Қазақстан Республикасының кеден ісінің түсінігі



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Республикасының кеден ісінің түсінігі.
2.2. Қазақстан Республикасының кеден ісінің пайда болуы,дамуы.
2.3. Кеден ісінің қазіргі кездегі жағдайы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі - Қазақстан Республикасы 16 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз, әрі экономикасы өтпелі, демократиялық мемлекет екенін танытты. Өзінің толық тұрақты дамуы үшін Қазақстан бір жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.
Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қолдануына алып келді. Осындай бағыттардың бірі - кеден жүйесі. Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін Қазақстандық қана емес, сондай-ақ бұрыңғы одақтың және халықаралық кеден заңдарының негізінде қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің орны мен рөлін, ерекшелігін анықтау өте маңызды.
Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы, кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің қалыптасуына алып келеді.
Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден аумағында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады.

1.Кеден, таможня (түркі тілінде тамға - таңба, белгі сөзінен шыққан) - тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие Кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.
2.Кеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б.з.б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды. Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді.
1991 жылғы желтоқсан айындағы оқиғалар КСРО-ның ыдырауы на әкеліп, Қазақ КСР-ін қоса алғанда, одақтас мемлекеттердің тәуелсіздігін жариялауына мүмкіндік берді.
КСРО ыдыраған соң, Қазақстан өз мемлекеттілігін 1978 ж. Қазақ ССР Конституциясына және одақтық заңдарға сүйене отырып құра бастады, бірақ бұл нормалар ескі жүйенің қағидаларынан көрініс беріп, бүгінгі күн талабына жауап бере алмады және жаңа мемлекеттің құқықтық негізі болып қызмет ете алмады.
Мемлекеттің бірыңғай сыртқы экономикалық қызметінің жүйесін қалыптастыру 1990 ж. 15 желтоқсанда "Қазақ ССР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі қағидалары туралы" Қазақ ССР Заңымен қарастырылған. Бірақ дербес кеден ұйымдарын құрмай, бұны тәжірибеде жүзеге асыру мүмкін болмады. Кеден ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту КСРО-ң біртұтас кеден аумағы негізінде бекітіліп, оның құзырына кеден саласында 1990 ж. 10 сәуірдегі "КСРО, одақтық және автономдық республикалардың экономикалық қатынастарының негізі туралы" Заңымен анықталған КСРО, одақтық және автономиялық республикалардың экономикалық мүддесін қорғау, кеден баждары мен алымдарын бекіту кірді.
Одақтас республикалар өзара келісімінсіз тауарлар мен қаржы ресурстарын әкелу мен әкетуге шектеу қоюға, өз аумақтары арқылы жүк транзитіне бөгет жасауға, басқа мемлекеттің азаматтары мен заңды тұлғалары меншігіндегі ақша және мүлік құралдарын өткізуге кедергі келтіруге, кеден төлемдерін енгізуге тыйым салынды. Кедендік, сондай-ақ, әрекет етуші тетіктердің болмауы Қазақстаннан әр түрлі шикізаттар мен басқа да тауарлардың кедергісіз әкетілуіне әсер етті, оларды әкетуге рұқсат және лицензия болғанның өзінде, Қазақстан тиісті бөлінген валюталық аударымдарды алмады. Сонымен қатар бұл үрдісті тоқтатуға республикалық мемлекеттік органдар дәрменсіз болды.
Оған мысал ретінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 27 қазандағы № 210 бұйрығын айтуға болады. Онда киік мүйіздерін өткізуден түскен пайданың заң бекіткен пайызы (5 %) одақтас министрліктер мен оған ведомстволық бағынышты кәсіпорындардан Қазақстан Үкіметіне аударылуға тиіс екендігін негіздеген. Бұл пайда түгелімен аударылмаған және ол бойынша көрсетілген жазалау шаралары да орындалмаған. Тағы да бір айта кететін жайт, одақтық ми- нистрліктер мен ведомстволардың ешқайсысы селт етпеген, ал белгіленген квота шеңберінде берілген лицензиялар саны кемімеген.
Республиканың кеден жүйесінің қалыптасуы нақты тарихи:
бір жағынан - Одақ мемлекеттерінің ыдырауы; экономикалық дағдарыс;
екінші жағынан - егемендік алу және тәуелсіз мемлекеттің пайда болу жағдайларында жүзеге асырылды.
1991 жылы біздің мемлекет заманауи кеден қызметін құруға кірісті. Қазақстан Республикасының Кеден комитетін құру туралы 1991 жылғы 12 желтоқсандағы №539 Жарлық Президенттің алғашқы жарлықтарының бірі болды.
Осы уақытқа дейін республикада КСРО Министрлері Кеңесі (Мәскеу қаласы)жанындағы Мемлекеттік кедендік бақылаудың бас басқармасына тікелей бағынған Қазақ республикалық кедені, Қорғас кедені, Гурьев кедені болды.
1991 жылғы республика кеден органдарының санын неғұрлым 150 адам ғана құрады. Егемен мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы құрылғаннан бері ұзындығы 13 мың км-ді құрайтын тұнық шекара аталатын бұрынғы КСРО мемлекеттерімен, одан басқа бір жарым мың километрді құрайтын Қытаймен шекарада кедендік бақылау қажеттілігі тұрды. Қазақстан Республикасы кедендік шекарасының барлық периметрі бойынша кедендік және шекаралық нысандылықты орындау үшін бірде бір жайластырылған кедендік өткел болған жоқ. Сынама және жеке қателік жолымен жорықта кеден ісін басынан бастап меңгеруге мәжбүр болған әр саланың мамандары кеден қызметіне келіп жатты.
Ел экономикасы қиын жағдайда тұрды, қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың өзгерістерімен қатар елдің мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден қызметінің орны мен рөлін айқындауға тура келді.
Егемендік алған сәттен бастап кеден қызметінің дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1991 жылдан 1995 жылға дейінгі бастапқы кезең де кеден қызметінің проблемаларын елеулі шиеленістірген қажетті заңнамалық базаның, дайындалған кадр құрамының, қаржыландырудың болмауы жағдайында жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы (1995 жылғы маусым) қабылданғанға дейін республиканың кеден ісі көп жағдайда бір-біріне қарама-қарсы болатын 200-ден астам әртүрлі құжаттармен реттелді. Оның ішінде, кеден органдарында кадр және тәрбиелеу жұмыстарының көптеген мәселелері реттелмеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден қызметі туралы ҚР Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 14тамыздағы №127 қаулысы Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметін регламенттейтін алғашқы нормативтік актілердің бірі болып табылды. Кеден қызметі бірінші басшысының мәртебесі айқындалған, лауазымдық жалақылар мен дербес атақтары үшін үстемақы мөлшері бекітілген. Сондай-ақ, аталған қаулымен Қазақстан Республикасының Кеден кодексі қабылданғанға дейін Бас кедендік басқарма кедендік табыстардың 10 пайызға дейінгі көлемін материалдық көтермелеулер мен әлеуметтік-мәдени іс-шаралар құруға қолдана алатынын белгілеген.
Кеден органдары қалыптасуының бастапқы кезеңінде басшылық қызметтік қамтамасыз ету мәселесімен қоса, кадрларды тәрбиелеуге аса көңіл бөлді. Осындай алғашқы құралдардың бірі ҚР Қаржы министрі Е.Ж. Дербісов 1993 жылғы 26 шілдедегі бекіткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кедендік бақылау қызметкерлерінің тәртібі туралы жарғы болып табылады. Егемен еліміздің басқа мемлекеттік органдары арасында бұл Жарғы алғашқылар қатарында танылды. Бұл, ел басшылығының кеден органына, оның жеке құрамына ынталы көңіл бөлгендігімен түсіндірілді.
Кеден қызметінің одан әрі даму кезеңіҚазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі №2368 Заң күші бар жарлығының қабылдануы болып табылды. Оның негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды тұлғаларының қызмет өткеруі туралы ереже және Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды тұлғалары Антының мәтіні бекітілді. Аталған Ережені қабылдаумен қызмет өткеру, дербес атақтарды беру тәртібі, кандидаттарға қойылатын қатаңшарттар белгіленді, қызметтік тәртіпті сақтауға талаптаркөтерілуі регламенттенді.
1995 - 1998 жыл кезеңінде кеден органдарында кадрлармен жұмыстың болашақтағы саясатын айқындайтын кадрлық-тәрбиелеу жұмыстарының басты бағыттары бойынша бірқатар нормативтік актілер қабылданды. Ең алдымен, негіз ретінде құқық қорғау органдарында қолданылатын кадр жұмысының жүйесі қабылданды, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың оң тәжірибесі алынды.
Кеден құқығы егеменді Қазақстанда мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызметінде жаңа құрал болып табылады. Заңдарымыз "кеден ісі", "кеден саясаты", "кеден саласы" сияқты құқықтық категориялардың жеткілікті түрдегі дәл анықтамасын бермегендік- тен, оларды қолдануда кейбір қиыншылықтарға соқтырды. Қазақстанның, Ресейдің және Қырғызстанның кеден заңдары- ның, сондай-ақ, ТМД қатысушы - мемлекеттердің Кеден заңдарының негіздеріне жасалған талдау кейбір баптарда кеден ісі- не жоғары мән берілетіндігін көрсетті. Мысалы, кеден ісі 1-бапта "Кеден ісі" ұғымы анықталған соң ары қарай сілтемелі номерлер арқылы көрсетіліп, Қазақстан Республикасында ("Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-11, 13, 16, 424 баптары) жан- жақты ұғымға айналған. Кеден саласы мемлекет қызметінің монополиялық саласы ретін- де кеден мүддесі мен мемлекет қызметіне сай келіп, өз құрылымына кеден саясаты мен кеден ісін енгізген.
1991 ж. 24 желтоқсанда Қазақстанда "Кеден тарифі мен бажы туралы" Заң қабылданып, кеден бажының жүйесі ретінде кеден тарифін құрып, қолдану көзделді. Сөйтіп, республикамызда дүние жүзілік қауымдастық таныған мемлекеттік қызметтің тәуелсіз функциясы кеден саласында да орныға бастады. Кеден құқығының объектісі ретінде кеден саласы - өз алдына қойған мақсаттары мен тапсырмалары бар кең сала. Кеден саласы, 1991 ж. 16 желтоқсандағы ҚР тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңында да атап өтілгендей, еліміздің экономикалық негізін нығайту үшін құрылған объективті қажеттілік. Басты бағыт ретінде қаржы-несиелік, ақша жүйесін, республикалық кеден және салық жүйелерін құру құқығы анықталды.
Кеден жүйесі кең мағынасында, қалыптасу барысында қазақстандық кеден құқығын дербес салаға айналдыратын қажетті заңды негіз қалап келеді. Кеден құқығы мен кеден саласының дамуында кезеңдік бөліну 1995 жылғы 20 шілдедегі "ҚР кеден ісі туралы" Президенттің заң күші бар Жарлығымен көрінді. Бұл жүйеленген нормативтік құқықтық актіні қабылдау кеден заңдарын толықтырып, құқық саласы ретіндегі құрылымын реттеуге, кеден құқығы пәнін кеңейтіп, әдіс-тәсілдерін анықтауға, қағидаларын бөліп көрсетуге және қазақстандық құқықтың басқа да салаларымен байланысын құқыққа дәстүрлі тәсіл арқылы білуге мүмкіндік береді. Кеден ісінде жаңа мазмұнды категориялы аппарат пайда бола бастады.
1991 ж. егемендікке қол жеткеннен кейін экономикалық өзгерістердің өзіндік үлгілерін іске асыру және нарыққа көшу бағытын ұстаған Қазақстан Республикасының кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігіне айналды. Тәуелсіз елде жүргізілген сыртқы экон. қызметті ырықтандыру нәтижесінде алуан түрлі мыңдаған кәсіпорындарға, сондай-ақ, жеке тұлғаларға өз өнімімен сыртқы рынокқа тікелей шығу құқығы берілді, мұның өзі тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы алып өту саласындағы мемл. реттеудің рөлін күрт көтерді.
Кеден саясаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден заңнамасының негіздері туралы келісімі негізінде 1995 жылы 20 шілдеде қабылданған "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылды. Енді бұрынғыдай толып жатқан нұсқаулар мен басқа да одақтық ережелерді емес, бірыңғай заңнамалық құжатты басшылыққа алу мүмкіндігі туды. Түрлі кеден қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруға, кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларының, бажсыз сауда дүкендері тораптарының, кеден жүк тасушыларының, экспорттық ақша түсімін валюталық бақылаудың жұмысына түзетулер енгізілді. Қазақстан Республикасының кеден аумағы, кеден шекарасы деген ұғымдар тұңғыш рет белгіленді, тауарларды, көлік құралдарын әкелу мен әкету тәртібі дәл айқындалды. Кеден мемлекеттік бюджетті толтырудың, отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғаудың кепіліне айналды. Сондай-ақ, кедендік реттеу саласында жасаған Беларусь, Қазақстан және Ресейдің кеден одағы туралы 1995 жылы 20 қаңтардағы келісімінің маңызы зор болды, бұл келісімге кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстан да қосылды. Кеден ісіне қатысты негізгі ережелердің бәрі Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде бірдей етілді. Бұл елдерде кеден заңнамасын бір ізге түсіру жұмысы одан әрі жалғасуда.
3. Республикалық кеден қызметі ҚР Кеден комитеті құрылғаннан бері әртүрлі құрылымдық өзгерістерде душар болды. Осы жылдар ішінде қызметтік барлық деңгейінде бірнеше кезеңдік құрылымдық қайта құрулар және ведомстволық бағыныстылықтарда болды, мәселен жас тәуелсіз, егеменді Қазақстанның экономикалық қалыптасуы жолында қарқынды және елеулі оқиғаларға толы болды.
Егеменді кеден қызметінің 20 жыл жұмыс істеуі барысында бүгінгі күнде атқарылған істер орасан зор. Сонымен қатар, кеден органында одан әрі жетілдіру және әлемдік стандарттарға сәйкес келуге мақсатты түрде бағытталған жұмыстар атқарылуда. Соңғы уақытта, тұтастай алған кеден қызметіндегі жағдайды барынша жақсартуға мүмкіндік беретін 23 жүйелі шаралар әзірленді және енгізілді.
Бірінші кезекте, Дүниежүзілік кеден ұйымының ұсынысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алгоритмі әзірленді және оны іске асыруда нақты іс-шаралар жоспары құрылды. Комитеттің бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуін жеделдету туралы бастамасын Үкімет мақұлдады. Кедендік ресімдеудің ұзақ жылдарғы үш кезеңдік рәсімі бір кезеңдікке ауыстырылды.
Қытай тауарларының көлеңкелі айналымын азайту және заңды сыйлайтын азаматтардың мүддесін қорғау мақсатындакедендік төлемнің айырықша ставкасы 1 кг үшін 0,6 еуро енгізілді және оларды беру үшін тауарға ілеспе құжаттардың сейф-пакеттері пайдаланылады. Кәсіпкерлерді тексерудің барлық түрін қысқарту мақсатында құқық бұзушыларды ескерту және прафилактика механизмі әзірленді, сонымен қатар адал сыртықы экономикалық қызметке қатысушылар санын арттыру, себебі олар үшін заңды бұзу тиімсіз болады.
Халықаралық сауда көрсеткіштері бойынша Қазақстанның беделін жақсарту үшін ұсыныс ретінде Doing business рейтингінде кедендік ресімдеу мерзімдері мен құжаттардың санын кезең-кезеңмен 3-тен 1-ге дейін қысқарту жоспарланды. Бұл да кәсіпкерлердің уақыты мен құралдарын үнемдеуіне мүмкіндік береді.
Шекарада ықпалдасқан бақылау енгізілді, 2009 жылғы 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитеті
Кеден жүйесідегі басқарудың объектілері құрылымы
Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні мен мазмұны
Кеден ісін басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кедендік инфрақұрылым ұғымы
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасында кеден органдарындағы қызметті ұйымдастыру
Кеден Органдарының мақсаттары
Кеден құқығының нормалары
Пәндер