Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы


Жоспар
Кіріспе
I. Негізгі бөлім. Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
1. 1. Жастар тәрбиесіндегі діннің алатын орны
1. 2. Қазіргі таңдағы жастардың діни көзқарастарының қалыптасуы.
II. Әдістемелік бөлім. Жастардың діни ұстанымы және дінге деген көзқарастары бойынша зерттеу және талдау жүргізу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ежелден Ислам дінін өмірінің бұлжытпас қағидасына айналдырған ата-бабамыз бөлінуге емес, ұрпағын бірігуге шақырумен келді. Береке-бірлігі жарасқан елді жау алмайтындығын білді. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», - деп ұрпағына ойлы сөз қалдырды. Бұл сөз бүгінгі қазақ қоғамына айтылғандай көрінеді. Себебі, бүгінгі күні дін төңірегінде кейбір жастарымыздың бөлінуі тым шектен шығушылыққа алып бара жатқандай. Жасыратыны жоқ, соңғы уақыттары ел ішін ала тайдай бүлдіріп, жаңашылдық әкелмек болған кейбір дін атын жамылған ағымдардың идеологиясы жүріп жатыр. Осындай ағымдардың шырмауына түскен кейбір қандас жастарымыз «дінде жүрмін» деп өздерін дүбәра халге салғанын білмей дал. Олар тар түсінігімен және шариғи білімсіздігімен діннің берік те бекем қағидаларына қарсы шығып, тәлім-тәрбиесі мол қазақтың салты мен дәстүріне дұшпандық жасауда. «Анау болмайды, мынау болмайды», немесе «анау шірк, мынау шірк», онан қалды «анау бидғат, мынау бидғат» деп дінді енді үйренуге келген жандардың санасын мешітке жеткізбей улап-ақ жатыр. «Іштен шыққан жау жаман» деген осы шығар.
I. Жастардың діни ұстанымы жіне дінге көзқарасы
1. 1. Жастар тәрбиесіндегі діннің алатын орны
Қашан да адамзаттың даму тарихындағы ең басты және маңызды мәселенің бірі болашақ ұрпақ тәрбиесі, яғни жастардың тәрбиелілігі, өнегелілігі. Өнегелі тәрбие адам болмысындағы құндылықтардың өлшеуіші бола бермек. Адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік дүниетанымнан, наным-сенімнен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан ең маңыздысы діни таным. Алдыңғы атап кеткен құндылықтар діннің қалыптастырушы элементтері емес пе. Діннің негізгі функциясы жеке адамнан бастап, жалпы адамзатты дұрыс өмір сүру жолымен және рухани құндылықтармен сусындатып, адам болмысын таныту, құдайы ақиқатқа көз жеткізу және болшақ ұрпақ тәрбиесіндегі имандылық принциптеріне адамды тәрбиелеу. Жастар тәрбиесіндегі маңызды орынды дінге бердік, ендігі мақсатымыз, ең алдымен, жалпы тәрбие мәселесіне тоқталған жөн.
Адам тәрбиесінің қайнар көзі балалық шақтан басталса, бала тәрбиелеуде толықтай ойлау қабілеті қалыптасып болмайынша еш нәрсеге үйрету мүмкін емес. Адамға білім берместен, оның сол білімге өзі қол жеткізетін қабілетін қалыптастыруға ерекше мән беру керек, Демокриттің сөзімен айтқанда -«көп білетін ақылдылар өте, көп білуден гөрі, көп ойлануға ұмтылу қажет». Адам ақыл ойының және өзіндік танымының қалыптасуы әлде қайда маңыздырақ. Орыстың жазушысы, педагогы және философы В. Ф. Одаевкский айтқандай «Адамның ең бірінші қадамы өзін-өзі танудан басталса - бұл үлкен істің біткені»
Тәрбиеге байланысты көптеген ғұлама ойшылдардың өнегелі мұрасын жіпке тізіп талдай беруден шаршамайсын, алайда тағы бір мәселе өз кезегін күтуде ол - жастар тәрбиесіндегі діннің алатын орны.
Жалпы дін туралы, оның ішінде ислам діні туралы түсінігіміз жеткілікті деп айта аламыз ба? Өкінішке орай, қоғамдағы кейінгі кезеңде көрініс тапқан келеңсіз оқиғалар керісінше жауап беруге мәжбүрлейді. Кейбір зерттеушілердің пікірінше «қазақтардың діншілдігі «үстірт», «таяз», әсіресе жастар ислам дінінің негізгі қағидаларын білмейді». Шындығында, мешітке барып намазға жығылып немесе үйінде бес уақыт намаз оқып, ораза ұстайтындардың көпшілігі өзінің ислам дінімен байланысын ұлттық дәстүрдің құбылысы ретінде қарайтындығы шындық. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі - дінге сенем деушілердің көпшілігінің діни білімнің негізгі ұстанымдары, қағидаларын, тарихын жете білмейтіндігінде.
Дін - адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың - болашағы жоқ.
Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.
Бүгінде Қазақстандағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 27, 8%-ын, яғни 4, 5 миллионнан астам адамды құрайды. Олардың 700 мыңнан астамы - студенттер. Бұл ретте ауылдық жерлердегі 46%-ды құрайтын жастарға қарағанда 56%-ды құрайтын қала жастарының саны көптеу.
Кейбір деректерге сүйенсек, дүниежүзі бойынша жастар халықтың шамамен 18%-ын құрайды, соның ішінде ғаламшардағы жастардың 85%-ы дамушы елдерде тұрады екен. БҰҰ берген деректер бойынша келесі ғасырдың аяғына қарай 30 жасқа дейінгі жастар жер шары тұрғындарының жартысын не одан көбін құрайтын болады деген болжам бар.
Адамдар білім алу, мамандық таңдау және қоғамда әлеуметтену, негізгі араласатын ортасын құру, рухани қағидаттар мен бағдарын қалыптастыру секілді негізгі әлеуметтік және демографиялық өмірлік кезеңдерінен дәл осы жас кезінде өтеді.
Әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан есею шағында жастар көбіне біз үшін жат ықпалды күштердің алдында әлсіздік танытады. Әсіресе жастар діни экстремизм мен терроризм субъектілері тарапынан жасалған идеологиялық шабуылдардың алдында қорғансыз болып келеді.
Жастар әділдік пен жақсылық үшін күресте барлық іс-әрекетке, соның ішінде шектен шығушылыққа да бой ұрады. Мәселен, «Хизб-ут-Тахрир», «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты», «Жунд әл-Халифат», «Таблиғи жамағат» сынды экстремистік және террористік ұйымдардың негізінен ылғи жастардан құралғаны бізді алаңдатады.
«Жунд әл-Халифат» ұйымы тарапынан жасалып жатқан қауіп-қатерлердің алдын алып, радикализмнің әртүрлі көріністеріне ымырасыз жол бермеуге бағытталған біз таңдаған жолдың дұрыстығын әрі уақтылы болғанын айта кеткен жөн.
Жастардың үлкен топтары салафи ағымының басты көзқарастарына негізделген түрлі радикалдық такфиршіл, жихадшыл жамағаттар қатарынан көрініп отыр.
Барлық тарихи кезеңдерде жастар қоғамның ең ұтқыр, оқуға, жаңалық енгізуге және реформаларға бейім бөлігі ретінде сипатталғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда тек білімді, ой-санасы терең, ақыл-ойы дамыған және кәсіби дайындалған жастар ғана сапалық, серпінді және инновациялық дамудың маңызды шарты мен кепілі болатынын, еліміздің болашағын қамтамасыз ете алатынын ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.
Бұған қоса, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысы бар азаматтық қоғам институттарының барлығы біздің болашағымыз алдындағы жауапкершілігін түсінуі қажет. Бірінші кезекте бұл, әрине, ата-аналар мен жақын туыстарға қатысты, өйткені, тәрбиелеу ісі адамның дүниеге келген сәтінен бастау алатыны айтпаса да түсінікті.
Дүниетаным негізі, адамның ақиқатқа деген көзқарасы балалық, жасөспірімдік және жастық шағында қалыптасады. Қазақ жастары үшін аға буын өкілдері - аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың ғибратты сөздері, мінез-құлқы мен даналығы тәрбиелік жағынан үлкен әсер еткен. Сондықтан отбасылық тәрбие институттарын барынша қолдау қажет.
Әрине, жалпы білім беретін, орта арнайы және жоғары оқу орындарындағы, жалпы білім саласындағы тәрбие үдерісі өте маңызды болып табылады. Баршаңызға белгілі, біздің елімізде орта білім алу міндетті болып саналады, ал жоғары білім алуға көп жағдайда мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл ретте білім беру жүйесі зайырлы қағидаттардан тұрады және қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамыған мүшесін қалыптастыруға бағытталған.
Имамдар, дін қызметкерлері және жалпы дін саласындағы беделді азаматтар жастарды рухани-адамгершіліктік тұрғыдан тәрбиелеуде елеулі рөл атқарады. Алайда қазіргі уақытта діни білім беру жүйесі бүгінгі күннің талаптарына және жастардың рухани сұраныстарына толық сәйкес келеді деп айта алмаймыз. Кейбір имамдардың ой-пікірлерінің тайыздығын, жастарға үлгі болатын мінез-құлықтарының жоқтығын көріп қынжыламыз. Зәру сұрақтарға жауапты діннен іздеген жастар оларды мешіттерден, дін қызметкерлерінен әрдайым таба бермейді. Кейде жастардың мешітке кіргенде діни қауымның кейбір өкілдерінің пайдакүнем, тәкаппар мінездерін көретіні жасырын емес. Сондай сәттерде, әрине, жастар діни экстремизм идеологтарының қолына оңай түсуі мүмкін, мұндай жағдайлар бұған дейін де орын алған.
Жастарымыздың шет мемлекеттерге теологиялық білім алу үшін шығу үдерісіне мемлекет пен ҚМДБ біртіндеп бақылау жүргізуде. Кейбір мұсылман елдеріндегі діни оқу орындарын тәмамдаған отандастарымыз елге оралған соң исламдағы ханбалит мазхабы іліміне негізделген мәдениетті уағыздауда, бұл жағдай біздің дәстүрлі рухани құндылықтарымызға сәйкес келмейді.
Сондықтан біз өз елімізде діни білім беру жүйесін дамытуға тиіспіз. Қазір елімізде Алматы қаласындағы «Нұр» Қазақ-египет ислам университеті, ҚМДБ-ның Имамдардың білімін жетілдіру институты және 9 медресе мұсылмандық білім беруде. Діни оқу орындары сауатты, жан-жақты дамыған имамдар корпусын қалыптастыру бағытындағы қоғам талаптарын қанағаттандыруы және қазіргі заманға сай болуы керек. Олар жасөспірімдер мен жастардың түсінуіне жеңіл, қабылдауына қолайлы «зияткерлік ислам» ретіндегі исламның жаңа имиджін құруға атсалысатын, өз бойына ғылыми және дінтанулық білім жинақтау арқылы тартымдылығы арта түскен тұлғалар болуға тиіс. Әсіресе бұл жерлестерімізді ортағасырлық қараңғылыққа және фундаментализмге тартуға талпынған радикалдық күштер белсенділігі сақталып отырған қазіргі кезең үшін көкейкесті болып отыр.
1. 2. Қазіргі таңдағы жастардың діни көзқарастарының қалыптасуы
Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.
Ал қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында Ислам мемлекеттеріне барып, ілім ізденіп келушілердің саны көбейді. Сол жастарымыздың Исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлім үйреніп келіп жатқандар бар. Десекте, діни сауаттығының таяздығынан жат елде алып жатқан ілімнің парқына бармай, қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, бүгінде ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес.
Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек. Дегенмен, қазіргі кезеңде көбейіп кеткен. Діни ағымдар азаматтарымызды адастырып, қоғамдық тұтастыққа қауіп төндіруде. Көпұлтты мемлекетіміз көпдінді мемлекетке айналып, түрлі діни ағымдар мен секталар сайын далада жүгенсіз жүр. Әсіресе аймақтарда қаптап кеткен діни бірлестіктер жергілікті жастарды «жақын» тартып, ұлттық мәдениет пен мәдениеттің арасында іріткі салуда. Мұның зардабын тартқан ата-аналар Парламентке хат жолдап, мемлекеттен көмек сұрап отыр. Қазақстан бойынша 2010 жылы осындай ахуалдың салдарынан еліміздегі жастардың 15 пайызы осы ағымға ере бастаған. 2011 - 2012 жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Егер өңірлерге бөліп қарасақ, 10 000 адамның 7, 5 мыңы «уаххабилер», оның ішінде 75 пайызы - 13 - 25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар[2, б. 108-109] .
Осындай жоғарғы талаптар тұрғысынан алғанда жастарға діни тәлім - тәрбие беру мәселесі бүгінгі қоғам мен мемлекеттік деңгейде кеңінен қолдау тауып, әлеуметтік, мәдени маңызға ие болып, педагогика ғылымының өзекті бір мәселесіне айналып келеді. Қазіргі қазақ менталитетіне имандылық ұрығын сеуіп, көп қазақтың беті бұрылып жатқан кезінде жастарға ерте жастан, ең алдымен, мұсылманшылдықтың басты тұтқасы иман екендігін ұғындырудың маңызы өте зор.
Қазақстан қоғамындағы жастар арасында діни сана қалыптастыру мәселесі өткір қойылып отырғаны белгілі. Биылғы «Қазақстан - 2050», қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі Жолдауында да президентіміз Н. Ә. Назарбаев: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз. Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек», - деп жастарға рухани тәрбие беру аса маңызды мәселесін атап өткені белгілі. Дін әрине, қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Адамзаттың дінсіз тарихы да, мәдениеті де болмаған. Қандай халық болмасын оның тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру тәртібі, тәрбие жүйесі діни санамен байланыста болғаны шындық. Демек, Қазақстан мемлекеттігінің негізін қазақ мәдениеті құраса, сол мәдениеттің өзегінде ислам діні жатқандығы ақиқат.
Қазіргі жастардың көпшілігі интернет желілері арқылы Ислам жайлы мағлұматтарды өз бетінше алып, өзіміздің қоғамда сәйкес келмейтін өзгеше пәтуаларды ұстанып, қазақ халқының дәстүрлі діни түсінігін «бидғат» немесе «ширк» деген пікірмен сынап жатқан жастарымызда жоқ емес.
Қорытынды
Қорыта келе, қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.
Ұлттық сипатқа айналған дәстүрлі Ислам мен дүниетанымымызға сырттан келіп, түзету жасағысы келгендерге жол бермеуіміз керек. Өйткені қазаққа Ислам дінін үйретудің қажеті жоқ. Қазақ ежелден Исламды өзінің байтақ даласында мемлекеттік дін ретінде қабылдап, оны бойына терең сіңіргені белгілі. Сондықтан да, бізге Исламды қайтадан түсіндіру жұмыстарын емес, оны бабалар ұстанған кейіпінде қайта жаңғыртып, халықтың сауатын қайта қалыптастыру жұмыстарын қолға алғанымыз жөн деп санаймын. Сол үшін қазіргі жаһандану заманында қоғамның тұтастығын көздеп, діни сауатсыздықтың алдын алу тек қана мемлекеттің емес, әрбір Қазақстан азаматының, зиялы қауымның, қоғамдық ұйымдардың да мойнына жүктелуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz