Қазақстанның су қоймалары. Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
Қазақстанның су қоймалары
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама
2) Су деңгейі, су қоймаларының типтері
3) Аса ірі көл
4) Каспий теңізі .
5) Арал теңізі .
6) Балқаш көлі .
7) Көкшетау немесе Бурабай
8) Құсмұрын тобындағы
9) Батыс-Сібір көлдері
10) Ащы көлдер
Кіріспе
Қазақстан
Ұсақ көлдердің саны
Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне:
Қазақстан көлдерінің географиялық
Көл су қоймаларының пайда
Қазақстан көлдерінің әр жаста
Орманды және дала зоналарының
Биік таулы аймақтардың көлдері даму
Қазақстан көлдерінің су деңгейі
Осымен байланысты өткен таяу жылдары
Қазан шұңқырларының пайда болуына
1.Риликт, немесе қалдық
2.Тектоникалық көлдер – таулы аудандарға,
3.Мұздық көлдер – биік
а) Мореналық - тоған
ә) Қар көлдері- өте
б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни
4. Суффозиялық немесе жердің
5. Дефляциялық көлдер- олар дефляциялық
6.Аңғар – арна көлдері- олардың
а) Ескі арна көлдері
ә) Аңғар соңы көлдері- олар
7. Карст көлдері- көлемі
АСА ІРІ КӨЛ СУ
Каспий теңізі- жер
Каспий теңізі, әдетте үшке
1. Солтүстік бөлік
2. Орта бөлік
3. Оңтүстік бөлік
Солтүстік бөліктің оңтүстік шекарасы-
Орта бөліктің осы сызықпен
Оңтістік бөлігі - Лебяжий-
Қазақстанға Каспийдің солтүстік бөлігінің,
Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің
Қазақстанға жататын Солтүстік
Каспий теңізінің су балансы
Теңіздің су жинайтын бассейнінің
Каспий тңізінің деңгейі
Теңіздің маусымдық ауытқуыда
Желдің суды айдап
Каспий теңізі, атап айтқанда
Теңіздің солтүстік бөлігінің климаты
Теңіздің солтүстік бөлігі қыста
Каспий теңізінің суы оншалықты тұзды
Теңіздің Қазақстандық бөлігінің суында
Бекіре тұқымдастар (бекіре, қызыл балық,
Тұқы балық тұқымдастар (торта, табан, сазан,
Селт тұқымдастар – 20 түрден астам
Кейінгі кездерде Каспийге кефаль
Каспий теңізінің шаруашылық
Орташа және кіші көлемді
Индер көлінің ауданы 752 км,
Аралсөр көлі каспий бойы
Шалхар көлі сантаз
Қамыссамар көлі –үлкен және кіші
Арал теңізі – Қазақстанда көлемі
Аса терең жері
Арал теңізінің бассейінінің
Арал теңізінің деңгей шұғыл
Арал теңізінің деңгейі маусымдық ауытқуғада
Тайыз болғандықтан Арал теңізінде
Арал теңізінің ағысы
Арал теңізі ауданында Қаңтардағы
Судың орташа тұздылығы 1,0-1,1%
Арал теңізінің органикалық
Осындда әкелінген Каспий теңізінің
Шалқар теңіз – көлінің
Шұбартеңіз көлі- үлкен Еспе
Балхаш көлі- Қазақстанда ауданы
дейін , шығысында одан
1.Алғашқы ағыс- Іле өзенінің
2.Жел ағысы - солтүстік –батыс
Басқа көлдер сияқты Балхаштың
Маусымдық ауытқуда анық көрінеді.Көлдің
Климаттың шұғыл
Жалпы алғанда Балхаш тұзды
Судың минералдануы жыл мезгілдеріне
Балхаш фаунаға өте
Алакөл - үлкендігі жөнінен
Топтағы ең үлкені Алакөл .Оның
Оңтүстік –батыс және батыс жағалаулары биік
Ала-көлдің суы тұзды онда бірсыпыра мөлшерде
Сасық көл , ұялы және жалаңаш
Зайсан көлі- алтай мен сауыр- тарбағатай
Зайсан ағымды көл. Оған көптеген өзендер
Зайсанның жағалауы біркелкі және нашар тілімденген.
Көлдің суы тұщы, түсі қоңыр-жасыл, температурасы
Зайсанның деңгейі ауытқып тұрады ол
1.Көп-жылдық кезеңді ауытқу- бұл климаттың өзгеруіне
2.Маусымдық ауытқу – бұл ағын судың
Көл деңгейінің жоғары болуы мамырдың
Зайсан ихтиофаунаға бай. Онда балықтың 23
Теңіз-Қорғалжын тобы негізінен екі үлкен
Теңіз көлінің формасы ұзыншалау. Оның ұзындығы
Қорғалжын көлі теңізбен қатар жатыр. Ол
Көлде алабұға, табан , шортан т.б.
Қарасор көлі – тобы Қарқаралы
Қарасор көлі осы топтағы
Қарасорға жақын жерде
Көкшетау немесе Бурабай
Шортанды көлі- Бурабайға жақын
Құсмұрын тобындағы көлдер.
Батыс-Сібір көлдері Батыс-Сібір ойпатында
Олардың анағұрлым ірілері-
Сілетітеңіз көлі- осы топтағы
Жалаулы көлі – үлкендігі
Теке көлі- көлемі
Ащы көлдер тобы -
Батыс-Сібір ойпатында ұсақ
Биік таулы аймақтардың көлдері.Жоғарыда
Кіріспе
Қазақстан көлдерге өте бай. Мұнда Каспий , Арал теңіздері және дүние жүзі
бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балхаш көлі сияқты ірі
көлдер бар.Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес.
Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.
Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты,
әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы,
типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың көпшілігінің
ағынсыз болып келуі жатады.
Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер
бар.Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке
қарай азайады.Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып
орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-
ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы
аймақтарда көп.Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.
Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты.Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен таяу уақыттарда ғана
босаған, көпшілігі реликт көлдер.Теңізден ертеректе босаған Тұран ойпатында
реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады.Бұл ауданның орташа және
кішігірім көлдері шөлге тән су аяғы құрдымда аяқталатын өзендерден пайда
болады. Үштік дәуірдің шөгінді қабаттарынан тұратын Батыс сібір ойпатының
көлдері көбінк суффозиялық көлдер типіне жатады. Ұсақ шоқылы орталық
Қазақстаннның көлдері шығу жағынан көбінесе тектоникалық және тектоникалық-
эрозиялық болып келеді .Биік таулы аймақтарда көлдердің қазан шұңқырының
пайда болуы тектоникалық процестермен және мұзықтардың әрекетімен
байланысты .Сазды шөлдердің көлдері дефляциялық жолмен пайда болған.
Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде болуы) оның териториясының жеке
аудандарының әр түрлі жаста болып келумен байланысты. Жазық аласа таулы
бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эвалюциялық дамуының соңғы стадиасына
жеткен.Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып тұз байлайтын көлдерге
айналады. Жергілікті халықтар оларды тұз деп атайды.Мұнан әрі бұл көлдер
сорға айналады.
Орманды және дала зоналарының көлдері біртіндеп борпылдақ жыныстарымен
толып, оларды өсімдік қамтауда. Олардың көпшілігі құрудың әр түрлі
стадиасына жеткен.
Биік таулы аймақтардың көлдері даму кезеңі жөнінен жас көлдерге жатады.
Қазақстан көлдерінің су деңгейі өте ауытқып тұрады. Деңгейінің шұғыл
өзгеретіні соншалық тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады.
Көлдердің деңгейі жыл маусымдарына байланысты сондай-ақ көп жыл бойы
ауытқып отырады. Деңгейінің үлкен мөлшерде ауытқуы жағалау сызықтары
конфигурафиясының күшті өзгеруіне, көл аудандарының кішіреуіне, кейде
көлдердің біржолата құрып кетуіне әкеліп соғады.
Осымен байланысты өткен таяу жылдары орта Азия мен Қазақстанның
зерттеушілерінің алдында Орта Азияның құрғауы жайында мәселе қойылды.
Кейінгі жылдардағы зерттеулер, әсіресе Л.С.Бергтың көптеген еңбектері көл
деңгейлерінің төмендеуі олардың жаппай құрып кетуге әкеліп соғатын бір
беткей, төмендеуге ұшыратпайтындығын көрсетті. Кейбір көл су қоймаларын
ұзақ жылдар бойы үздіксіз бақылаудың нәтижетсінде, олардың деңгейінің
мезгілдік ауытқуы негізінен климаттық жағдайларының өзгеруіне әсіресе қыста
түсетін атмосфералық жауын – шашынның өзгеруіне, мөлшеріне байланысты екені
анықталды.
Қазан шұңқырларының пайда болуына қарай бөлінетін, қазақстандағы көл су
қоймаларының типтері барынша әр-түрлі. Мынадай типтерді ажыратуға болады:
1.Риликт, немесе қалдық көлдер – алғашқы пайда болған жазықтықтарға соның
ішінде Каспий бойы опатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының, Торғай
қақпасының және Балқаш, Алакөл ойысының кейбір көлдері жатады. Каспий, Арал
теңіздері және Балқаш, Алакөл көлдерінің тобыда кәдімгі реликт көлдері
болып есептеледі.
2.Тектоникалық көлдер – таулы аудандарға, әсіресе Орталық Қазақстанның
ұсақ шоқылы аймағына және қазақстанның Оңтүстік шығысындағы биік-таулы
аймақтарға тән.Бұл типке Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын көлдердің тобын,
Көкшетау көлдерін, атап айтқанда Бурабай тобындағы көлдерді жатқызуға
болады.Орталық Қазақстанның кейбір көлдері пайда болу жағынан тектоникалық-
эрозилық болып келеді.Биік таулы аймақтардың кейбір көлдері тектоникалық
тоған көлдерге жатады.
3.Мұздық көлдер – биік таулы аймақтарға тән.Және ертедегі мұз басу
аудандарында шоғырланған.Олар мынадай түрлерге бөлінеді:
а) Мореналық - тоған көлдер. Бұлар үлкен Алматы өзенінің бас жағындағы
Үлкен Алматы көлі, Жоңғар алатаының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзенінің
басталатын жеріндегі жоғары және төменгі Жасылкөлдер т.б
ә) Қар көлдері- өте көп, бірақ көлемі кіші;
б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни пайда болуы жағынан аралас көлдер.
Бұған Алтайдағы Марқакөлді жатқызуға болады.
4. Суффозиялық немесе жердің беткі қабатының шөгінуінен пайда болған
көлдер, бұған Батыс Сібір ойпатының кішігірім көлдерінің біразы кіреді.
5. Дефляциялық көлдер- олар дефляциялық Қазан шұңқырларда болады. Оларға
Үстірт дөңінің көлдері: Сам, Асмантай-Мата, және Бетпақ дала үстіртінің
көлдері- Дабысынтұз т.б. жатады.
6.Аңғар – арна көлдері- олардың ішінде мыналарды бөлуге болады:
а) Ескі арна көлдері - олар тікелей өзен жайылмаларында орналасқан;
ә) Аңғар соңы көлдері- олар сағасыз аяқталатын өзендерден пайда болады;
7. Карст көлдері- көлемі жағынан шағын орталық Қазақстанның кейбір
аудандарында және Тянь-Шаньнің оңтүстік батысында кездеседі.
Қазақстанның су қорлары: Пайдаланудың міселелері мен перспективалары
12.12.2011 15:03
Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық -
өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде
елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi болады. Қазақстанның жер
бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды, оның 56,5 км3
республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44, 0 км3 су көршілес
мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18, 9 Өзбекстаннан - 14, 6 Қырғызстаннан
- 3, 0 Ресейден - 7, 5 км3.
Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасында соңғы орынды
алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2жерге 37 мың м3 және бiр
кiсiге 6, 0 мың м3-ке тең.
Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық ерекшелiктерiне қарай, су
қорының 90% көктемдегi мерзiмде өтеді. Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ
бойынша бір келкі орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп
отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және экономика салаларында
сумен қамту әртүрлі. Сумен жақсы қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан
облысы 1 км2 жерге - 290 мың м3. Сонымен бiрге судағы дефицит Атырау,
Қызылорда облысында болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы су жоқтың
қасы.
Өзеннiң су қорларын экономика салалардың мұқтаждықтары үшiн толық қолдану
мүмкiн емес, өйткенi:
• Сырдария, Орал, Тобыл, Іле, Ертiс, Есiл, Торғай, Шу өзендерi бойынша
экологиялық, балық шаруашылығы және санитарлық талаптарды қанағаттандыру
үшiн жылына берілетін судың жиынтық көлемi, 29, 0 км3 құрайды;
Ертiс бойынша қажетті су мөлшері көлiк-энергетиялық шығындар мен бiрге
Ресейдiң үлесін қосқанда 13, 1 км3 құрайды;
• өзендердiң су қоймасы және алаптарындағы булану және фильтрлеуге кететін
шығындары 13, 5 км3 бағаланады;
• сонымен бiрге Орталық Қазақстанның жазық өзендерiнiң көктемдегi су қоры,
оның толық реттеуiн мүмкiн еместiктен жол жөнекей жоғалатыны шамамен 4, 5
км3 құрайды.
Сайып келгенде, жылына жоғарыда көрсетілген қажетті су шығыны 57, 9
км3болса, республиканың экономикасында қолдануға болуы мүмкiн су қорлары
орташа сулылықта жылына 43 км3 аспайды.
Өзеннiң орташа су аз (75% қамтамасыздықтар және су аз болғандағы (95%
қамтамасыздық) жылдардағы өзендердің жалпы суы 76 және 58 км3-ке дейiн
төмендейді, осыған сәйкес 32-33 км3 қолдануға мүмкiн су қоры 25-26 км3ке
дейiн төмендейдi. Сондықтан, жылдардағы сулылыққа қарай республика бойынша
қолданыстағы су қорлары, 25 км3 - тан 43 км3 –қа дейінгі аралыққа ауытқиды
Iс жүзiнде елміздің барлық аумақтарында су қорларының жетіспеушілігінен
және интенсивтi өнеркәсiптiң өсуінен су шарушылығында оның ластануы орын
алады. Қалпына келтiруге табиғи ортаның қабiлеттiлiгiнің жетіспеушілігі
және жасанды жүктеменiң аралығындағы алшақтық, еліміздегі барлық негiзгi
өзен алаптарының экологиялық жағдайын төмендетуге әкеп соқты.
Қазақстанның экономика салаларының қазiргi деңгейiндегi су тұтыну 35, 3-тен
19, 5 км3ке дейін ауытқиды. Судың пайдалынатын көлемдерiнiң ауытқуы жылдың
сулылығына, сонымен қатар экономика салаларындағы ұйымдастыру - құрылымдық
өзгерістерге байланысты.
Суармалы егiн шаруашылығының қарқынды және тиімсіз дамуы, сонымен бiрге су
ресурстарының аридті ауа райына қарамай реттелуі кіші және iрi өзендердiң
бассейнінде су дефицитін тудырды..
1990 жылдан бастап алынатын су көлемдерiнiң азаю тенденциясы байқалады,
соған сәйкес, табиғи су көздерінен ауыл шаруашылығына, өнеркәсiпке,
шаруашылық-ауызсуға пайдалынатын су тұтыну мөлшері де төмендеуде. Бұл ССРО
ыдырауымен және жоспарлы шаруашылықтың нарықтық әдiстерге өтуіне байланысты
шарттар.
2000 жылдардағы табиғи су көздерінен алынған судың көлемi 1990 жылдардағы
су тұтынумен салыстырғанда 918 м3 азайды және 20, 057 км3 құрады. Су тұтыну
көлемінiң төмендетуi ауыл шаруашылығында суармалы аудандардың қысқартумен
байланысты. Қазіргі кезде (жүйелi және жайылма) суландыруға 15 км3 жуық
көлемде су қолданылады. Соның өзінде суармалы егiн шаруашылығы дамыған
Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарындағы су тапшылығы
сақталынады, соның iшiнде өте ылғал тартқыш - күрiштiң өндiрiсi.
Экономика салаларының 85% (27, 5 км3) жер беті суымен қамтамасыз етлсе,
қалған бөлiгі жер астындағы, теңiздегi және сарқынды сулармен iске асады.
Ауылшаруашылық саласы – бұл су қорларының негізгі су көлемін (ауыл
шаруашылығының мұқтаждығында 70-90% барлық тұтынылатын суға дейiн
қолданылады) пайдаланатын сектор. Бұл жерде су тұтынудың дара салмақтары
суармалы егiн шаруашылығына, одан кейін малдың жем-шөбін даярлау үшін
жайылымды суландыру, сонымен бiрге жайылма суландыруға және ауыл тұрғындары
мен малды сумен қамтуға жұмсалады. Жүйелi суландыру жер беті суларымен,
негiзiнде оңтүстiкте және республиканың оңтүстiк-шығысында – Сырдария, Іле,
Шу, Талас, Ертiс және басқа өзендер бассейнінде өте жақсы дамыған. Жайылма
суландыру негiзiнен, солтүстiк және батыс Қазақстанда көктемгі суды
пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ол Есiл, Торғай, Тобыл, Жайық, тағы
басқа өзендер.
Елде су қорларының жетіспеушілігі, жалпы еліміздегі қалыптасқан
экономикалық жағдайға байланысты, республикада су тұтынуды қысқартуға алып
келедi. 2000 жылдары ауыл шаруашылығына алынатын су 15 м3 қысқарды (1992
жылы 26 м3 болған), жүйелi суландыру ауданы екi есе азайды. Аагротехниканың
әлсiз енгiзілуi, ирригация және су жiберушi жүйелердiң қанағаттанарлықсыз
техникалық күйi, су сақтайтын технологиялардың жабдықтарының тозуы, жоқтығы
судың сапасының нашарлауына, суармалы аумақтардың тұздалуына, шөлдену
процесстерiнiң шапшаң дамытуына әкеп соғуда.
Су тұтынудың көлемдерiнiң төмендеуi өнеркәсiп салалары үшiн де тән жағдай
және 2000 жылдағы суды тұтыну 2, 2 км3ке дейiн қысқарған (1992 жылда – 4,8
км3). Судың көп мөлшері теплоэнергетика, түстi металлургия, мұнай
өндiрiстерi кәсiпорындары пайдаланады.
Кейбiр iрi өзендер бассейнінің жеке проблемалары және олардың су қорларының
қолдануы.
Сырдария өзенi бассейіні күрделi жағдайлармен ерекшеленедi, әсiресе оның
төменгi жағында. Өзеннің төменге ағысына түсетін табиғи су қорының қысқаруы
және оның жоғарғы деңгейде ластануы, табиғи ортаның сапасының және Арал
маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының төмендетуiне әкеп соқты. Арал
теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн
мәнін жоғалтты. Шөлдену процессі 2 миллион гектар аумақты қамтыды.
Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға
тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың
денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi
сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде.
Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық
құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп
шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн
негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу
және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады.
Орал өзенiні бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларын
орналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және
қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген
қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр жоғары
болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал бассейнінің
суларын қарқынды ластануына әкеп соғады.
Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiң бассейіндері шамамен су
көлемінің аздығымен және жылдың iшiнде бір қалыпсыздығымен ерекшеленеді: су
қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi.
Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын алатын өнеркәсiптiң
дамуына кері әсерін тигізетін бөгет болып табылады.
Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр кенінің 99%, мыстың
негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде көмiр, темір және мыстан басқа химия
өнеркәсiбiнiң дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш кендердiң үлкен
қоры, вольфрам, молибден, бокситтер шығарылады.
Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес
өзен бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет
етеді. Мұндай жағдайда бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады.
Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн, Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс -
Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар техникалық күйі оның
қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын
қалыптастыруды реттей алмауда.
Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су
жетіспеушілік орын алады және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен.
Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған.
Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді,
олардың әрқайсысы оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды.
Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда
қарастырғанда негізінен оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында
берілетін су қорының сапасының сақталуын, одан алынатын су көлемінің шығын
келтірмейтін жағын анықтау керек.
Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорының өсуінен
экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең сәтсiз бассейін
болып табылады және ол қарқынды ластануда.
Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі
мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының сарқынды
суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге асыру болып
табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай тарапымен су
қатынастарының реттелуімен анықталады.
Елімізді сумен қамтамасыз етудің негізгі шешiмi, пайдаланатын су қорларының
жеткiлiктi етіумен қатар, көпшiлiгiнде су шарушылық жүйелердiң жағдайына
тәуелдi болады.
ССРО-ның ыдырауынан кейін және 2000 жылға дейін елдiң күрделi экономикалық
жағдайына байланысты, су шарушылық объекттердiң қаржыландырылуы қалдық
қағида бойынша iске асты.
Жоғарғы деңгейде пайдалану, жөндеу жұмыстарына және қызмет көрсетуге
қаржыландырудың қысқартылуы көптеген өлкелердегі су объектлері мен
гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайының, халықтың және
экономиканың қауіпсіздігін сақтаудың төмендей бастауына жағдай тудырды.
Өндiрiстiң төмендеуі және тұщы суды пайдалану көлемдерiнiң төмендеуiне
қарамастан, су пайдалану мәселесіндегі ұқыпсыздық жойылмауда. Мәселен, жыл
сайын таза суды тасымалдау кезінде жоғалтылатын су шығыны 4, 94 км3, оның
мішінде қайтарымсыз су тұтыну, табиғи су объекттерiмен салыстырғанда 15, 28
км3 құрайды. Осылай суды тиімсіз пайдалану суармалы жерлердің тұздануы мен
лайлануына әкеп соқтырады. Қалалардағы жоғалан су сумен жабдықтау және
канализация жүйелерінде су басу, үйлердің фундаменті мен астындағы су
құбырларын шірітуге әсер етеді.
Тұрмыстық-коммуналды секторларда су тасымалдау кезіндегі жоғалатын су
көлемі алынған су көлемінің 35% құрайды, әр адамға сөткесіне 240-420 л су
жұмсалады. Республикадағы 100 км су құбырының желiлерiнде жалпы саны 70
астам апат тіркеледі, еуропалық деңгейде бұл көрсеткiш небәрі 3 апатты
құрайды.
Ауыл шаруашылығы негiзгi су тұтынушы болып табылады, жалпы су қорының 80%
суармалы жерлерді суландыруға жұмсалады.
Өнеркәсiп. Соңғы жылдары өнеркәсiптiк сектордың су тұтынуы 4, 0 км3 дейiн
қысқарды. Сырт және қайта сумен жабдықтауды қолданудың жеткiлiксiз деңгейi,
жүйелерiнiң қанағаттанарлықсыз күйi су беру және су пайдалану
коэффицентінің (ПӘК) төмендігі өндірілетін өнімге жұмсалатын таза су
шығынының өте жоғары болуына әсер етуде. Бүгінгі күні ауыз су деңгейіне
дейінгі тазартылған судың 40% өндірістік қажеттілікке жұмсалады.
Судың тиімсіз пайдалануы барлық өзендер бассейнінде су қорларының
жетіспеушілігіне және ластануына, қоршаған табиғи ортаның азып-тозуына, көл
және өзеннiң экосистемалардың кеуiп кетуi, тұрғындардың ауруының өсуіне
алып келедi.
Елдi сумен қамтамасыз етудiң негізгі мәселелері
1. Сумен жабдықтау су беруді қамтамасыз ету және ауыз су сапасының
талаптарына сай емес
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелерi еліміздің барлық
облыстары және қалалары, Астананы қоса қамтиды. Республика бойынша орташа
қала халқының 70-75% су құбырлары суымен, 15-18 % - орталықтандырылған су
бастауларының суымен, қалған бөлiгi ашық суаттардан және басқа жақтан
әкелiнген тасымал (500 мыңнан астам адам) сумен қамтамасыз етіледі.
Су құбырларының көпшiлiгi 20-25 жыл, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан
астам бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөндеуден өткізілген.
2. Айналмалы қолданудың және қайтадан сумен жабдықтаудың деңгейі төмен.
Өнеркәсiптiк өндiрiс салалары және бөлек алған кәсiпорындарда су пайдалану
көпшiлiгiнде жоғары шығынды болып қалуда және оны қайта пайдалану тәсілдері
қолданылмайды.
3. Су шарушылық объектілері және жүйелердiң техникалық күйi өте төмен
деңгейде.
Күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігінен каналдар
мен гидротехникалық құрылыстардың су жоғалту көрсеткіштері жоғары болуда.
4. Шекарааралық мәселелер.
Бүгінгі күні мемлекетаралық су қатынастарын реттеу бұрынғы одақ кезінде
игерiлген су қорларын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейнді схемасы
негiзінде іске асырылады. Сондықтан кез келген шекараға шектес елдер су
бөлісу, яғни су қорларының көлемдерi шарттарының қайта қаралуы туралы
ұсыныстар енгізе алады. Бұл әсіресе Арал теңiзi бассейнінде орналасқан
елдер үшiн көкейкестi мәселе.
5. Су қорларының ластануы.
Түгелдей дерлiк iрi өзендердiң суы сапа жағынан қазiргi талаптарға сәйкес
келмейдi. Су қорларының ластануы елді мекендердегі сарқынды, өнеркәсiптiк
кәсiпорындардың, суармалы жерлердегі коллекторлы - құрғату сулардың
тасталуына байланысты. Көп қалаларда канализациялық суды тазартатын арнайы
құрылыстар жоқ. Сарқынды суларды жинақтағыштар шектi белгiлерге дейiн
толтырылып, бөгеттерде жұлып кету қаупін тудырады.
6 Арал теңiзiнiң мәселесi 30 жылдан астам уақыт зерттеушiлердің назарында.
Арал маңайындағы шаруашылықтың тиімсіз жүргізілуінен Арал теңізі
бассейніндегі елді мекендерде әлеуметтiк және экологиялық мәселелер ұлттық
деңгейге көтерілді. Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су қорларының
дефицитi жылына 1, 2 - 3, 5 текше км-ге жетедi. Ол Сырдария дельталарындағы
экосистемалардың азып-тозуына әкеп соқты.
Сырдария өзені Қызылорда және Оңтүстiк қазақстан облыстарын сумен
қамтамасыз етудегі - негізгі су қоры, ол Қырғыз Республикасының аумағында
басталып, Өзбекстан және Тажiкстан Республикаларында қалыптасады. Өзен үш
iрi су қоймаларымен реттелген.
Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігінде жалпы 2,5 миллионнан
астам халық тұрады (Оңтүстiк Қазақстан облысында – 1,998 млн, Қызылорда
облысында – 0,601 млн) . Мұндағы халықтың негізгі жұмыс саласы ауыл
шаруашылығы болып табылады.
Оңтүстiк аймақты сумен қамтамасыз етуде Тоқтағұл су қоймасы маңызды рөл
атқарады, яғни көптеген жылдар бойында суды жинақтай отырып су аз жылдары
суға деген қажеттілікті (дефициттi) толықтырады.
Сонымен бiрге, тәуелсіздік алғанға дейін Орталық Азияның елдерiндегі
Сырдария өзенiнде орналасқан барлық су шарушылық объектілері өзара
байланысты жүйе болып қаралатын, Тоқтағұл су қоймасы осы жүйедегі негізгі
реттеуші және суды тиiмдi пайдалануды iске асыратын объекті болатын.
Соңғы жылдары Тоқтағұл су қоймасының жұмыс режімі, Қырғыз Республикасының
меншiгiндегі объектi ретiнде, Орта - Азия мемлекеттерімен келісілмей,
электр энергиясын өндiруге бағытталып iшкi қажеттiк үшiн және экспортқа
арзан электр энергиясын сату арқылы қысқы мерзiмде су қоймасынан жоғарғы
өтімде су тасталады. Бұл басқа су шарушылық обектілерінің жұмыс режіміне
сәйкес келмейдi.
Әсіресе қысқы мерзімде тасталған жоғарғы өтімді су қазақстан аумағында
төтенше жағжайлар туындатып, үлкен аумақтарды су басуда.. Нәтижесінде
Сырдария өзенінің төменгi сағасына түсетін су көлемi 1994 -2000 жылдар
аралығындаы 10 км3-те 5, 4 км3ке дейiн азайды. Сонымен бiрге Арал
теңізіндегі судың көлемі 230 км3 аспай, тұздылығы 46 мгл жетті.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары
комитеті елімізді сумен қамтамасыз етуде жан-жақты шаралар қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығын орындау мақсатында 2000
жылдың 17 ақпанында № 344-шi 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму
стратегиясын iске асырудың ары қарайғы шаралары туралы және 2000 жылдың 21
қарашасындағы №30 Қазақстан Республикасының үкiметiнiң хаттамалық шешiмiне
сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен 2001 жылдың 21
қаңтарында мақұлданған Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі су
экономика секторының дамуы және су шарушылық саясатының тұжырымдамасы
бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.
Қазақстан Арал теңізінің міселесін шешуде бүкіл дүние жізі елдерінің
назарына ілінген Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz