Қазіргі білім беру технологияларының пәні және міндеттері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 163 бет
Таңдаулыға:
Қазіргі білім беру технологияларының пәні және міндеттері Лекцижоспары:
1. 1. Жоғары мектептегі қазіргі білім беру технологиялары.
1. 2. Білім беру технологияларының мазмұны.
1. 3. Қазіргі дидактикалық концепциялар.
1. 4. Бағдарламаланған оқыту. Проблемалық оқыту. Дамытылып оқыту.
Инновационды оқыту.
Лекция мазмұны 1. 1. Жоғары мектептегі қазіргі білім беру технологиялары.
Ғылыми-техникалық прогресс өндірістің көптеген салаларын ғана технологияландырып қана қоймай, мәдениеттің, білімнің гуманитарлық саласына батыл еніп дами бастады. Қазір ақпараттық, медициналық т. б. технологиялық салалармен бірге білімнің технологиялық мәселелері қарастырылуда.
Өндіріс процесін технологияландырумен салыстырғанда, педагогикалық бағдарлама одан да қиын әрі күрделі процесс екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Алайда, бұл бағдарлама эксперимент түрінде дәлелденіп, тиімділігін көрсетіп, тексеріліп барып жоспарлы түрде жүргізілу арқылы білімді технологияландыруға қолданылып келеді. «Егер жоғары оқу орындары мен білімді, біріншіден, оны өндіріс орындарымен салыстырсақ, сондағы шикізат, екінші жағынан, оқушы дайын күткен өнімі болып табылады. »
Педагогикалық технологияның артықшылығы, басқа технологиялардан айырмашылығы «тірі материалдармен», демек қоғамдағы үстеме өндіріспен байланыстылығымен ерекшелене түседі. Педагогикалық технология басқарудың көптеген теориялық және практикалық мәселелерін қамтиды. Олар, оқытудың құралы мен әдістері және оқу процесін ұйымдастыру. Осы арқылы олар педагогикалық ой-пікірді тарата алады және міндетті деген, ХХ ғасырдың басындағы прагматикалық психология мен педагогиканың негізін қолдаушылардың (У. Джеймс, Д. Ж. Двюн, С. Холл) тағылымдарын растай түсуде. Индустриялдық педагогиканың өкілі Ф. У. Тейлордың да ой-пікірі осыған ұқсас.
30-жылдары АҚШ-та жасалған аудиовизуалдық оқудың алғашқы бағдарламасының кіріспесінің өзі, білімдегі технологиялық революцияның бастамасы ғана емес, қазіргі кезеңдегі дамыған, мәні, пәні, концепциясы, морфологиясы, әдебиеттері толық жазылған жаңа пән - педагогикалық технологияның негізін салды.
Кәсіптік білікті педагогтар мен технологтардың арнаулы бағдарламаны тездетіп жасауы педагогикалық технологияның лексикалық сөздігін оның ұғымдық түсінігін нақтылай түсуге мүмкіндік туғызады.
Оқытуды технологияландыру идеясының пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал “Педагогикалық поэмасында”: “Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару”.
В. П. Беспальконың айтуынша әрбір іс-әрекет не технология, не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология - ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспроматқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып табылады.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдиев, Н. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
Қазіргі уақытта технологиялар білім берудің бір түрі ретінде қарастырылады және психодидактика, қоғамдық психология, кибернетика, басқару және менеджмент теорияларында бағаланады.
Бастапқыда көрсетілген педагогтар оқыту технологиясы, оқу технологиясы және педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. “Педагогикалық технология” термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:
- өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;
- мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.
Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” үғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.
Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н. Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан - бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғары руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады.
Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В. В. Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:
- технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі әдіснамалық философиялық позициясы жатады. Осылайша, білім беру процесінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;
- педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;
- диалогтік қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау және саралау принциптерін негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология қарастырады;
- педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез-келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал 2-ші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;
- педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар - диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және инструментариялар, белгілі ұстанымдар.
1. 2. Білім беру технологияларының мазмұны.
Қазақстан Республикасы жоғарғы білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетілгендей, қоғамымыздың жаңа әлеументтік тапсырыстары, өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді.
Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я. А. Коменский “дидактикалық машина” деп атады.
Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Соған байланысты, мақсат - құрал оның қолдану ережелері нәтиже модулі шықты. Бұның өзі білім берудегі кез - келген технологияның өзегі.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты “оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады” мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды.
Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады.
Педагогикалық технология мәселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т. Т. Галиев т. б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.
Қазіргі кезеңде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы кеңінен пайдалыныла бастады. Бұл термин өмірге комьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында жаңа компьютерлік технологияның енуімен сипатталады. Ғылымда дамудың жаңа бағыты - технологиялық бағыт өмірге келді. Себебі педагогика ғылым ежелден-ақ білім беру, тәрбиелеу, оқыту саласындағы ең тиімді әдіс-тәсілдерді табуға, оны өмірде пайдалануға, жоғары нәтиже алуға талпынады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін табуға ұмтылады.
«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне» - өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
Ал, педагогикалық технология деп - бүкіл оқу проқесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығын айтамыз.
Сурет 1 - Педагогикалық технология
Оқыту технологияларының классификациясы
Д. В. Эльконин -
В. В. Давыковтыңдамыта оқтыу технологиясы
Техникалық шығармашылық
технологиясы
Шығармашылық
Білім беру технологиясы
Ұжымдық тәсілмен
оқыту
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге байланысты оқыту міндеттері. Оқыту міндеттері.
Оқу жобаларының мазмұнын анықтаулар оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру
«Педагогикалық технология» ұғымы алғаш рет АҚШ-та енгізіліп, әртүрлі түсініктер берілген.
1960-1970 жылдардан бастап педагогика ғылымында жаңа ұғым болып пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:
- «педагогикалық технология» - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқубағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердібүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпараттуындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың түтас үдерісі (С. Сполдинг) ;
- «педагогикалық технология» - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана (В. Беспалько) ;
- «педагогикалық технология» - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті (М. Кларин) ;
- «педагогикалық технология» - оқу үдерісіне белгілі бір мақсатты көздей әсер ететін педагогикалық ықпал (Б. Лихачев) ;
- «педагогикалық технология» - оқу-тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды қүрамдас бөлігі (Ш. Таубаева, Б. Барсай) .
Педагогикалыќ технология наќты технологиялыќ барыста ж‰зеге асады. Технологиялыќ барыс наќты педагогикалыќ нєтижелерге баѓытталѓан наќты технологиялыќ бірліктердіњ ж‰йесі ретінде кµрінеді: тєрбие теориясында технологиялыќ барыстардыњ ќатарына, мысалы, ±жымды ±йымдастыру єдістемесі, бірыњѓай талапты ендіруді, µзін-µзі басќаруды, жарысты, сыныптаѓы немесе мектептегі тєрбие ж‰йесін ±йымдастыру жатады.
Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген:
- Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б. Т. Лихачев) ;
- Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие проқесінің практикадажүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В. П. Беспалько) ;
- Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу проқесін жобалау, үйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В. М. Монахов) ;
• Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық кұралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М. В. Кларин) .
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі - шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мүғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіпқорлығы көрінеді.
1. 3. Педагогикалық инновацияның мәні мен мазмұны.
Қазіргі заман қоғамдық құрылымдағы қарқынды өзгерістермен, адам мен қоғам және елдер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастармен, жедел демографиялық, миграциялық және өзге де өзгерістермен, экономикалық өмірдегі қайта құрулармен және т. б. құбылыстармен сипатталады. Жаңашылдық пен жаңалық енгізу үдерісі қоғамдық еңбектің бүкіл салаларында жүзеге асырылып, олар ғылым, білім, өнер секілді көптеген салаларда өміріміз бен жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып келеді.
Білім беру де жаһандық қоғамдық жүйенің қосалқы жүйесі ретінде өз құрылымы мен парадигмасын өзгерте отырып, барлық туындап жатқан өзгерістерді ескеру қажет. Егер білім беру саласы қоғамдағы өзгерістер мен бетбұрыстарға ілеспей, артта қалып қоятын болса, онда ол тек қана ескі технологиямен жұмыс істейтіндіктен, жабық, инертті және тиімсіз жүйеге айналады. Мұндай келеңсіз жағдайды болдырмау үшін дер кезінде тиімді де оңтайлы жаңалықтар енгізу қажет. Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, адамның жақсы өмір сүруге және жаңа, жақсы әрі жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуге деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады. Білім беру - қоғамдық қызметтің бірі ретінде қоғамдағы өзгерістерге ілесе отырып, оның дамуы мен өзгеруіне ықпал етуге тиіс. Бұл қоғамның өзгеруін не тежейді, не болмаса жеделдетеді. Қоғам қаншалықты сауатты болса, соншалықты тез өзгереді. Өмірде және жұмыста қолданылатын қазіргі заманғы білім, тәжірибе және қабілеттер дамудың (прогресс) оталдырғышы болып табылады. Сондықтан білім беру саласындағы өзгерістер келешектегі қоғамдық дамудың нәтижесі болып қана қоймай, оның ерекше шарты ролін де атқарады.
Білім беру саласына жаңалықтар енгізу - көптеген факторлар әсер етіп, көптеген қатысушылар қатысатын және ұзақ мерзімге созылатын аса күрделі үдеріс деп есептеледі. Аталмыш факторлардың бірін оқытушы құрайды. Оған және оның қарым-қатынасынан елеулі дәрежеде жаңалық енгізу үдерісі әсерленеді.
Қоғам мен білім беру саласын қайта құру үдерістерінің өзара әрекеттесе отырып, бірін-бірі тежейтінін немесе жеделдететінін көрсетеді. Сондықтан, әртүрлі елдердің білім беру саласын дамыту тәжірибелерінде көбіне ұқсас бағыт-бағдарлармен қоса, елеулі айырмашылықтар да кездеседі. Барлық елдер үшін ортақ ерекшелік - адам ролінің айқын көрінетіндігінде, сол себептен, білім беру жүйесіне ұлттық міндет ретінде баса назар аударылады.
АҚШ-да, Ресейде, Жапонияда, Батыс Еуропада және өзге де елдерде білім берудің елдегі шаруашылықтың дамуына тигізетін ықпалы жайлы зерттеулер жүргізілді. Мұндай зерттеулерді КСРО-да 1940-1960 жылдары Струмилин, АҚШ-та 1929-1957 жылдары Шульц, 1909-1927, 1927-1957 жылдары Деннисон жүзеге асырды. Сондай-ақ, Жапония ағарту министрлігінің 1930-1955 жылдар аралығында жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері қамтылған “Ақ кітап” жарық көрді. Батыс Еуропада мұндай зерттеулер соңғы жылдары Деннисон тарапынан жасалды.
Уақыт өте келе, білім беру деңгейі мен құрылымының жеке тұлғаның экономикалық және саяси мәртебесіне, өмір сүру деңгейіне және ұдайы өндіріс шарттарына ықпал ететіндігі айқындалды. Міне, сол себептен білім беру саласымен ғылымға құйылатын инвестициялар экономикалық инвестициялар ретінде қарастырылып, ұлттық инвестициялар сипатында аса маңызды да пайдалы капитал салымдарының қатарына ене бастады. Өйткені, “ең қымбат, бағалы капитал - адами ресурстарға салынатын капитал” екендігі тұжырымдалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz