Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесі


Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесі
КІРІСПЕ
Диссертациялық зерттеудің жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста адам болмысының қазіргі жағдайы философиялық антропология мәселелері деңгейінде зерттелді. Мәдениет философиясы контексінде өнердің жалпы адам мен оның әлемді көркейту тәсілі ретіндегі мәндері ашылды. Көркем шығармашылықтағы барлық пен болуға тиістілік сапалары, тарихи-жаһанданулық өзгерістер үрдісіндегі адам болмысына қатысты өнердің атқаратын міндеттері мен болашағы талданды.
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заман өнері және адам болмысының жағдайы адамзат өмір сүруінің жаңа өлшемге шығуымен негізделеді. Көркем шығарма қазіргі заман өнерінде әсерлендіретін пәнге айналып, ал өнер адам өмірінің көрінісін бейнелейді. Өнердің мұндай статусы классикалық емес көркем әлемді құруды білдіреді және ол сан қырлы өмірлік әрекетпен қайнасқан әртекті мәдени әлемдердің терезесі тең құқықта адамзаттың бірлесіп өмір сүруі мен өзара қатынасы екендігімен түсіндіріледі. Ғасыр соңында тоталды сипатқа ие болған көркем-мәдени әлем структурасы құрылуының көп жағдайда белгі ретінде дискурста туындауы құндылықтарды өзімен алып жүруші, берілетін, қатынастыратын мәнге айналып, өнердің болмыс формасы мен тәсілін өзгертті. Ғасырлар аралығына созылған классикалық дәстүрлі мен жаңашыл өнердің арасында ХХ ғасырда қақтығыс байқалып, мұның негізінде ХХІ ғасыр өнерінде үлкен өзгерістер трансформациясы айқындалды.
Ал, адам болмысы мәселесін зерттеуде рухани көздерді ашу мәдениет, өнер салаларымен байланысты болып келеді. Біздің қоғамда әрбір азаматтың тұлға ретінде кемелденуі, болмысының толықтығы көзделген. Ол әрбір азамат болмысының жеке даралық қасиеттерін дамыту, ерекше болуын және басқаға деген қатынасының жақсаруын, яғни, бүкіл жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарға қол жеткізуін білдіреді. Адамның болмысы осы мәселелер қатарында: ол заттар әлеміндегі адам болмысы, адам болмысының ерекшелігі, дараланған руханилық болмыс, объективтендірілген руханилық болмыс, болмыс пен барлық сапаларында анықтауды қажет етеді.
Қазіргі ақпараттар легіндегі мәдени ағымдардың әсерін сындарлы талдаудан өткізу, қоғамымызға қауіп төндіретін жағдайда шара қолдануымыз қажет болады. Себебі, адамның қолынан барлық нәрсе келеді, демек, оның шығармашылығы адамдарда адамилықты дамытуға арналмай, жеке өзінің эгоцентристік мақсаттарына бағытталуы да мүмкін. Қоғам мен қоршаған орта арасындағы өзара әсерлесу, даму барысында мәдениет өркениетке айналады. Адамдар бойындағы болмыстық ерекшеліктерге ұмтылуда тайталастық, қақтығыстар туындайды. Бұл үдерісте болмыстық ерекшеліктер дәстүрге үстемдік етіп, нәтижесінде құндылықтарды құнсыздандырып, өзінің жаңа құндылықтарын әкеледі. Қоғамдағы адамның жаттануы, құралға айналуы, ұлтаралық келіспеушіліктерге ықпал етеді. Ал, жалпыға ортақ - қамқорлық, өзгені түсіну, ізгіліктілік тәрізді адамзаттық құндылықтар оның адами болмысын сақтауға үндейді. Сондықтан, біздің мақсатымыз тарихымыздағы өнегелі істерді, даналықты бойға сіңіріп, дәстүрімізді жаңашылдықпен сабақтастырып, қоғамымызды дамытуға бағытталады. Қазақ елі бүгінгі Тәуелсіз Республикамызда ел басы атап көрсеткендей мемлекеттің жоғары игілікке ұмтылу идеясымен ұласып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев бұл бағытта «Еуразиялық Одақты» құру идеясында әлемдегі барлық мемлекеттер бойынан өткізіп жатқан дағдарыстан өту мақсатында барлық кедергі жасайтын догмаларды, таптаурындар мен шаблондарды аттай отырып, қажырлылықпен, шығармашылықпен жаңаша ойлауды, тарихпен берілген мүмкіндіктерді пайдалануды атап көрсетті. «Біз ұланғайыр байтақ даланы ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр бабаларымыздың асқақ аманатына адал болуымыз керек. Олар елі азат, жері тұтас қуатты мемлекет құруды, Жерұйықта ғұмыр кешуді аңсады. Осы арманды ақиқатқа айналдыру бақыты біздің ұрпаққа бұйырды. Елімізді әлемнің маңдайалды мемлекеттерінің қатарына қосып, қарқынды дамытып, Қазақстанды қарыштап өркендете беру - біздің қастерлі де қасиетті борышымыз!» деп түсіну осының дәлелі [1, 3 б. ] .
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғасыр философиясы үшін дәстүрлі онтологиямен салыстырғанда алдымен әлем, табиғат емес, адамды зерттеу мәселенің бастапқы нүктесіне айналды. Неліктен бірқатар философиялық бағыттар үшін болмыс туралы ілім ерекше назарға аударуға мәжбүр етті? Оның адам мәселесіне қарай ауысқандығын қалай түсіндіруге болады? ХХ ғасыр философтары өткеннің философия ішіндегі басымдылықтарын қайта қарады. Олар әлем болмысының өзбетінділігінен бастау алып, одан адамды түсінуге ұмтылатын және адамды әлемге тәуелді етіп қойған классикалық онтологияның өкілдеріне қарсы шықты. Бұл жағдайда философия «заттар философиясына» айналып, ал адам да көп жағдайда дәл солай зат ретінде қарастырылды. Алдыңғы қатарға логика, гносеология, идеялар теорияларын ұсынған классикалық философияның кейбір бағыттарына наразылық одан кем болмай, «жаңа онтология» өкілдері оларды «идеялар философиясы» үстемдік етуде адамды белгілі бір «таным машинасына» айналдырды деді.
Классикалық онтологизм және гносеологизммен таразы теңестірген ХХ ғасыр философиясының феноменология, экзистенциализм мен персонализм бағыттары шындығында адамды философияның орталық мәселесі деп есептеді. Бұл бағыттарда адам болмысының зерттелуі едәуір жан-жақтылығымен, тұтастығымен ерекшеленіп, метафизикалық толықтығы қамтылады. Адам болмысын түсіндіруде қаншама көзқарастар орын алғандығына қарамастан, адам болмысы өз деңгейінде терең зерттеліп, өзінің соңғы шешімін тапқан жоқ. Бұл ретте адамның болмысы жайлы анықтамалардан да адам болмысының адам үшін қажеттілігі негізгі орталық мәселеге айналып отыр.
Мәселенің экономикалық тұрғыда басымдылықпен шоғырлануын К. Маркс жаттанудың капиталистік қоғам жүйесі үшін маңыздылығын былайша баса көрсеткен: «Еңбекпен өндірілген зат, оның өнімі еңбекке қарсы қандай да бір бөтен нәрсе, бұл өндірушіге тәуелді болмайтын күш . . . » [2, 455 б. ] . Бұл жерде өмірден жүзеге асырушыны, өмірден жұмыскерді алып тастаған болып шығады, заттандыруда адамның жоғалуы және затпен оны жаулау, затты игеру - мұның барлығы жаттану, өзін-өзі жаттандыру болып табылады.
Ж. -П. Сартр «жаттануды индивидтің жаттанбайтын еркіндігі мен оны қоршаған әлемнің арасындағы онтологиялық қақтығыстың салдарынан» деп есептейді; сондықтан «жаттану адам болмысының бөліп алуға болмайтын бөлігіне айналады» [3, 44 б. ] . Г. Маркузе «жаттану қазіргі заманғы еуропалық мәдениеттегі болмыстың барлық элементтерін құралға айналдырып, оны индивидпен жаттандыратын инструментальді рационалдылықтың үстемдік етуінің салдарынан туындаған» деп табады [4, 91 б. ] . Адам болмысы мәселесін бірден-бір бірегей орталық мәселе ретінде қарастыратын ХХ ғасыр философиясындағы бағыт экзистенциализм философиясы. Оны жасаған ең үздік өкілдері: Карл Ясперс (1883-1969), Жан-Поль Сартр (1905-1980), Альбер Камю (1913-1960), Мартин Хайдеггер (1889-1976) болып саналады.
Экзистенциализмде болмыс бірыңғай жүйе ретінде таңдалады. Мәннің жалпы құрылымындағы экзистенциясын анықтау, яғни, ғаламның басқа да бастауларымен қатар, адам табиғатының онтологиялық барлығын анықтау негізгі мәселе болып табылады. Экзистенцияның негізгі онтологиялық анықтамасы - «аралық болмыс», бұл ұғымды Кьеркегор енгізген. Діни экзистенциалистер (Н. . Бердяев, К. . Ясперс, Г. . Марсель, П. . Тиллих) басқаның табиғатын сенім әрекетінде ашылатын «трансценденция» ретінде анықтайды. Неміс экзистенциализмінің өкілі М. . Хайдеггер болмыс нағызғы, субстанция, субъектке қарама-қарсы және қандай да бір сырттан берілгендік ретіндегі дәстүрлі қарастырылатын тұжырымдаманы сынайды. М. Хайдеггер үшін болмыс мәселесі - адам мәселесі ретіндегі мағынада, адамның өмір сүру негізі болып танылады. «Әлем тұтастық (болмыс) ретінде оны тек қоршаған табиғи ортаға қарағанда, ең алдыңғы мәнде - әлем туғызушы тіршілік иесі адамға тән» [5, 121 б. ] деп өте орынды айтқан. Сондықтан да, болмыс әлемінде өзінің шынайы орнын табу адам үшін маңызды міндет.
М. . Хайдеггер Э. . Гуссерльдің феноменологиялық тәсілін қайта қарастырып, оның зерттеуіне «интенционалдылық болмыс», «әлемдегі болмыс» деп пайымдап, экзистенцияны қосты. Феноменологиялық тәсіл экзистенциализмді, шындықты суреттейтін жүйелі онтологияға айналдыруға мүмкіндік берді. Діни экзистенциализм адамды әлемнен құдайға шақырады және өз-өзіне тереңдеуде болмыстың жаңа «трансцендентті» өлшеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Өз-өзіне тереңдеу, сонымен бірге «Мен» даралылығының шекараларын кеңейту» [6, 47 б. ] .
Антропологиялық білімдердің адам болмысының сан қырлы қабаттарын қарастыруға ұмтылысы адамның биологиялық мәнінен бастап, конституциялық, эволюциялық, популяциялық, этникалық, физикалық, медициналық, мәдени, психологиялық, діни тұрғыдан түсіндірулерін қамтиды. Адам болмысының денесі мен рухының өзара байланысы тәрізді адамның өмір сүруінің биологиялық негіздеріне екпін жасалып немесе адам табиғаты әлеуметтік-биологиялықтың бірлігі, адам өмірін ұзарту, өлім мен мәңгі өмір сүру, денелілік, ауыру, сырқаттану және ессіздік мәселелері туралы болса, мәдени антропология рухани феномендерді зерттеп, адам бейнесіндегі әртүрлі тарихи және мәдени кезеңдерде, адамның тарихтағы мәдени эволюциясын көрсетеді. Қазіргі заман өнері өзінің көркемдік шығармашылықтарында антропологиялық білімдермен қауышатындығын, кейде оларға сүйенетіндігімен тұжырымдалады.
Мәдени антропология рухани феномендерді зерттей отырып, көп жағдайда сипаттау тәсілін қолданады. Оның пәні адам бейнесіндегі әртүрлі тарихи және мәдени кезеңдерде, адамның тарихтағы мәдени эволюциясын көрсетеді. Мәдени антропология өзінде тарихи, діни, психологиялық және жас ерекшелігі антропологиясын қамтиды.
Феноменология ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы зор ықпалды ағымдардың бірі ретінде зерттеу тақырыбына қатысты таңдалды. Ф. Брентано алғашқы болып «интенционалдылық ұғымын психикалық үдерістерді сипаттауға, таза субъективті мағынада қолданды» [7, 27 б. ] . Интенционалдылықты Брентаноның түсінуін психологизм мен натурализмге жатқыза сынай отырып, интенционалдылыққа Э. Гуссерль «натуралистік емес», трансценденталды-феноменологиялық түсінік беруге ұмтылады. Ол Э. . Гуссерльдің («Логикалық зерттеулер») феноменологиялық философияны ауқымды түрде зерттеп дамыта білгендігі нәтижесінде кеңінен таралды [8, 54 б. ] .
ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен ортасында неміс және француз философиясы феноменологиялық зерттеу тәсілі ретінде маңызды роль атқарды. Бұл М. . Хайдеггердің «Болмыс пен уақыт» [6], М. Мерло-Понтидің «Феноменологиялық қабылдау» [9], Дж. Серльдің «Сананы қайта ашу» [10] атты феноменологиялық зерттеулері болып табылады.
Постструктурализм «қандай болмасын мәдени феноменнен рет пен мән іздеуге ұмтылатын логоцентристік дәстүрге сынмен қарап, қарсы шықты. Антитарихилық пен статикалықққа әкеліп тірейтін құрылым идеясы да күмән туғызды. Бұл ағымның белді өкілі Жак Деррида структуралистік әдіснаманы герменевтика мен психоанализге қосуға қадам жасап көрді [11, 25 б. ] . «Мәдениет сөздігі жеке дәуір мен тарихи айналымға ғана арналып жасалуы мүмкін, бірақ әр кезеңдердегі барлық өнер құбылыстарын түсінуге әмбебап емес» [12, 45 с. ] деген пікірлер, модернизм, постмодернизмді жасаған жұмыстарды тануға француз философы және мәдениеттанушысы Ж. Ф. Лиотар және т. б. көзқарастары жұмыста қазіргі заманғы мәдениеттанудағы бағдарларды анықтауға қолданылды. Неміс философы Т. Адорно «суретшілерге адам образын жасау мүмкін болмау себебі адам өміріндегі хаос - қисынсыз қайталанған деструктивті, дисгармониялық формада көрініс тапқандығынан» деді [13, 121 б. ] . Сол себептерден өнердегі гротескті образдар нақты адамзаттың басынан өткізген апатты көрсетуі болып қабылданды.
Адам болмысын зерттеудің әдіснамалық негіздерінде М. С. . Каганның «мәдениет» ұғымында адамның барлық биологиялық детерминделмеген сапаларының толықтығы» [14, 126 б. ], оның әрекет тәсілдері мен олардың заттық іске асуы тәрізді анықтамалары алынды. Сондай-ақ, К. Г. Юнг [15], З. . Фрейд [16], Ш. . Шукуров [17], Ю. М. . Лотман [18] еңбектері көркем шығармашылықты қазіргі заман өнерінде тарихи-мәдени аспектіде талдауға қолданылды.
Адам болмысы мәселесінің отандық қазақ философиясында талдану деңгейі осы мәселеге жақын зерттеулерде Ж. М. . Әбділдин, Ә. Н. . Нысанбаев, Қ. Ә. . Әбішев, М. С. . Орынбеков, А. Қ. Қасабек, Д. Кішібеков, Қ. Ш. . Нұрланова, Ж. М. . Молдабеков, Ж. А. . Алтай, Т. Х. . Ғабитов, С. Б. Бөлекбаев, Г. Қ. Әбдіғалиева, С. Е. . Нұрмұратовтың еңбектерінде қарастырылған. Адам мәселесін талдауға арналған ғылыми жұмыстардың қатарынан Б. Р. . Қазыханова, З. А. . Мұқашев, Т. Х. . Рысқалиев, М. С. . Сәбит, Б. Ғ. . Нұржанов, Н. Ж. . Байтенова, А. Б. Наурзбаева, Б. К. . Байжігітов, К. Қ. Бегалинова, Н. Г. . Аюпов және тағы басқа ғалымдардың еңбектері орын алады.
Адам болмысы мәселесі ретінде арнайы жақын тақырыпта қарастырылған еңбектерге Ғарифолла Есімнің «Абай дүниетанымындағы Алла мен адам болмысы (герменевтикалық талдау) » [19] және Г. Ж. . Нұрышеваның «Адам өмірінің философиялық мәні» [20], Б. . Қожамберлиевтің «Рухани болмыс пен әлеуметтік болмыс дамуының ара қатынасы» [21] атты ғылыми зерттеулері жатады.
Адам болмысы қазіргі заман өнерінде философиялық тұрғыдан арнайы зерттеуді қажет ететін тың тақырып. Көркемөнер шығармасындағы адамның бүгінгі уақыттағы болмыстық жағдайының қандай деңгейде екендігі, адам болмысының философиялық категория ретіндегі тұжырымдамасы мен оның өнердегі пайымдалу деңгейін философиялық тұрғыдан айқындау маңызды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесін мәдени-философиялық дискурс негізінде зерттеу.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- философия және өнер саласында адам болмысына өзіндік ұғымдық дефиницияларды сараптаудан өткізу;
- «руханилық» пен «мәдениет» ұғымдарының ара-қатынасын антропологиялық білімдер қатарында айқындау арқылы зерттеу мәселесінің әдіснамалық негіздерін ашу;
- интенционалдылықта әсерленудің сезімдік және рухани құрамдарын анықтап, конституивті принципте олардың потенциалдық және актуалдық мәндерін ажырату;
- өнердің адам мен әлемді көркейту тәсілі ретіндегі жоғары міндеттерінің бірі көркем шығармадағы рухани мәнділік көздерін зерттеу;
- көркем шығармашылықтағы өзара қатынас пен сұхбаттың тарихи-мәдени кешендерде мәнділік ретінде іске асу үрдісін пайымдау;
- адам болмысының рухани-әмбебаптылығы мен оның табиғи-инстинктілігін өнер шығармасындағы жасаушы адам, кейіпкер адам және қабылдаушы адам жүйесінде талдау;
- көркем шығармадағы адам бейнесі: барлық пен болуға тиістілік сапаларының идеал мен реалды көркем шығармашылық үрдістегі деңгейін айқындау;
- қазіргі заман өнеріндегі адам болмысының түрлендірілуін постмодернистік қағидалармен байланыста талқылау;
- тарихи-жаһанданулық өзгерулер үдерісіндегі өнердің міндеттері мен болашағына мәдени-философиялық талдаулар жасау;
- қазақ өнеріндегі адам болмысын қазақ дәстүрлі өнерінің арнайылық қырлары тұрғысынан зерделеу;
- қазіргі Қазақстан өнеріндегі адам мен әлем қатынастарының философиялық шешімін пайымдау;
- қазақ өнеріндегі жаңғырту мен жаһанданудың әсерін әлемдік тарихи-мәдени үрдістер деңгейінде дәлелдеу.
Диссертациялық зерттеудің нысаны адам болмысы мәселесінің қазіргі заман өнеріндегі көрінісін зерттеу.
Диссертациялық жұмыстың пәніне қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесін мәдени-философиялық білімдер жүйесі негізінде талдау.
Диссертациялық зерттеудің жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы философиялық антропология тұрғысынан зерделеніп, оған мәдени-философиялық пайымдаулар жасалынды, алынған негізгі ғылыми нәтижелер төмендегідей:
- адам болмысы өнерде әсемдік, әділеттілік, ақиқат заңдары арқылы рухани-ұждандық принциптер мен нормаларды, идеалдар мен құндылықтарды тұлғаның дараланған және объективтенген рухани болмысында және олардың өзіндік бірлігі екендігі пайымдалды;
- «руханилық» ұғымы өнердегі көркем образдарға ерекше сапада рең беретін құбылыс деп алынса, ал, «мәдениет» осы құндылықтарды жасаушы, сақтаушы және дамытушы, олардың өзара байланысындағы маңызды құрал, тәсіл екендігі анықталды;
- интенционалдылық көркем шығармашылықтық әсерленулерінде сезімдік деңгейдегі эмпирикалық құбылыстар «гилье» мен рухани белсенділік беруші «ноэма» арқылы адам әлемін бейнелеуде конституивті принцип рөлін атқаратындығы зерделенді;
- көркем шығарма бейнелердің бір тұтас жүйесі ретінде рационалды мен эмоционалдының, объективті мен субъективтінің, саналы мен бейсаналының, жеке дара мен жалпының қарама-қайшылықты бірлігін қамтитындығы, сонымен қатар, мән мен құндылықтың бірлігі екендігі зерделеніп, әлемді өнер тұлға мен адамзат қатынасында бейнелейтіндігі көрсетілді;
- көркем рецепция көрермен мен бейне арасындағы көркемдікті қабылдау үдерісінде оның мәтін сұхбаты ретінде санада қабылданып, ол шығармашылықта көркем коммуникацияны аяқтау үдерісі сипатында пайымдалды;
- адам болмысының рухани-әмбебаптылығы мен оның табиғи-инстинктілігі өнер шығармасында жасампаз адам, кейіпкер адам және қабылдаушы адам жүйесінде көрінеді; ол ең алдымен, «суреткер» - «кейіпкер» - «қабылдаушы» тізбегінде адамның жоғары гуманистік құндылықтары, рухани-ұждандық бастаулар және оның жасампаздығының көрінісі ретінде дәлелденді;
- идеал - адамның нақты өмірлік әрекетінде зерденің тәжірибе мен ақыл-ойды паш ететін қажетті априорлығы ретінде емес, ол тек ерекше жағдайда «кемелділік» пен «аяқталғандықтың» түйсінілетін бейнесі ретінде өнер мен тұлғаның көркем шығармашылығында іске асатындығы анықталды;
- постмодерн өнерінде адам болмысы байланыссыз бөлшектерден, сана мен мәдениет фрагментерінен тұрады, оның санасы шизофрениялық түрде ыдырайды; сондықтан деконструкция қисынына сәйкес ол бағыну мен үкім ету құрылымының қалай іске асатыны, тірі адам кейіпсіз субъектке қалай айналатыны, әлеуметтік өмір кеңістігінде өзін-өзі жаттандырған «бір өлшемді адамды» таңдайтындығы туралы ой-тұжырым пайымдалды;
- архитектоникалық өнердің басты сүйенетін тетігі әлем үлгісінің модельденуімен қатар, форманың мән құраушы элементтердің бірі адамның болмысының рухани даралылық негіздеріне сүйенетіндігі анықталып, адам әлемі оның болмыстағы басты өлшемдерінің бірі екендігі зерделенді;
- қазақ дәстүрлі өнерінің өзіндік ерекшелігі табиғи үйлесімділіктің маңыздандырғандығымен, адам болмысының даралылық сипатын этикалық негіздермен байланыстырғанымен сипатталатыны көрсетіліп, қазіргі ұлттық тарихи-мәдени процестердің философиялық келбеті анықталды;
- адамның болмыстық негіздерін түсінудің іргетасы Қазақстан суретшілері үшін қазіргі өнердің жалпы әлеммен жаңашылдықпен байланыс жасауға мүмкіндік беретіндігі, сонымен қатар, онымен өзара қатынас жасаудың маңыздылығының, яғни, «Меннің» «Басқаға» деген қатынасының тереңдеуінде екендігі дәлелденді;
- жаңа өнердің мәні, оның «осында» және «қазір» атты болмыстық ұғымды концептуалды түрде пайымдауға бағыттала отырып, адамның «өзін-өзі тануы» алғаш рет өзге мәдениет және дүниетаным өкілдерімен ашық сұхбаттасуға мүмкіндік алуын білдіретіндігі және «болмыс-осында» немесе «өмір сүру» - біз арқылы өмірлік тәжірибеде ашылатындығы анықталды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
1. Антропологиялық сипаттағы экзистенциалистік ойлау жүйесі тек қана бірыңғай болмыс шеңберінде өрбитіндігінде. Бұл негізгі мәселе - мәннің жалпы құрылымындағы экзистенциясын анықтау, яғни, ғаламның басқа да бастауларымен қатар, адам табиғатының онтологиялық барлығын анықтау. Экзистенциализмде болмыс құралдық алаң немесе мүмкіндіктер көкжиегі, оның шамасында өмір сүретін және дамитын адамның еркіндігі болып табылады.
2. «Руханилық» пен «мәдениет» ұғымдары адамның танымдық әрекеті мен әлеуметтік болмыс жүйесінде ерекше мәндік рөл атқарады. Руханилық бұл жүйедегі мәдени өнімдер мен процестерді, сол сияқты адамгершілік нормалар мен өлшемдерді, құқықты, көркемдік шығармашылықты адамдар әлемінде ол мәдениеттің субстанционалдық өзегі болып табылады. Өнер саласы руханилықты әлеуметке тасымалдаушы, таратушы, насихаттаушы жүйе.
3. Интенционалдылық принципі адамның үзіліссіз екпінді түрде өзіндік санасының шегінен шығуы, өзінің шекарасын аттап өтуі ретінде анықталады. Гуссерль бұл мазмұнды мен формалдының арасындағы айырықта трансценденталды субъективтілік негізіне жаңа конституивті принципті енгізіп, оны интенционалдылық принципі деп атады. Адам қазіргі заман өнерінде өзінің болмыстық мәнін осы интенционалдылық әрекетте көрсетеді.
4. Әрбір көркем шығарма өнерде адам мен әлемді көркейту тәсілі ретіндегі міндетін атқаруда өзінің әлем моделін, көркемдік тұжырымдамасын адам болмысының ішкі және сыртқы ортамен өзара әсерінде көрсетуге қабілетті. Көркем шығарма мәдениет аясында рухани (көркемдік) қасиеттерін бойында ала жүретін материалды құндылық. Себебі, ол мәндік тұрғыда ұждандық бастауларға бағындырылған және бірдей уақытта зерденің айнасы болып табылады.
5. Өзара қатынас пен сұхбат - түп негізінде көркем шығармашылықтың мәнді жақтары. Адам ең алдымен өзіндік дараланған қабілеті арқасында өзіне қажетті өнер әлемін жасайды және онымен өзара қатынастағы өнері арқылы өзін құлпыртады, қайта жасандырады, рухани гүлдендіреді. Бұл «суретші» - «өнер шығармасы» - «көрермен» жүйесінде тұлғаны жасау және қайта қалыптастыру коммуникациясы.
6. Адам болмысының рухани-әмбебаптылығы мен оның табиғи-инстинктілігі өнер шығармасындағы жасаушы адам, кейіпкер адам және қабылдаушы адам жүйесінде көрінеді. Адам өзінің табиғатында шығармашылықтың барлық салаларына қабілетті, соның ішінде, ең алдымен өнерге де қабілетті әмбебапты тіршілік иесі. Оның міндеті өзінің шығармашылығында жоғары гуманистік құндылықтарды, рухани-ұждандық бастауларды көрсету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz