Қазіргі ақпараттық технологиялардың маңызы



Мергенбаева К. К.
Баспа ісі және дизайн кафедрасының аға оқытушысы

Қазіргі ақпараттық технологиялардың маңызы

Қазіргі ақпараттық технология ретінде компьютердің алатын орны зор.
Ақпараттық-коммуникативті іс-әрекетке бастапқы және екінші ақпаратты ала
білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу; негізгі ақпаратты
қосалқыдан бөле алу, алынған ақпараттың сенімділігін бағалай алу; қойылған
мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу; ақпаратты бір таңбалық
жүйеден екіншісіне көшіре білу; пайымдауын кеңінен негіздей алу,
анықтамалар беріп, дәлелдемелер келтіре білу; ақпараттарды өңдеу, жіберу,
жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету
үшін мультимедиялық қорларды, компьютерлік технологияны пайдалана алу
біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік алдында сөйлей білу (өз ойын
айту, пікір талас және т.б.), топпен жұмыс істей алу коммуникацияларының
негізгі түрлерін меңгеру; пікір алмасушының көзқарасын түсіне білу және
басқа пікірдің болуын мойындай білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және
пікірталас жүргізудің этикалық нормалары және ережелерін білу жатады.
ИнДизайн пәнін оқып-үйренуде іс-әрекеттің осындай түрлерін меңгеру
студенттердің түйінді компетенттілігін қалыптастыру мен дамытудың қажетті
шарттарының бірі болып табылады.
Студенттердің оқу-іс әрекетін басқару оқыту технологияларын іріктеуге
негізделген. Іс-әрекеттік-компетенттік тәсіл шеңберінде оқу үрдісін
ұйымдастыруда студенттердің өз бетінше танымдық әрекетін көрсететін оқыту
технологияларын қолдану неғұрлым тиімді. ИнДизайн компьютерлік
бағдарламасын оқыту технологиялары:
- білім берудегі маңыздылығы;
- қолданбалылығы;
- ұлттық-нышанда безендіру;
- жүйелілігі, тиімділігі;
- пәннің ерекшелігін ескеру;
- студенттің жеке тұлғалық даму дәрежесіне сәйкестігі;
Осы критерийлерге сүйене келе, компьютерлік бағдарламаларды оқытуда:
дамыта оқыту, модульдік оқыту, саралап деңгейлеп оқыту технологияларды
қолдануға болады.
Осы аталған технологияларды қолдануда неғұрлым тиімдірегі
интерактивті, проблемалық-іздену, коммуникативті әдістер, ал өзін-өзі
дамыту, белсенділік оның пәнге деген қызығушылығы оқушылардың пәндік және
түйінді компетенттіліктерін қалыптастырады.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды ақпараттарының бірі
болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын
болсақ, осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады.
Оның мақсаты-нәтижелілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын
дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың
еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Ақпараттық қоғамға,
қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі.
Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы-оның күнделікті тіршілігінде
білім, біліктерімен өз білімін жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл-
басқарылмайтын үрдіс. Осы пікірге тоқтала отырып, оның құрылымын анықтап,
оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған
түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады.
Жаңа ақпараттық технология жүйесінде оқу әрекетінің белсенділігі түрлі
жолдармен, көбінесе оқу материалымен арнайы ұйымдастыру, оның бір жерге
ұтымды шоғырлануы мен бөлінуі, оқытудың ерекше ұтымды формалары және
әдіс-тәсілдері, сондай-ақ оқытушы мен студенттің әлеументтік
мүмкіншіліктерін өнімді пайдалану және оны тәжірибеде ұтымды қолдану арқылы
жүзеге асады.
Сонымен жаңа ақпараттық технология, қашықтықтан оқыту кезінде
студент компьютермен жұмыс істеудің пайдаланушылық дағдыларын ғана емес,
сонымен бірге өзіне Интернеттің түрлі қорларында кездесетін түпнұсқалы
материалымен жұмыс тәсілін де меңгере алады. Студенттер оқудың әр
түрлерін: зерттеушілікті, іздестірушілікті, танымдылықты, жақсы меңгерген
болуы: электрондық анықтамалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Ақпараттық технология түсінігі
Байланыс құралдары
Ақпараттық өріс
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Пәндер