ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСБУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА «6N0103-Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» даярлық бағыты
ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ
Педагогика магистрі
Академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Орындаған: Нұртазаева Н. М.
Ғылыми жетекші: п. ғ. к., профессор Бабаев С.
Қорғауға жіберілсін:
Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. к., доцент Қожагелдиева С. С.
Қазақстан Республикасы
Түркістан 2008
Зерттеудің көкейкестілігі: Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық камуникациялық желілерге шығу»-деп білімберу жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қазігі қоғамымызда әр мұғалім өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибе жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдердідер кнезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек. Сонымен қатар, мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім-оқушы арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқытудыұйымдастыру талапқа сайелеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Мектеп тәжірибесінде жаңаша істеп, жаңашыл технологияларды өз іс-әрекетінде пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ, олардың пікірінше, жаңаша әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық процестерді бір жүйеге келтіріп, оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсынады (Н. И. Лапин)
Педагогикалық инновация мәселесіне Қазақстандық ғалымдар соңғы жылдары басты назар аударуда (Қ. ҚҚабдықайыров, С. Н. Ляктионова, Ш. Т. Таубаева және т. б) .
Одан кейін, педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік мәселелері Қ. А. Аймағанбетв, Т. С. Сабыров, С. Р. Рахметова, К. Ж. Сарыбеков, О. Сатқынов, Т. Оспанов, Б. А. Тұрғынбаева, М. Е. Ералиева, Ж. Т. Қайыңбаев, Қ. Бұзаубақова, Д. Мұхамбетжанова, Г. Уәйсова және т. б. ғалымдар еңбектерінен орын алады.
Кеңестік дәуірдегі Ресей ғалымдары оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған Н. П. Гузиктің, Л. В. Занковтың, В. М. Моноховтың, С. Н. Лысенкованың, В. Ф. Шаталовтың, Д. Б. Элькониннің, П. М. Эрдинеевтің және т. б ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектерінің біздің жұмысымызда басшылыққа алынады.
Педагогикалық технологияларды білім беру саласындапайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В. П. Беспалько, Ж. А. Қараев, Ш. Таубаева, Б. Т. Барсай, Д. М. Жүсіпалиева, М. В. Кларин, Қ. Ө. Қариева, С. А. Көшімбетова, Қ. Қабдықайырұлы, Г. К. Селевко, Б. К. Тулбасова т. б. ғалымдардыңзерттеу еңбектерінің арқауы болды.
Біз жоғарыдағы аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінеендіру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де шешімінтаппай отырғандығын анықтадық.
Білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін «ескі» мен «жаңаның» арасындағыбілім беру жүйесіндегі қайшылықтардың, педагогикалық қауымның «жаңаны» игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы қарама-қайшылықтарбар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты : «Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие удерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу пәні: Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру.
Зертеу міндеттері:
- Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендірудің теориялық мәнін ашып көрсету;
- Жаңа педагогикалық технологиялардың мазмұнын ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жасау;
Зерттеу нысаны: мектептегі оқу тәрбие үдерісі
Зерттеу пәні: Қазіргі оқу-тәрбие үдерісіне инновапцмялық технологиялары ендіру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендірудің теориялық негіздемесі жасалып, педагогикалық шарттары анықталса, білім беру саласында үнемі жаңарып отыратын өзгерістергеикемді. Жаңалықты оқу-тәрбие процесінде қолдана алатын мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті қалыптасады. Өйткені, оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру әдістемесі осы іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына сәйкес жасалады.
Зерттеудің міндеттері:
-Қазіргі бастауыш сынып оқу тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендірудің теориялық негіздері мәнін ашып көрсету;
-Жаңа педагогикалық технологиялардың мазмұнын теориялық тұрғыдан талдау жасау;
-Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендддірудің моделін жасау;
-Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру тәжірибелік эксперименттік жұмыстар;
Зертеу көздері:
Қазақстан Республикасының білім беру заңы 1999ж «Қазақстан 2030» даму стратегиялық бағдарламасы; Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді даытудың тұжырымдамасы `(2004) отандық жіне алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың зерттеліп отырған мәселе бағытындағы еңбектері, мектеп мұғалімдерінің озат тәжірибелері, оқу әдістемелік құралдар және бағдарламалар.
Зерттеу әдістері: Мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; педагогикалық іс-тәжірибелермен тансысып, ғылыми тұрғыда сұрыптап талдау; Оқушылармен, мұғалімдермен, студенттермен әңгімелесу; сауалнама жүргізу, бастауыш сынып мұғалімнің оқу құжаттарын зерттеп талдау, оқу бағдарламаларын талдау, педагогикалық эксперимент жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. Қазіргі бастауыш мектеп оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендірудің теориялық негіздері айқындалды және мәні ашылып көрсетілді.
2. Жаңа педагогикалық техгологиялардың мазмұнын ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жасалынды.
Зерттеудің практикалық маңызы:
Жаңа педагогикалық технологиялардың мазмұндық сипаттамасы, оқу-тәрбие үдерісінеинновациялық технологияларды ендірудің моделі мен педагогикалық жүйесі
Магистр диссертацияның құрылымы:
Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, тәні, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеу көздері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалар ұсынылады.
І БӨЛІМ. Бастауыш сынып оқу тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
1. 1 Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері.
Қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми-техникалық даму мен жаңару процестері, барлық салалардағы өзгерістер мен үдерістер адамзаттан үлкен шығармашылық ізденісті, терең білімділікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, белсенділікті, яғни жан-жақты дамыған тұлға болуды талап етеді. Яғни, бүгінгі күн талабы- болашақ маман иелерінен жоғарғы оқу орнында білім алу барысында тек дайын білімдерді меңгеріп, мәлімет, ақпараттарды ғана біліп қоймай, сол бойына сіңірген білімдерін қоғамда, өмірде тиімді етіп қолдана отырып, шығармашылық тұрғыдан өз болмысын таныта алатын дәрежедегі мамандыр даярлау міндеті.
Қ. Р. Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы халыққа жолдауында айтылғандай- барша қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет- Қазақстанды бәсекеге қабілетті, дамыған елу елдің қатарына қосу. Ол үшін еңбектің қай саласынан болмасын мемлекет қызметкерлерінің еліміз үшін аянбай адал еңбек етіп, өз үлестерін қосуы маңызды. Сондай-ақ елбасымыздың 2001 жылдың 2 ақпанында өткен білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде «баршаға білім беру моделінен, таңдауы бойынша білім беру моделіне көшу» деп атап өтуі педагог мамандарына да аса жауапты міндет қойды. Сонымен қатар Н. Назарбаевтың 2008 жылғы ақпан айындағы халыққа жолдауында білім беру саласының басты міндеті ретінде 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, сапалы қызмет көрсету аясын кеңейтуді айтады. Және Білім және ғылым министрлігіне 3 жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды тапсырады.
Жоғары білімді, өз кәсібінің шебері мамандарын даярлау мәселесі әрқашанда өзекті болып келеді. Кез-келген мемлекеттің дамуына негіз болатын басты тұлға- мұғалім болып табылады. Сондықтан да ғылым мен білім беру, тәрбиелеу мекемелерінің алдына қойылып отырған басты міндет- білікті, кәсіби тұрғыдан дамыған, шығармашыл мұғалім кадрларын даярлау. Қазіргі кездегі қоғам, мемлекет, білім ордалары жоғары білімді мамандарды ғана емес, қажетті білімдер қорын меңгергенімен қатар, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, жаңашыл бағыттағы, шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіпқой мамандарды талап етеді. Мұғалім үнемі ақпараттарды іздестіру, талдау, сараптау, игеріп, қолдануы маңызды. әр уақытта да білім беруді жетілдіру, мұғалімдер даярлығының сапасын жақсарту өзекті мәселе болып саналады. Осы тұрғыдан озат тәжірибелерді кеңінен қолданып қараудың маңызы зор. Себебі, педагогикалық озат тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, таратудың салдары мұғалімдердің шығармашылығының жемісі бола алады.
Инновациялық технологиялар, «субъект-субъект» жүйсін балаға өз бетінше ойлай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында оқушылар жоспарлауға, мақсат қя білуге, қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асырып қорытынды жасай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асды. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйесі қалыптасады, яғни жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуыра бағытталады.
Бүгінгі таңда жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғлық дамуына бағытталған жаңа оыту технологиясын шығаруға ұмтылуы.
Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, инновацияны енгізу мәселелерін Ю. К. Бабанский, В. С. Библер,, Ю. С. Гермунский, В. С. Лазарев, А. И. Пригожин, Л. С. Састенин, В. П. Кваша, Д. В. Чернишеский және т. б. қарастырған. Осы ғалымдардың пікірінше, инновациялық процестердің маңызды міндеттерінің бірі жаңашыл педагогикалық идеяларды негіздеу және оларды практикада қолдану процесіне басшылық жасау болып табылады.
Бүгінгі таңда П. Э. Эрдиневтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологтясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шоталовтың оқыту материялдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модельді оқыту техологиясы, П. И. Третьяновтың, К. Вазинаның модельді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальковтың және т. б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған.
Қазахстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүніспековтың, Ш. Т. Таубаеваның, Қ. Қ. Қабдықайыровтың, С. Н. Лактионаваның, Қ. М. Нағымжанованың, М. М Жанпейісованың және т. б ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үдерісінде белсенді түрде қолданылуда.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздерін қарастыруды бастамас бұрын, біз инновацияның педагогика ғылымында қаншалықты мәні барын және әлеуметтік педагогикалық алғы шарттарын қарастырғанды жөн көрдік.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттнрді зерттеу барысында инновация ұғымы ең алғаш ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болғанын, яғни бір ел мәдениет элементтерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған дегенді көрдік.
Инновация термині педагогика теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ бұл терминнің белгілі бір педагогикалық категория ретінде әліде қалыптасу үстінде екені анық. Сондықтанда біз инновация ұғымын толық пайьдау үшін, оның тарихи даму жолдарына шолу жасаймыз. Инновация (латын сөзі in-b, novis-жаңа) жаңа, жаңалық жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Ожегов сөздігі бойынша; инновация бірнеше рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
«Инновация» ұғымын әр елде әртүрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланд) бұл термин кеңінен таралған, ол Арабия, Жапония тәріздес ұғымын сөздіктерде кездестіру мүмкінемес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерінзертей келе шет елдерде, Ресейде, ТМД елдерінде, Қазахстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.
Педагогикалық инновация мәселесін жан-жақты талқылап зерттеушілердің бірі-Югославияның педагог-ғалымы К. Ангеловский.
Зертеуші мұғалімнің жаңашылдығына қандай әлеуметтік факторлар әсер етеді, оның мұндай іс-әрекетке қатысуы немен белгіленеді деген сұрақтарға жауап іздейді. Зерттеушінің еңбектерінің ішінен маңыздысы ретінде «Нителия и инновации» деген еңбегін айтуға болады. Мұн+да автор инновация термирі экономика және техника ғылымдарынан педагогика саласына келуі мүмкін, бірақ бұл терминнің нақты қайдан алынғанын аса маңызды емес дей отырып, инновацияға жақын туыстас ұғымдарға тоқталады. Ол: «Кейбір педагогтар инновация терминінің реформа, жаңаландыру, жетілдіру, оптимизация, оқыту модернизациясы т. с. с. ұғымдарды пайдаланады, » - деп көрсетеді.
К. Ангеловски өз еңбегінде америка зерттеушісі Э. М Роджерстің ой-пікірлерін көрсете келе, автордың инновация мәселелерін агрономия, өндіріс, медецина салаларында зерттеген ол инновацияны былайша түсінеді. Инновация нақты бір адамға жаңа болып табылатын идея-деп айтады.
Автор: «Бұл идея объективті жаңа ма, жоқ па, біз үшін маңызы жоқ. Біз оны дүниеге келіп немесе тұнғышрет қолданғаннан бастап анықтаймыз, » - дейді. Айта кететін жайт, К. Ангеловски өз зерттеулерін француз, америка ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып жүргізеді. Біз автордың бұл көзқарастарын жақтаймыз. Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалықтың үш түрін көрсетеді:
- Білім беру жүйесіндегі толғымен жаңа бұрын мүлде белгісіз болған идеялармен іс-әрекеттер болады. Ондай мүлде жаңа және түпнұсқа идеялар өте аз.
- Ең көп кездесетін бейімделуден өткен, кеңейтілген және қайта өңделген, белгілі ортада, белгілі кезеңде өте қажетті идеялармен іс-әрекеттер.
- Педагогикалық жаңалықтар мынандай жағдайда дүниеге келеді: мақсатты қайта қоюға байланысты бұрын болған істер қайта жаңарады. Өйткені жаңа жағдайлар бұлардың нәтижесін және белгілі жағымды идеялардың нәтижелеріне келу болады, -деген түрлерін ұсынды.
Поляк ғалымдары инновацияны жан-жақты зертеуіне байланысты Польшада инновациялық процестерді зерттейтін «Педагогикалық зерттеулер» институтында арнайы лабаратория жұмыс істейді.
Оқу ағарту ісіндегі мектеп мәселелерін зерттейтін Югославия институты соңғы жылдары инновация мәселесіне көп көңіл аударған. Ондағы ғалымдар: «Инновация дегеніміз-білім беру мен тәрбиелеу технологиясын дамыту және жақсарту мақсатында жүзеге асатын нақтылы сапалы өзгерістер. Бірақ бұл өзгерістерде жаңа идея болмауыда мүмкін, бұрын кейбір жерлерде қолданылып анықталса да, қазіргі жаңа жағдайда, жаңа ортада олар оңды нәтиже берсе, ол инновация деп есептеледі, » -дейді.
Ал, белгілі ғалым Ш. Т Таубаева: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасынан, әдістемесіне білім беру құралдарына, оқыту мазмұнына, алған білімді бағалауына, білім беру мақсаты мен міндетіне, тәрбие жүйесіне, мұғаллім мен оқушы қатысына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады, »-деп көрсетеді.
Б. Б Марклунд өзінің еңбектерінде инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықты тапқан. Ол инновация мен өзгеріс ұғымдары синондимдік қатынаста қарастырады. Егер бұл өзгеріс бүкіл мектепке жайылса оны «инновация» деуге болады. Бірақ кез-келген өзгерісті «инновация» деп тағы айта алмаймыз. Сондықтан инновация болуы үшін алдын-ала қойылған мақсаттың оңды нәтижесін, жемісін көру қажет.
Ресейде «инновация» сөзіне күдікпен қараған. ХХ-ғасыр басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді.
ХХ-ғ 80-жылдарында, педагог-навоторлар ісіне қоғамдық өызығушылық толқыны жүріп жатсада, «инновация» термині, әдебиет беттерінде кезікпейді. Әуелі навоторлық істің ұйымдастырушысы «Учительская газеті» басылымдарында жаңа ұғымға анықтама берілмеген.
С. В Ожеговтың сөзінде «жаңа» ұғымына үш түрлі анықтама берген:
1. Біріншірет шыққан, жасалған немесе жаңадан п. б.
2. Бұрынғының орнын басатын, аалғаш ашылған нәрсе.
3. Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Кез келген қоғам білім беруге тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет етеді, қалай тәрбие беру керек екендігіне сұраныс жасайды.
Осыған байланысты білім берудегі дәстүрлі мен жаңаның арасындағы байланысты дәстүрлінің қандай түрлерін саұтау, дамыту керек және қазіргі білім беру жүйесіне қалай тасымалдау керектігіне талдау жасау қажеттігін Қ. М Нағымжанова атап көрсеткен.
Бірақта дәстүрлінің жай ғана өткенді ұдайы өндіруші ретінде қаралмауы керек екенін ұмытпаған жөн.
Дәстүрлі мен қазіргінің арасында жаңаның баспалдағы объективті түрде пайда болатын өмір диалоктикасының заңдылығы жоқтан бар пайда болатыны сияқты, жаңа бұл дәстүрліден келіп туады. И. Д Лукишков: «Қазіргі тек жаңаны ған немесе бүгін пайда болған құбылыстарды бейнелемейді, жаңа-дәстүрлі мен қазіргінің аралығында пайда болады», -дейді.
Дәстүрлі категориясының өзара байланысты үш кезеңі бар: сақтап жеткізу, ісабасушылық, дамыту. Дәстүрлі мәдениет-бұл тарихи дамытушы мәдениет. Дәстүрлінің даму процесі-жаңаға өту.
Осының арқасында тарихи кезеңдеткенге таным қызығушылығына қанағаттанушылық қана тудырып қоймай жас ұрпақтың маңызды қажеттіліктерін өтейді.
Бірақ мұның барлығы жаңаның өзі кездейсоқ емес, дәстүрлінің ықпалында болуы қажет. Қазірде біздіңше, дәстүрлі мен жаңаның синтезі. Осыдан келіп, инновация мен жаңаның арасындағы айырмашылық қандай деген заңды сұрақ туады.
Инновация дегеніміз-жаңа мазмұнды ұйымдастыру. Ал жаңалық енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру яғни, инновациялық процесті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды. Ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсіл мен технологиясын қамтитын құбылыстын түсінеміз.
Демек, көптеген ғылыми-педагогикалық еңбектерде инновация ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды екен.
Сондықтан, ғалымдар «инновация» деген ұғымды білім беру ісіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайына көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан кіргізілетін әрекет деп түсіндіреді.
П. Шедровицкий: «инновацияны ойлау мен әрекет етудің ерекше бір түрі ретінде білім беру саласында кадрларды даярлауды ұйымдастырудың ерекше бір түрі», -деп түсіндіреді.
Бұл автордың ойын ары қарай дамыта, тереңдете отырып ғалымдарымыз Д. В Тотьянченко С. Г Варобщикова: «инновация» дегеніміз білім беру процесін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық енгізу, ол жаңалық енгізу-мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет, -дейді және ол мәдениетті төмендегідей екі талапты көрсетеді. Олар:
-Инновацияның қиын мәселені шешуде туындайтын ерекше бір қажет идея ретйнде қарастыру.
-Инновация мектеп жұмысын жоғары сатыға көтеруге бағыттау.
Біздің ойымызша инновация дегеніміз-белгілі бір дәрежеде бейімделуден өткен жаңа идеялар жаңа жағдайда қолданылса, олар инновация.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz