Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы



Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы
ІІ. Алматы облысы Ақсу ауданы жағдайында қант қызылшасының өсіру технологиясы
ІІІ. Алматы облысы Ақсу ауданы жағдайында қант қызылшасыназиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштердің таралуы, биологиясы, зияндылығы
ІV. Кешенді күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе
Қант қызылшасына жалпы сипаттама
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs)-алабота тұқымдасы, қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Басқа тамыр жемістілер сияқты, бірінші жылы қант қызылшасының түбірі жуандап өседі, ал екінші жылы дән беретін гүлді сабақтары пайда болады. Қант қызылшасының тамыр жүйесі негізгі түбірден және тереңдеп кететін көптеген қоректендіргіш тамыршалардан тұрады. Қызылшаның тамыр жүйесі 3 метрге дейінгі тереңдікке бойлап, көлденеңінен 70-100 сантиметрге дейін жайылып кетеді. Алғашқы нағыз қос жапырақ пайда болған кезде ортаңғы тамыр 30-35 сантиметрге дейін, ал бесінші қос жапырақ пайда болған кезде 90-95 сантиметрге дейін бойлай түседі. Тамырдың өсуі қорекке және сумен қамтамасыз етілу жағдайына,сол сияқты қант қызылшасы сортының ерекшелігіне байланысты. Қызылша желдің және бөжектердің көмегімен тоғыспалы түрде тозаңданады. Қызылшаның гүлдері бірнешеуден жиналып,шоғырланып тұрған гүл тәріздес болады. Қант қызылшасының жапырақтарының сыртқы пішіні жүрек тәріздес,айнала жиектері бір тегіс немесе ирек келеді. Жапырақ сабақ пен алақаннан тұрады. Онда көптеген дем алатын тыныстық саңылаулар болады. Сол арқылы жапырақ ауадан көмірқышқыл газын алып тыныстайды, суды буландырады және ауаға оттегін бөліп шығарады. Мол және сапалы өнім алуда қант қызылшасы жапырақтарының маңызы өте зор. Жапырақтар ауадан көмірқышқыл газын алып,алғаш рет қант құрайды. Қанттар - қызылшаның түбірінде жиналады, олар әр түрлі энергетикалық құбылыстардың өтуі үшін аса қажет. Қант қызылшасы және оның сапасының жақсы болуы ауа райына, топырақ жағдайларына және қолданылған агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қант қызылшасының өсу кезеңі - 160-180 күн. Қызылша тұқымы бөрту кезеңінен бастап суды мейлінше көп керек етеді.
Қант қызылшасы-құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) зауытта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 - 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант зауыттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 - 4,5 мм және 4,5 - 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 - 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.
Қант қызылшасы топырақты өте талғағыш келеді,сондықтан ауыспалы егіске оған ең қажетті орын тағайындау керек. Қызылшаны бір жерге үнемі қайталап себу зиянды жәндіктер мен аурулардың егістік жерге таралуына себепші болады. Демек, зиянды жәндіктерге және ауруларға қарсы күрес жүргізу үшін бір жерге бір дақылды қатарынан бірнеше жыл қайталап егу зиянды, онан соң ұқсас дақылдарды қатар екпей олардың аралығына басқа дақылды себу керек.
Менің бұл семестрлік жұмысты жазудағы мақсатым қант қызылшасы дақылына зиян келтіретін нематода, кенелердің және кеміргіштердің зияндылығымен, биологиясымен, олардың таралу аймағымен және оларға қарсы жүргізілетін күрес шараларымен танысу.

Негізгі бөлім
І. Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климат жағдайы
Алматы облысының климаты негізінен континеттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа темпепература солтүстік жазық бөлігінде 10-160С, оңтүстікте 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 250, оңтүстңгңнде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250мм.Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 1-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600мм, тау аңғарларында 700-1000мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен тау жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30см, тау беткейлерінде 40-100см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.

Ақсу ауданының климаты
Ауданның климаты континеттік. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы 11-130С, жазы ыстық және қуаң. Шілдеде 22-240С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400мм. Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жылына 50күнге дейін қуаңшылық байқалады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы он күндігінде түсіп, наурыздың екінші он күндігінде ери бастайды.



ІІ. Алматы облысы Ақсу ауданыны жағдайында қант қызылшасының өсіру технологиясы
Ауыспалы егістегі орны және жақсы алғы дақылдары. Қант қызылшасын бәрінен бұрын жақсы өңделген, тыңайтылған ерте екпе сүрі жерден кейін орналастырған дұрыс. Егер күздіктер таза сүрі жерге себілген болса, онда ол танапты бірінші кезекте қант қызылшасына пайдалану қажет.
Ылғал жеткілікті аймақтарда қант қызылшасына, әдетте таза сүрі жерден кейін себілген күздіктер жақсы алғы дақыл болады. Бұршақ дақылдарынан кейін себілсе де, қант қызылшасы жақсы өнім береді.
Суармалы жерлерде қант қызылшасының тамаша алғы дақылы жоңышқадан және сүрлемдік жүгеріден кейін себілген күздіктер болып есептелінеді. Бұл жерлерде сүрлемдік жүгері, картоп және көкөніс дақылдары да жаман алғы дақыл болмайды. Қант қызылшасынан кейін жаздық дәнді және бұршақты дақылдар жақсы өнім береді.
Топырақ өңдеу жүйесі. Қант қызылша танабы тереңге жыртылуы тиіс, өйткені өсімдік қуатты тамыр жүйесін қалыптастыруы және микробиологиялық үрдістердің белсенді жүруі, ылғал мен қоректік заттар қорының жиналуы топырақты өңдеуге тікелей байланысты.
Қант қызылшасы танабының топырағын өңдеу - негізгі (сүдігер) және тұқым себер алды өңдеулерден тұрады. Сүдігер жырту алғы дақылдар мен топырақ климат жағдайларына байланысты. Ол негізінен танапты арамшөптерден тазартуға және топырақта ылғал мен қоректік заттар жинауға бағытталуы тиіс.
Топырақты негізгі өңдеу - аңызды сыдыра жыртқыштармен өңдеу және терең сүдігер жыртудан тұрады. Сыдыра өңдеуді 10-12 см тереңдікке дискілі немесе түренді сыдыра жыртқыштармен, сүдігер жыртуды - мүмкіндігінше ерте, 30-32 см тереңдікке шолақ түренді соқамен атқарады.
Тұқымды себу алдындағы өңдеу - сүйреткісі бар тісті тырмамен тырмалау және 5-6 см тереңдікке себу алдындағы қопсыту мен тырмалаудан тұрады.
Тыңайтқыштар жүйесі. Қант қызылшасы егісіне тыңайтқыштар қолданудың негізі, өсімдікке қажетті қоректік заттардың басым бөлігі оның өсіп-дамуының қарқынды кезеңінде берілуі керек. Сондықтан қант қызылшасы танаптарында органикалық және минералдық тыңайтқыштарды күзде сүдігерді тартарда береді, ал минералдық тыңайтқыштардың қалған бөлігін тұқыммен бірге және үстеме қоректендіреді.
Қант қызылшасы топырақтан қоректік заттарды басқа дақылдарға қарағанда көп пайдаланады, сондықтан оның егісін өте құнарлы топырақтарға орналастырады. 300 ц тамыржеміс өніміне қызылша дақылы топырақтан гектарына 150-200 кг азот, 45-80 кг фосфор, 180-240 кг калий сіңіреді, демек бұл дақыл көп тыңайтқыш бергенді қажет етеді. Тыңайтқыштарды бірнеше мерзімде қолданады: негізгі өңдеуде, тұқым себуде және өсіп, даму кезеңінде - үстеп қоректендіруде.Негізгі өңдеуде органикалық және минералдық тыңайтқыштар пайдаланылады. Органикалық тыңайтқыштарды алғы дақылдар немесе жергілікті жердің жағдайына қарай, қант қызылшасына арнап күзде (гектарына 10-30 т көң) береді. Минералдық тыңайтқыштарды топырақ климат жағдайларына байланысты гектарына: азот 40-90 кг, фосфорды - 30-90, ал калийді 45 -100 кг шамасында береді.Әрине, тыңайтқыштар түрлері мен мөлшері топырақ картограммасына сәйкес бағдарламаланған өнімге есептелініп енгізіледі. Тыңайтқыштардың қант қызылшасына қатарға берудегі қажет мөлшері: азот пен калий - 10-15 кг, ал фосфор 15-20 кг. Топырағы сортаң жерлерге тек қана азот пен фосфор тыңайтқыштарын берген тиімді.
Тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруді бірнеше рет жүргізеді, үстеп қоректендіру қатараралықтарды өңдеумен бірге беріледі. Қант қызылшасын үстеп қоректендіруде минералдық тыңайтқыштармен бірге микроэлементтері де енгізіледі.
Суармалы жерлерде үстеп қоректендіруді суарудың алдында жүргізеді.
Тұқымды себуге дайындау және себу. Егістік материалы ретінде қант қызылшасының өңірде себуге рұқсат етілген сорттары мен будандары пайдаланылады. Олар өздерінің егістік сапа көрсеткіштері бойынша стандарт талаптарына сәйкес болу керек. Қант қызылшасы тұқымын егіске қант зауытында даярлайды, онда оларды іріктейді және фракцияларға - 3,5-4,5 мм және 4,5-5,5 мм - бөледі. Тұқым сусып түсуін жоғарылату үшін, оны жылтырлатады, яғни жеміс серігінен айырады. Тұқымды дражирлеу - сыртына арнайы дражирлегіш массасы бар қабықша жапсыру. Тұқымды дражирлеуге көң, минералды және бактериалды тыңайтқыштар, микроэлементтер қоспалары пайдаланылады.
Қант зауытында тұқымдық материалды ТМТД 80% препаратымен мөлшері 4-6 лт дәрілейді.
Қант қызылшасының себетін тұқымының өнгіштігі мен өну энергиясын арттыру үшін, оны жылы ауамен өңдейді. Жылумен өңдеу қызылшаның өнімі мен қанттылығын және тамыр жегісі ауруына төзімділігін арттырады. Қант қызылшасының өнімділігіне оңтайлы себу мерзімінің үлкен әсері бар. Себуді кешеуілдетуге болмайды, себебі тұқымның өнуі нашарлайды, әсіресе құрғақшылық жылдары. Одан басқа, кеш себуден өсіп, жетілу кезеңі қысқарып өнім төмендеп кетеді.
Қант қызылшасы тұқымын себуді ерте дәнді дақылдарды сепкеннен 5-6 күннен кейін, топырақтың 10 см тереңдігінде температура 5-6ᵒС жылынғанда бастай беруге болады.Тұқым себу тереңдігі ауа райы мен топырақтың механикалық құрамына байланысты өзгереді. Көбінесе тұқымды 3-4 см тереңдікке сіңіреді. Жеңіл топырақ пен құрғақшылықты жағдайда себу 5-6 см-ге дейін тереңдетіледі. Себу тәсілі - кең қатарлы (қатараралықтары 45 см). Суармалы жерлерде қатараралықтар 60-70 см. Көптұқымды қант қызылшасы сорттарын себу мөлшері 1 гектарға - 30-32 кг, ал бірөскінді сорттарда - 10-12 кг.
Қант қызылшасын арнайы ССТ-12А, ССТ-12Б және ССТ-8А сепкіштерінің бірімен себеді.
Егістікті күтіп баптау. Қант қызылшасының топырағы борпас және арамшөптерден таза болуы керек. Тұқымды сепкеннен кейін, 3-4 күннен кейін арамшөптер және топырақ қабыршақтарымен күресу үшін, жеңіл тырмаға шынжырлы сүйретпені тіркеп, көк шыққанға дейінгі тырмалауды жүргізеді. Шынжырлы сүйретпе тырмалағандағы пайда болған жалдарды тегістеп өтеді. Топырақ қабыршағын бұзуға ротациялық шабықтауыш қолданады.
Қызылшаның көгі пайда болғаннан кейін, қатараралықтар топырағын қопсыту, арамшөптерді жою үшін (4-5 см) өңдеу - шабықтау жүргізеді. Нағыз жапырақтың бірінші жұбы пайда болғанда өскіндер қатарына көлденең бағытта қопсытқыш салып оларды сиретеді. 1 метр қатарда 5-6 өсімдіктен қалдырады. Жинау қарсаңында қант қызылшасы егістігінің жиілігі әр гектарға 90-100 мың дана болғаны дұрыс. Толық қосқұлақ кезеңінде нағыз жапырақтардың екінші жұбы томпайып біліне бастағанда, өскіндерді сирету мақсатында қатарға көлденең торлы тырмамен немесе қатарды бойлай УСМП - 5,4К өскін сиреткішін қолданып жаппай қопсытады, бұл жағдайда қолмен сирету болмайды, ал арамшөптерді отау аракідік жасалынады.
Егіс алқабында зиянкестер мен аурулар байқалысымен улы химикаттармен (40% БИ-58, 25% Арриво және т.б.)өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Тамыржемісті жинау.Қант қызылшасының тамыржемісінің техникалық пісуі басталғанда жинай бастайды, ол кезде тамыржеміс клетка нәрі ағарып, қызылша қатарлары ашылады, жапырақтар түссізденеді. Төменгі жапырақтар сарғаяды. Тамыржемістің өсуі баяулайды және қанттылығы азаяды.
Қант қызылшасы тамыржемісін жинауда лекті және танап шетіне үйіп жинау тәсілдерін қолданады. Лекті әдіс - ең прогрессивті тәсіл, онда ол қол күшімен істелетін жұмыстарды және шығындарды азайтуға мүмкіндік жасалады. Қант қызылша тамыржемісін лекті әдіспен жинағанда комбайнмен қазылған тамыр жеміс іле машина қорабына салынып бірден зауытқа жөнелтіледі, ал үйіп жинау тәсілімен жиналған тамыр жеміс пен танап жанында жасалынған уақытша қырманға төгіліп, содан соң мүмкіндігіне қарай зауытқа тасымалданады.

ІІІ. Алматы облысы Ақсу ауданы жағдайында қант қызылшасына зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштердің таралуы, биологиясы, зияндылығы

Сурет -1. Қызылшаның циста түзуші нематодасы
Қызылшаның циста түзуші нематодасы - Heterodera schachtiiSchmidt. Гетеродерид (Heteroderidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда Жамбыл облысының қызылша егістігінде аса зиянды.
Аналық нематоданың пішіні лимон тәрізді, түсі қоңыр-сары немесе қоңыр, ұзындығы 0,7-1,0 мм, көлденеңі 0,4-0,5 мм, ішкі қуысы жұмыртқамен толы болады. Артқы жағы айқын көрінетін төмпешік вульва (жыныс саңылауы) орналасады. Аналық особьтардың сыртқы тері қабаты едәуір қалың, оның үстіңгі бетінде түсі ақшыл шырышты қалың қабат орналасқан. Нематода жұмыртқаларын денесінің артқы бөлігіндегі жұмыртқа қапшығына салады. Аталық нематоданың пішіні жіпше тәрізді, түсі мөлдір, ұзындығы 1,2-1,6 мм, көлденеңі 0,02-0,03 мм(сурет -1).
Цистаға айналған аналық нематода топырақ арасында әр түрлі тереңдікте қыстайды. Цистаның ішіндегі жұмыртқалар саны 200-600 дейін болады. Ішкі қуысы жұмыртқаға толы цисталар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында (топырақтың аса құрғауы немесе өте ылғалдануы жоғары немесе төмен температура және т.б.) өте төзімді болып, бірнеше жылға дейін (6 жыл) тіршілігін жоймайды. Цисталардың көпшілігі 30-40 см, кейде 1 м тереңдікте топырақ арасында сақталады.
Көктемде топырақ температурасы 5,5-6,5ᵒС шамасында дернәсілдер жанданып қозғала бастайды, ал 10ᵒС және жеткілікті ылғалдықта өсімдіктердің тамыр жүйесінен бөлініп шығатын заттар цистадан дернәсілдердің шығуына әсерін тигізеді. Дернәсілдердің ұзындығы 0,4 мм, көлденеңі 0,02 мм. Олар топырақ арасында 30-40 см қашықтыққа жылжып немесе топырақ түйіршіктері аралығындағы судың ағысымен орын ауыстыруы мүмкін.
Қызылша нематодасы алабота және шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді залалдайды. Нематода дернәсілдері өсімдік тамырына еніп, паренхима тканімен қоректенеді де, 4-5 аптадан кейін қоректенуін аяқтап, жұмыр құрт тәрізді аталық немесе лимон тәрізді аналық нематодаға айналады. Аталық особьтар белсенді қозғалыста, ал аналықтары денесінің алдыңғы бөлігін тамыр тканіне енгізіп, бір орында орнықты (қозғалмай) тіршілік етеді. Ұрықтанған соң аналық нематода жұмыртқаларын (80-150 кейде 600 дейін) жұмыртқа қапшығына салады. Дернәсілдер осы жылы шығады да, маңайындағы өсімдіктердің тамырына еніп, қоректенеді. Қызылша нематодасының дамуына қолайлы температура 18-28ᵒС. Дернәсілдер 29-36ᵒС нашар шығып, ал 36ᵒС жоғарылағанда мүлдем тоқтайды. Нематоданың бір ұрпағының дамуы 4-8 аптаға созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде нематода жылына 4 немесе 5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Қаратау таулы жотасы
Мақтааралдың мақтанышы
Талдықорған облысының ландшафтық, геоэкологиялық жағдайлары
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Казақстанның шипажайларының емдік факторлары мен мүмкіндіктері
Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи рекреациялық ресурстарының географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану ерекшеліктері
Павлодар облысын геоэкологиялық аудандастыру негізі (Ақсу ауданының мысалында)
Пәндер