Қостанай облысы жағдайында жаздық бидайды аурулардан қорғау шараларының жүйесі



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қостанай облысы жағдайында жаздық бидайды аурулардан қорғау шараларының жүйесі

Орындаған: Жақсыбекова А.
Тобы:ЗР-306
Қабылдаған: Жунусова А.

Алматы, 2017

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Қостанай облысының топырақ-климат жағдайы
2.2. Жаздық бидай және оның өсіру технологиясы
2.3. Жаздық бидай аурулары
2.4. Жаздық бидай ауруларының даму циклы
2.5.
2.6. Күресу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Фитопатология (гр. phyton - өсімдік, pathos - ауру және логия) - өсімдік ауруларының себептері мен салдарын, оларды қоздыратын микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, айықтыру, дамуын шектеу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы. Фитопатологияның міндеті - ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдік ауруларын толық жою немесе зиянды әсерін кемітетін әдістер табу. Фитопатология жалпы биология, микробиология, генетика, селекция, өсімдік анатомиясы мен физиологиясы, өсімдік өсіру, топырақтану, ауыл шаруашылық метеорологиясы, экология, химия, физика, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Фитопатология жалпы фитопатология және жеке немесе арнайы фитопатология деп екіге бөлінеді. Жалпы фитопатология аурудың пайда болу себептері мен салдарын, даму заңдылықтарын, таралуын, оның індет (эпифиторий) түрінде пайда болуын, өсімдіктердегі анотомиялық-физиологиялық ауытқуларды, иммунитет, карантин сияқты мәселелерді зерттейді. Арнайы фитопатология белгілі бір өсімдік түрінің ауруын зертте,оны емдеу, аурудан қорғау шараларын қарастырады. Мысалы, ауыл шаруашылық фитопатологиясы, орман фитопатологиясы, әсемдік өсімдіктер фитопатологиясы, т.б.Фитопатологияда радиоактивті изотоптарды пайдалану, электрондық микроскоп, люминесценттік және рентген-құрылымдық талдау, кибернетика әдістері, молекулалық биология, авиация, ғарыш аспаптарымен спектрозольді суретке түсіру, т.б. пайдаланылады.

Негізгі бөлім
Қостанай облысының топырақ-климат жағдайы
Облыс климаты тым континеттік. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -18-19°С, оңтүстігінде -16-17°С. Кейбір қатаң жылдары -40°С-тан да төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айғадейін жатады.Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-20°С. Кей жылдары 35-40°С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% -ы жылдың жылы мезгілінде жауады.
Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған. Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстігінде 4-4,5 мс-тан, оңтүстігінде 5-6 мс-қа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік-батыс және оңтүстік желдер, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс желдер басым.
Қостанай облысының аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан:
солтүстік жағын қара топырақ, ал оңтүстік бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр;
қара және қоңыр қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы.
Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған.

Жаздық бидай және оның өсіру технологиясы
Солтүстік Қазақстанның далалық аудандарында өсетін жаздық бидай дәнінің сапасы өте жоғары. Мемлекетке тапсырылатын жаздық бидайдың күшті сорттарының 80%-інен артығы Қазақстанның солтүстігіндегі шаруашылықтардық үлесіне тиеді.
Қатты бидай жұмсақ бидайға қарағанда жатып қалмайды, дәні төгілмейді, гессен шыбынымен аз жарақаттанады және тозаңды қара күйе ауруына аз шалдығады, ал суармалы жерде суды толық пайдаланады және суармалы жерге бейім. Қатты бидай өнім жағынан жұмсақ бидайдан қалыспайды. Көкшетау облысының "Мичурйнский" совхозында қатты бидай орта есеппен гектарынан 20 ц дән, ал жұмсақ бидай 13,4 ц дән берді. Жаздық бидайдың жұмсақ түрін әсіресе, оның күшті сорттарын, сонымен қатар қатты бидайды Волга жағасында, Оралда, Қазақстанда, Шығыс Сібірде және басқа аудандарда өндіру біздің егіншіліктегі зор мәні бар міндет.
Қазақстан облыстарында аудандастырылып көп тараған жаздық жұмсақ бидайдың сорттары: Безенчукская 98, Дружина Жигулевская, Интенсивная, Иртишанка 10, Казахстанская 3,4, Вера, Скала, Целинная 26, 21, 60, Целинная, Юбилейная, Саратовская 29, 42, 46, Симбирка, Эри-троспермум 74, 841, Улбинка 25, Звезда, Кутулукская (Лютес-ценс), Омская 9, 19. Скала, Кзыл-бас, Вера, Альбидум 28. т. б Жаздық қатты бидайдың сорттары: Алмаз, Алтайка, Безенчукая 139, Оренбургская 2, Накат, Харьковская 46, Казахстанская 3, 4 Саратовская 40, Светлана (Леукурум) т. б.

Биологиялық ерекшеліктері. Жаздық бидай басқа астықтарға қарағанда тамыр жүйесі аздап жетілген, сіңіру қабілеті жоғары емес. Сондықтан да ол кұнарлы топырақты керек етеді. Оның тұқымы 1-2°С көктеп, топырақ бетіне өсімдік көгі 4-5°С шыға бастайды. Бірақ бұл температурада көктеуі және өсуі өте баяу жүреді. Егер тұқымның себілу тереңдігінде, топырақтың температурасы 5-6°С болса, онда, өсімдіктің көктеуі шамамен 20 күннен, ал 8°С-13 күннен, 10°С -- 9 күннен, 15°С болса 7 күннен кейін басталады да, ол аз уақыт ішінде болып өттен 10°С суыққа шыдайды. Түптену және көктеу кезеңінде аз мезгілде болған -- 8-10°С суықтыққа шыдайтын болса, ал өсу кезеңінде аязға төзімділігі төмендеп, гүлдену және дәннің пісу кезеңінде бұл дақылға 1-2°С суықтықтың өзі өте қауіпті болады.
Жаздық бидайдың түптенуі 10...12°С температурасында өтеді.
Себу-көктеу бас алу кезеңінде 800...900°С, бас алу-пісу кезеңінде 650...700°С болу керек.
Егер пісу кезеңінде температураның темендеуі 0°С жетсе, бидай салқынға шалынып аяз ұрған дәннің технологиялық сапасы төмен болады. Жоғары температураға бидай нашар төзеді де,10...18 сағатта тыныс саңылауы қурап қалады. Орта Азия мен Қазақстанда аудандастырылған қатты және жұмсақ бидайдың сорттары жоғары температураға төзімді. Жүмсақ бидайдың көктеуі үшін құрғақ, дәнінің массасының 50 -- 60 процентіне дейін су, ал қатты бидайдың дәні үшін оның белогы көп болуына баланысты 5 -- 7% су көп болу керек. Жаздық бидайдың даму кезеңдерінде судың бөлінуі шамамен мынандай: көктеу кезеңінде жалпы өсіп-даму кезеңінде пайдаланатын судың 5-7%, түптену кезеңінде 15...20, сабақтану (түтіктену) және бас алу кезеңінде 50...60, дәннің сүттенген кезінде 20...30 және балауызданып пісуі -3...5% болу керек.
Өсігі-даму кезеңінің қысқалығына, тамыр жүйесінің нашар сіңіру қабілетіне байланысты жаздық бидай топырақтағы жеңіл игерілетін (қабылданатын) қоректік заттарды керек етеді.
Бірінші өсу кезеңінің басында жұмсақ бидайдың тамыры жайыла тарайды, ал қатты бидайдың тамыры топырақтың тереңдігіне қарай енеді. Жаздық бидайдың сортына, өсірілетін аудандарына және ауа райына байланысты өсіп-даму кезеңі 80-нен 120 тәуліктей болады.
Жаздық бидай ылғалды жақсы ұнататын дақыл. Ол ылғал мен қоректік заттарды түптену және бастату арасындағы кезінде, сондай-ақ дән салу кезінде барынша көп керек етеді. Осы кезеңде топырақта ылғалдың және өсімдік пайдалана алатын қоректік заттардың болуы өнімін арттырады.
Суару кезеңі түптену, бас алу және дән толтыра бастаған кез. Суарудың жақсы түрі -- жаңбырлатқыш құралы арқылы суару.

Күздік және жаздық дақылдарды жинау. Өнімді жинау ауа райына, дақылдардың қаншалықты піскеніне байланысты. Жаздық бидай (жұмсақ) піскен кезде басқа бидайларға қарағанда тез шашылады, сондықтан оны балауызданып пісу кезінде екі фазалы және толық піскен кезде тез арада бір фазалық жинау әдісі қолданылады.
Ал қатты бидай (жаздық) шашылуға өте төзімді, бірақ орылмай тамырында көп тұрып қалса масақ сынып түсуі мүмкін. Сондықтан егінді ору ең жауапты кезең. Қазақстанның солтүстік облыстарында негізінен егінді бөлектеп ору әдісін қолдануға байланысты, оның пісіп жетілуі сатысын дурыс анықтауға үлкен мән беріледі. Егін жинауға дән балауызданып піскен кезде кіріскен жөн. Егін тым аласа, нашар шыққан жағдайда оны бөлектеп ормай, тікелей орған дұрыс.
Жауын-шашын дұрыс болған жылы күздік дақыл, жаздыққа қарағанда ерте піседі, ал күздік қарабидай болса бәрінен бурын өседі. Қүздік бидайдан арпа, одан кейін жаздық бидай және сулы піседі. Жауынды салқын күндері далалық дақылдардың пісуі созылып кетеді де егісті жинауға көп кедергі жасайды. Кұрғақ, ыстық күнде егін ерте піседі (бидай, арпа). Әсіресе солтүстік және батыс беткейде, ойпаң және солтүстік шығыс беткейге қарағанда егін тез піседі.
Кұмды және құмдақ топырақта, сазды ауыр топыраққа қарағанда егін тез піседі. Фосфор тыңайтқышы егіннің тез пісуіне мүмкіндік жасайды, ал азот тыңайтқышы егіннің пісуін созады.

Жаздық бидайдың аурулары
Бидайдың қатты қара күйесі
Ауру қоздырғышы - Tilletia caries (DC.)Tul.,Tilletia levis Kuehn. саңырауқұлақтары.Қоздырғыштың өзара морфологиялық айырмашылықтары бар. Қазақстанның оңтүстігік облыстарында Tilletia caries саңырауқұлағы кең таралған, ал екіншісі- солтүстікте кездеседі. Телиоспоралар бір-бірінен морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады. Tilletia caries саңырауқұлағының споралары шар тәрізді, қабығы торлы, түсі қара-қоңыр, диаметрі 14-22 мкм. Tilletia levis саңырақұлағының споралары бұрыс пішінді, қабығы тегіс, ашық қоң ыр түсті, диаметрі 15-23 мкм. Егінді бастыру кезінде залалданған дәндер жарылып, телиоспоралары шашылып, сау дәндердің бетіне түседі. Сол дәндермен бірге топыраққа түскен телиоспоралар көктемде базидияға өніп, одан бүршіктенген 4-12 базидиоспоралар түзіледі. Соңғылар бір-бірімен қосылып, инфекциялық жіпшеге айналып, өскінді залалдайды. Жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып өсу нүстесіне жетіп, өсімдіктің барлық мүшелеріне тарайды. Сырттай бұл үдеріс білінбейді. Өсімдіктің дәні түзіле бастағанда жіпшумақ қарқынды дамып дәнді бұзады.
Саңырақұлақ споралары дән бетінде, өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстайды, бірақ топырақтағы споралары түрлі микроорганизм әсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телиоспоралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. Сонымен қатар тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар және т.б. инффекция қоры болуы мүмкін.
Телиоспоралардың өсіп - өнуіне қолайлы жағдай 6-130 температура мен 40-60 % ылғалдылық.
Аурудың белгісі дәннің сүттене бастаған кезеңінде білінеді. Залалданған масақтар иілмей тік тұрады, қабығы мен мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып көрінеді, түсі сұрғылт күлгін. Егер осындай дәнді жаншыса, одан сұрғылт иісті сұйық ағады. Ауру масақта дән орнында қара спора массасына толған қалташықтар түзіледі.

Бидайдың тозаңды қара күйесі
Ауру бидай өсірілетін барлық аудандарда кең таралып, әсіресе республиканың солтүстік, шығыс және батыс облыстарында дақылда қатты залалдайды.Кеселді белгісі өсімдіктің масақтану кезеңінде білінеді. Масақтың өзегінен басқа бөліктері түгел залалданады. Масақ соңғы жапырақ қабатынан шыға бастағанда оның орнына қара, тозаңды спора массасы көрінеді.
Ауру қоздырғышы - Ustilago tririci Pers саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар, кейде сопақша немесе бұрышты, түсі зәйтүн-қоңыр, ұсақ, қабығы тікенекті. Те-лиоспоралар ауа арқылы бидай гүлінің аналығына түсіп фрагмобазидияларға өніп, екі-екіден қосылған диплоидты жіпшелер ұрыққа еніп, тұқым ішінде, тұқым қабығының перикарпийінде немесе эндоспермінде сақталады. Залалданған тұқымның сау тұқымнан сырттай айырмашылығы болмайды. Сонымен бидайдың тозаңды қара күйе қоздырғышы-мен алғашқы (бірінші) залалдануы гүлі арқылы өтіп, тұқым ішінде саңырауқұлақ тіршілі-гін 3 жылдан аса сақтайды. Көктемде саңырауқұлақ жіпшелері активтеніп, тұқымнан өн-ген бидай өскінін қайталап (екінші) залалдайды. Қоздырғыш жіпшелері өсімдіктің барлық бөлігіне (сабағына кейде жапырағына) таралады. Өсімдіктің масағы құрыла бастағанда жіпшумақ қатты дамып, жуандап пішінсіз массаға айналып, кейін одан телиоспоралар түзіледі.
Өсімдіктің гүлдеу кезеңіндегі жауын-шашын ауаның жоғары ылғалдылығы (60-80%) және қолайлы температура (20-250С) залалдану интенсивтілігін арттырады. Саңы-рауқұлақтың дамуы 7-80С температурада тежеледі, сондықтан қар астына егілген күздік пен жаздық бидай ауруға аз шалдығады.
Тозаңды қара күйе өте зиянды ауру. Залалданған өсімдіктің өсуі саябырлап, аз түптенеді, ал масағы түгел жойылады. Кейбір өсімдіктер аурудан жойылмайды, бірақ олардан түскен өнімнің сапасы мен саны төмендеп, басқа ауруларға төзімсіз келеді.

Бидайдың ергежейлі қара күйесі
Ауру қоздырғышы - Tilletia controversa Kuehn. саңырауқұлағы. Телиоспоралары шар тәрізді, қабығы торланған, сыртында түссіз шырышты қабаты бар, диаметрі 19-28 мкм. Түсі қара-қоңыр, ал жиынтығы қарайып көрінеді. Телиоспоралар топырақта 2-9 жылға дейін сақталады. Саңырауқұлақ телиоспоралары жеткілікті жарық, ауа жоғары ылғалдылық және төмен температурада (2-150) топырақтың беткі қабатында өне бастап, бидай өскінін залалдайды. Сондықтан тұқым таяз себілген жағдайда өсімдік қатты залалданады. Телиоспоралар тұқымда, өсімдік қалдықтарында, топырақта, бидайық тамырларында сақталады.
Залалданған өсімдік аса түптеніп, көптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің биіктігі сауларынаан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау , сәл қысқалау, иректеліп орналасады. Үрпиген масақшаларлағы тығыз, қатты, қара күйелі дәндері масақта терең орнығып, кейде жапырақ пішінді екі қосымшалары болады.

Бидайдың үнді қара күйесі
Ауру қоздырғышы - Tilletia indica Mitrа (Neovossa indicia Mand.) саңырауқұлағы. Телиоспоралар сопаұша немесе шар тәрізді, диаметрі 18-40 мкм, қабығы қара-қошқыл, қоңырлау, торлы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-250 температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 ұзынша, сәл иілген базидиоспоралар түзіледі. Кейде телисопоралдан ұзындығы 10-200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клеткалы споридиялар түзіледі. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде базидиосоралар және спориядиялар залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры - залалданған тұқым және топырақ.
Ауру Үндістанда, Пәкістанда, Мексикада, Түркияда, Ауғанстанда және басқа елдерде таралған. Біздің республикамызда бұл ауруға қарсы карантин жарияланған. Дән зақымданғанда көбінесе бүлініп, майшабақ иісті споралар жиынтығына айналады. Көбінесе дән ұрығы немесе жыр ашығы залалданады. Масақта жекелеген масақшалар залалданады. Оның белгілері пісіп жетілу кезінде анық көрінеді. Аурудың қоздырғыштары (телиоспоралар) топырақта және тұқымда сақталады. Саңырауқұлақ топырақта өнгіштігін көп жылдар бойы сақтайды. Өсімдіктер гүлдеу кезінде зақымданады. Зақымдануға 15-220 С температура және гүлдену кезіндегі ауаның 70-80% ылғалдығы қолайлы.

Қарабидай сабағының қара күйесі
Ауру қоздырғышы - Urocystis occylta (Wallr.) Rab. Телиосора түйіршіктері домалақтау немесе эллипс тәрізді, диаметрі 15-40 мкм ортасында 1-2, кейде диаметрі 10-18 мкм, пішіні бұрышты 3 қара қоңыр споралардан тұрады. Оның айналасында жартылай шар тәрізді, басылған, түсі ашық-қоңыр бірнеше клеткалар орналасады. Телиоспоралар ( тынныштық кезеңінен өтпей) цилиндр тәрізді базидяға өніп, төбесінде 4-16 базидиоспоралар түзеді. Олардан өнген жіпшелер бір-бірімен қосылып, өсімдікті залалдайтын диплойдты жіпшумаққа айналады. Өсімдіктің заалалдануы тұқымның өскіні пайда болудан бастап бірінші жапырақ шыққанға дейін өтеді. Ауру 13,5-200 температура мен 25-40 % топрырақ ылғалында дамып , ал 70% ылғалдылықтаа тоқталады.
Аурудың қоры топырақ пен тұқымда сақталады. Топырақтағы телиоспоралардаң тіршілігі бір жылдан аспайды.
Өсімдіктің сабағы кейде жапырағы , жапырақ қынабы және масақтың төменгі бөлігі залалданып, осы бөліктерде бойлаған дөңесті жолақтар түзіледі. Дөңестер алғаш қорғасын-сұр түсті болып эпидермиспен жабылады да, кейін соңғысы жарылып, қара спора массасы шашылады. Залалданған сабақтың тургоры жойылып, ілмек тәрізді қисаяды. Масақ залалданғанда гүл қабыршағы мен түйіні бұзылып, масақ жапырақ қынабынан жартылай көрініп, дән түзілмеуі де мүмкін.

Бидай сабағының қара күйесі
Ауру қоздырғышы - Urocystis tritici Koern. саңырауқұлағы. Телиоспоралары топтасып түйін құрады. Түйіннің ортасында 1-5 жетілген, ал шет жағына 15-20 жетілмеген споралар тобы орналасады. Споралар пішіні шар тәрізді, диаметрі 7-10 мкм, жетілгендері-қоңыр, ал жетілмегендері ашық-сары түсті. Түзілген телиоспоралар бір айдан кейін өнеді.олар бір клеткалы базидияға өніп, төбесінде 2-4 цилиндр тәрізді споралар түзіледі. Базидияспоралар базидиядан бөлінбестен инфекциялық жіпшеге өніп, бидай өскінін залалдайды. Тедиоспоралар 18-240С температурада, 60% ылғалдылықта өніп, залалдану үдерісі өскіннің бірінші жапырағы пайда болғанға дейін өтеді. Топырақта телиоспоралар бір жылдан аса, ал тұқымда 5 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Ауру қоры - спораланған тұқым және топырақ.
Өсімдіктің сабағы мен жапырақ қынабында ұзындығы 2 миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін жолақты дөңестер пайда болады. Сау ұлпаларға қарағанда олардың түсі ақшылдау болып, кейін қорғасын-сұр түске айналады. Эпидермис шытынап жарылғанда телиоспоралардың қара массасы көрінеді. Өсімдіктің өсуі саябырлап, масақ орнына залалданған ұлпа тобы пайда болып, масақ қисаяды.

Астықтың сызықты (cабақ) таты
Ауру республиканың барлық аймақтарында кездеседі, бірақ солтүстік бөлігінде - Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау және Ақмола облыстарында оның қаупі зор.
Бұл ауру ерте себілген күздік немесе кеш егілген жаздық бидайда кездеседі. Өсім-діктің сабағында, жапырағында, оның қынабында, масақша қабыршағында, мұртшала-рында сопақтау қоңыр татты бөртпелер пайда болады.
Ауру қоздырғышы - Puccinia graminis Pers.f.tritici Eriks. саңырауқұлағы
паразит әр иелі, толық циклды дамиды. Аралық иесі - бөріқарақат және магония. Бөріқарақат жапырағының үстінде қоңыр дақ пайда болып, оның бетінде сары-қоңыр түсті спермагонийлер, ал дақтың астыңғы жағында түсі ақшыл-сары диаметрі 2-5 мм цилиндр немесе кесе тәрізді эцийлер түзіледі. Эциоспоралар шар тәрізді, қабығы түссіз, ұсақ-сүйелді, жоғарғы бөлігі қалыңдау. Бұл споралар дәнді дақылдардың сабағын залалдайды. Залалданған бөлікте жергілікті жіпшумақ дамып, оның үстінде урединий мен урединос-поралары түзіледі. Урединийлер қабығы қоңырлау, қалың (1-3 мкм), беті тікенекті. Ол су тамшысы мен 3-300С температура аралығында (қолайлы 200С) өнеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ урединоспоралардың бірнеше ұрпағын береді. Алғашқы бір урединоспора-дан миллиондаған споралар түзілуі мүмкін. Вегетация соңында урединийлердің орнында телиоспораларымен телий бөртпелер пайда болады. Телиспоралары ұзын сабақты, екі клеткалы, ұзынша шоқпар тәрізді, көлемі 25-78 х 10-24 мкм. Жоғарғы бөлігі сопақтау, кейде тегіс, жуандау, қабығы жылтыр, түсі сары-қоңыр немесе қоңыр.
Телиоспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде жетіліп 9-290С темпера-турада (қолайлы 18-220С) және 95-100% ылғалдылықта өнеді. Пісіп жетілген телиоспора-лар ылғалды ортада 3-4 сағатта базидия мен базидиоспораларға айналады. Базидиоспора-лар бөріқарақат пен магонияны залалдайды. Олардың жапырағында спермагоний мен эцийлер түзіледі. Бұл саңырауқұлақ көп жылдық дәнді арам шөптердің тамырында урединий жіпшесі түрінде қыстап, көктемде урединиоспоралар беруі мүмкін.
P.graminis саңырауқұлағының арнайы бейімделген 11 формасы бар. Әр формасы көптеген расалардан тұрып, белгілі сорттарды ғана залалдайды. Мысалы: P. graminis f.tritici саңырауқұлағының 30 расасы, ал f.secalis - 20-дан аса расалары бар.
Қазақстанда сабақ таты бидайда, қара бидайда, сұлыда, арпада, атқонақта, қоңыр-баста, арпабаста және т.б. дәнді дақылдарда кездеседі.
Ауру дамығанда эпидермис көп жерден (1500) жарылып өсімдіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидайдың биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында күздік бидайдың ақ ұнтақ ауруының таралуын және зияндылығын анықтау
Алматы обылысы жағдайында күздік бидайдың қатты қаракүйе ауруымен күресу шараларын жетілдіру
Сұлы дақылының аурулары
ШҚО Абай ауданы жағдайындағы сұлы өсімдігінің аурулары, зиянкестері, арамшөптері
ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау
Жазғы кезең
Мал шаруашылығының сипаттамасы
Сүрі жерді өңдеу
Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру
Пәндер