Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері


Кіріспе
1. 1. Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері.
1. 2. Қазіргі ислам философиясының қазіргі замандағы қарастыратын мәселелері.
1. 3. Ислам философиясының Батыс философиясынан айырмашылығы және қоғамдағы атқаратын ролі
2. Қазіргі заман ислам ойшылдарының қоғам туралы философиялық көзқарастары
2. 1. Әли Даванидің, Аятолла Мусова Ларидің ислам діні мәселелері
2. 2. Исламның қәзіргі заман ойшылы Үстаз Хасан Ғалимпур Азғади
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 1Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері.
Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірінің бас кезінде мәдени тұрғыдан арабтар тоқырауға тап болды. Арабтардың да ғана бөлігі парсылық мәдениеттің ықпалында қалса, олардың негізгі бөлігі, әсіресе, Сирия мен Мысырда саяси билік, әлеуметтік басымдық парсылық әсерде қалған романдық-түрік мәдениеті ассимиляциясына ұшыраған адамдардың қолына өтті. Білімі терең ғұламалар немесе сопылық пірлер ретінде арабтық мәдениетін тәрбиеленген адамдар арасында тек дін саласымен шектелген процесс жүріп жатты. Барут империясы кезеңіндегі араб өлкесінде өте аз мөлшерде шығармашылық әрекет кездесіп жататын. Қандай жағдай болмасын жергілікті диалектерден жоғары тұратын араб тілінің өзі де белгілі бір шеңбердегі теологиялық саладан басқа «жерде елеусіз дәрежеге жетті. Жергілікті диалекттер арасында байланыс болмай, халықтар арасында да мәдени қарым-қатынас құралы болудан қалған араб тілі өз отанында өлі тілге айнала бастады. Ал жазу дәстүрі заман өткен сайын өзінің ортағасырлық қуатын жоғалтты. Кейінгі классикалық орта ғасыр (классикалық халифалық кезең) дәуірінде осы тілде дүниеге келген әдеби, ғылыми жетістіктердің көпшілігі классикалық Антика кезеңі сияқты жоғалды. Ал аман қалғандарының көпшілігі арабтардың отаны - Каир мен Бағдатқа қарағанда Стамбулға шоғырланды.
XVIII ғасырдағы сауда-саттық ордасы Осман империясының түріктер орналасқан өлкелерде болғаны сияқты Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы христиандардың қолында болды. Араб және араб емес христиандар даму үстіндегі Батыс мәдениетімен тығыз байланыс орнатқан. Мұсылман арабтар түріктерге қайшы түрде әлгі христиандарды өз бақылауына ала алмады, сондықтан, шеттен келгендерге (және араб христиандар мен иудейлер) жасалған жеңілдіктер өз деңгейінде қалды. Осылай, мұсылман арабтар исламдық мұралардан мақрұм қала отырып, модернизм ағысына ілесе алмады. Егер Еуропа бәсекелестікке шақырар болса, жергілікті мәдени қуатты дамытуға немесе жандандыруға қажеттілікті қамтамасыз ету мұсылман арабтар, түріктер арасында тіпті, өзге де кез келген мұсылман халықтары арасында асығыс болар еді немесе оларға төтеп беруі өте қиынға соғар еді.
Осыған қарамастан жоғарыда баяндалған шығыс араб орталықтары (Арабстан мен Батыс араб өлкелерінде өте аз) халықаралық еуропалық жүйемен өзге мұсылмандық орталықтарға қарағанда тығыз байланыс орнатты. Осыған орай, Хидив Исмаил Паша тұсында Каир қаласы еуропалық сипатқа ие болды және Ураби кейерілісі осы Батыс идеализмінен қуат алған. Кромердің Мысыры тек отарланған экономикалық аймақ емес, Сириямен бірге сырттай және рухани тұрғыда модернизацияланған орталық ретінде алдыңғы қатарға шықты. Осылайша, Мысыр өткенінен сабақ ала отырып, модернистік мұсылман халықтары арасында алдыңғы қатарлы лидер болуға аяқ басты. Шешілуі қиын проблемаларға толы болса да оның алға қарай қадам басуы шапшаң әрі нық, модернистік халықтың өзін, өткен мұрасын тануға жол бастап, Мысыр мен Сирия үлкен табыстарға қол жеткізді.
Мысырлық арабтар Батыстың саяси қуатына түріктерден бетер қарсы тұрды. Себебі, Мысыр алпауыт Батыс мемлекеттері отарына айналуының алдында тұрған болатын. Өзінен төмен санаған Лорд Кромердің үстемдігінен тапталған мысырлықтар мұсылман халықтары арасында артта қалу қаупінің сәл ғана алдында тұрғанын түсінді. Осы жағдайды болжай білген көзі ашық Мысыр оқымыстылары Батыс мәдениетімен тығыз байланыс жасау қажеттігін түрік оқымыстыларынан кем ұғынбады. Көздеген мақсаттарынан туындаған ағылшындардың алаңдаушылығы Мысырдағы арабтардың, Абдулхамид билігіндегі арабтардың немесе түріктердің билігін баспа арқылы әлсірету жолына батыл қадам жасады. XIX ғасырдың соңына қарай Түркиядағы сияқты Мысырда газеттер көптеп шығарыла бастады, бірақ, Мысырда шыққан жинақтар мен газеттер Түркиядағы газеттерге қарағанда ой еркіндігіне мән беріп, мұсылмандардың модернизациялық процесті игере бастағандығын көрсетті.
1914 жылғы дүниежүзілік соғыста Англия Мысыр бастионында Осман империясына қарсы бірікті. Мысырлықтар өздерін бақылауға алған христиандық империяға болысып бақты. Келесі бір жағынан Осман империясына қарайтын провинциялардағы кейбір арабтар «Жас түріктердің» 1908 жылғы революциясынан бастап, Осман империясында жүргізіп жатқан түрікшілдік процесіне байланысты өз болашақтарына күдікпен қарайтын болды. Сириялық христиандар арасынан бастау алған әдеби жандану Мысырда жалғасын тапқаны сияқты классикалық Аббаси дәуірімен байланысты араб ұлтының жоғарылығы сезімі дамытылып, (әсіресе, Сирияда) оның әсері мұсылмандарды да шарпыды. Зиялық қауым ретіндегі оқымыстылар тобы Осман сұлтандығына бағынуды таңдады. Олар Австро-венгрия қос монархиясы тәрізді араб-түрік федерациясы ішінде оқу-ағартушылық және басқарма тілі ретінде араб тілі түрік тілімен тең дәрежедегі орталықсыздандырылған басқарманы көкседі. Алайда, Жас түрік қыспағынан белсенділер мемлекеттен тысқары жерлерде болғаны сияқты, мемлекет ішінде де араб тәуелсіздігін мақсат тұтқан жасырын ұйымдар құрды. Дүниежүзілік соғыс әлгі ұйымдарға қолайлы жағдай жасады: 1916 жылы султанның өкілдері ретінде қасиетті қалалар. Мекке мен Мединені басқаратын, сондай-ақ, онда өз тәуелсіздігін де белгілі бір дәрежеде сақтап қалған бір араб жанұясына қарасты қасиетті Мекке қаласына арабтарға тәуелсіздік берілетіні жайлы ағылшындардың берген уәдесіне орай, Англиямен тізе қоса отырып, арабтар Хижаздағы османдықтарға қарсы халықтың көтеріліске шығуына үндеу тастады.
Соғыс кезінде халық қатты күйзеліске ұшырады. Ағылшын нарығы үшін мақта өндірісін кеңейтуге байланысты азық-түлік көзінің сарқылуы Мысыр халқын аштыққа ұрындырды. Дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі тәртіп-сіздік, Сирияда да арабтардың наразылығына байланысты Жас түріктердің аяусыз қыспағы халықтың аштан қырылуына себеп болды. Бас көтерген хижаздық арабтар 1917-18 жылдары Сирия жақтан Осман империясына жасаған шабуылдарда ағылшындарға көмектесті және артынша Файсал өзін король деп жариялады, бұл Дамаск халқын, сириялықтарды қатты қуандырып, ағылшындардың қаланы жаулап алуына жағдай жасады. Соғыстың алып келген өзгерістері барлық аймақтарда бостандық үмітін тұтатты. Батыс Еуропада осындай рухани серпіліс үлкен демократиялық өзгерістерге және еркіндікке жол бастаса, дәл сондай атмосфера арабтарды да ерекше әсерлендірді. Алайда, мұнда ағылшын билеушілерінің консервативтік жоспарлары да бар болатын. Еуропа мемлекеттері бір-бірі-мен бәсекелескен кезде, Еуропа ұйымының таралуына, артынша, әсіресе, Осман империясына қарасты жерлерге бірлескен еуропалық бақылау жүйесінің де ыдырауына жол ашты. Дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер Еуропа гегемониясының соңың бас кезінде ойластырмады. Олар оны өз пайдасына орай, қайта реттеуді жоспарлаған. Дамымай қалған әйтеуір бір аймақты, ең болмағанда қосымша тұрғыда соғыста жеңген елдің бақылауында болады деп санады және жаулап алынған аймақтар халық қонысы ыңғайына қарай бөлінді. Ал араб мемлекеттері осы жоспардағы аймаққа бағынауы тиіс болды. /1, 393б/
Дүниежүзілік соғыста жеңіп шыққан мемлекеттер шығыс араб өлкесің өзара былай бөлісті: Мысыр мен Ніл Суданы ағылшындардың үлесінде, өйткені, Суэц каналы арқылы Үндістанмен байланыс жасау жағыңан Мысыр ағылшындарға қажет деп табылды. Француздарды, әсіресе, Ливандағы Осман империясы заманынан бері өз қамқорлығындағы католик миссионерлік әрекетінен туындаған аймақ пен Оңтүстік Сирия қызықтырды. Үндістанды уысына ұстау үшін Парсы шығанағы аймағының маңызы мен мұлай көздеріне байланысты ағылшындар Иракты алды. Ал Алжир француздардың үлесіне тиді. Араб түбегінің шығысы мен оңтүстік жағалауларындағы қала мемлекеттерді өз бақылауына алған және Меккемен жасалған келісімде басымдыққа ие болған ағылшындар италяндардың ерекше қызығушылық танытуымен алған Иеменнің Қызыл теңіз жағалауынан басқа бүкіл Араб түбегін өз қол астына қаратты. Оңтүстік Сирия аймағы (Палестина) халықаралық бақылауда ұсталатын болып шешілді, бірақ, орыстар Ресейдегі революцияға байланысты бұдан тысқары қалды. Ағылшындар Библияның отанында еврей мемлекетін құрып, христиандық Еуропадағы аз халықтар статусынан бас тартқан еврей эмигранттарына сол жерді мекендеуіне рұқсат алып беретініне Сионистерге (еврей қозғалысы) сөз берген. Осыған байланысты ағылшындардың Палестинаны өз қарамағына алуы қажет болды.
Араб реформаторларының біршамасы модернистік экономика Еуропа өміріндегі қуаттың көзі екендігін түсінді және (Жас түріктер мен Ататүрік сияқты) зауит-фабрикасы көркейген модернистік индустрияны дамытуға тырысты. Соғыс кезінде Сирия мен Мысырда индустрия, әсіресе, тоқыма саласы біршама дәрежеде дамытылды. Мысырлықтардың қол жеткізген жаңа банк ісімен қатар онда жаңа индустрия Мухаммад Абдухтың шәкірттері тарапынан ұлттық жандануға қызмет ету мақсатымен көркейтілді. Ұлттық өндірістегі артқан көрсеткіш бойынша XIX ғасырдағы жоғалған индустриялық өндірістердің орны статистикалық тұрғыда жаңа индустриямен толықты. Сонымен қатар, осы аралықта өндіріске тікелей қатынасқан азаматтардың саны да аз болатын, алайда, индустриялық жұмыс күшінің артуы шамамен жалпы халық санының артуынан төменгі көрсеткішті көрсетті. Себебі, қалаларға ағылған халық тұрақты жұмыстарға тұрды немесе көшелерде сауда жасады, олар мамандықты қажет етпейтін немесе мамандық бойынша жұмыстарға орналасты, яки (әсірее, 1930 жылы болған әлемдік қаржы дағдарысынан соң) туыстарын паналады немесе жеңіл-желпі жұмыстармен шұғылданды, араларында жұмыссыз қалғандары да бар.
Мысыр халқының басым бөлігін құрайтындар жерді баптап, егін егетін немесе ауылдарда қосымша диқаншылықпен айналысатын дала халқы болды, олардың қалаларға келгендерінің көпшілігі жанұяларын ауылдарына қалдырды, қаладағы жұмыстан демалысқа шыққандары немесе қартайғандары ауылдарына қайтты. Осындай ауыл мен қала арасындағы байланыс Мысырға тән құбылыс. Жартысы грек, италян және түрік ұлтын құрайтын Мысыр қалаларындағы космополиттік, левантиндік сипатқа қайшы түрде ауыл халқы салыстырмалы түрде біркелкілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етті. Ауыл адамдары қалаларға көшіп келген кезде, олар қаланы өз отаны ретінде сезіне алмады. Дегенмен, модернизмнің Мысырға ықпал етуі модернизмнің ауылға әсер етуімен аяқталды. Ауылдар модернистік сипатқа айналса, Мысыр елінің модернизациялануы айқын еді. Сондықтан, реформаторлар ауылдың тұрмыс-тіршілігіне көңіл аудара бастады. Ауылда модернизм не істемек?
Модернизм ықпалы өзге елдерге қарағанда Мысырдың ауылдық өміріне едәуір өзгерістерді алып келді және болашақ өмір Мысырдағы тәрізді ешбір елде айқындалмады. Себебі, Мысырдағы жағдай әдеттен тыс болатын. Өзге мұсылман өлкелеріндегі белсенді күшті Мысыр айқындай түйі және оның кейбір қырларын зерттеуге болады. Мысырдың араб әлеміндегі орны өз алдыңа ала бөтен, сондыктан, арабтар үшін Мысырдың ауылдық өмірі өзіндік мәнге ие.
XIX ғасырдан бұрын да Мысырдың ауылдық тұрмыс-тіршілігі түрленіп отыратын: банан тәрізді жемістер, кофе сияқты ерекше дәм беретін сусындар ислам әлемінің өзін ғана емес, әйгілі зікірлерімен, суфилік тариқаттарымен гүлденген, халықтың көзін ашып, ел арасында ерекше ілтипатқа ие болған Азхардың дін мамандары алдында жерұйық тәрізді жаңа діни қалыптар ауыл өмірін рухани және материалдық тұрғыда өзгертетін.
Алайда, XIX ғасырдың басынан басталған реформалар ауыл адамының жерге деген қатынасын жаңа арнаға түсірді. Мехмет Әлидің егістік жерге байланысты қаттылығы сол кездегі реформалардан да асып түсті: ауыл шаруашылығын коммерцияландыру, су тасқыны жүйесі арқылы суландыруды шектеу. Аталған реформалар Мехмет Әлидің заманынан басталған тенденцияларға қарамастан, қаржы мен ауыл арасындағы тікелей байланысты қуаттандырды және Саидтың заманына дейін егістік жерді жеке меншікке беруді заңдастыратын ауылшаруашылықты жекешелендіру және ауылдың томаға тұйықтығын жою процесі басталды.
Келесі бір жағынан Мухаммад Абдухтың жақтастары мен жолдастары модернистік Батыс түсінігі бойынша ескі араб мәдениеті мен ислам дініне көп мән бермейтін әлеуметтік реформаға көңіл бөлді. Әсіресе, ірі тартыс арасында Қасым Амин әйелдердің де қоғам ішінде ерлермен тең дәрежеде болуына рұқсат етуді талап етіп, жоғарғы топтар тарапынан әйелдерге жасалған шектеу мен қыспаққа қарсы соққы жасады. Ерлердің дәрежесі биік екендігі жайлы дәстүрлі ұстанымға сай діндарлардың сыни көзқарасына тап болған кезде, Қасым Амин дуниеге үздік мәдениетті орнатушы адамдарға тәрбие берген және ер адамдарды да адам еткен әйелдердін мәдени жүйесіне қарап, олардың құқығын жақтайтын радикалдық кітап арқылы оларға жауап берді. Онда аталған тақырып бойынша классикалық араб мәдениеті модернистік Батыс мәдениетінен қарағанда төменгі дәрежеде дамыған деп кемсітуге дейін барды. Алайда, оның пікірлері көп қарсылыққа ұшырады. Сонымен қатар соғыс арасы кезеңінде феминизм Батыс Еуропаның өзінде де кең етек алып жатқан кезде, Еуропадағы фемннистік бір конференциядан еліне оралған бір топ араб нәсілдері бас жамылғыларын алып тастаған. Көп уақыт отпей-ақ, жоғарғы топтағы әйелдер бүгінге дейін ерлермен ген дәрежеде кәсіптік жұмысқа тұра бастады және олар қоғам ішінде белсенді рөлді ойнай бастады.
Әйел басындағы жамылғыны алып тастау ішінара ауыл әйелдерінен де кездесіп тұрды. Мұндағы басты проблема Мысырдың, яғни Мысыр ауылдарының жаңадан қалыптаса бастаған мәдени нормаларын рухтандыру қандай негізге сүйенді деген мәселе. Бұл - әрине мәдени ошақ - қала мәдениетінің шешімімен байланысты. Қалада саяси тығырыққа тірелген мәселелер негізінде өрбіген жанжалдар әсересе әдебиет саласында жүзеге асты. Модернизмге қарсы ескі әдеби типтер арасында текетірес әдебиеттің өрісін кеңейтті, біраз мәселенің басы ашылды. Егер келешекке қатысты имидж реформа мен ескі мұраларды жандандыру жолы арқылы қол жеткізілсе, ол жалпыға тән әдебиет арқылы жүзеге асуы тиіс. Ал егер бүкіл араб әлемі діни ағымдарға, мұсылмандар мен мұсылман еместерге бөлінбей, бір тудың астына жиналса, әдеби ояну діни жанданудан маңызды болары айқын: себебі, христиан, иудей арабтар мұсылмандармен бірге әдебиетке өз үлестерін қосар еді. Негізінде олар бір шаңырақ астында өз үлестерін әдебиетке қосқан болатын. Классикалық араб әдебиетінің модернистік мәдени өмір жолында оянуы стильдік, әдеби формалық деңгейі қалыптаспай тұрып, тілдік деңгейде қарама-қайшылыққа бой алдырғандай көрінген.
1. 2. Қазіргі ислам философиясының қазіргі замандағы қарастыратын мәселелері.
Өркениеттер сұхбаты үшін қажет тағы бір алғы шарт өзімділік. Бірақ төзімділік кейде сұхбатты өткізудің кезеңдерінде қажет болғанмен, біз жәй төзімділік пен позитивті ынтымақтастық арасын ажыратып алуымыз керек. Бұл екі терминнің біріншісі қазіргі кезде бар ұғым, ал екіншісі - шығыс діні мен философиясы көтерген ұсыныс. Сұхбат әмбебап мойындауды қолданатын жаңа үлгі болу үшін ол жәй төзімділіктен кең көлемді позитивті ынтымақтастық деңгейіне дейін көтерілуі керек. Киелі Құранмен таныс әрбір мұсылман «ынтымақтастық» сөзін ести сала барлық адамдарды игілікті істер атқаруда ынтымақтастыққа шақыратын Құдай сөзін еске алады: «Құдайға сеніп, Құдайдан қорқып бір-біріңе көмектесіңдер . . . ». Үшінші мыңжылдықта әлем қалыптастырған Іс әрекетке барлық халықтың құқы бар. Қандай да бір философиялық, саяси не экономикалық даудың кесірінен бірде бір ұлт сырт қалмауы керек. Басқаларға төзімділікпен қарау жеткіліксіз - барлығымыз бірге жұмыс істеуіміз қажет. Халық өмір сүріп жатқан әлем барлық адамдардың кең масштабты ынтымақтастығының негізінде құрылуы керек. ХХ-ғасырдың басына дейін бұл идея гуманистік ұран ретінде болса, бүгінде ол Жердегі өмірді жалғастыратын қажеттілікке айналды. Мұндай ынтымақтастық тек экономикалық және саяси мағынада болмауы керек. Адамдарды бір-біріне жақындату үшін жан-жаққа шашырап жатқан адам ойын тұңғиықтан шығаруымыз керек. Философиялық, моральдік, діни принциптері бір-біріне қарама-қайшылықта болса болашақта бір одақ құрамыз деп үміттенуге болмайды. Адамдар бір-біріне жақын болуы үшін олардың ақыл-ойын жақындату керек, оған қол жеткізу үшін әлемнің ұлы ойшылдары басқалардың негізгі идеялары мен ойларын түсіну үшін күш салып, содан кейін барып өз халқына жеткізуі керек. Ой мен жүректе сақталған негізгі ұғымдар жайлы сөз қозғау керек. Барлығы өмірдің, бақыттың, өлімнің де бар екендігі жайлы өз ойларын айту мүмкіндігіне ие болулары керек. Бұл тез шешімге әкелмейді, бірақ мұнсыз саяси және экономикалық қызығушылық арқылы келетін келісім өте нәзік те ұзаққа бармайды.
Тарихта қатігез сансыз соғыстар мен теңдесі жоқ көлемдегі қысым көрсету мен қанаудан еш ғасырға тең келмейтін жиырмасыншы ғасыр - өз кезіндегі философиялық идеялар мен саясаткерлердің іс-әрекетінің жемісі. Саяси ойлау мен қазіргі халықаралық қатынасты түбірімен өзгертпей, оны жаңа үлгімен - мәдениетгер мен өркениеттер арасындағы сұхбатпен ауыстырмай бұл ғасырдағы қан төгіс пен сұмдық жағдайлардың ақырына жету мүмкін емес.
Адамның Аллаға өз жүрек түкпірінен үн қатуын көрсететін діншілдік өзгермейтін, динамизмнен қол үзуші ретінде қарастырылмауы керек. Сонымен бірге біздің дін және оны түсіну жайлы түсінігіміз сенім рухынан алыс кетпеуі керек, себебі бұл сәйкессіздік орнықты әлемді қалыптастырудағы алғашқы қадам болып табылатын діндер арасындағы сұхбатқа кедергі болуы мүмкін. Сондай-ақ күнделікті керек нәрсемізді, нан мен суымызды жер қалай берсе, біз де жоғарыдан қолдау ала отырып өз сенімімізді бекіте түсуіміз керек. Сенім - кеуіп қалмауы үшін тұрақты қозғалыста болып тұратын өзен секілді балшықтан үміт күтуге болмайды. Сенім тұрақты қозғалыста болғанда ғана руханилық пен бейбітшіліктің жемісін көруге болады. Қашанда жаңарып отыратын сенім-өзеннің арқасында біз әлемді сүйе аламыз.
Тағы бір мәселе бейбітшілік пен сұхбаттың өзара қандай қатынаста болатындығы жайлы, сұхбатпен байланысты бейбітшіліктің тек бір ғана ерекше формасы бар. «Гегемонистік бейбітшілік» деген атпен белгілі Рах Romana «күш» және «құқық» сияқты кепілдікті қажет етеді. Мұндай бейбітшілік тұрақтылығы ол қандай күшке сүйенеді және екі жақтың да мүддесіне жауап бере ала ма соған байланысты. Ал сұхбат пен адамдардың ұтымды ойларының негізінде қалыптасқан бейбітшілік өзінің raison d etre (парасатты негіз), сонымен бірге адамның зиятты және психикалық даму деңгейіне бағынышты болады. Адамзаттың зиятты дамуын кері бүру мүмкін болмағандықтан мұндай бейбітшілік мәдениеттер арасындағы, діндер арасындағы, сонымен бірге адам мен табиғаттың арасындағы бейбітшілікті ұзақ та жан-жақты қамтитын болады.
Бүгін бірінші кезектегі мәселе адам мен табиғат арасында бейбітшілікті қалыптастыру. Адамның табиғатты сүйіп, оның игілігін пайдаланып, рахаттанатын кезеңнің орнын қанау мен табиғатты құрту ауыстырды. Мыңдаған жылдар аралығында ерте заманнан қазіргі кезеңге дейін адам табиғатқа жәй «қуат көзі» ретінде қарамаған. Бұл олардың жердің игіліктерін қажетіне жаратпады, өзінің әлеуметгік өмірін дамытуға пайдаланбады, өзі өмір сүрген табиғатты өзінің қажеттіліктеріне бейімдеу үшін табиғат ортасына кейбір өзгерістер енгізбеді деген сөз емес. Әрине, оның барлығын істеді, бірақ бұрын табиғатты адам қажеттілігінің қайнар көзі ретінде қарап, ешқашан мұндай сорақы жағдайға жеткізбеген еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz