Тарау Қазіргі дидактикадағы оқыту процесінің мәні және оқытудың жалпы теориялық мәселелері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І Тарау Қазіргі дидактикадағы оқыту процесінің мәні және оқытудың жалпы
теориялық мәселелері
1.1 Оқыту процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік ... ... ... 5-
9
1.2 Оқыту процесінің
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 10-12
1.3 Оқытудың әдіснама-дидактикалық жүйелері ... ... ... ... ... ... ... 13-16
ІІ Тарау Оқыту процесінің қозғаушы күштері және
оларды дамытудың жолдары
2.1. Оқыту процесінің негізгі құрамдық
бөліктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..17-19
2.2. Оқудың қозғаушы күштерінің бірі оқыту процестерін
ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...20-23
2.3 Оқытудың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..24-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Әрбір азамат өзінің Отанының да, өзінің келешегіне де үлкен сеніммен,
үмітпен қарауға міндетті. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев
Қазакстанның болашағы қоғамның идеялык бірлігінде атты еңбегінде
Қазақстандық азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін, азаматтық
еліміздің рәміздерін қастерлеуден, Заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден
бастау керек, - деп көрсетті. Ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлырақ
болуына, адамзат қоғамын алға бастыратын күш тек білімге ғана тән.
Сондыктан да жеке тұлғаны қалыптастыру, талантты, дарынды оқушылармен жұмыс
істеу бүгінгі танда өзекті мәселе болып отыр. Қоғамның дамуы жас ұрпақтын
меңгерген білімі мен қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт
етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты,
талапты ұрпағы болып табылатыны сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты:
Кейінгі жылдары оқыту ұғымы оқушыларлың танымдык іс-әрекет тәсілдерін
қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де, мұғалімдер мен
оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының
бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің
бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқыту процесінің қозғаушы
күштері және оларды дамытудың жолдары келесі мақсаттармен сипатталады:
1) екі тараптылық;
2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті;
3) басқарым мұғалім тарапынан;
4) жоспарлы ұйымдастыру және басқару;
5) біртұтастық және бірлік;
6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік;
7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Зерттеудің міндеті:
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың
бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді,
жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді. Оқыту процесінің
қозғаушы күштері және оларды дамытудың жолдарының маңызды міндеттері:
* Оқушылардың танымдың белсенділігін ынталандыру;
* Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
* Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту болып табылады.
Зертеудің теориялық мәні:
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді.
Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған,
реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы
ұйымдастыру, оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті
болып табылады. Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа
жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып,
білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту
және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім
алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар
аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
Зерттеудің практикалық мәні:
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңыңда: Әрбір баланың жеке
қабілетіне қарай интеллектуалдың дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту
сияқты өзекті мәселелер енгізілді. Қоғамның ілгері басуы озық ойлы
дарындылар қатарының өсуіне байланысты. Дарын иелерін таңдау, талантты
оқушылардың білімін жетілдіру, келешегіне жол сілтеу, құқығын қорғау басты
мақсатым. Өйткені талантты, дарынды оқушы басқалармен салыстырғанда қоғамға
көп пайда әкеледі. Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей,
басты мақсатымыз - ұрпақ тәрбиесі. Білім беру - тәрбиелеу мен оқытудың
үздіксіз үрдісі. Сондықтан Президенттің Қазақстан - 2030 жолдауындағы
Жас шамасына карай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпакка
көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз, - деген сөзін басшылыққа алуымыз керек. Ол
үшін халқымыздың рухын биік ұстайтын, елдің дәстүрі жайында жүйелі білім
берілуі керек.

1.1 Оқыту процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын
бөлімінде зерттеледі. Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы
үйретуші дегенді білдіреді. Алғашкы рет бұл неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдаткан. Ал
Я.А.Коменский дидактиканы баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері
деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы
тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және кайшылықсыз теориясы ретінде
таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен карай
бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету
проблемасын шешу: қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса - қашан, қай
жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде.
Дидактиканың категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту,
оқып үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу
мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері кұрал-
жабдықтары, нәтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе және оқу технологиясы да
осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды
анықтама келіп шығады: дидактика - оқу және білімдену, олардың мақсаттары,
мазмұны, әдістері, жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі
ғылым.
Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу
процесінің барысымен нәтижесіне негіз болар тәуелділіктерді талдайды,
жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші
әдістер, ұйымдастыру формалары құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының
аркасында ол екі басты функцияны атқарады:
1)теориялық (диагностика және болжастыру);
2) практикалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс-әрекетінің барлық деңгейіне
орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту
шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекелей болып бөлінеді. Жалпы
дидактиканыың зерттейтін пәні: оқыту мен үйренуді, оларды туындатқан
жағдаяттары мен оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін
нәтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту әдістемесі
деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін, мазмұнын, оқыту формалары
мен әдістерін қарастырады. Әр оқу пәні өз әдістемесіне ие.
Дидактикалық процесс мәнін түсіну үшін оқыту және оқыту процесі
түсініктерінің мән-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар
теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. Оқыту түсінігі кұбылысты
білдіреді, ал оқыту процесі - бұл процестің уақыт және кеңістікте дамуы,
оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқыту процесі негізінен оқыту кызметі ретінде
қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл
түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-әрекеттеріне ерекше назар
аударылатын болды.
Оқыту процесі - шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол
өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі әр текті және табиғаты бір-біріне
ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Сондыктан да оқыту процесі түсінігіне толы және жан-жақты анықтама беру
қиындау. Солай да болса, казіргі педагогика ғылымында оқыту процесі
ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: оқыту процесі - бұл барысында
білім беру, игеру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға
бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты
іс -әрекет.
Оқыту процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи
байланыстагы екі түрлі әрекеттен тұрады: оқыту - мұғалімнің оқу материалын
меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-әрекеттері және оқып үйрену —
білім меңгеру максатындағы оқушының іс - әрекетері. Бұл екеуі арасындағы
байланыстырушы тетік - бірлікті іс - әрекеттерді жанамаластыратын оқу
мазмұны.
Оқыту негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық
бірліктері болып есептелетін, әрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім
ретінде білімдер, ептіліктер және дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі - сеп-түрткілер (мотивтер) Қандай да
оқу әрекеттерін не тұтастай оқыту істерін орындай отырып оқушы осы сеп-
түрткілерді басшылыққа алады. Оқытуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, әрі
сан қилы. Олардың әрқайсысы өз алдыңа дербес ықпал жасамай, бір-бірімен
тығыз ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-
ой әрекеттерінің ынталандырушы сеп-түрткілер катарында танымдық қызығулар
мен қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы
ғылыми мазмұн және педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді
де дербес таным кажет.
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін,
оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-
әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері,
эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері
мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту - таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген
қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті — оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам
дамуының негізгі зандылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын
ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәледденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен
тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның
әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту — даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі
белгіні: организмнің өзіңдік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың
жан-жақты жетілуін түйістіреді
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара
қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі — мұғалімнің баламен
үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.
Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу
іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, үйымдастыра білуі (іс-
әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін
айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы
тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.
Бұдан шығатын қорытынды: оқыту — баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз
етеді; оқыту — бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында
тығыз байланыс туындап отырады. Л. С. Выготскийдің баланың дамуынан ілгері
жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегі күнгі дамуына
емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала
дамуының "екі зонасы" болатынын айтады. "Бірінші зона" — бала дамуының
қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің
оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына ("екінші зонаға")
жеткізуге міндетті екендігін айтады.
Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен
оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде
қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
Оқыту - екі жакты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп
жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту — мұғалімнің
білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу — баланың өзінің танымдық,
практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным ерекеті мұғалімнің басшылығы
арқасыңда ғана жүзеге асады.
Окыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын
жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған
түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан
өзгертілген жолмен мұғалімнің арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне
сүйене отыра меңгереді.
Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас екшеліктерінің сәйкестігін
ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп
отырады.
Оқыту — бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және
ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту
негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас
(комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші
қызметі — оқушыларға білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты
фактілермен, қағида және түсініктермен, зандылықтармен қарулан-дыруды
қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі
құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі — тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық
білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып
дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және
мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы
біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп,
бірлікте қодданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз,
тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған
жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның
танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі — дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру,
оларды төрбиелеу негізінде тұлғаның акыл-ойы, сана-сезімі, шығармашы-лық
қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері
шындалып, қабілетгерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты
қалыптасьш дамиды, байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық
процестері де қарастырылады.
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді,
керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп
есептеледі. Соңдықтан, дамудың қарқынды, жан-жақты әрі, терең болуы білім
беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан
шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі
болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы
ықпал етеді.
Дидактикада "Жетілдіре оқыту" процесі 1960жылдардан басталды. Осы
негізде Л. В. Занков, Н. А. Менчинская, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М.
А. Данилов, М. Н. Скаткин еңбектерінде, оның жолдарын шешу үшін әртүрлі
принциптерді ұсынды. Солардың ішінде Л. В. Занковтың оқу процесі арқылы
білім беруді қарқыңды, ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы меңгеруін
қамтамасыз ету ережесін ұсынылды.
Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуынада
оңтайлы әсер етеді.
1.2. Оқыту процесінің қызметтері.
Оқыту процесі бірнеше қызметтерді – білімдендіру, дамыту, тәрбиелеу,
ынталандыру және ұйымдастыру - атқарады. Бұлардың бәрі кешенді іске
қосылады, алайда, тәжірибелік іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, оқу
міндеттерін тиімді жоспарлау үшін олардың әрбірін өз алдына қарастырған
жөн.
Оқыту процесінің білімдендіру қызметі ең алдымен білім, ептілік
дағдыларды, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады.
Білім (знание) - бұл деректер, мәлімет, ұғымдар, ережелер, заңдар,
теориялар, формулалар мен сипаттамаларды , т.с.с. түсіну. есте қалдырып,
қажеттікке орай кайта жаңғырту.
Оқыту барысында ғылыми білімдер тұлға меншігіне айналып оның тәжірибелік
корына енуі кажет. Бұл кызметтің іске асырылуынан білім толықтығы,
жүйелілігі және саналылығы, оның бекімі мен әрекетшеңдігі қамтамасыз
етіледі. Оқушы ғылым негіздері мен іс-әрекет түрлері бойынша мәліметтер
жинақтайды, игерілген білімдерді саналы пайдалана білу негіздері қаланып,
оларды тұрмыстық міндеттерді шешуге қолдануға үйренеді.
Білімдендіру кызметі сонымен бірге оқушыға тек білім игертіп қана
шектелмей, олардың ептіліктері мен дағлыларын қалыптастыруға арқау болады.
Ептіліктер - бұл адамның ережелерге сүйене отырып, қандай да нақты
әрекеттерді орындау кабілеті. Дәлірек айтсақ, ептілік дегеніміз - білімді
практикамен байланыстыра қолдану тәсілдерін, жолдарын меңгеру.
Дағды- бұл саналы іс-әрекеттің автоматтастырылған бірлігі. Басқаша
айтсақ дағды - ойланбай орындалатын, жоғары дәрежеде жетілген ептілік.
Ептілік жаттығулар нәтижесінде қалыптасады. Дағды қалануы үшін Көп санды
қайталаулар қажет. Ептіліктер мен дағдылар жалпы оқулық және арнайы
оқулық болып ажыралады.
Арнайы оқу ептіліктері мен дағдылары нақты оқу пәні мен белгілі ғылым
саласына байланысты қалыптастырылады. Мысалы, физика, химия пәндері бойынша
- зертханалық тәжірибелер өткізу, заттай көрнекіліктер пайдалану,
географиядан - картамен жұмыс, масштабты өлшемдер, компас не басқа да
құралдарды қолдану, математикадан логарифмдік сызғышпен, есептеу
машиналарымен, әркилы модельдермен және т.б. жұмыс алып бару ептіліктері
мен дағдылары орнығады.
Арнайылардан тыс оқу процесінде оқушылар барша пәндерге катысы бар
жалпы оқу ептіліктері мен дағдыларын да игереді. Мысалы оқу және жазу
дағдылары, өзіндік таным жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ептіліктері; оқулық,
анықтамалар, библиографиялық тізімдермен мен жұмыс.
Оқыту процесі білім беру қызметімен бір уақытта тәрбиелік міндеттерді
де іске асырып барады. Оқудың тәрбиелік қызметтері осы әлеуметтік процестің
өз табиғатына орай орындалады. Осыдан оқу процесінде оқушыларда
көзқарастар, ғылыми дүниетаным, табиғат, қоғам және ойлау заңдылыктарын
пайымдау, қоғамдык талап, тәртіп нормаларын мойындау әрі оған байланысты
заңдарға бойсыну кабілеттеррі қалыптасады. Тұлғаның қажетсіну сезімі, іс-
әрекеттік, әлеуметтік, мінез-құлық, құндылық және құндылықты бағыт-
бағдарлар да осы оқу процесінде пайда болып, жетіліп отырады.
Тәрбие мүмкіндіктері тікелей білім мазмұнынан келіп шығады. Әр оқу
пәнінің өзіндік тәрбие мүмкіндігі бар. Оқушылардың тұлғалық сапа-
қасиеттерін қалыптастыруда гуманитар және элеуметтік- экономикалық
пәндердің тәрбиелік маңызы басқа кәсіби пәндермен салыстырғанда өте жоғары.
Оқыту барысындағы тәрбиелік ықпал мұғалім мен оқушылардың өзара
қатынасына және ұжымдағы психологиялық жағдайға байланысты. Педагогикалық
процесс қатысушыларының арасында қарым-қатынас, тілдесу стильдері әрқилы
болуы мүмкін: әміршіл - әкімшіл, демократиялық, либералдық. Бұл орайда
казіргі заман педаготикасының ұстанымы-мұғалімнің оқушыға деген ізгілікті
(гуманистік), сыйластық қатынас жасауы, шәкірттерге белгілі шамада дербес
өз бетінше жұмыс алып бару мүмкіндігін беру және оларды оқу процесін
ұйымдастыруға тартып, сенім білдіруі. Осылардың бәрі біріге оқушыға білім
беру процесінің тең құқықты субъекті болатынынң танытып, оның белсенділігін
көтеруте жәрдемін тигізеді. Оқу адамды барлық уақытта тәрбиелейтіні
белгілі, алайда ол тәрбие кейде қисынсыз бағытқа да бұрылып кетуі ыктимал,
сондықтан оқудың тәрбие қызметін іске асыруда оқу процесін ұйымдастыруға,
оның мазмұнын іріктеу мен әдіс, формаларын таңдауға байланысты тәрбие
міндеттін дұрыс түсініп алған жөн.
Білім беру және тәрбиелеу қызметтерімен бір қатар оқу процесін балаға
дамыту ықпалын да жасайды. Оқып, білім игере отырып, оқушы жан-жақты дамуы
тиіс, яғни тұлғаның сөйлеу тілі, ой толғауы. Сезімдік және қозғалыс
ептіліктері көңіл-күй еріктік, кажетсіну қабілет- қасиеттері ілгерілі
даму өзгерістеріне келеді. "Даму басы – оқу - бұл аса маңызды психологиялық
заңдылық. Сабақ барысында мұғалім қаруы болған білім мазмұны, ол колданған
оқу формалары мен әдістері, сондай-ақ оқушылардың белсенді, саналы әрқилы
іс-әрекеттері – бәрі де даму өзегі.
Дұрыс ұйымдастырылған оқу әркашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз,
дегенмен оның нәтижелі іске асуы арнайы бағыт-бағдардың болуына тәуелді.
Педагогика теориясы мен тәжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше оқу
технологиялары нактыланған:
- ақыл-ой әрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И.Я.Талызина);
- теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л.В.Занков);
- жоғары қарқын және қиыншылық деңгейінде оқыту (Л.ВЗанков);
- оқушылардың өз оқу әрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету (Л.В.Занков);
- проблемді оқыту (А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов);
оқудың дамытушы әдістер жүйесін колдану. (И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин);
- оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В.В.Давыдов);
- окушылардың танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігін көтеру әдістерін
қолдану (Г.И.Щукин);
- төніректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын толғаныс көңіл-
күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану аркылы оку тиімділігін арттыру
бағыты (Д.Кабалевский, И.Волков).
Бүгінгі таңда окудың дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін талай
технологияларын мұғалімдер табысты қолданып жүр.
Білім беру, тәрбиелеу жәнс дамыту кызметтерімен қатар педагогика
ғылымында оқудың ынталандыру және ұйымдасу кызметтері де өз алдына
қарастырылуда. Оқу процесін шәкірттерді алдағы оқу танымдық жұмыстарға
еріксіз тартатындай, келер сабаққа ынтық болып күтетіндей дәрежеде
құрастыру, оқушыны жаңаны білуге ынталандыратындай етіп ұйымдастыру қажет.
Оқу процесінің жоғары да аталған барша қызметтері бір-бірінен оқшауланған
құбылыстар емес, олардың бәрі өзара шартты байланыста әрі сабақ бөліктері
мен кезеңдерінің бәрінде бірдей орындалып барады.
1. 3. Оқытудың әдіснама-дидактикалық жүйелері
Оқыту мәнін түсіндірудің бірнеше әдіснама-дидактикалық жолдары бар.
Олардың ішінде аса кең танымал болғандары:
1) Гербарттык тәрбиелік оқу бағыты;
2) Дж.Дьюидің окушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты;
3) казіргі заман демократияшыл дидактика бағыты.
Тәрбиедік оку бағыты. Негізін салған неміс философы және педагогы
И.Гербарт. Ол Я.А.Коменскийдің дәстүрлі сынып-сабақтық жүйесін сындарлы
түсінім тезіне сала отырып, оның кемшіліктерін көрсетті, онымен бірге этика
мен психологияның сонғы жетістіктерін арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе
түзіп, ұсынды. Гербарттың пікірінше, оқу-тәрбиенің ең жоғары мақсаты -
адамгершілікті, моральдік, күшті мінезге ие болған тұлға қалыптастыру. Оның
ойынша,тәрбиелік оқу келесі этикалык идеяларға сүйенуі тиіс:
-тұлға ұмтылыстарының бағытын, аймағын және күшін анықтаушы кемел
жетістігі;
- өз еркін басқалардың еркіне икемдесуі мен бағынуын қамтамасыз ететін
тілектестік;
- адамдар арасындағы дау-дамайдың өрістеуіне шек қоятын құқықтар;
- басқалар тарапынан болған көңіл қабарту және өкпені қайтаруды
міндетіне алатын әділдік;
- адамның ерік сезімін оның ниеттері мен наным-сенімдеріне икемдестіруте
мүмкіндік беретін ішкі рухани еркіндігі.
Бұл жүйенің негізгі ерекшеліктері келесідей: мектептің басты міндеті -
оқушылардың ақыл-ес дамуын камқорлыққа алу. Моральдық тұрғыдан күшті мінез
иелерін қалыптастыруға дұрыс педагогикалық жетекшілік, тәрбие және онымен
байланысты оқу себепші болады. Жетекшілік жасаған адамның міндеті
балалардың тұрақты іспен шұғылдануын қамтамасыз ету, дене және
интеллектуалды дамуына бақылау қою, тәртіпке үйрету. Оқудың тәртіппен тығыз
байланысы келуінен, білімнің оқушы сезімі және ерігімен бірігуінен –
тәрбиелік оқудың мәні құралады. Бұл түсінікті ендіре отырып, Гербарт
тәрбиені оқудан белектеуге болмайтынына, ерік және мінездің ақыл-санамен
бірге дамитынына баса назар аударды.
Гербарттың дидактикаға ендірген басты жаңалығы - оқу сатыларын бөлектеу
болды. Оның дидактикасындағы схема келесі түсініктілік - байланыс - жүйе-
әдіс. Оқу процесі ұғымдардан түсініктерге өту және түсініктерден теориялық
сипаттағы ептіліктерге жету жолымен жүргізіледі. Бұл схемада,
байқағанымыздай, практикаға орын қалмаған. Бұл формальды деңгейлер оқу
мазмұнынана ажыралып, барша сабақтарда және барлық пәндерге арналған оқу
процесінің желісін айкындайды.
XIX ғасырдың ортасында кең таралған Гербарт теориясы кейін бірте-бірте
маңызын жоя бастады. Осы күнгі бағалармен өлшестіретін болсақ, Гербарт
жүйесі мектептің дамуына кері ықпал жасады. Осы теорияның негізінде оқудың
мақсаты дайын білімдерді ұсынып, жаттату деген пікірлер тарай бастады; оқу
процесіндегі белсенділік мұғалімнен ғана күтілді, оқушыларға тыныш, назар
салып, қайта қарастырғанда мұғалімнің айтқанын орындау міндеттері таңылды,
яғни балалар енжар тыңдаушыға айналды. Дегенімен, Гербарт дидактикасынсыз,
одан келер ықпал болмағанда, оның тәрбие тәжірибесін сынға салып, қайта
карастырмағанда, бүгінгі теория мен практика мектеп өміріне еш уақытта да
енбеген болар еді. Зерделі назар аударсақ, бүтінгі мектептің өзінде де
Гербарт қалаған әміршіл дидактиканың элементтерін көптеп кездестіруге
болады. Осылайша, өз сыныбына қатаң тәртіпті енгізуді ниеттеген мұғалім
алдымен ойланғаны жөн - бұлай істесем бола ма? Гербарт тәжірибесінде бұл
тәсіл қолданылған, бірақ окудағы шектен тыс қаталдықтан ғұламаның кейінгі
шәкірттері бас тартты. Бұл өнеге-құптарлық.
Оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты XIX ғасырда жасаған
американ философы, психологы және педагогы Джон Дьюи дидактикасы коғам мен
мектептің прогрессив дамуына кайшы келген гербартшылардың әміршіл-әкімшіл
педагогикасына қарсы тұру мақсатында дүниеге келді. Гербарт дидактикасына
келесідей қарсы айыптар тағылды:
- қатаң тәртіп пен жазалауларға негізделген үстірт тәрбие;
- өмірмен байланыспаған оқудың кітабилылығы;
- оқушыларға тек дайын білімдерді ұсыну, жаттауға бағытталған енжар
әдістерді қолдану;
- оқушылардың қызығулары және қажеттерімен байланыспауы;
- оқушы қабілеттерін дамытуға аз көңіл бөлінуі.
Дж.Дьюи өз зерттеуінде оқушылардың белсенділігі дамуына басты назар
аударып, оқушылардың қызығуларына, олардың өмірлік қажеттеріне байланысты
болған оқудың (құрғак сөзді, кітаби, тек я тауға негізделген оқудан гөрі)
анағұрлым жоғары нәтижелер беретініне көз жеткізді. Дьюидің оқу теориясына
енгізген негізгі үлесі толық ойлау әрекеттері (акті) жөніндегі жаңалык
пікірі. Осыған байланысты адам өз өміріне аса күрделі де кедергі болған
қиындықтарды кездестірген кезде ғана ойлау әрекетіне кіріседі. Әрбір толық
ойлау акті келесі кезеңдерден құралады:
- қиыншылықты түйсіну (сезу);
-оны нақ байқап (көріп), мәнін анықтау;
- одан құтылудың жолдарын іздестіру (болжам белгілеу);
-болжастырылған шешімнен қорытындыға келу (гепотезаны логикалық тексеріске
салу);
- болжамды қабылдау немесе одан бас тартуға мүмкіндік беретін келесі
бақылаулар мен эксперименттерге өту.
Шешімдерін ойластьтрып, жеңу қажет қиыншылықтар кейін проблема атауын
алды. Дьюидің пікірінше, дұрыс құрылған оқу әр уақытта проблемді болуы
тиіс. Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың қызығуларына, өмір
талаптарына сәйкес болуы шарт.
Мұғалім қызығу кабілеттерінің дамуына мұкият ден қоя отырып, олардың
алдына түсінімі және шешілуі жағынан қиналтпайтын проблемалар қойып баруы
қажет. Оқушылар, өз кезегіңде, осы проблемаларды шешуден өздеріне жаңалық
әрі пайдалы болған білімдерді игеретініне сенімді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz