Балалар үйінің тәрбиеленушісі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда 93000-ға жуық жетім балалар бар, оның 16000-ы
интернатта тәрбиеленуде.
Интернатта тұратын мүгедек балалардың проблемалары балалар үйінде
тұратын балаларға қарағанда өзгешелеу: олардың көбінен әке-шешелері бас
тартқан және олардың өмірі казармадағы әлеуметтік жағдайға сәйкес келеді,
сондықтан да оларды әлеуметті түрде тұрақтандыру бүкіл қоғам алдындағы
маңызды мәселе болып табылады. Сол себептен осы категориядағы балалармен
байланысты деректер мақалада мұқиятты түрде қарастырылады.
Қоғамның мүгедек балаларды әлеумет жағдайына бейімдеуге күш салуы
негізінен халықтың неғұрлым мұқтаж көретін бөлігіне көмек көрсетумен
байланысты.Және де бұл көмек тек қайырымдылық фондтары арқылы ғана емес,
сондай-ақ жалпы мемлекеттік деңгейде жүзеге асады.
Жетім балалар кәмелеттік жасқа толғанша дейін ғана әлеуметтік қорғауда
болады.Бұл жағдайда қоғам оларға мамандық және басқа да өмірге қажет білік
беруі керек, яғни олар балалардың әлеуметке бейімделуін жеңілдетеді.
Жетімдерді әлеуметке бейімдеу дегеніміз оларға қоғамдық қатынас жүйесіндегі
әлеуметтік рөлдерді меңгеруді үйрету.
Яғни жетім бала әлеуметтік қатынстардың субъектісі және объектісі
ретінде қарастырылады.
Объект ретінде жетім бала әлеуметтік әлеуметтік институттар, топтар
арқылы, яғни бұл топтар оған тұлға болып қалыптасуға мүмкіншілік береді. Ал
субъект ретінде ол қоғамдық қатынастардың белсенді мүшесі болуы керек, яғни
әртүрлі біліктерді өзі үйренуі керек. Ал енді мына бір тізбекті
қарастырсақ.

• Балалар үйінің тәрбиеленушісі
• Ата-ана отбасы арқылы тәрбиелеу
• Балалар үйінің тәрбиешілері арқылы
• Мұғалімдер арқылы
• Балалар үйіндегі құрбы-құрдыстарының әсері
• Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі тұлға ретіндегі жетім бала

Баланың қоғамға бейімделуі көбіне отбасылық жағдайда жүзеге асады.
Мамандардың айтуы бойынша ата-ананың мектепке бармаған баланың психикалық-
физикалық дамуындағы ролі жоғары. Ата-ана, отбасы – баланың тұлға ретінде
қалыптасуына көмектесетін ең алғашқы орта, онда ол қарым-қатынстағы алғашқы
тәжірибені алады.
Отбасында бала әдептіліктің бірінші сабақтарын алады, яғни өзін-өзі
ұстап үйренеді. Ата-ана көңіліне бөленген жетімдер үйде тәрбиеленген
балаларға қарағанда қоғамда да өздерін мұқтаж сезінеді,
Әлеуметтік институттар отбасынан айырылған балалардың құндылықтары мен
мінез-құлқы белгілі қиындықтарға байланысты өзгереді.
Балалар үйіндегі ұстаздар мен тәрбиешілердің үстіртін қарамағындағы
балалар шектеуші тәрбиенің құрбанына айналады. Жетім балалардың әлеуметтік
ортамен арадағы қатынастың шиеленісуіне байланысты, олардың қоғамға
бейімделуі өте баяу жүреді: белсенділіктің төмендеуі, өзекті мәселелерден
қашу, өмірлік мақсаттың болмауы, т.б.
Сол себепті балалар үйіне түскен нәрестенің тағдыры алдын-ала белгілі
деуге болады, яғни ол көптеген қиыншылықтарға тап болады. Осыға орай, ол
өзін өте ыңғайсыз сезінеді. Осы ыңғайсыздық жасөспірімнің парасат деңгейін
төмендетеді.
Осындай жағдайды тудырмау үшін жетім балалардың өмірін үйдегі өмір
үлгісінде ұйымдастыру керек.
Бұл шараны ұйымдастырудың бірнеше шешімі бар; балалар үйіндегі жанұялық
топтар, жанұялық балалар үйі. Сондай-ақ бала асырап алу институттары, бұл
жағдайда балаларды қандай да бір семья немесе жалғыз басты адамдар асырай
алады. Бұл шараның барлығы да заңды түрде жүзеге асады.
Экспертті зерртеу барысында анықталған қазіргі кездегі жетімдіктің
негіздері.
Жетімдікті тудыратын негізгі жағдайлар жол апаттары, соғыстар,
әлеуметтік сүргіндер (халықаралық тартыстар, төңкерістер және т.б.),
қылмыстар, өнеркәсіптік, тұрмыстық жарақаттар, ішімдікке салыну,
нашақорлық, токсикомания, жер сілкіністері.
Эксперттердің ойынша қазіргі кездегі жетімдіктің құрылымы төмендегідей;
әлеуметтік-психологиялық фактор – 65%, социалды-экономикалық – 44%,
тұлғалық - 40%, қоғам факторы жалпылай түрде - 27%, әлеуметтік - 17%,
қылмыстық - 11%. Бұдан біз эксперттер жетімдіктің техногендік факторын
қарастырмаған деген қорытындыға келеміз.
Бітірушінің балалар үйінен тыс өмірі. Жасөспірімнің балалар үйінен
шығуын оның болашақтағы өмірін анықтайтын негіз ретінде қарастыруға болады.
Өйткені ол ересек өмірдің қиыншылықтарына тап болады. Көптеген жетімдер үйі
өздерінгің тәрбиелік функциясын балалар 9 кластық білім алғаннан кейін
аяқтайтындықтан, бұл балалардың жасы ол кезде 14-15-те болады. Мұғалімдер
бұл жасты тіпті жақсы отбасынан шыққан балалар үшін де қауіпті деп санайды.
Жетім жасөспірімдер балалар үйінен әлеуметтік және физикалық жағынан
дамымас бұрын. Шығады. Сондықтан да, олардың санасы, құндылықтары жоғары
деңгейде болуы екі талай. Бітірушілер өмірге деген ешбір дайындықсыз болып
шығады.
Бітірушілердің негізгі қиыншылықтары өмірге қажетті өзекті мәселелерді
шешуімен байланысты болып шықты; үй алу, тіршілікке қажет игіліктерді
қамтамасыздандыру, жұмысқа орналасу т.б. Өкінішке орай, бұл қиындықтарды
балалардың біразы ғана шеше алады; балардың сегізі жетімдер үйінен
шыққаннан кейін қылмыс үшін қараланып, түрмеге түсті. Бітірушілердің
қиындықтары көбіне өздерін тұлға ретінде көрсеткілері келгендіктен туды.
Өмірдің 3 негізгі кезеңдерінің ішінен ең қиыны ретінде балалардың көбі
осы проблеманы айтады.
Балалардың 70%-ке жуығы жыл сайын асыранып алынады. Қалған 30%-ы
мемлекеттік жүйедегі балалр үйінде қалады; балалар үйі, интернат. Біздің
елде мұндай балалардың саны жарты миллионға жуық. Дәл осылар үшін өмірлік
қамтамасыздандырудың жаңа формаларын табу керек. Соңғы уақытта көптеген
балалар үйі мен интернаттар балаларға қажет жаңа жағдайларды іздеуде.
Балалар қалашығы, Балалар территориясы, сондай-ақ SOS-киндердорф
бойынша құрылған балалар деревнясы пайда болуда. Мәскеулік №19 балар үйінің
тәжірибесі қолданылуда, ол – тәрбиелеудің альтернативті формасы –
патронаттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру
Балалар қайырымдылық қорлары
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
АТА - АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
Жетім балалар құқығы және журналистика
Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Россиядағы өзін-өзі өлтіру анализі
Үш терек ЖШС Еркем-Ай бөбекжай балабақшасында қыркүйек айында жүргізілген ертеңгіліктер мен ұйымдастырылған оқу кызметтерінің анықтамасы
Пәндер