Қазіргі араб әдеби тілінің негізін салушылар мен мектептері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тобағабылова Ұ.
Қазіргі араб әдеби тілінің негізін салушылар мен мектептері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050207 - мамандығы - «Аударма ісі»
Түркістан 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Шығыстану кафедрасының
меңгерушісі ф. ғ. к., доцент
Ә. Әбдірахман
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазіргі араб әдеби тілінің негізін салушылар мен мектептері
050207-мамандығы бойынша - «Аударма ісі»
Орындаған Тобағабылова Ұ.
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы Балаубеков М. М.
Түркістан 2010
Мазмұны
І. Кіріспе . . . 4-6
ІІ. Негізгі бөлім:
2. 1 Қазіргі араб әдеби тілі грамматикасының қалыптасуы . . . 7-16
2. 2 Басра тіл мектебі . . . 17-23
2. 3 Куфа тіл мектебі . . . 24-35
2. 4 Египет, Бағдат және Андалусия тіл орталықтары . . . 36-40
III. Қазіргі араб әдеби тілінің негізін салушылар . . . 41-57
IV. Қорытынды . . . 58
V. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59-60
Қосымша
І. Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі араб әдеби тілінің тарихы сонау, ғасырлар қойнауынан бастау алады. Араб тілі-семит тілдері тобының ең бай тармағы болумен қатар, әлемдегі негізгі тілдердің бірі ретінде БҰҰ-да алты ресми тілдерінің бірі және Ислам дінінің қасиетті, ақиқаттың ақырғы кітабы-Құран Карим де араб тілінде түскен.
Қазіргі араб әдеби тілі грамматикасының қалыптасуы өте ерте кезеңдерден бастап-ақ тіл мәселелері туралы әр түрлі деңгейде ғалымдар ойлана бастаған. Адамдар өздері сөйлеп жүрген тілде ескере бермейді, тіл мәселелерінің ішінде айқын тілдік қателіктерге әңгімелесушілер арасындағы бірін-бірі түсінбеушілікке, әр түрлі тілде сөйлеушілер арасында қақтығыстар болған жағдайларда ғана назар аударды. Ежелгі адамдар өмірінде қолданылатын қарғыс, ант, ғибадат сияқты магиялақ ережелер (формулалар) ерекше роль атқарды. Көптеген әр түрлі мәдениет түрлері үшін адамдар мен заттар туралы сөздер мен олардың мағыналарының арасындағы сәйкестік сөз құдыреті туралы ұғым, олардың әдеп-ғұрыптары мен магиялақ мағынасы өте маңызды болып табылды.
Бірақ тіл туралы алғашқы осындай ұғымдар тілдің қалыптасуындағы дәстүрден алшақ болды. Барлық халықтағы жазудың шығуы мұндай қалыптасуға қатысты болмайды. Жазуы бар көптеген мәдениеттер тілді сипаттау мен оның концепцияларын жасай алмады; еш болмаса, біз олар туралы ештеңе білмеймік, мәлімет болмады. Ежелгі Египетте оқу мен жазу, олардың тіл туралы не ойлағанын айту қиын. Урарту тұрғындары Хеттердің лингвистикалық дәстүрлерінің, Америка цивилизациясының және басқа елдердің лингвистикалық қалыптасуы туралы да ештеңе белгілі емес еді.
Бізге алғашқыда Шумер, сонан соң аккад тілінде қолданылған Вавилон мәдениеті туралы мәліметтер көптеп келгені белгілі. Бізге дейін сөздердің саны, тіптен сөз өзгерімнің парадигмалық тарихы да белгілі болған еді.
Ислам дінінің келуімен бірге Арабтардың араб тілін білмейтін халықтармен байланыстары нәтижесінде, арабтардың күнделікті өмірлерінде кейбір өзгерістер бас көтеріп, тілде де айтарлықтай өзгерістер болды. Ауызша сөйлеу тілінде, шешендік арабшада әр түрлі ерекшеліктері көріне бастады. Бұл жағдай тек қана сөйлеу тілінде ғана емес, сондай-ақ Құранның оқылуында да кездесе бастады. Құранның дұрыс оқылуы мен түсінікті болу үшін, араб тілін араб емес халықтардың үйренуінде жеңілдіктер туғызу үшін, араб тілі грамматикасын ғылыми әдіс-тәсілдерге сүйенген қағидалар түрінде анықтау керек еді. Осылайша араб филологиясының құрылуы классикалық араб тілі мен әдебиеті материалдарының іріктелуі, әсіресе қажетті грамматика мен сөздік жасауда зерттеу еңбектері алғаш рет Араб жарты аралының Солтүстік-Шығысындағы Арабтар мен Араб еместер арасындағы шекара қызметін атқарған Басрада және шамамен бір ғасырдан соң оған параллель ретінде Куфада басталып, үш ғасыр жалғасын тапты.
Бұл екі орталықтағы тіл мен әдебиет төңірегінде жургізілген зерттеулер мен мәселелерге әр түрлі көзқарастармен қарау, келе-келе екі мектептің құрылуына себеп болды. Әуелі Басриуннан нәр алып жетілген және VIII ғасыр соңына өз еншісін алып, жеке отау тіккен Куфиум қарсыластық сезімінің әсерімен қызу зерттеу жұмыстарына кірісті. Куфада Али бин Хамза Әл-Кисаи мен Яхия бин Зияд Әл-Фарра сияқты екі үлкен грамматист - ғалым шыққан соң, бұл екі мектеп арасында келіспеушіліктер көбейді. Осы пікір таластың нәтижесінде грамматика туралы жеке - жеке кітаптардың туылуына түрткі болған зерттеу еңбектері Араб тілі мен әдебиетіндегі материалдардың іріктелуі мен қағидалардың анықталуында маңызды роль ойнаған.
Араб емес халықтарға жазылуында тек қана дауыссыз дыбыстардан тұратын(дауысты дыбыстар әріптердің асты-үстіне арнайы белгілермен белгіленеді) сөздерді танып-білу өте қиынға соқты. Мәселен, хсн деген тек дауыссыздан тұратын сөзді хасуна - әдемі болу деп етістік ретінде; хасан- әдемілік, сұлулық деп зат есім ретінде; хасан-жақсы, сұлу деп сын есім ретінде оқуға болады. Сондықтан араб грамматистерінің алдында үлкен міндет тұрды. Ал, сол үлкен жұмысты бастау, халыққа жеткізу, тіл теориясы мен практикасын қалыптастыру тіл мектептері мен оның негізін салушыларға жүктелді.
Диплом жұмысының өзектілігі. Жалпы тіл - өмірдің сәулесі, қоғамдық құбылыстардың айнасы іспетті нәрсе. Қоғамда болып жатқан неше алуан өзгеріс, жаңалық атаулының бәрі ауелі тілден орын тебеді де, содан соң халық мұрасына айналады. Ендеше, тілді зерттеу арқылы, оның түп негізін терең тексеру арқылы тұтас бір халық, ұлт өмірінің өткелдерін, тарихи кезеңдерін анықтауға болады. Сонымен бірге қоғам өмірінің даму кезеңдерін зеределеу нәтіжесінде тілдің де эволюциялық ұсу өрісін саралай, жіктей аламыз.
Ал тілдің қалыптасуы, дамуы дегеніңіз барлық уақытта бір қалыпты жүріп отырмайтыны белгілі. Араб тілі тарихында да біз осы құбылысты көреміз. Бұл тіл өзінің бастауын ежелгі замандардан алады, сол дәуірлерде тайпалық, рулық қарым-қатынас құралы ретінде пайда болып, түрлі тарихи кезеңдерде түрлі мақсаттар үшін қызмет еткен: исламға дейінгі дәуірде - араб тайпаларының қарым-қатынас тілі, ауыз әдебиетінің тілі; ислам пайда болған кезеңде - исламды үйрету, оны тарату тілі, ислам өркениеті тілі, мұсылман мәдениетінің қалыптасуы және көптеген халықтар үшін ғылым мен білім тілі болған.
Міне, осы араб тілі негіздерінің құрылуына үлкен еңбек сіңірген және осы жолда зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде, арттарына болашақ грамматистердің пайдаланатын негізгі қайнар көзі болған, көп кітаптар қалдырған, әрі кейінгі дәуірдегі араб тілінің зерттелуіне өз үлестерін қосқан және олардың шығармаларын оқырман қауымға таныттыру мақсатында араб тілі грамматисттерінің ішіндегі бастыларын өз диплом жұмысыма тақырып етіп алдым.
Жұмыстың міндеті мен мақсаты :Қазіргі араб әдеби тілінің негізін салған тіл мектептері мен олардың негізін салушылар туралы толық мәлімет жинау-тіл машығының дамуы мен тілдің барлық аспектілерін қарастырудағы жұмыс формасы мен мәнін анықтайды.
Диплом жұмысының талқылануы. Диплом жұмысы А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті
«Шығыстану» кафедрасында алдын-ала қорғау кестесі бойынша талқыланып, қорғауға ұсынылды. ( . . . )
Диплом жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, негізгі бөлім төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының
өзектілігі, мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, қолданылған әдебиеттерге жалпы шолу жасалды.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Қазіргі араб әдеби тілі грамматикасының қалыптасуы
Әдеби тілдің тарихы, яғни қазіргі араб әдеби тілінің сөздік құрамының тарихы экономикалық, саяси-әлеуметтік қатынастардың және мәдени өмірдің дамуына байланысты болды. Әрбір тілдің сөздік құрамынан сол тілде сөйлеуші халықтың бүкіл тарих бойындағы тұрмысы, өмірі, басқа халықтармен қарым-қатынасы көрінеді. Сөздік құрамның толығуына әсер ететін негізгі факторлар:саяси-әлеуметтік қатынастар, әртүрлі дәуірде түрлі деңгейде дамым отырған ғылым, әдебиет, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы. Бұларды негізгі факторлар деп атауға болады. Ал, қосалқы факторлар:соғыс, сауда-саттық т. б. Тарихта өз бетінше дамыған бірде-бір халық жоқ. Ежелгі дәуірдің өзінде де қандайда болмасын бір халық өзімен көршілес отырған халықтармен қарым-қатынаста болған және бұл қарым-қатынас тек бір ғана халықтың ғана дамуына әсер етіп қойған жоқ. Мысалы: Гректің «дафтар» деген сөзі әуелі араб, сонсоң парсы, сонан соң қазақ тіліне енген. Мағынасы:төрт бүктелген қағаз.
Ғалымдардың пікірінше араб сөздік құрамының тарихы өте ертеден басталған. Ежелгі дәуірде араб халқы жеке өз бетінше дамыған. Бұған дәлел ретінде араб тіл білімін зерттеуші ғалымдар мынадай пікір айтады:араб сөздік құрамы екі қабаттан тұрады; бірі әдеби лексика да, екіншісі жалпы халықтық лексика, яғни, диалект. Қазіргі араб әдеби тілінің сөздік құрамын зерттеген ғалымдар да, орта ғасырлық ғалымдар да, европалық, АҚШ-тық және орыс ғалымдары да араб сөздік құрамының даму кезеңін төртке бөледі. Алғашқы араб тіліндегі жазба нұсқалар бұдан он бес ғасырдай бұрын табылған. Ғалымдардың айтуына қарағанда содан бері араб тілінің фонетикасы және грамматикасы онша көп өзгере қоймаған, онығң есесіне сөздік құрамның сапасы өзгеріп, толығып дамыған. Он бес ғасырлық тарихы бар араб әдеби тілінің дамуы халықты әдеби тілде сөйлейтіндер және жалпы халықтық тілде сөйлейтіндерге бөлді де араб тілі сөздік құрамында екі сөздік құрам пайда болды. Шын мәнінде әдеби тіл араб халқына біршама түсінікті болса, жалпы халықтық тіл, яғни диалект, бір территорияда, бір мемлекетте тұратын халықтың арасында көп түсінбестік туғызды.
Орта ғасырлық араб ғалымы Ибн Халдунның айтуынша араб сөздік араб сөздік құрамына әртүрлі кезеңдегі даму деңгейі көп әсер еткен. Әртүрлі кезеңде дамыған ғылым, саяси-әлеуметтік қатынастар және халықтың тұрмысы, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, т. б. араб сөздік құрамының дамуына ықпал жасады.
Сибавейхи грамматикасы кең қолдау тауып, кейіннен үлгіге айналып, көптеген ғалымдар оның күшті ықпалында болды. Сонан соң көптеген ғасырлар бойы араб тілін үйренудің интенсивті сипаты басталды. Грамматика атауымен көптеген сөздіктер жасалып, этимологиялар түзілді. Жүздеген жылдар бойы лингвистикалық мектептер болған Куфа мен Басрадан басқа араб әлемінің бір шетінде орналасқан араб Испаниясынада тіл туралы ғылымының маңызды орталығына айналды.
Грек құлының баласы Ибн Джинни соңғы көрнекті тілші - ғалымы болды. Ол тіл табиғаты мен тілдік норма туралы қызықты пікірлер айтып, этимология мен семантикамен де айналысты.
Монғолдар сонан соң түрік басқыншылары Халифатты құлатқан соң арабтың дәстүр құлдырауға түсіп, үнділер сияқты этигондық (біреудің жетегінде болу), жеке дамымайтын күйге ұшырады.
Сибабейхи және басқа авторлардың идеяларына негізделген тіл туралы дәстүрлі ілім қазір де Индия мен мұсылман әлемінде және араб елдерінде жалғасын табуда. Бұл ілім өз мөлшерде европалық іліммен арақатынасқа түсіп, ықпалына ұшырап қатар қолданылып келеді. Қазір көптеген ғалымдардың, оның қатарында Л. Блумфильдің пікірі бойынша араб ғылымы европалық тіл туралы ілімге айтарлықтай ықпал еткен.
Барлық лингвистикалық дәстүрлер нақты тәжірибелік мәселені шешуге арналған. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Қытайдың абстрактылы философиялық тұжырымдары лингвистикалық сипаттауларды талдауға арналмады. Кейіннен Европадағы Схолостика дәуірінде (бәрінен бұрын модистер еңбектерінде) унитарлы мәселелерді қарастыратын еңбектерден бөлініп, таза теориялық шығармалар пайда бола бастады; осы кезде жеткілікті жоғары дәрежеде тілді сипаттайтын «спеулятивті» грамматикалар пайда болды, бұл дәстүрді ұстанушылар тәжірибелік мәселелер бірінші орынға қойылды және оқыту мәселесіне арналды.
Сондықтан бұл мәселелер ана тілінде жазу мен оқуға ғана үйретіп, лингвистикалық дәстүрлер жасауға негіз бола алмады: бұл тапсырма тілдер жүйесін үйренуді талап ете алмады, бірінші фонетикалық негізге қызығушылық тудырады, нақтырақ айтқанда, шын мәнінде фонетикалық талдаулар жасалынбады. Сондықтан вавилон мен классикалық Грекияда жазу болса да дәстүрлер дамымай қалған болу керек. Эллинизм дәуіріне дейін Грекияда жазу мен оқуды үйрететін мұғалімдерді грамматик деп атап келді.
Бұл жағдай тек қана тілді оқыту емес, тілдік жүйені түгел қарастырғанда ғана пайда болды. Антикалық дәстүрдің төмен түгел қарастырғанда ғана пайда болды. Антикалық дәстүрдің төмендегідей болуы бекер емес: себебі, грек тілін де тек гректер тілі мәдениет пен іс жүргізу тіліне айналды, ал араб тілі ҮІІ ғасырдан бастап Ислам діні басқа халықтарға тараған соң осы тілді үйренуге, басқа тіл ретінде араб тілін оқу қажеттілігі пайда болды. Сол себепті, грек дәстүрінің Грекияда емес, гректер келімсек болды саналатын алыстағы Александрия болды, тура сондай араб дәстүрі араб дәстүрі де Аравияның дәл өзінде емес, ҮІІІ ғасырда араб пен парсы шектескен Басра мен Куфада негізі қаланды. Осы екі дәстүрдің негізін салушы көрнекті өкілдер араб және грек тілін өзінің ана тілі деп есептейтін адамдар ғана емес, басқа жақтан шыққандар да болды.
Сонымен лингвистикалық дәстүрдің дамыту мен жасаудың маңызды мақсаты тіл мен мәдениетке үйрету болса, оның негізін тек қана ана тілінде сөйлеушілер мен аталған мәдениет аясында жүрген адамдардың бір бөлігі жасалмайды. Бұл міндет бірден-бір мәселе емес.
Мәтінді бір тілде ғана түсіндіру маңыздылығы жағынан екінші мәселе болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан төмендегіні байқауға болады: дәстүрлер ауызекі тілде жүргізілгенде жоғарыдағыдай мәселелер туындайды.
Сондықтан түсіндіру қызметі дәстүр дамуының ең ерте кезеңіне қатысты алғашқы мағынаға жатады.
Александриялықтар сол кезеңнің өзінде көнерген тіл болып табылатын Гомер поэмасының тілін түсіндірді, бұл зерттеудің қорытындысы антикалық грамматиканың кейбір элементтерін анықтады, оның ішінде просодияға қатысты ілімді айқындады. Александриялықтардың барлық қызметі Койне тілі арқылы орындалды, себебі койне тілі сол кезде толық «тірі»тіл болатын. Мысалы Ежелгі Қытайда да осындай жағдай болды. Кейіннен екеуінде де (Орта ғасырлық Европада) түсіндірмелі қызметтің ролі артты; нақтырақ айтқанда Европадағы сөздіктер глоссарий үлгісінде жазылды, ал бұл дегеніміз сөздер мен айтылымдарды түсіндіруге негізделген еді. Панни де, Сибавейхи де ескерткіштерді түсіндірумен айналысқан жоқ, себебі олардың мәтіндерінің өзі кейін түсіндіру мен ұғындырудың зерттеу нысанасына айналды.
Осы сияқты лингвистикалық пәндердің қызметі семантика емес, фонетикаға ықпал жасады, себебі ежелгі сөйлеудің үлгісі жиі талап етілді.
Қайта өркендеу дәуіріне дейінгі Европада, Қытай мен Жапонияда да осындай болды. Беделді ескерткіштердің мәтіні түсіндірулерге байланысты бола бермейді. Мысалы, араб дәстүрі бойынша жуық арада Құранның сөздіктері жасалып, ондағы мәтіндегі әр түрлі сөздерге түсіндірме жасады. Тілді үйренуді қалыптастыратын тәжірибенің тағы бір саласы өлең құрылысы болды. Осы мақсаттар орындау үшін әртүрлі өлшемде просодия туралы (созылмалы және қысқа ұғымдар, екпін т. б. туралы) антикалық көне ілім пайда болды.
Лингвистикалық дәстүрдің дамуы мен пайда болуына тіл мәдениетінін оқыту міндеті кірді, бұл мәдениеттің аясына барлық адамдардың саласы, ана тілі әр түрлі адамдар кірді. Сондай-ақ аталған дәстүр кейбір жағдайларда мәдениет ерекшеліктерінің жиынтығымен және тіл мәдениетінін айырмашылық дәрежесімен ауыз екі сөйлеу тілінен бөлінді. Дәстүрдің барлық саласында тілге деген нормативтік көзқарас өктемдік жасады.
Кейбір дәстүрлердің дамуының алғашқы сатыларында (Антикалық, Ежелгі Қытай) ауыз екісөйлеу тілі мен жазба тілдің арасында айтарлықтай алшақтық болмады, ерекше сокральды (діни, қасиетті) тіл болған жоқ. Норма мәселесі сөзсіз өзекті болса да таза эмпирикалық жүйемен шешімді мәтіндердің нормативті нормаларына қатаң талап қойылмады. Сондай - ақ филологиялық қызмет тікелей нормалау жүйесімен байланысты болмады: Александрия грамматистері Гомерді түсіндірді, бірақ оның тілі туралы қатаң түрде кешірілмеді.
Бірақ барлық дәстүрлерде басынан бастап немесе уақыт ағысында тілдік норма туралы қатаң талап пайда болады, мұны жоққа шығаруға болмайды. Европа дәстүрінде бұл антикалық дәуірден кейін пайда болды. Көне Римдік кезеңнен кейін Августың императорлық мерзімі алтын ғасырға саналады, ал тілдің одан бұріңғы кезеңдері қарастырылмады. Орта ғасырда нормаға деген талап тіптен қатаңдап кетті.
Арабтарда мұндай көзқарас алғашқыда Құранның қасиетті тілімен басталды, өйткені оны араб еместерге тарату қажет болды.
Норманың қайнар бұлақтарының 3 түрлі типі болды:
Біріншіден, жазба дәстүрдің нормативтік мәтіндері пайда бола бастады. (Құранды Мұхаммед(с. ғ. с. ) Пайғамбардың жазбаша сауаты болмағандықтан ондаған жылдардан кейін жазылды) . Дәстүрдің қатарына Құран мәтіндері қасиетті болып саналды: Құран гректің және латынның інжілі сияқты қасиетті кітап. Оның мәтіндерінің қасиетті болуы одан алып тастайтын мәселелерді жойды, оның қасиетті сипатының күрделі болуы проблемалар тудырды, себебі кейбір сөздер мен сөз формаларында қасиетті мәтіндер кездеспей де қалады.
Тілші грамматиктердің пікірінше араб сөздік құрамының тарихы өте ертеден басталған. Ежелгі дәуірде араб халқы жеке өз бетінше дамыған. Бұған дәлел ретінде араб тіл білімін зерттеуші ғалымдар мынадай пікір айтады:араб сөздік құрамы екі қабаттан тұрады; бірі әдеби лексика да, екіншісі жалпы халықтық лексика, яғни, диалект. Қазіргі араб әдеби тілінің сөздік құрамын зерттеген ғалымдар да, орта ғасырлық ғалымдар да, европалық, АҚШ-тық және орыс ғалымдары да араб сөздік құрамының даму кезеңін төртке бөледі. Алғашқы араб тіліндегі жазба нұсқалар бұдан он бес ғасырдай бұрын табылған. Ғалымдардың айтуына қарағанда содан бері араб тілінің фонетикасы және грамматикасы онша көп өзгере қоймаған, онығң есесіне сөздік құрамның сапасы өзгеріп, толығып дамыған. Он бес ғасырлық тарихы бар араб әдеби тілінің дамуы халықты әдеби тілде сөйлейтіндер және жалпы халықтық тілде сөйлейтіндерге бөлді де араб тілі сөздік құрамында екі сөздік құрам пайда болды. Шын мәнінде әдеби тіл араб халқына біршама түсінікті болса, жалпы халықтық тіл, яғни диалект, бір территорияда, бір мемлекетте тұратын халықтың арасында көп түсінбестік туғызды.
Орта ғасырлық араб ғалымы Ибн Халдунның айтуынша араб сөздік араб сөздік құрамына әртүрлі кезеңдегі даму деңгейі көп әсер еткен. Әртүрлі кезеңде дамыған ғылым, саяси-әлеуметтік қатынастар және халықтың тұрмысы, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, т. б. араб сөздік құрамының дамуына ықпал жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz