ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-6
I. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 7
1. 1 Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны анықтаудағы бақылау мен бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары . . . 7-11
1. 2 Білім, білік, дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары . . . 11-14
1. 3 Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру . . . 14-17
1. 4 Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру. Оқыту нәтижелерін бағалау . . . 17-22
II. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ . . . 23
2. 1 Білім жүйесін бағалау. Бағалау жүйесіндегі кейбір мәселелер . . . 23-25
2. 2 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы . . . 25-31
2. 3 Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі . . . 31-33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34-36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі
Бүкіл адамзат қоғамның, ХХІ ғасырдың алғы шебіне, яғни, ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет болып отыр. Белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерумен қатар табиғат, қоршаған орта туралы түсініктері кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, оларды үнемі бақылау, әрине, қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуын, оларды керекті бағытына жаңаша ізденіспен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Баланың қабілетін өрістететін, дамытатын тек қана мектеп.
Қазіргі кезде республикамызда білім беру ісін жаңғыртудың негізгі ұстанымдары ретінде демократияландыру, ізгілендіру ұстанымдары анықталды. Олардың талабы бойынша, оқытудың басты мақсаты-өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан, теориялық материалдардың мазмұны оқушының өздігінен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет.
Оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды педагогикалық бақылаудың бір түрі-тестілеу бағытында жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Тестілеу-бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін баланы бастауыш сыныптардан бастап тестілеу түрлерін білуге, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру керек.
Тестілеп бақылап оқыту әдісіне негізделген технология оқушының ойлау, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, оқытудың мақсаты-өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни субьективті тәрбиелеп шығару. Оқытудың ендігі жердегі мақсаты оқыту әдістерінің оқушының өз бетімен ізденіп қызмет жасау әдістері мен тәсілдерімен толығуын қажет етеді. Осыдан жаңа шарттар мен талаптар да туындайды. Әдістемелік жүйені осылайша жаңалау, сәйкестік оқулық әдістемелік, дидактикалық өте күрделі бақылауды, тексеруді, тестілеуді қажет ететін жұмыс.
Тәуелсіз елімізде қазіргі уақытта білімнің кең көлемді қоры жиылған мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқыту үдерісінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, Е. С. Березняк, В. И. Иващенко, А. Қ. Исақов, Е. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В. О. Онищуктің ғылыми-педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Коган және тағы басқа теориялық талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады. Себебі, "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің "5" балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік-оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында. Соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік, дағды нәтижесін есепке алу бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасу мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалау оқыту процесі жүйесінде қарастырылған жоқ, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасауының орнына "бригадалық-лабораториялық" әдіс жүйесіне негізделген "өздігінен бақылаудың" түрлері кең көлемде тартылды. Ол, бір жағдайда, үлгерім нәтижесін бақылауда жауапсыздыққа әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.
Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат-міндеттердің табысты орындалатындығы белгілі. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика, бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
"Диагностика" түсінігінің мәні "білім, білік және дағдыларды тексеру" түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. "Тексеру" нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана анғартады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағыт-бағдарын, ілгері не кері қозғалысын анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалауын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі-бұл қадағалау. Қадағалау-білім, білік және дағдыларды игеру процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тікелей тексерулерден құралады. Тексеру-бұл білім, білік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін іс-әрекеттер жүйесі.
Мән-мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс құруды қамтамасыз етеді, яғни, оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге, оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын білдіреді. Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге, өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бақылау мен бағалау барлық мектеп тәжірибесінде бар. Бірақ, әлі де болса жүзеге толық түрде аса қойды деп айту қиын. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеп отырған мәселенің өзектілігін байқауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты-оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау және тексеру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Еліміздегі жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау және тексерумен танысып, жетілдіру жолдарын анықтау;
-Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытудың педагогикалық жүйесі компоненттерінің мазмұнын жасау;
-Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясын қарастыру.
I. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны анықтаудағы бақылау мен бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский,
Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деп бөліп көрсетеді. Ал, Г. И. Щукина-күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деп бөлсе, У. А. Дмитриев-күнделікті, тақырыптық, қорытынды және нәтижелі деген тұжырымға келген.
Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың "Педагогика" оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын - оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық меңгеруінің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың үй тапсырмасын нәтижелі етіп орындауы үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер, кейбір оқушылар тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескел сөздер айтып, ескерту жасауға болмайды.
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетке ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту болуы тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алуы қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау-оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, білікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады. Тараулар бойынша оқтын - оқтын бақылау әрбіртоқсанның аяғында, оқу бағдарламасының тарауын оқып болғаннан кейін беріледі.
Қорытынды бақылау-барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан, қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі.
Оқу процесін компьютерлендірудің жедел қарқынмен дамуы оқушылардың дайындық деңгейін анықтаудың бұрынғы сапалық сипаттау жүйесіне көшуге мүмкіндік туғызып отыр.
Бақылау түрлерінің біріне тестілер де жатады. Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды. Бақылаудың нәтижесінде жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді.
Ш. И. Амоношвили, В. М. Полонский, М. Н. Скаткин, В. С. Цетлин, Н. В. Селезнев, т. б. дидактиктер мен әдіскерлердің еңбектерінде айтылмыш екі мәселе жіктеліп, әрқайсысы жеке-жеке қарала бастады.
Бағалау-бұл оқушының оқу-тәрбие алу үрдісіндегі деңгейін көрсетуі, оқушы программаны қаншалықты меңгергендігін мұғалімнің басқаларға көрсете білуі. Бағалауға екі объект қатысады:мұғалім-бағалаушы, оқушы-бағаланушы. Бағаланушы баға сұрағында жатқан мәселені терең біледі, берген сұрағында айтылатын жауаптың моделін алдын-ала болжайды немесе оған ол мәселе әбден жаттанды болып қалған, ешқандай қиындығы жоқ, сондықтан да оқушының жауабын бағалауға бағалаушы да алдын-ала даяр.
Бағалау - барынша кең түсінік, ол тек баға қоюмен ғана шектелмейді, ауызекі пікірден және баға қоюдан тұрады. Профессор Щ. А. Амоношвили-баға білім берудің іскерлік нәтижесі, үрдіс-іскерлікті қорытындысы, шартты формальды түрі екенін айтқан.
Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары:дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады(жазбаша бақылау жұмысы, тест жұмысы, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант және тағы басқалары) немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру және тағы басқалары) ұғынылады.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік, әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) - бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелілік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстырыла қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою, тағы сол сияқты.
Жеке-дара қатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалауды(оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті, т. б. ) қарастырады. Жан-жақтылық қатынаста - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білім, білік, дағдыларын бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге, оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әр түрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен, бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінін алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
-ауызша баяндау(әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ) ;
-жазбаша бақылау(диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру) .
-практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарды, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу) ;
-машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану) ;
-өзін-өзі бақылау, бағалау(қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою) .
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі-мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі бір оқушылар тобы сабақ барысында
мұғалімнен тапсырмалар орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру, т. б. ), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай пайымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет, өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол-тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайдылыққа салынуға болмайды.
Баға "балл" есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі "5" балдық жүйелер қолданылады.
"5" бағасы-оқу материалын толық, дәл, логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады; "4" бағасы-оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады; "3" бағасы-жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; "2" бағасы-оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады; "1" бағасы-тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
Зачет(сынақ) -қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан-оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі
қорытынды бағалар шығарылады.
Жаңа түсінікті қалыптастыру процесінде оқушының назары оқу-танымдық әрекетке, жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталады. Мұның да белгілі заңдылықтары бар. Ғалымдардың айтуынша, материалдарды жақсы есте сақтау үшін оқушы ол материалдармен түрліше жағдайда, ең кемінде алты рет кездесуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz