ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


№11 Ж. Жабаев атындағы орта мектеп
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУДА ХАЛЫҚТЫҚ
ДӘСТҮРЛЕР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған: Мустафаева Э.
Түркістан
Тәуелсіз республикамыздың өрге басып, өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың денсаулығы мен рухани деңгейінің жоғары болуына баса назар аударылуда. Осы орайда мектеп бағдарламасына 1998 жылдан енген салауаттану пәнін оқытуда мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктелуде. Сабақ тақырыбын халықтық педагогика элементтерімен ұштастыру осы жауапкершілікті шешудің бір буыны. Сондықган бұл пәнді оқушының жас ерекшелігін, білім деңгейін ескеріп, ұлттық педагогикамен байланыстыра оқыту жақсы нәтижеге жеткізеді. Қазақ халқы өмірінің тарихын тақырыпқа сай пайдаланып, оқушыларға ұлттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, жұмбақ мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін, шешендік сөздерін талдап мағынасын түсіндіруге болады. Осы мақалада салауаттану пәні бойынша өтетін денсаулық сақтау және нығайтуда халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды пайдаланған тақырыптары берілген.
"Ауыз суға талап" тақырыбында оқу материалын ұлтымыздың мына дәстүрімен байланыстыруға болады. Жаз жайлауға, қыс қыстауға үнемі көшіп-қонып жүретін қазақ үнемі суы таза өзен, көл жағасына беткейлеу, биік жерге көшіп отырған. Ішетін судың тазалығына ерекше мән берген. Өзен, көлі жоқ жерлерде құдық қазылған. Оның ішкі қабырғасын таспен өріп, құдық қабырғасының бекем болуына ерекше көңіл бөлген. Құдықты үнемі тазартып отырған. Құдықтан су алуға бір ғана қауғаны пайдаланған. Кез келген ыдысты құдыққа сала бермеген. Осы айтылған мәліметтерді талдап, түйінді тұжырым жасау арқылы сабақты бастауға болады. Су туралы қазақ ырымдары сабақтың мағынасын ашады. Құмыраның, торсықтың аузынан су ішпейді. Қалған суға дем тиеді. Егер ауру адамның демі тисе, кейінгі су ішкен адам ауру болады деп жориды. Өзен суын төніп етпетінен жатып ішпейді, суға кетесің, не су мақұлығы жұтады, не асқазан ауруына шалдығасың, өңеш қабынуына жолығады деп жориды. Оқушыларды сергіту мақсатында "Кім жылдам" ойыны арқылы мақал-мәтелдер айтуға болады. "Су - дүниенің басы", "Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Су атасы, жер-анасы". "Сулы жер - нулы жер", "Бүлакты жер -түрақты жер", "Жер қазына, су алтын", "Сусыз өмір жоқ", "Сусыз жердің шөбі сұйық", "Суайт адамньщ сөзі сұйық", "Су - ырыстың көзі", Еңбек -кірістің көзі, "Ынтымақ - елдің ырысы", "Ылғал жердің - ырысы"
Қазақ халқының ішетін астьщ санитарлық-гигиеналық талаптарына ерекше мэн бергендігі "Тамақ цүрамы мен маңызы. Ақуыз, май, көмірсу туралы түсінік" тақырыптарын өткенде оқушыларға салыстыру арқылы талданып баяндалады. Халқымыз мүмкіндігінше асты жылытып ішкен. Далада кездейсоқ асты ішуден сақтандырған. "Шыбынды жерде шығын бар" деп, көптеген жұқпалы аурулардың шыбын арқылы тарайтынын біліп, астың бетін жауып сақтаған. Қазақ халқы үлттық тағамдардың ежелгі жасалу эдіс-тэсілдерін осы күнге дейін пайдаланып келеді.
Қазақ халқының тамаша қасиеттерінің бірі қонақжайлылық. ІХ-Х ғасырлардан басталып осы күнге дейін адамның көңіл-күйін көтеруде қалыптасқан салт "қонақасы" беру. "Адам күні адаммен" деген мақалдың шығу тегі де бекер емес. Үлкендерге "сыбаға беру", кішілерге "сарқыт тарату", көршілерге "ерулік беру" үғымдары осы ас арқылы дәм беру жолымен жүргізілген. Осындай тағамдарды кергенде кеңіл-күйі жоғарылап, адамдардың асқа тәбеті тартып тұрады. Қазақ ырымдарын айту арқылы сабақ мағынасы толығады: Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі мұндай ас бұлылады, айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады. Қазан ошақты теппейді. Олай істесе аяқ дертке шалдығады, кем болады. Қазанның қарасы, ошақтың киесі атады деп есептейді.
Бұл күнде ғылымға қазақ халқының 40-тан астам тамақ түрлері белгілі екендігі "Дэрумендер " тақырыбында қамтылады. Қымыздың 9 түрі, ет тағамдары бұған қоса тэбет ашатын түздықтар да бар. Бұл тамақтар қүрамында: минералды түздар, нэруыз, май, көмірсу, жеткілікті дэрежеде жэне А, В, С, Д, Е дэрумендеріне бай болып келеді. ¥лтгық тағамдардың денсаулық нығайтудағы қуатты қасиеттері ас қорыту мүшелерінің кызметін жақсартуда маңызы зор. "Тамацтан улануды асқазан ішек жолдары ауруын болдырмау" тақырыбында қазақ ырымдары айтылады. Қазақ асқан еттің көбігін екі рет алады. Алдыңғысы канды кебік, екіншісі ашты көбік деп аталады. Көбігін алмай жеген ет мәкүрік болады, ауру жабысады деп жориды. Ас тамақтан, жел-құ_здан, иіс-коқыстан ұлиынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тэсілі. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып, үшықтап үйге экеліп жылы жауып тастайды. Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады.
"Зиянды эдеттер жайлы оның агзага эсері" тақырыбында оқушылар темекінің зияны туралы тақтаға жазылған нақыл сөздерді қалай түсінгендерін айтып, әз пікірлерін ортаға салады. "Шылым шеккеннің іші де күйеді, пүлы да күйеді". "Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды". "Арақ ішіп, темекі шеккен денсаулықтың түбіне жеткен шылымшы-өзін көрге тығушы". "Шылымды эр тартқаның табытқа темір шеге қаққаның".
"Балалар агзасы үшін темекініц, ішімдіктіц есірткінің токсикалық заттардың зияны тацырыбында халқымыздың шешендік сөздері колданылады. Темекінің үш пайдасы:
- Шылымқорды ит қаппайды.
- Үйіне ү_ры түспейді. З. Қартаймайды.
Осы сөздердің мағынасына талдау жасалады. Ит қаппайтьтны темекі тартьга, ерте денсаулығынан айырылған жан дэрменсіздіктен қолына таяқ ұстайды, қолында таяғы бар адамға иттің жоламайтыны белгілі. Үйіне ұры түспейді дегені -өкпесі шұрық тесік болған шылымқор түні бойы жөтеліп шығады емес пе? Қартаймайды дегені - әр түрлі ауру айналдырып, жасына жетпей о дүниеге аттанады.
Мацал-мзтелдер айтылады. "Шараптың кызығы бір кеште өтер Шатағы бір жетігежетер",
"Бойга шарап сіцсе, Ойдан айырылдым де" "Мастъщтың түбі мазак, Мазақтъщ түбі - азап"
"Тэні саудың - жаны сау", "Емнің алды - еңбек" "Өтпейтін ө. мір жоц, Сынбайтын темір жоқ" "Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде " "Тазалық - саульщ негізі, Саульщ - байльщ негізі", "Әкесі сү-лап ішсе, баласы сұрап ішеді "
"Жақсы жұмыс жанга пгыныс"
"Ит қабуының қауіптілігі"
тақырыбында алдын-ала оқушыларға ит жайлы мақал-мзтел ізденіп келуге тапсырма беріледі. Өйткені қазақ халқы итті қатты қадірлегені арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге
болады.
"Ит үрейі үшқан соң үреді " "Ит иесініц мейірі түссе де, Иттін мейірі түспейді", "Ит крпырса иесін талайды, Ит элі жеткенін талайды "
"Көздің күтімі көзге гимнастика жасау, белсенді демалыс жэне шыныгу" тақырыбында оқушыларды пэнге кызықтыру мақсатында сабақты жұмбақ жасырудан бастауға болады,
Сақтандырар, ол сені,
Сансыз түрлі қауіптен.
Жасырдым мен бір жұмбақ
Күшті болсаң тауып көр. (Көз)
Сәуле астында жүз ине, Деген сөзді жасырдым. Тапқыр болсаң тауып көр, Қулығымды асырдым
(Кірпік)
Көреді бәрін өзгенің Көре алмайды өздерін Р
Кіп-кішкене қараша Тұ_рған жері тамаша Бір-ақ сәтте жер көкті Алады шарлап қарасы (Көз)
Күндіз шайқасады Түнде айқасады.
(Кірпік) .
Сабақты қорытындылау мақсатында ұлттық ойын "Соқыр теке" ойынын ойнату. Көзді өту, Көзді байлау арқылы колындағы не нэрсе екенін ажырату. Көзді байлау арқылы қолындағы жемістерді ажырату. "Жарацаттыц жұқпалы ауру цоздыргышымен зақымдануы. Асептика жзне антисептика ' тақырыбын өткенде ауызша журнал арқылы төмендегі мэліметті беруге болады. Өрмекшінің өрмегінің антисептикалык қасиеті ертеден белгілі болған. Оны жараға таңып, қан тоқтатқан. Ал қазір өрмекшінің уынан жүйке жүйесін тынықтыратын жэне ұйықтататын дэрілер жасайды. Денсаульщты қоргау жөніндегі шаралар (көзді сацтау, ауыз щуысы) тақырыбында шешендік сөздерді талқылауға болады. Үш көз: Су анасы - бұлақ, Жол анасы - тұяқ Сөз анасы - құлақ. Көз деген сездің адам организміндегі көз мүшесімен кандай байланысы бар екендігі сұралады. Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый" мақалының мағынасы сұралады.
"Жеке бастың гигиенасы " тақырыбында ой шақыру үшін, жұмбақ жасыру арқылы сабақты бастауға болады.
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс енер
(Қол)
Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz