ҚАЗІРГІ ЗАМАН ФИЛОСОФИЯСЫ. Маркстік философия



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ФИЛОСОФИЯСЫ

XIX ғасырдың ортасында буржуазиялық революциялар артта қалып, Европа
елдерінің көпшілігінде капитализм өз негізінде жедел қарқынмен дами
бастады. Тарихи аренаға жаңа әлеуметтік топтар: буржуазия және жұмысшылар
келді. Бұл кезең жас буржуазияның капитал қорын жасау жолында қоғамда
қалыптасқан дәстүр, әдет-ғұрып, әдептілік қағидалары сияқты әлеуметтік
құбылыстарды мойындамай, байлыққа қалай жетсеңде өз еркің деген принципті
басшылықка алған кезең еді. Осындай жүгенсіз байлыққа ұмтылудың салдары -
халықтың жағдай күйінің төмендеуіне, осы негізде олар мен буржуазияның
арасындағы қайшылықтың шиеленісуіне әкеліп соқты. Күн тәртібінде осы
шиеленіскен қарама-қайшылықтарды қайткен күнде де жоюға, тым болмаса
бәсеңдетуге болады, оны қандай күш жүзеге асыра алады, жалпы адамзат
капитализмге етуі керек пе еді, әлде онсыз амалдай тұруға болатын ба еді,
т.б. осы сияқты сұрақтар көтерілді.
Өткен кезеңдердің саяси-философиялық көзқарастарының өздеріне қажетті
деген ілімдерін әрі қарай дамыта және сол кездегі ғылыми жетістіктерге
сүйене отырып, осы қойылған сұрақтарға жауап ретінде XIX ғасырдың 30-40
жылдарынан бастап, көптеген саяси-философиялық ілімдер пайда бола бастады,
(либерализм, консерватизм, анархизм, ницше ілімі, марксизм т.б.).
Осы тұжырымдардың ішіндегі әлемдік тарихтың дамуына пәрменді әсер етіп,
өзіндік із қалдырғаны — маркстік философия болды. Негізгі өкілдері: Карл
Маркс (1818-1883 жж.), Фридрих Энгельс (1820-1895 жж.), В.И. Ленин (1870-
1924жж.). Негізгі шығармалары: "Капитал", "1844 жылғы экономикалық-
философиялық қолжазбалар" (К.Маркс), "Табиғат диалектикасы", "Анти-Дюринг"
(Ф.Энгельс), "Неміс идеологиясы", "Қасиетті отбасы" т.б. (К.Маркс, Ф.
Энгельс) және "Философиялық дәптерлер", "Материализм және
эмпириокритицизм", " Мемлекет және революция" т.б. (В.И.Ленин).
Марксизм материяны түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, сол
түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, бейнесі түсетін объективтік нақтылық деп
тұжырымдады (Ф. Энгельс, В.И. Ленин). Шын болмыс материя ғана. Оның өмір
сүру турлері — кеңістік пен уақыт. Кеңістік ұғымы заттардың бір-бірімен
қатар және бөлек өмір сүруі, олардың бір-біріне қатысты орналасу тәртібі
болса, уақыт-материалдық процестер өрістеуінің жүйеділігін, бір-бірінен
бөлек екенін, олардың ұзақтығын және дамуын сипаттайтын ұғым. Материяның
өмір сүру тәсілі — қозғалыс. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны
сияқты, материясыз қозғалыс болмайды. Марксизм қозғалыстың бес түрін
атайды: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік.
Қозғалыстың бұл түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Қозғалыстың жоғары
түрлері салыстырмалы алғандағы төменгі түрлерінің негізінде пайда болғанмен
де, қалыптасқаннан кейін оларды өзіне қамтиды. Қозғалысқа — өзгеру, орын
ауыстыру, даму жатады. Сана жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның — мидың
қасиеті. Оның мәні объективті нақтылықты бейнелеуінде. Демек, сананын
мазмұны — қоршаған материалдық денелердің сипатымен анықталады. Материалдық
денелер қозғалыстың өзара әрекетгің негізінде диалектикалык даму үстінде,
бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, өзгерісте болып тұрады.
Марксизм құбылыстардың ішкі байланысы мен өзара шарттастығын заңдылық деп
түсінеді. Заңдылық жалпыға ортақ әмбебап құбылыс. Оларды танып білудің
арқасында біз ұғымдарда алуан түрлі күрделі әлемдік затгар байланысын
бірлікте, тұтастықта бейнелейміз.
Максистер өздерінің дүниетанымдық көзқарастарын тарихты материалистік
тұрғыдан тусіндірудің негізі етіп алды.
Маркс "1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар" атгы еңбегінде
- артынан жалпы марксизмнің өзекті ілімінің бірі болған - адамның жеке
меншік үстемдік еткен қоғамдарда өз еңбегінен аластатылуы (шеттетілуі), ал
оны коммунистік болашақта жоюға болатыңдығы туралы идеясын ұсынды. Аластату
идеясы бұрын Гегельде таза рухани акт, Фейербахта діннің адамды нақтылы
өмірден аластатуы ретінде қарастырылса, Маркс бұл аластатушылықты екінші
қатардағы құбылыстар, ал шын мәніндегі аластатушылық – ол экономикалық
аластатушылық немесе аластатылған енбек деп тұжырымдады. Аластатылған
еңбекті Маркс төрт қырынан қарастырады. Біріншісі, жұмысшылар өндірістік
процесс кезінде табиғи материалдарды пайдаланып, өнім алады. Бірақ табиғи
материалдар да, енбектің жемісі де оған тимейді, жат болады, себебі
алғашқысы – еңбек құралы ретінде өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік
иесінің билігінде болады. Сөйтіп олар жұмысшыны өзіне бағындырады.
Екіншісі, еңбек процесінің өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн
көруге мүмкіндігі болмағаннан кейін, ол өз еркінсіз еңбек етуге мәжбүр
болады. Ондай еңбектен ол ешқандай ләззат ала алмайды, бірақ сол жұмыста
тапқан табысы арқасында өзінің, еңбектегі бос уақыттағы жануарлардыкі
сияқты мақсат-мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Ал оның негізгі
адамдық ерекшелігі – еңбектену, одан ләззат алу – қасіретке айналады.
Үшіншісі, еріксіз енбек жұмысшылардан оның әулеттік өмірін тартып алады.
Шын мәнінде, адам әулетінің өмірін жалғастырушы болып есептелетін еңбек пен
өндіріс, жұмысшы үшін жалпы адам әулетінің емес, жеке басының өмірін
сақтаудың құралына айналады. Осы себептен ол өндіріс пен табиғатқа өзіне
жат, қауіпті құбылыстар ретінде қарайды. Демек, олардан "әулетгік өмірдің",
адамдық мәнінің аластатылғандығы. Төртіншісі, еріксіз еңбек адамдар
арасында бірін-бірі аластатушылыкты тудырады. Бір жағынан – жұмысшылар
еңбек ету мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекеге түссе, екінші жағынан –
олардың еңбегінің нәтижесін иемденгендер де оған жат. Осындай
аластатушылыққа жұмысшыларға ғана тән емес, ол капиталистер арасында да
болатын құбылыс.
Ал астату шылықтын экономикалык негізі жеке меншік, Ал қоғамдағы баска
құбылыстар (діни, құқықтық, саяси т.б. аластаулар) осы зандылыққа
бағынышты. Аластатушылықтан қалай құтылуға болады? Егер аластатушылық
өзіңнің мәніңді, қасиеттерінді жоғалту процесі болса, оған қарсы процесс —
жоғалткан адамдық мәнінді "қайырып алу". Бұл процесс тек жеке меншік
жойылғанда ғана жүзеге аса алады, Жеке меншік жойылғанда, адам өңдірістік
өнімдерді күн көріс үшін шығармайды, ол еңбектенгенде одан ләззат алу үшін
жұмыс істейді. Сөйтіп, еңбек адамның өзін-өзі дамытуынын құралына айналады.
Ал адам табиғатқа, өндіріске, басқа адамдарға басқаша – табиғат пен өндіріс
заңына сәйкес "адам сияқты" қарайтын болады. Осының арқасында, адамның ішкі
табигаты да өзгереді, оның ең жақсы жақтары мен қабілеттері дамиды. Бүл
идеяларды кезінде социал-утопистер де айтқан болатын. Бірақ, Маркс олардың
"әлеуметтік теңдік" ілімін сынға алып, әлеуметтік теңдікті ләззат алу деп
түсіну қате пікір екеңдігін айта келіп, жеке меншікті жою автоматты (жедел)
түрде әлеуметтік теңдікке жеткізбейді, оның кейбір сарқыншақтары ұзақ уақыт
бойына сақталады, оған тек коммунизм тұсында ғана жетуге болады деп
тұжырымдайды.
Егер Маркске дейінгі ойшылдар адамды табиғатгың бір бөлшегі және
бағынышты бөлшегі ретінде қарастырса, ол адамды қоғамдық қатынастардың
жиынтығы деп қарайды. Адам жәй ғана табиғатта тұрмайды, оны қайта жасап,
өзгертеді. Осыған байланысты, Гегель, Фейербах т.б. еңбек, практикалық іс-
әрекет аластатушылықтың қайнар көзі деп есептеп, адамның мәні ретінде —
оның мәдениет, рухани саласындағы шығармашылық еңбектерін дәріптесе,
марксизм бұл проблеманы басқаша қалыптастырады. Табиғат, адамдардың өзін
өзгерту тек еңбекке (мейлі аластатылған еңбек болсын бәрі бір) байланысты.
Еңбек, практика ретінде адам табиғатының ең терең негізі және сипаттамасы.
Демек, практика барлық рухани құбылыстарға қарағанда алғашқы бастама.
Практика — қоғамдық сипатта болады. Басқаша айтқанда, ол адамдардың өзара
қатынасынан, байланысынан тыс болмайды.
Олай болса, бір жағынан практикалық іс-әрекеттін арқасында қалыптасқан
қоғамдық болмыс қоғамдық сананы жетелесе, екінші жағынан қоғамдық сана
қоғамдық болмысқа керісінше әсер етеді.
Өндірістің дамуына әсер ететін маңызды факторлар қоғамның, адамның
қажеттері мен мүдделері болып табылады. Қажетсінудің өзі өндірістің
дамуынан туындайды. Бір қажетгі қанағатгандыру екіншілерін туғызады,
екіншісі-үшіншісін сөйтіп кете береді, ал мұның өзі өндірістің дамуына
әкеледі. Адам қажеттерінің өндірІіске қатынасы өндіргіш күштер арқылы емес,
өндірістік қатынастар арқылы жүзеге асады.
Маркс осы ойын әрі қарай жалғастыра отырып, өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастар арасындағы байланыс заңдылығына тоқталады. Егер
өндірістік қатынастар өздеріне сай келетін өндіргіш күштердің дамуына
жағдай жасаса, қоғам жеделдетіп ілгері дамиды, ал керісінше, өндіргіш
күштердің дамуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Материализм
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Марксистік философия
Қазақ философиясының төл тарихы
Қазақтың маркстік философиясы
Пәндер