Бастауыш сынып оқушыларын ойлауға үйрету және шығармашылық қабілеттерін дамыту: диагностикалау мен жаттықтыру әдістері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Оқушыны ойлауға үйрету

Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда гуманизм идеялары еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлык,, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, зандылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:

  • Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
  • Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
  • Ойлау мүмкіндігінін, ең жоғарғы деңгейіне жетуі;
  • Шығармашылық іс-әрекетке жағдай тудыру;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған Бұлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн.

Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы "Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі" - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Ойлап үйрену туралы сөз еткенде оқушының абайын, есін, қиялын, интелектісін дамыту туралы айтылғаны деп түсіну керек. Себебі осы қабілеттерін дамыта отырып, ойлау қабілетін жоғарғы деңгейге көтеруге болады. Ол қандай дәрежеде дамығанын арнайы сынау тапсырмалар арқылы анықтап алып, содан соң оның қорытындысына сапалық және сандық талдау жасай отырып, осы кабілеттерді жаттықтыру және дамыту жұмысына кірісуге болады.

Енді өзім сабақ беретін бірінші сынып оқушыларымен осы бағытта жүргізілген жұмыстарыма тоқталмас бұрын оның себебін ашайын:

  • сауат ашу кезеңінен кейінгі орындалатын жазба қателер және олардың жүйелі түрде қайталануы. Мысалы көшіріпжазу кезінде әріп тастау, соңғы әріптерді жазбай кету, өздік жұмыстардағы соңғы жағындағы III деңгейлік тапсырмаларды шала орындауы;
  • Мәтінмен жұмыс істеу барысында сөйлемнің соңғы сөздерін, немесесөздің соңғы буынын тастауы, өзгертіп оқуы, мәтіннің мазмұнын өз сезіменайтып беруге көптеген оқушылардың қиналуы, өлең жаттауға ынталарының болмауы, берілген тапсырмаларды ұмытып кетуі т. б.

Осы байқалған олқылықтарды жүйелей келіп, оқушылардың абайын, есте сақтауын, ойлауын, өзінің іс-әрекетін бақылауын, жүйелеуін зерттеуге арналған сынау жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдадым.

Ол мынадай жоспармен орындалады:

Жүргізген алғашқы сынау нәтижесінде 39% жақсы нәтиже берді. Бірнеше рет осы тәріздес жүргізілген жаттығу жұмысының арқасында соңғы жүргізген графиктік диктант қорытындысында 84% жақсы нәтиже берді.

Оқушының абайын жаттықтыруға және дамытуға берілген тапсырмалардың кейбіреулерін таныстыра кетейін:

а) Абайының тұрақтылығын, дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі. Шульте кестесі

  1. Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.
  2. Кему ретімен атау (1, 2 сын үшін) .
  3. Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау (3, 4 сын үшін) .

4. Жұптасып, топпен жұмыс істеуге үйрену.

Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7 . . . 2, 4, 5, 8 . . . 1-5, 6-10 тура және кері санау.

ә) Абайын бір нәрседен екіншіге аударуы, баланың екі тапсырманы қатар орындау дағдыларын жаттықтыру.

"Цифрлар кестесі" бойынша ерілетін тапсырмалар.

  1. Көкпен жазылған цифрларды өсу, кему ретімен атау;
  2. Қызылмен жазылғандарын кему, өсу ретімен
  3. Біреуін өсу, ал екіншісі кему ретімен атау.

б) Абайының көлемін кеңейту мақсатында жүргізуге болатын тапсырманың бірі:

Кезкелген ретпен жазылған әріптер немесе цифрлар жазылған бет беріледі де, мысалы мынадай тасырмалар орындауын талап етіледі:

  1. А әрпінің астын сыз.
  2. В әріпінен кейін келген А әріпінің астын сыз.
  3. Қатар келген бірдей дауыссыз дыбыс таңбасын қоршап қой т. б. Естесақтауын диагностикалау және жаттықтыру.

Баланың есте сақтауы бірнеше түрде болады:

а) есту арқылы, ә) көру арқылы, б) іс-әрекет (қозғалыс)

Оқушыларымының көру және есту арқылы есте сақтау деңгейін анықтау үшін төмендегідей тапсырмалар орындаттым:

Таңбалар қатарын мұқият қарап, есте сақтауы сұралады. Содан соң осы қатарды жазып шығуы керек екендігі ескертіледі. Әр таңба өз орнында болуы керек.

Оқушылардың жұмыстарының қорытындысы төмендегідей болды.

67% жақсы нәтиже берген; 33% төмен көрсеткіш көрсетті Диагностикалау тестінің нәтижесіне қарап оқушының осы қабілетін дамыту керектігі айқындалды. Ол үшін мынадай тапсырмаләр жүйелі орындалып отырды.

Жаттықтыру жұмысынан кейін оқушылардың осы қабілеттерінің деңгейі көтерілгенін төмендегі мониторингтен көреміз (сынып бойынша) .

Осы байқаулардың нәтижесінде кейбір жекеленген оқушылардың жағдайлары өте жақсы көтерілгені байқалды.

Есту арқылы есте сақтау қабілеттерін диагностикалау үшін "10 сөз"деп аталатын тестік тапсырмалар берілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту: назарды және есте сақтауды диагностикалау мен жаттықтыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістері мен тәжірибесі
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдері: теориялық негіздер мен тәжірибелік эксперимент
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқуға үйрету әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту: педагогикалық шарттары
Жазбаша тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Смартфондарды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тілдік теорияны үйрету үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту
Дидактикалық ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz