Қазіргі білім беру жүйесіндегі құқықтық нормативтік құжаттар. Мектеп-интернаттар, балалар үйіндегі жұмыс


Қазіргі білім беру жүйесіндегі құқықтық нормативтік құжаттар.
Мектеп-интернаттар, балалар үйіндегі жұмыс.
Балаларды тәрбиелеу - құқықтық қана емес, адамдық және заңдылық міндет.
Балалардың заңды мүддесі, біріншіден - балалардың денсаулығы, екіншіден - олардың білім және мамандық алуына белсенді түрде қамқорлық жасау, үшіншіден - баланы адамдар, қоғам, мемлекет алдында азаматтық рухта тәрбиелеу болып табылады.
Облыстың білім беру ұйымдары күнделікті жұмыс әрекетінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын, БҰҰ конвенциясын және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа алады.
Облысымызда 3 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымы, 1 - жасөспірімдер үйі, 3 - арнаулы мектеп-интернат, 1 мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға арналған мектеп-интернат, 25 мектеп жанындағы интернат, 7 коррекциялық кабинеттер, 1 балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы, 2 психологиялық-педагогикалық консультациялар 5 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, 2 шалғай елді-мекендерде орналасқан балалар үшін арналған мектеп интернат, 1 - санаториялық үлгідегі мектеп-интернат жұмыс жасайды.
2010 жылдан бастап, білім беру басқармасына қарасты 25 орындық Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылып, жұмыс жасауда.
Барлық білім беру ұйымдары жоғарыда аталып өткендей, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Бала құқығы туралы Заңы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып жұмыстарын жүргізеді.
Енді әрбір мекеменің өзінің ерекшелігімен сипатына қарай, қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерге тоқталсақ:
- Жетім ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдары мен Жасөспрімдер үйі.
Басты қызметі Қазақстан Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №59 «жетім ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі» қаулысымен реттеледі.
Сонымен қоса, Қазақстан Республикасынының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және Отбасы» Заңы арқылы жүзеге асады.
Балалар үйіндегі басты қызмет - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп-оқыту, саналы азамат өсіру.
Бұл мекемелердің аты аталғандай өз ерекшелігі бар, жұмыс ауыр, шыдамдылықты талап етеді. Өтйкені балалар, ерте жасынан қиындықты көріп, өмірге сенбейтіндей, кейбіреуінің қоғамға деген наразылығы басым.
Дегенмен де, баланың аты бала, біз сол жасөспірімді қоғамнан өз орнын таба білетін адамзат етіп, шығаруымыз керек.
Сондықтан біз, бала тәрбиесіне көңіл аударуымыз қажет. Тәрбиешілер өз топтарында психологтарымен бірлесе жұмыс жасауы тиіс.
Психолог пен әлеуметтік педагогтың арасында бірлескен жұмыс жоспары құрылып, баланы әлеуметтендіру жұмысын басты назарға ұстауымыз қажет.
Әлеуметтік педагогта мекеме басшылығымен бірлесе отырып, баланың жеке басын растайтын құжаттарының болуы, өзіне тиесілі жәрдемақыларды уақытылы алып отыруына бақылау жасау қажет.
Сондықтан балалар үйіндегі басты күш - негізінен тәрбиешілер мен психолог, әлеуметтік педагогтардың жұмысы дұрыс жолға қойылған болуы тиіс.
- Арнаулы мектеп-интернаттары өз жұмыстарын:
Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық педагогикалық қолдау» Заңын (2002 жылы 11 шілде) басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Бұл салада өз қиыншылығы бар, өйткені дені сау балалар емес, мүмкіншілігі шектеулі балалар жұмыс.
Балалардың физикалық мүмкіндіктері мен ойлау қабілетін ескере отырып білім береді, қолынан келетін тұрмыстық, еңбек беретін дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау, жасөспірімдерді тұрмыстық бағдарлау ( ас әзірлеу, дастархан жасау, ыдыс жуу, т. б) негіздеріне үйрету, өз-өзіне қызмет көрсету, тұрмыста және қлғамдық орындарда жүріп-тұру, өзін бақылау, қарым-қатынас жасау дағдыларын және өмір сүрудің басқа да нысандарын үйрету, әңгімелесу, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру т. б жұмыстарын атқарады.
Бұл жұмыстар арнайы логопед, дефектологтар қатар, тәрбиешілермен де жүргізіледі.
4. Мінез-құлқында аутықушылығ бар балаларға арналған мектеп-интернаты
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмлеттік толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балаларды қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу» Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылңғы 27 қаңтардағы №42 «Арнайы білім беру ұйымы туралы ережесі» бұйрығымен жүзеге асырылады.
Бұл мекеме 11-18 жас аралығында құқық бұзып, сотта ісі қаралған жасөспірімдер тәрбиеленеді.
Атынан көріп отырғандарыңыздай, мінез-құлқында ауытқушылығы бар жаөспірімдермен жұмыс аса ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді.
Бұл жұмыста көбіне балалардың бос уақытын тиімді өткізу, пайдалы еңбек түрлерімен көбірек айналыстыру т. б тәрбие үрдістер қолданылады.
Қорыта келгенде:
Біз әрбір мектеп-интернатпен, балалар тәрбиесімен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарының жұмысына қысқаша тоқталдық.
Бірақ та, біздің тәрбиелеп отырғанымыз балалар болғандықтан біз ең әуелі төмендегідей мәселелерге басты көңіл бөлуіміз қажет:
- Әлеуметтік педагогтың жұмысы
Аты аталғандай «әлеумет» бұл қоғаммен ткелей жұмыс жасайтын тұлға. Сан алуан, қиында жауапты қызметті атқаратын әлеуметтік педагогтың жұмысы ауқымды. Өйткені ол ең бірінші «әлеуметтік қолдауды қажет ететін топ мүшелерімен» жұмыс жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz