Педагогикалық процестің негізгі міндеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Педагогикалық процестің негізгі міндеттері»

Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Пән: Педагогика

Топ: БББ-31 (с)

Оқушының аты-жөні: Ермекова Наргиз

Курстық жұмысының жетекшісі аты-жөні:

Сәрсенбаева Б. Ғ.

2017 жыл


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: І
КІРІСПЕ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ, ОЛАРҒА СИПАТТАМА
3: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ: Педагогикалық процестер
3: 5
: 1. 2
КІРІСПЕ: Педагогикалық процестің ерекшеліктері
3: 7
: 1. 3
КІРІСПЕ: Педагогикалық процестің құрылымы
3: 9
: ІІ
КІРІСПЕ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ НЕГІЗГІ МIНДЕТТЕРI
3: 13
: 2. 1
КІРІСПЕ: Педагогикалық процестің негiзгi мiндеттерi
3: 13
: 2. 2
КІРІСПЕ: Педагогикалық процестiң мәнi
3: 17
: 2. 3
КІРІСПЕ: Педагогикалық процесс мұғалiм iс-әрекетiнiң объектiсi
3: 20
: 2. 4
КІРІСПЕ: Педагогикалық процестiң белгiлерi, сапалары мен қасиеттерi
3: 24
: ІІІ
КІРІСПЕ: ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
3: 26
:
КІРІСПЕ: Қорытынды
3: 31
:
КІРІСПЕ: Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
3: 32

Кіріспе

Педагогикалық процесс педагогикалық қызметпен қатар дамуда. Жүйелі түрде білім беру процессін ұйымдастырушылар өзінің жұмыстарының қорытындыларын анықтауға тырысады. Педагогикалық қызметте мыңдаған жыл бойы педаггикалық процесс әдістері қолданылды. Соңғы уақытта ғана сол сияқты процеслау әдістері ғылыми тұрғыдан зерттеле басталды.

Педагогикалық процесті анықтауды екі бағытты ажыратады: білімділікті процеслау, яғни білімнің нәтижелерін және білімге икемділікті процеслау. Процесс білімді және оқушылардың икемділігін тексерумен салыстырғанда неғұрлым мағыналы болып табылады. тексеріс тек білім берудің қорытындыларын анықтап оның себептерін ашпайды.

Процесс білім беру нәтижелерін білім беру құралдарымен жолдарымен байланыстырып жалпы динамиканы және тенденцияларды анықтауға тырысады. Яғни педагогикалық процесс жеке білім беру процессін оптимизациялауға, білім берудің дұрыс қорытындыларын анықтауға, оқушылардың қателіктерін азайтуға тырысады.

Білім беру процессін жетілдіруді көздеген педагогикалық процесның келесі мақсаттарды шешуге тырысады:

- білім берудің нәтижелері дұрыс бағаланбаған жағдайда ішкі және сыртқы коррекциялау;

- білім берудің осал жақтарын анықтау;

- білім берудің табыстылығын бекіту;

- білім беру процессінің келешек кезеңдерін болжау;

- білім беруде табыстылық үшін мадақтау арқылы ынталандыру және келешекте кездесетін қиыншылықтарды реттеу;

- оқыту процессінің жағдайларын жетілдіру.

Курстық жұмыстың мақсаты: оқушылардың біліктілігін педагогикалық процестің міндеттерін зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың білімділігін педагогикалық процестердің негізгі теориялық негіздерін зерттеу;

- Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейін процесс маңыздылығын анықтау;

- Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың білімділігін педагогикалық процесс әдістері мен тәсілдерін зерттеу;

- Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық процесс жұмыстарын ұйымдастыруды талдау;

- Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушының білімділігін педагогикалық процесс жұмыстарын жүзеге асырудың ерекшеліктерін анықтау;

- Қазіргі кездегі оқушылардың білімділігін тиімді ұйымдастырудың тиімді жолдарын зерттеу.


1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ, ОЛАРҒА СИПАТТАМА

1. 1 Педагогикалық процестер

Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А. С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санайды. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады.

Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю. К. Бабанскийдің, И. Я. Ленердің, И. Ф. Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған.

Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады:

1. Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Орта мектепте бұл заңдылықты іске асыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты болды. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық прогреске сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді;

2. Тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызды. Л. С. Выгодскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ал бала дамуының «ең таяу даму аймағын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы», одан әрі «актуалды даму аймағына» көшуі тиіс, яғни бұл аймақта оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды;

Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды, себебі адам баласы белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.

3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі.

Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктін ролі өте зор. Іс-әрекеттің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. Қарым-қатынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойында адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б. ) қалыптасады.

Тәрбие және оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді. Мысалы, оқыту процесінде баланың ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.

Жеке адамның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан жаңа факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауат емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

1. Тәрбие мен оқыту іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші рөлі тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты. Іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, спорт, еңбек, көркемдік, қоғамдық-саяси іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиді, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.

Іс-әрекеттің процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас - бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол информациялық, нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады.

Қарым-қатынас оқушыларды адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, айналадағы орта туралы мол информациялармен байытып, ой-өрісін дамытады.

Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық номалардың көзі - идеология, қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.

Қарым-қатынас - таным процесі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.

Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады:

а) оқу жоспарланып, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т. б. жасағанда;

ә) организмнің дене және психикалық дамуы барысында;

б) оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы жұмыстардың процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері:

а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;

ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипатта;

б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер. Қабілет - адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

Білім беру және тәрбие жұмыстары жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады.

Педагогикалық процесте коллектив пен жеке адамның өзара байланысы. Жеке адамды қалыптастырудың негізгі көзі коллектив болады. Коллективсіз жеке адам дамымайды, азғындайды, кері кетеді.

Совет ғалымдары Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский коллективті қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасайды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас - коллективтің даму процесі. Педагогикалық процесте коллективтің басты борышы - әрбір адамның түлеп өсуіне қамқоршы болу. Тәрбиенің ерекшелігі, оның коллективті бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процесс.

Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы творчестволық ынтымақтастықтың шешуші шарттарының бірі болады.

Педагогикалық процесс міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары.

Педагогикалық процестің барлық элементтерінің мақсаттары және міндеттері, яғни олар мұғалімнің, тәрбиешінің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды. Бұл заңдылықтар:

а) оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты;

ә) оқыту мен тәрбиенің формалары, оларды ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты;

б) оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады.

Егер педагогикалық процестің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.

1. 2 Педагогикалық процестің ерекшеліктері

Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бірқатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А. Ф. Каптерев, М. А. Данилов) ; оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю. К. Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С. Т. Шацкий, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский) ; өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А. С. Макаренко) ; біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б. Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В. С. Ильин, И. П. Радченко және т. б. ) .

Педагогикалық процестің субъектісі - тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы, тəрбиеленушілер қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтерді тікелей тəрбие субъектісі деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл, табиғат жəне с. с. балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн. Педагогикалық процесс субъектілерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі - тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі.

Педагогикалық процестің негізі тірегі - бұл оқу жəне тəрбие. Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады:

1) педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы;

2) іс-əрекеттік құрамы.

1. 3 Педагогикалық процестің құрылымы

Педагогикалық процесс - бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады:

- педагогикалық;

- әдістемелік;

- психологиялық.

Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн - әдістер - құралдар - түрлер» деген анықтама береді.

Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер - мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.

Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері.

Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Педагогикалық процес - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процес - бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагоги-калық қатынастардың нәтижесі.

Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.

Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) .

Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат - міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу - бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды.

Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған бұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:

Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.

Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.

Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау.

Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.

Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.

Берілген білімді бекітуге басшылық ету.

Білімді практикада қолдануға қаракет ету.

Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.

Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушы-лардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.

Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т. б. оқыту процесінің элементтері қолданылады.

Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.

Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау -белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады.

Түрткі - әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды. Мақсат - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі түрткісінің бірі - қызығу.

Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықтың нәтижесі болып табылады. Мүмкін бала өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін үйрету керек.

Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың ішінен мына төмендегідей 3 процесті атап көрсеткен пайдалы:

1) оқу материалының мазмұны /ондағы жаңалық-тар, қазіргі ғылым мен техникадағы жаңа табыстар, оның практика үшін пайдасы т. б. /

2) оқуды ұйымдастыру, басқару процесінің ерекшелік-тері /оның әдістері мен формалары т. б. /. Мысалы оқытудың проблемалық сипаты, оқушылардың творчестволық және практикалық жұмыстарды өздігінен орындауы, көрнекі құралдар мен техникалық құралдар т. б.

3) мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас-тың ерекшеліктері. Мысалы, сабақта мұғалім мен оқушылар арасында жылы шырайлы педагогикалық қарым-қатынастың болуы, еркін, жағымды ерекше жағдай, мұғалімнің көңіл-күйі, ақжарқын болуы, оқушылардың бір-біріне көмек беруі, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т. б.

Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау

Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін түйсік деп атайды.

Білімді жан-жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау - бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қортындылар жасауға тиіс. Бұл оқушы-лардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңды-лықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.

Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп - білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.

Ұғымның қалыптасуы - өте күрделі процесс, ол - оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау - талдау /анализ/, синтез, дерексіздендіру /абстракция/, жалпылау сияқты операциялардан тұрады.

Оқушыларда ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдануға үйретеді.

Абстракциялау деп заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қарауды айтады.

Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше. Бекіту - бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді әдіс-тәсілі. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін, бекіту әр түрлі практикалық, лабораториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.

Бекітудің бұдан да басқа әдіс-тәсілдері бар. өтілген оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т. с. с.

Білім мен дағдыны практикада қолдану

Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. . Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегенінен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші - білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі - жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.

Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.

Оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің құрамынан да орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Педагогикалық процес заңдылықтары
Тұтас педагогика ұғымы
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Педагогикалық үдерістің құрылымдық компаненттері.
Тәрбие мен оқыту бірлігінің маңыздылығы
Педагогикалық процестің принциптері
Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы
Тұтас педагогикалық процесс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz