • педагогикалық өзара ықпал, әсер жасау құралдары
  • тәрбие және оқу-үйретім, үйренім үдерістерін ұйымдастыру
  • шәкірт, ұстаз
  • іс-әрекет нәтижесі

«Педагогикалық технология» ұғымы үш жоба күйінде іске асуы мүмкін:

  • ғылыми
  • әрекеттік - сипаттама
  • әрекеттік - іскерлік

Сонымен, педагогикалық технология тәрбие мен оқу-үйретімнің аса пайдалы жолдарын зерттейтін ғылым. Сондай-ақ, білім игеру барысында қолданылатын тәсілдер, принциптер, реттеу тетіктерінің жүйесі әрі нақты тәрбие, тәлім үдерісі ретінде қызмет жасайды.

Педагогикалық технологияның қай-қайсысы да қандай да бір философиялық тұғырға негізделеді. Философиялық қағида, ережелер, тәлім-тәрбиелік технологияларды әдіснамалық қамсыздандыру құрамындағы барынша жалпыланған реттеу, түзету тетіктері сипатында еленеді. Тәлім-тәрбиенің жалпы мазмұнында да, жекеленген пән құрамында да философиялық бағыт, көзқарас - бұл алғышарт. Алайда, көп жағдайда олардың идеологиялық бағыттары санқилы сипат алып, өзара қайшылықта жүріп жатады. Осыдан мектеп, тәрбие, тәлімінің мазмұны дүниенің тұтастай бейнесіне сай келмей, ортақ философиялық негізде құрастырылмай жатыр.

Қазіргі заманғы әлемдік педагогикалық технологиялар негізіне алынған әрқилы, көптеген философиялық бағыттар мен ғылыми ұстанымдар арасында жиі кезігетіндері төмендегілер:

  • материализм және идеализм;
  • диалектика және метафизика;
  • сценитикалық және табиғи сәйкестік;
  • гуманизм және антигуманизм;
  • антропософия және теософия;
  • прагматизм және эксизтенциализм.

Педагогикалық технологияның дерек көздеріне педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылымдар, озат педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, сондай-ақ, осы заманға дейін отандық және шет елдік педагогика топтаған баршаға ұтымды идеялар мен ғылыми ұсыныс, тұжырымдамалар кіреді.

«Педагогикалық технология» ұғымы «оқу-үйретім әдістемесі» ұғымынан әлдеқайда кең. Технология тәлім-тәрбие мақсаттарына қалай ең жоғары тиімділікпен қол жеткізуге болады және сол үдерісті басқарудың жолы қандай?» деген сұраққа жауап іздейді. Технология алдын ала жоспарланған тәрбие үдерісін бірізді жүзеге асыруға бағытталған.

Педагогикалық технологияны жоспарлау үшін нақты жағдайда тиімді болатын педагогикалық технологиялар жүйесін таңдастыра білу қажет. Ол тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттей отырып, балалардың даму жас кезеңдері мен олардың дайындық деңгейіне сәйкес іс-әрекет түрлерін іріктеп баруды талап етеді.

Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлкте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.

Инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік даму сатыларынан тұрады:

- жаңа идеяның пайда болуы;

- мақсат қоюшылық;

- тарату және жойылу.

Шетел мамандары оқыту технологиясының 3 кезеңі болды дейді.

І кезең: Мұғалім бірде-бір көмекші құрал- жабдықсыз ауызша оқытты.

ІІ кезең: Мұғалім түрлі дидактикалық материлдарды пайдаланды.

ІІІ кезең: Мұғалім техникалық құралдарды қолдана бастады.

Оқыту технологиясы дидактиканың жетістіктерін педагогикалық практикаға енгізіп таратады. Оқыту технологиясы - қолданбалы дидактика.

Педагогикалық технология - дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:

  • енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;
  • жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
  • жаңалықты енгізу жолдарымен.

В. А. Сластенин, Л. С. Подымова инновациялық іс-әрекетті шығармашылық пен кәсіпшіліктің сәйкестілік тұрғысынан қарастырады.

Педагог инновациялық технологияны меңгеру мақсатында іс-әрекет жасауы тиіс. Оның құрылымы:

  1. Жалпы және кәсіби мәдениет
  2. Педагогикалық бағдарлылық
  3. Моральдық қасиеттер
  4. Диалектикалық қасиеттер
  5. Ерік қасиеттері
  6. Сөйлеу қабілеттері
  7. Ұйымдастырушылық
  8. Коммуникативтік
  9. Педагогикалық елестету

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

1 кезең - оқып үйрену;

2 кезең - меңгеру;

3 кезең - өмірге ендіру;

4 кезең - дамыту.

Педагог инновациялық технологияны меңгеру мақсатында іс-әрекет жасайды, ол инновациялық іс-әрекет деп аталады.

Инновациялық іс-әрекет - педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үлгісі.

2. Басқа пәндермен байланысы:

Бақылау сұрақтары:

  1. Пәннәң мақсаты
  2. Пәннің міндеті
  3. Пәннің объектісі.
  4. Жаңа технологияны қолдану кезеңдері.

5. Педагог инновациялық технологияны меңгеру мақсатындағы іс-әрекет, оның құрылымы:

6. Иновациялық процесті ендіру жолдары.

7. Иновацияның даму барысындағы сатылары.

8. Технологияның даму сатылары.

9. Педагогикалық технологияның зерттеу нысаны.

Екінші лекция. Таќырыбы: Педагогикалық технологиялар

Жоспары: 1. «Педагогикалық технология» ұғымы

2 . «Педагогикалық технологиясы категориясы, анықтамалар

Лекция маќсаты: Қазіргі педагогикалық технологиялардың жалпы сипаттамасын түсіндіру мәнін ашу.

Лекция мєтіні: 1. «Педагогикалық технология» ұғымы

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг және т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үдерістерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл үрдісті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.

Педагогикалық технология - оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В. Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана” - деген тұжырымдама берді /3/.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс: “Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді / 4 /.

Ендеше инновация ұғымы - педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.

«Инновация» - «in-noves» деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жаңалық», «жаңарту, өзгерту» деген мағына береді.

Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалық деп 3 нәрсені айтады:

  1. бұрын еш жерде, ешқашан қолданылмаған идеялар
  2. бұрын болған, бірақ жаңа жағдайға бейімделген идеялар
  3. бұрыннан бар, тек мақсаты өзгерген идеялар

Қазіргі кезеңде білім беру саласында төмендегідей жаңалықтар бар:

І. Ұйымдастырудағы жаңалық

ІІ. Технологиялардағы жаңалық

ІІІ. Оқулықтар мен бағдарламалардағы жаңалық

Осы жаңалықтарға сәйкес «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «жаңа педагогикалық технология», «оқытудың инновациялық технологиялары» терминдері қолданылуда.

Мысалы, «Оқыту технологиясы» термині ең алғаш рет АҚШта қолданылды. «Педагогикалық технология» 1960 жылдан бастап қолданыла бастады. «Технология», «Оқыту технологиясы», «Педагогикалық технология» терминдеріне әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Мысалы:

Скиннер: «Оқыту технологиясы - психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану».

В. Беспалько: «Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы».

В. М. Монахов: «Педагогикалық технология - оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі».

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген.

Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.

Ал А. И. Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді: “Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р. Масырова мен Т. Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация” делінген. В. Кваша мен В. Латинаның пікірлері бойынша “инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады /5/.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз /4/.

Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс” деп түсінеді.

Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді.

Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.

Н. Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

2. «Педагогикалық технологиясы категориясы, анықтамалар

“Инновация” сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

«Техника» терминінің сөздікте 2 мағынасы беріледі:

  1. өндіріс құралдарының жиынтығы
  2. бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы

«Технология» - сол тәсілдер жүйесі деген мағына береді.

Инновациялық әдіс - тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін бақылау жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Қашықтан оқыту жүйесі
Студенттің өзіндік жұмысы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Интерактивті тақтаны орнату
Қашықтықтан оқыту технологиясы және әдістемесі
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Дәріс - оқытудың басты формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz